Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с


«Антиплагиат» strikeplagiarism интернет жүйесі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі



бет53/56
Дата06.06.2023
өлшемі348,27 Kb.
#178356
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Сборник-ОПО-магистратура-каз-яз

2. «Антиплагиат» strikeplagiarism интернет жүйесі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2.1. Тиісті кафедралар бітірушілер жұмыстарын қорғаудан бір ай бұрын дипломдық жұмыстар/магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғаудың күндері белгіленген кестесін дайындайды.
2.2. Тиісті кафедраларда профессорлық-оқытушы құрам арасынан «Антиплагиат» жүйесінде тексерілетін білім алушылардың жазба жұмыстарының дұрыс ресімделуін қадағалау үшін жауапты адам белгіленеді (бұдн әрі – нормобақылаушы).
2.3. Кафедраның жауапты адамы студенттердің/магистранттардың жазба жұмыстарын қорғау кестесі негізінде 2 апта бұрын дипломдық жұмыстар/магистрлік диссертацияларды (жобаларды) «Антиплагиат» жүйесінде тексерістен өткізу кестесін жасайды. Оны жүйе операторына – ІТ бөлімінің жұмыскеріне тапсырады.
2.4. Жүйе басқарушысы жүйелік операторларға, ғылыми жетекшілерге және комиссия мүшелеріне (алдын-алу немесе қайталап тексеру үшін) аккаунттар ашады. Жүйебасқарушысы қажет болған жағдайда өзге қолданушыларға басқару өкілеттіктерін бере алады.
Дипломдық жұмыстар/магистрлік диссертацияларды (жобаларды) ҚОТ орталығына ұсыну барысында студент-магистрант бекітілген нысанда (1-қасымша) өтініш толтырады. Онда «Антиплагиат» жүйесіне өзі ұсынған дипломдық жұмыс/магистрлік диссертация (жоба) тексерістен өту фактысымен танысқанын, баспа не электрондық қайнар көздерден көшірілмегендігі жөнінде сілтеме жоқтығын, егер плагиат бола қалған жағдайда жауаптылық көзделетінін білетіні туралы растайды. Қосымшада көрсетілген нысандағы өтініш дипломдық жұмыстарды/магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғау бойынша құжаттар кешеніне кіреді.
Өтініштің жоқтығы дипломдық жұмыс/магистрлік диссертацияны (жобаны) алдын ала қорғауға жіберілмейтіндікті, соған сәйкес МҚА-ға (мемлекеттік қорытынды аттестаттауға) да жіберілмейтіндікті білдіреді.
2.5. Жүйелік оператор талдауға жіберілген жұмысты Интернеттегі анти-плагиат жүйесі, Strikeplagiarism.Com веб-сайтына орналастырады. Ғылыми жұмысқа қабылдау және салыстырмалы талдау процесі жұмысқа қабылданғаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2.6. Түзету және кафедраға тапсыру ғылыми жұмыстарды қабылдау басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, ал ғылыми жұмыстар қабылданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі керек. Егер студент мерзімінен бұрын жұмысты тапсыруға үлгермеген болса, оның жұмысы қорғауға жіберілмейді.
2.7. Түлек алдын-ала тексеру процедурасын екі реттен өтуге құқылы, содан кейін ғана жұмыс ресми шешімге қол жеткізу үшін Stragieplagiarism.C антивирустық жүйесі базасына жүктеледі.
2.8. Ұқсастық туралы есеп Strikeplagiarism.Com анти-плагиат жүйесімен әр жұмыс үшін дайындалады.
2.8.1. Жүйелік оператор Ұқсастық туралы есептерді ғылыми жетекші мен комиссия мүшелерінің E-mail (электрондық поштасына) жібереді:
2.8.2. Ұқсастық туралы есеп негізінде жүйелік оператор «Дипломдардың, диссертацияның шынайылығы» бойынша бақылау хаттамасын дайындайды және оны жұмысқа тіркейді (1-қосымша).
Ескерту: Жүйелік оператор ғылыми жұмыстың мазмұнын бағаламайды.
2.9. Толық ұқсастық туралы есеп негізінде пікір дайындалады. Егер жұмыста плагиат қолданылса немесе басқа көзден алынған цитаталар (2-қосымшада көрсетілген) алынған болса, онда бұл құжат шынайы деп есептелмейді.
2.10. Ғылыми жетекші және / немесе комиссия жұмысты қорғауға жібереді, егер:
А. 1-ұқсастық коэффициенті 50% аспаса
B. 2-ұқсастық коэффициенті 5% аспағанда.
B. Алфавиттің әріптерін ауыстыру арқылы жүйені айналып өту әрекеттері жоқ, мәтінді жасыруға әрекет жасалынбаған, мәтінді өңдеуге тырыспаған және т.б.
Г. Барлық дәйексөздер дұрыс рәсімделген, яғни ескертулер, сілтемелер тізімі дәйексөздерге сәйкес келеді.
2.11. Жетекшінің және / немесе Комиссияның пікірлері ұқсастық туралы есеп алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек. Жетекші және / немесе комиссия бағалау туралы есепті (тексеру хаттамасын) толтырып, аталған элементтердің ішінен жұмыстың өзіндік дәрежесін дұрыс көрсететін таңдауы керек, егер қорғауға рұқсат етілмеген болса, себептерді көрсету қажет. Бұл хаттамалар электронды түрде ғылыми жетекшінің және / немесе комиссияның есебінде, сондай-ақ оператордың тіркеуіне болады. Бұл хаттама операторға жұмысқа қосымша ретінде тіркеу үшін беріледі.
Егер жұмыс және ұқсастық туралы есеп қабылданса, жұмысты қорғауға рұқсат етіледі және плагиатқа қарсы процедура аяқталады.
2.12. Жоғарыда айтылғандай, егер бағалау ғылыми жұмыста плагиат болмаса, біздің жағдайда бірінші коэффициенттің 50%, екінші коэффициенттің 5% болса, яғни дәйексөздер шынайылық деңгейден асып кетсе, онда бұл жұмыс қорғауға жіберілмейді және ақпараттық базаға кірмейді. Студент жұмысты плагиатқа қарсы барлық рәсімдерге сәйкес реттеуі керек, ол үшін 5 жұмыс күні беріледі.
Егер тексеру барысында плагиат фактілері анықталған болса, яғни В және Г тармақтарын бұзған болса, бұл жұмыс түзетілуге жіберілмейді және және жүйенің ақпараттық базасына жүктелмейді. Автор хабарламаны 1 (бір) жұмыс күні ішінде алады. «Bolashaq» академиясының академиялық адалдық ережелерінің негізінде тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары тағайындалады.
2.13. Плагиатқа қарсы рәсімдер аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде қорғауға мақұлданған барлық ғылыми жұмыстарды жүйелік операторлар Strikeplagiarism.Com ақпараттық базасына енгізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет