«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет141/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   171
 
Кезекші. 
(Соғыс алаңынан Бауыржан Момышұлын дивизияның штабына 
шақырады.) 
Аға лейтенант, сізді дивизия штабына шақыртып жатыр. 
(Соғыс алаңынан Бауыржан Момышұлы дивизияның штабына келеді) 
Серебряков. 
(Штаб бастығы, полковник Серебряков )
Мейірімді жүзбен күлімдей қарап(Бауыржан Момышұлына): 
Жүріңіз, 
жолдас аға лейтенант, командирге ертіп барайын, сізді шақырған сол кісі 
еді. 
Қарт генерал. 
(ұйқы көрмегені жүзінен байқалады)
Екеуі сәлемдеседі. 
Бауыржан. 
Жолдас генерал, сіздің шақыртуыңыз бойынша аға 
лейтенант... 


188 
Қарт генерал
Отырыңыз (орындыққа қарай басын изейді. Темекіні 
тұтатып тартып, біраз ойланып, Бауыржан Момышұлының басынан аяғына 
дейін бірнеше рет қарап шығады. Бауыржан Момышұлы үндемей отыра 
береді.) 
Қарт генерал
(Жұлып алғандай).
Бүгін 
түн 
ортасында 
Десятидровкада жатқан 120 немістің бірін қалдырмай қырып 
тастағандарыңызға жол болсын. Ең болмаса он шақтысын тірі ұстап алып 
келмегеніңіз бе? Одан кейін, ол жерге өзіңіз баруға мен рұқсат берген 
емеспін. Менің қай жер болса, сол жерге шаша беретін командирім жоқ. 
Мейлі, абырой болып, аман-есен қайтқаныңызға шүкір, бірақ та бұдан 
былай сізге әр додаға кірісе беру жарамайды. Ой, жастық, жастық кейде 
алды-артын ойламайтын жастық! Егер жазатайым болып кетсеңіз 
батальонды кім меңгеріп, кім басқармақ. Сол жағын аттанардың алдында 
сіз ойладыңыз ба? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет