179
II бөлім. Тарихи мәлімет: «Бауыржан Момышұлы - жауынгер,
қолбасшы
1-оқушы.
1941 жылдың күзінен - 1945 жылға дейін майданда болды. 207
рет ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 2 рет ауыр
жараланған. Алматыда жасақталған 316- атқыштар дивизиясының
құрамында болды.
2-оқушы.
Аға лейтенант шенінен бастап, батальон командирі ретінде
соғысып, соғысты полковник шенінде дивизия командирі болып аяқтады.
Ұлы Отан соғысынан 9 гвардиялық дивизияның командирі болып оралды.
3-оқушы.
Москва түбіндегі шайқаста болып, жауды орасан зор
қиыншылықтармен жеңе отырып, тойтарыс берген. 1946 жылы
Москвадағы әскери академияны бітірген тұңғыш қазақ. Бауыржан
Момышұлы ұрыс кезінде жеңіске бастайтын ұтымды тәсілдерді тауып,
қолдана білген қолбасшылығымен де дараланады. Батыр қолбасшының
ұтымды соғыс тактикасы көптеген жауынгерлердің өмірін сақтауға себеп
болған.
Мұғалім.
Бауыржан Момышұлы ағамыз туралы өлең-жырлармен ары
қарай сабағымызды жалғастырамыз:
4-оқушы.
Ел аузында аңыз болған есімі
Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді
Ерге лайық мінезі оның найзағай,
Ақ боз атпен қолбасы боп көсілді.
Достарыңызбен бөлісу: