Қарағанды қаласының «№15 жалпы білім беретін мектебі» коммуналық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Орталық Қазақстандағы орта ғасырлық қалалар»


Таңдап алған тақырыбымыздың өзектілігі



бет2/6
Дата05.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#167511
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Құрал Гүлайым

Таңдап алған тақырыбымыздың өзектілігі:
Орталық Қазақстан өңірінде қазақ тарихындағы Жошы хан, Алаша хан кесенелері тәрізді Ұлы ескерткіштер орналасқан. Тарихтың маңызды ескерткіштерінің қатарына ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің қирандылары кіреді, бұл жерде ордалардың, қалалардың және сауда-қолөнер орталықтарының бар екендігін көрсетеді. Жоба барысында жинақталған материалдар Қазақстан тарихы пәнінен алған білімімізді тереңдетуге ықпал етеді.
Жобамен жұмыс жүргізудегі мақсатымыз:
Орта ғасырлардағы Орталық Қазақстан қалаларын зерттеу, Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімімізді кеңейту. Қалаларға сипаттама беру және олардың функцияларын ашып көрсету.
Міндеттер:
1. Көшпелі қоғамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси даму деңгейін анықтау.
2. Археологиялық материалдар мен мәліметтер негізінде Орталық Қазақстанда белгілі бір тарихи кезеңдерде қалалардың пайда болу және даму себептерін анықтау.
3. Көшпелі қоғамдарда қалалар мен қалалық мәдениеттің пайда болу заңдылықтарын анықтау.
Бүгінгі күнде бұл тақырып бойынша кітапхана мен интернет ресурстардан материалдармен таныстық, мұражайға барып қосымша деректерді қарастырдық. Болашақта Ұлытау өңірі тарихи ескерткіштеріне бару арқылы танысуды жоспарлап отырмыз.

  1. Негізгі бөлім

Орталық Қазақстандағы керуен жолдары
Орталық Қазақстан даласымен өткен керуен жолдары бұл аймақты негізінен Сырдария өзені бассейніндегі отырықшы-егіншілік оазистермен байланыстырды. Бұл жолдар соңғы уақытқа дейін, яғни Орталық Қазақстанды өнеркәсіптік игеруге дейін пайдаланылды. Осы керуен жолдары арқылы Орталық Қазақстан Ұлы Жібек жолы жүйесіне (Қазақстан тарихы., 1996, 497 б.) қосылды. Аталған өңірлер арасындағы байланыстар дала халқының негізгі бөлігі көшпелілікке көшкеннен кейін көшпенділер үшін де, Оңтүстік тұрғындары үшін де қажеттілікке айналды және үлкен экономикалық маңызға ие болды. Көшпелілікке көшумен Сарысу және Хан жолдары бағыттарының пайда болуын байланыстыру қажет сияқты. Табиғи-климаттық жағдайлармен тығыз байланысты көшпенділер Бетпақ Дала шөлі арқылы ең қолайлы жолдарды таба алды.
Керуен жолдарының бірі Сырдарияның төменгі ағысынан солтүстікке, Орталық Қазақстанның кең даласына жетті. Бұл жол Сарысу өзенінің бойымен өткендіктен, ол халық жадында және әдебиетте Сарысу жолы деген атпен танымал. Бұл жол және оңтүстіктегі барлық керуен жолдары Сырдария қалаларын Сарысу, Нұра, Есіл және Торғай өзендерінің аңғарларында орналасқан қыпшақтардың кең жайылмаларымен байланыстырды. Қимақтар қонысының солтүстігі - осы керуен жолының ең шеткі нүктесі, ал кейінірек-Батыс Сібір қалалары болды.
Сарысу жолының оңтүстігіндегі бастапқы пункттер: Отырар, Сауран, Жанкент, Сығанақ қалалары болды. Жанкенттен жол екі бұтақпен жүрді: біреуі тікелей солтүстік-шығысқа, Сарысу өзенінің төменгі ағысына, екіншісі Сырдария бойымен Сығанаққа дейін, онда Отырар мен Саураннан керуен жолымен қосылып, Сарысу мен Шу өзендерінің төменгі ағысына қарай бет алды. Қаратаудан және Талас өзенінің алқабынан Оңтүстік Оралға дейін бара жатқан Белен ана ауданындағы бір керуен жолға қосылып, Жанкент-Сығанақ бағыты әрі қарай Сарысу өзенінің сол жағалауымен жүріп өтіп, Тас-өткелдің қиылысына жетіп, оның оң жағалауына өтті.
Қара-жарға дейінгі жол Сарысу өзенінің оң жағасындағы аңғармен, Ала-көшін, Жаман-қорған, Талмас-ата атақты жерлерімен өтті. Бұл аудандардың көпшілігі XIV ғасырдан бері Әмір Темірдің әскери жорықтарының сипаттамаларынмен белгілі 1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет