Мұражайлар (облыс бойынша)
Экскурсия саны, барлығы
|
Лекция саны
|
Көрмелер саны
|
Келушілер саны, мың адам
|
Жаңа түскен экспонаттар саны (бірлік )
|
Экспонаттар сомасы (мың теңге) сатып алынды
|
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы (мың теңге)
|
Жол картасы бойынша қаржыландыру, (мың тенге)
|
Ақылы қызметтен түскен қаржы, (мың теңге)
|
Барлығы
|
Оның ішінде ауылдық жерде
|
Барлығы
|
Оның ішінде ауылдық жерде
|
Барлығы
|
Оның ішінде ауылдық жерде
|
Барлығы
|
Оның ішінде ауылдық жерде
|
Барлығы
|
Оның ішінде ауылдық жерде
|
Барлығы
|
Оның ішінде ауылдық жерде
|
Барлығы
|
Оның ішінде ауылдық жерде
|
Республикалық бюджет
|
Жергілікті бюджет
|
Барлығы
|
Оның ішінде ауылдық жерде
|
8837
|
1051
|
1136
|
263
|
637
|
232
|
415,7
|
27
|
6305
|
919
|
584,8
|
0
|
147311,0
|
38513,0
|
106502,8
|
112499,6
|
6004,4
|
143
|
01.01.2010 ж. облыс мұражайларында сақталған экспонаттардың жалпы саны 291,6 мың. Тарихи-мәдени мұраны сақтауды, есепке алып, жинақтау мен зерттеуді қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша облыс мұражайларында жинастыру және ғылыми – зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. 2009 жылы облыс мұражайлары 6305 экспонат жинады.
Есепті кезеңде облыс мұражайларында 415,7 мың адам болды, бұл 2008 жылдағыдан 4,4 мың адамға көп (2008 ж№ 411,3 мың адам), осының өзі жұмыстың жаңа формалары мен тәсілдерін енгізуге байланысты мұражайлардың әйгіленуінің өсуінің айғағы.
Жұртшылықты ынталандыру үшін облыс мұражайларында көрме қызметі жандандырылды. Облыс аудандары мен қалалары бойынша жылжымалы және айырбас көрмелердің өсуі байқалады. Есепті кезеңде облыс мұражайлары 637 тұрақты, жылжымалы және айырбас көрмелер ұйымдастырды, бұл 2008 жылғыдан 67-ге көп (570). Тұрақты экспозициялар, жылжымалы және айырбас көрмелер бойынша 8837 шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізілді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 211-ге көп. Сарыарқаның қасиетті де тарихи жерлері: Теректі әулие, Алашахан, Жошы хан, Домбауыл кесенелері бойынша ұйымдастырылған көшпелі экскурсиялар ерекше тартымды болды. Слайд – шоу қолданылатын жаңа экскурсиялар жасалынуда, экскурсия – спектакльдер, экскурсия – концерттер, интерактивті экскурсия – ойындар және т.б. өткізілуде.
Есепті кезеңде өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша 1136 дәріс оқылды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 96 дәріске көп (1040).
Облыс мұражайлары мұражай қызметінің, тәжірибе алмасудың, мұражай ісіне коллекцияларды қайтадан орналастырудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізудің жаңа формаларын іздестіруде белсене жұмыс істеуде. Еесепті кезеңде 462 шара ұйымдастырылды, бұл өткен жылдың осы кезеңідегіден 45 шараға артық, соның ішінде дөңгелек столдар, семинарлар, кездесу кештері, интерактивті сабақтар және т.б. өткізілді.
Инновациялық жобалар жасауға баса көңіл аударылады, мысалы облыстық тарихи - өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері ҚР Бірінші Президенті Қорының «Арт-терапия: Мұражайлар мен мүгедектер» шығармашылық жобасын іске асыру грантын «Глино-терапия» бағыты бойынша жеңіп алды.
Мұражайдың ғылыми-зерттеу және іздестіру жұмыстары этнография, халық шығармашылығы, декоративті-қолданбалы өнер, археология, өлке тарихы бойынша материалдарды оқып – үйренуге бағытталған. «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Қарқаралы ауданына тарихи-этнографиялық және фольклорлық экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция барысында өлке тарихының шежіресі, қазақтардың генеологиясы және өзге де этнографиялық материалдар жиналды, Егіндібұлақ өңірінің тарихи жерлері фото, бейнесуретке түсірілді. Кызметкерлер Алматы, Павлодар, Жезқазған қалаларының мұрағаттарына ғылыми іс сапарларға жіберіліп отырды. Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров аудандарының кітапханалары мен мұражайлары қорынан өлкетану материалдары жинастырылды.
Кадрлар құрамы (облыс бойынша)
Барлық қызметкерлер саны
|
Ауылдық жердегі
|
Қызметкерлер білімі
|
Төлемдік (ставка) мөлшері бойынша жұмыс істейтіндер
|
Мәдениет саласындағы мамандар қажеттілігі (2010ж.)
|
арнайы жоғары
|
ауылдық жердегі
|
арнайы
орта білім
|
ауылдық жердегі
|
0,25
|
ауылдық жердегі
|
0,5
|
ауылдық жердегі
|
0,75
|
ауылдық жердегі
|
барлығы
|
ауылдық жердегі
|
5403
|
1677
|
1621
|
246
|
1678
|
518
|
33
|
27
|
529
|
306
|
34
|
28
|
251
|
26
|
ҚР –ның «Қазақстан Республикасы ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау және ынталандыру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңын» іске асыру мақсатында Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде тұрып, жұмыс істеуге келген жас мәдениет қызметкерлеріне көмекші жәрдемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 5013 мың теңге мақсатты ағымдағы трансферттер бөлінді.
Облыстағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген жас мамандарды ауылдық жерлерде жұмыс істеуге жұмылдыру мақсатында мынадай шаралар жасалды: жоғарғы аталған заңды орындау бойынша тиісті оқу орындары өкілдерімен, облыстағы аудандар әкімдіктерінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері бастықтары мен кеңестер өткізілді, барлық үгіт-насихат жұмыстарының қажетті талаптарын сақтай отыра оқу орындарын бітірушілері мен кездесулер өткізілді, оқу бітірушілерге тұсаукесер материалдар «бос қызмет жәрмеңкесінде» берілді.
Жүргізілген жұмыстардың қортындысында 55 мәдениет маманы жұмысқа тартылды, соның ішінде кітапхана мамандары-28, клуб қызметкерлері-26, мұражай мамандары-1 адам. Әрбір маманға 90720 теңге көлемінде бір мезгілдік жәрдемақы төленді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемалы мәселе болып тұр. (55 маманның 48-нде тұрақты тұрғын үй жоқ). Тұрғын үй сатып алу үшін несие беру мәселесін шешу болып қажет болып тұр.
Қаржыландыру (облыс бойынша)
Мәдениет саласын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемі, мың теңге
|
Материалдық-техникалық базаны нығайтуды қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
Оның ішінде ауылдық жерде материалдық-техникалық базаны нығайтуды қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
Мәдениет нысандарын күрделі жөндеуді қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
6 665 910,3
|
1 374 892,0
|
526 606,3
|
2 034 603,5
|
Соның ішінде
|
|
|
|
Жергілікті бюджет
|
|
|
|
4 661 312,0
|
606 493,9
|
239 570,0
|
798 403,2
|
Республикалық бюджет
|
|
|
|
2 004 598,3
|
768 398,1
|
287 036,3
|
1 236 200,3
|
Мәдениет объектілерінің (нысандар) ашылуы/жабылуы (облыс бойынша)
Ашылған объектілер (нысандар) саны (түрлері бойынша)
|
Жабылған объектілер (нысандар) саны (түрлері бойынша)
|
Ашылу /жабылу себептік негіздер
|
|
Жабылған – 2 кітапхана
Қарқаралы ауданы (Қырғыз және Мәди ауылдық округтеріндегі Жанібек және Едірей бөлімшелері)
|
Аудан әкімдігінің 09.02.09 жылғы № 23 қаулысы
|
Ашылған – 4 кітапхана
|
Жанаарқа ауданы, Бидаиық ауылы
|
|
Аудан әкімдігінің 20.03.09 жылғы № 70 қаулысы
|
Бұхар жырау ауданы, Красная Нива ауылы және Ақжар ауылы
|
|
Аудан әкімдігінің 21.04.09 жылғы № 10/04 қаулысы
07.08.09 жылғы № 21/01 қаулысы
|
Жезқазған қ.
|
|
Қала әкімдігінің 03.08.2009 жылғы № 19/10 қаулысы
|
21 мәдени-сауық ұйымдары
|
Ақтоғай ауданы, Жидебай ауылы
|
|
Аудан әкімдігінің 22.04.09 жылғы № 05/13 қаулысы
|
Бұхар жырау ауданы, Урожайное (Андрейниковка), Актөбе, Алғабас ауылы
|
|
Аудан әкімдігінің 20.03.09 жылғы № 07/05 қаулысы
|
Бұхар жырау ауданы, Қаражар, Белағаш ауылы
|
|
Аудан әкімдігінің 28.04.09 жылғы № 11/53 қаулысы
|
Қарқаралы ауданы, Абыз ауылы
|
|
Аудан әкімдігінің 26.05.2009 жылғы № 150 қаулысы
|
Шет ауданы, Киикты ауылы
|
|
Аудан әкімдігінің 10.02.2009 жылғы № 4/7 қаулысы
|
Жезқазған қ., Кенгір ауылы
|
|
Қала әкімдігінің 26.06.2009 жылғы № 15/52 қаулысы
|
Нура ауданы, Киевка кенті (парк)
|
|
Аудан әкімдігінің 8.01.2009 жылғы № 01/44 қаулысы
|
Жаңаарқа ауданы, Атасу ст.
|
|
Аудан әкімдігінің 23.09.2009 жылғы № 292 қаулысы
|
Нұра ауданы,
Ізенді,
Құланөтпес,
Соналы,
Ақмешіт ауылдары
|
|
Аудан әкімдігінің 26.02.2009 жылғы № 03/05 қаулысы
Аудан әкімдігінің 19.06.2009 жылғы № 10/7 қаулысы
Аудан әкімдігінің 09.11.2009 жылғы № 19/06 қаулысы
Аудан әкімдігінің 09.12.2009 жылғы № 21/02 қаулысы
|
Ұлытау ауданы,
Терісаққан,
Қорғарсын,
Бөрсеңгір ауылдары
|
|
Аудан әкімдігінің 07.05.2009 жылғы № 49 қаулысы
Аудан әкімдігінің 08.05.2009 жылғы № 50 қаулысы
Аудан әкімдігінің 24.07.2009 жылғы № 85 қаулысы
|
Шет ауданы, Төменгі Қайрақты
|
|
Аудан әкімдігінің 31.07.2009 жылғы № 14/3 қаулысы
|
Ақтоғай ауданы (парк)
|
|
Аудан әкімдігінің 25.12.2009 жылғы № 18/27 қаулысы
|
Есепті кезеңде мәдениет ұйымдарын, соның ішінде материалдық – техникалық базаны нығайтуды жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі
2009 жылы Қарағанды облысының мәдениет объектілерін ұстау мен дамытуға 6 665 910,3 мың теңге көлемінде бюджеттік қаржысы бөлінді, соның ішінде Жол картасын жүзеге асыру аясында республикалық бюджеттен 2 004 598,3 мың теңге бөлінді.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға (музыкалық аспаптар алуға, құрал-жабдықтар, автокөліктер, компьютер және кеңсе техникасын, жиһаз алуға, кітапханалар мен мұражай қорларын толықтыруға, сахна костюмдері мен киімдерін тігуге), мәдениет объектілерін ағымдағы және күрделі жөндеуге облыс бойынша есепті кезеңде 51 % астам, жалпы қаржыландыру ауқымынан 3 409 495 мың теңге бөлінді, бұл өткен жылдағыдан 1 235 000 мың теңге артық.
Жол картасы жобаларының 2009 жылғы іске асырылуы және 2010 жылдың жоспарлары
2009 жылы Жол картасы шараларын іске асыру шеңберінде 135 мәдениет пен өнер объектілерін жөндеуге 2 млрд. 316 млн. 148 мың теңге бөлінді, 5153 жұмыс орыны ашылды.
Соның ішінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан облыстың 13 өңірінде 58 объект жөндеуден өтіп, оған 2 млрд. 116 млн. 400 мың теңге көлемінде қаржы шығарылды, с.і. республикалық бюджет арқылы – 1 млрд. 828 млн. теңге, жергілікті бюджет арқылы 288 млн. 400 мың теңге жұмсалды.
Басты назар ғимараттардың алдын жөндеуге, коммуникациялық жүйені-су құбырларын, электр жүйесін, толық ауыстыруға, ғимараттарды жылытуға аударылды. Сондай-ақ шатырларды жөндеуге, іргетастарды нығайтуға, тірек қондырғылар мен өрт қауіпсіздігі жағдайларын жақсартуға көңіл аударылды.
2009 жылы жөндеуден өткен Жол картасының 135 объектісінің 44 объектісі бойынша (Долинка кентіндегі Карлагтың бұрынғы басқармасының ғимараты, Теміртаудағы балалар мен жасөспірімдер театры, Жезқазған, Теміртау қалаларының мұражайлары және т.б.) жөндеу жұмыстары 2010 жылы жалғасады. Бұл жоспарланған жөндеу жұмыстарын түбегейлі және неғұрлым сапалы жөндеп, аяқтау қажеттілігіне негізделген.
2010 жылы Жол картасында қарастырылған шараларды іске асыру арқылы 111 объект жөнделеді. Жұмсалатын жалпы қаржы сомасы – 1 млрд. 879 млн. 868 мың теңге, 2471 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
Соның ішінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан 15 өңірде жалпы сомасы 1 млрд. 652 млн. 395 мың теңгеге 46 объектіні жөндеу жоспарланып отыр, 2004 адам еңбекке орналастырылмақшы, с.і. еңбекпен қамту органдарының жолдамасы бойынша – 1405 адам орналасады. Орташа айлық еңбекақы 40696 теңге.
7 объект күрделі жөндеуге, 39-ағымдағы жөндеуге жатады.
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің қаржыландыруымен ауылдық 65 объектілерде жалпы сомасы 227 млн. 473 мың теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу, 467 адамды жұмыспен қамту, с.і. 9 кітапхана мен 56 мәдениет үйлері мен клубтарды жөндеу жоспарланып отыр.
Жол картасы жобаларын іске асыру кезінде 2010 жылы 2009 жылдың Жол картасын есепке ала отырып, жөндеуді талап ететін 351 объектінің 225-і Жол картасы шығындарына сыртқары жөнделеді, бұл 64 % -ды құрайды. Облыстағы 17 мұражайдың 14-і жөнделеді, 4 театр мен концерттік бірлестікте жөндеу жұмысы аяқталады.
Бөлінген қаржы түрлі мәдени-сауық, насихаттық шараларды неғұрлым сапалы және жоғары деңгейде өткізуге, халықтың рухани баюына, әсіресе ауылдық жерлердегі тұрғындардың жетілуіне қолайлы жағдай туғызады.
Алайда, мәдениет объектілеріндегі жүргізілген жөндеу жұмыстарының елеулі ауқымына қарамастан әлі де 125 объектіні жөндеуге 2 млрд. теңгеден астам қаржы қажет. Бұл негізінен ауылдық жерлердегі кітапханалар мәдениет үйлері мен клубтар. 2009-2010 жылдары бұларда жөндеу ішінара жүргізілді немесе бірінші кезектегі жұмыстар жүзеге асырылды (шатырларды, жылыту жүйелерін, су жүйелерін және т.б жөндеу.)
Іс үстіндегі аймақтық бағдарламалар
Қарағанды облысының аумағында тарих пен мәдениеттің үш мыңға жуық ескерткіштері бар, бұлар біздің өңірімізге қайталанбас көрік береді. Олар облыс тарихы мен тұрғындар үшін ерекше бағалы. Алашахан, Жошы хан, Домбауыл кесенелері, Аяққамыр, Қызыл кент сарайлары, Теректі әулие петроглифы сияқты ескерткіштер ертеден бері – ақ Қарағанды облысының символы болған.
Тарихи – мәдени мұраны қорғау мәселесі ҚР – ның 02.07.92 ж. №1488-ХІІ «Тарихи – мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы» Заңда ескерткіштерді қорғау ісіндегі жергілікті билік органдарының іс - әрекеті қарастырылған «Аса бай мәдени мұраны сақтап, қалпына келтіру «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты болып табылады.
Қарағанды облысы бойынша 2008-2010 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға 2009 жылы 55,4 млн. теңге бөлініп, игерілді.
Бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес қазіргі уақытта мынадай шаралар жүзеге асырылуда:
Дария қорымын, «Тегісжол», Шешенқара әр дәуір археолгиялық кешендерін, Қарағанды қаласындағы Майқұдық қола дәуір қорымын, Балқаш көліндегі Тасарал арал ескерткіштерін, Қарқаралы өңіріндегі ерте дүниедегі металлургтер мен малшылар мәдениетін, Орталық Қазақстан қалалық өркениеті ескерткіштерін ғылыми зерттеу бойынша археологиялық зерттеулер;
Шоң, Сайдалы Сары Тоқа, Ерден Сандыбайұлы кесенелерін, Нүркен-2 қорымын, Беғазы кешенін, ақ бандалар қолынан қаза тапқан 78 коммунарлардың бауырластық бейіті мемориалын қалпына келтіру жұмысы;
облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорын толықтыру үшін, Қарағанды облысын мекендеген халықтардың ауыз әдебиетін жинастыру мен зерттеу жөніндегі ғылыми-фольклорлық экспедициялар ұйымдастыру;
Қарағанды облысы ескерткіштерінің Жинағын, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында жасөспірімдер үшін «Шуақ» тарихи-өлкетану сайтын жасау, Қарағанды облыстық кітапханаларында өлкетану құжаттарының қорын сақтау жөніндегі шаралар;
«Сарыарқа мәдениеті» жинағын шығару.
Археологиялық зерттеулер қортындысы бойынша қоладан, темірден, алтыннан, сүйектен жасалған 300-ден астам археологиялық артефактілер (олжа) анықталды. Тұңғыш рет далалық Евразия ауқымында қоладан жасалған құмыра табылды. Түрлі елдер ғалымдарының алдын ала жасалған тұжырымдамасына сәйкес, бұл құмыра бүкіл Евразия аумағындағы ең көнесі болуы ықтимал. Бұл дерек ерте дүниедегі металл өңдеуші металлургтер мен шеберлер біздің жерімізде бұдан 4 мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болғанын дәлелдейді және ертедегі ата – бабаларымыздың мәдени – шаруашылық өмірінің жоғары деңгейін көрсететін ғылыми дәйек болып табылады.
Облыстың мәдени мұрасын зерттеп, насихаттау мақсатында Сарыарқаға тарихи – этнографиялық зерттеулер жүргізіліп, ғылыми – зерттеу кітаптары, жинақтар, діни ескерткіштер туралы альбомдар сериясы шығарылды.
Қарағанды облысы ескерткіштерінің жинағын жасау жөніндегі жұмыс тарихшы, археолог, этнограф ғалымдармен және т.б. бірлесе жалғасуда.
Жергілікті маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жаңа Мемлекеттік тізімі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен келісілді. Жинаққа кіргізілетін ескерткіштердің жалпы саны 2800 объектіге жуық.
Жауынгерлік Даңк ескерткіштерін қалпына келтіру, көріктендіру жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
Қарағанды облысының мәдениет саласын дамытудың 2007-2009 жылдарға есептелінген Аймақтық бағдарламасын іске асыру аяқталды.
Бағдарламаның іске асырылу нәтижесінде халықты мәдени қызметпен қамтудың тұрақты жұмыс істейтін жүйесі қалыптастырылып, ол өңір экономикасының шынайы түрде дамып, тұрғындардың тұрмыс деңгейінің артуы базасында олардың әлеуметтік және мәдени игілікке тең дәрежеде қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Техникалық қайыра жарақтануға қаржы бөлінуі сала процестерін жаңалауға және жұмысқа жаңа технологияларды енгізуге жол ашты.
Бағдарламаны жүзеге асыру Мемлекет басшысының әлеуметтік реформаларды тереңдету жөніндегі саясатын өмірге асырып, азаматтардың құқын қорғап, өңірдің мүддесін республика мен шетелдерде алға шығаруға ықпал етті.
Шаралар саны және қысқаша сипаттамасы
Шаралардың негізгі басым тақырыптары:
Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан-жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
«Қазақстан-2030» Стратегиясы.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы.
«2001-2010 жылдары тілдерді дамыту мен қолдану» Мемлекеттік бағдарламасы.
Қарағанды облысы бойынша 2008-2010ж.ж «Мәдени мұра» Аймақтық бағдарламасы.
Облыстың мәдени өмірі классикалық музыка мен әншілік өнер жұлдыздарының жарқын концерттеріне, республикалық және облыстық фестивальдер мен конкурстарға, жастардың шоу – бағдарламаларына толы болды. Жылдан жылға олардың беделі мен дәрежесі өсе түсуде, жаңа есімдер шығып, өнердің үздік шеберлері, кәсіби және көркемөнерпаз артистер көптен қатысуда.
Көпшілік шаралардың тақырыбы республиканың саяси және қоғамдық өміріне сәйкес келіп отырды. Мемлекеттік тілді дамытуға, ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттауға бағытталған шаралар өткізілді. Наурыз, Қазақстан халықтарының ынтымақ Күні, Жеңіс Күні, Астана Күні, ҚР Конституциясы Күні, Тәуелсіздік Күні, Жаңа жыл сияқты мейрамдар кеңінен атап өтілді.
2009 жыл – бұл кең ауқымды дағдарысқа қарсы Жол картасы бағдарламасының іске асуының басталған жылы, соның арқасында экономикалық мәселелер ғана шешіліп жатқан жоқ, сондай – ақ мәдениет пен өнердің дамуына да жағдай туғызылды. Атап айтқанда, Жол картасы шеңберінде өткен жылы 135 мәдениет объектісін жөндеуге қаржы бөлінді, бұл сөз жоқ, бұрынғыдан да неғұрлым сапалы мәдени қызмет көрсетуге игі ықпал етеді. Жаңарған және қалпына келтірілген ғимараттар қатарында К.Станиславский атындағы орыс драма театры, Қарлагтың бұрынғы басқармасы – Долинка кентіндегі «Саяси қуғын – сүргін құрбандарының мұражайы», Теміртау балалар мен жасөспірімдерге арналған театры және басқа да бірқатар ірі мәдениет объектілері, соның ішінде ауылдардағы.
Президент Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі ақпараттық-ағартушылық жұмыс жалғастырылды. «Электронды үкімет», «Мәдени мұра» бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізілді.
2009 жылға жоспарланған «Ауылым – алтын бесігім» ақпараттық-мәдени керуеннің жол сапар кестесі бойынша шалғай елді мекендерге дәріс оқитын топтар, концерттік және театр ұжымдары қызмет көрсетті.
Облыстық кітапханаларда Елбасы Жолдауының негізгі қағидаларын насихаттау мақсатында «Елбасының жыл сайынғы Жолдауы: жаңа Жолдаудан жаңа жетістіктерге», «Жарқын болашақтың жасампаз бағдары», «Менің Қазақстаным» сияқты тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрмелерде Жолдаудың басты тараулары Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы туралы, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы, экономиканы жаңалау туралы, ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар туралы және т.б. материалдар қойылды.
ҚР Президенті Жолдауы бойынша ақпараттарға жедел ие болуды қамтамасыз ету мақсатында кітапханалар басты назарды электронды каталогтарға аударды.
Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдістемелік орталығы аудандар мен қалалар кітапханашылары үшін Жолдауды насихаттау жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар жасап, олар облыстық семинарлар кезінде таратылып беріледі. Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Елбасы Жолдауы – кемел болашақ кепілі» мультимедиялық әдістемелік оқулық құралдың 4-ші басылымы шығарылды.
2009 жыл Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы үшін мерейтойлы жыл. Өлкеміздің үлкен кітапханасына, облыстың басты кітапханасына 75 жыл толды. Көптеген іс – шаралар өтті, соның ішінде «Облыстық кітапхана өңірдің мәдени кеңістігінде» атты Республикалық конференция.
Республикалық конференция жұмысына ҚР Кітапхана Ассоциациясының Президенті Р.А.Бердіғалиева, ҚР Ұлттық кітапханасының өкілдері, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Ақтөбе облыстық ғылыми әмбебап кітапханаларының, Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары, Қарағанды қаласы жоғары оқу орындары кітапханаларының директорлары, Қарағанды облысы орталытандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары, кітапхананың достары мен серіктестері қатысты.
Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхананың ұжымына Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді.
Кітапхананың тоғыз қызметкерлеріне адал еңбегі үшін «Кітапхана ісінің үздігі» дипломы және ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Құрмет грамоталары тапсырылды. Кітапхананың 23 қызметкері мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде Оңтүстік Қазақстан Қ.Рысқұлбеков атындағы, Қостанай облысының Ы.Алтынсарин атындағы, Батыс Қазақстан облысының Х.Есенжанов атындағы және Қарағанды облысының Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханаларында «Ұлылар үндестігі» атты екі бейне – интернет – конференция өтті. Мәскеу, Киев, Николаево (Украина) қалаларының кітапханашылар қауымымен алғашқы халықаралық «Жастарға...кітапханашы болу оңай ма?» тақырыбына кәсіби on-line конференциясы ұйымдастырылды. Оған Қарағанды облысы қалалары мен аудандарындағы ОКЖ кітапханашылары қатысты. Конференция Ресейдің жастарға арналған мемлекеттік кітапханасы (Мәскеу қ.) ұйымдастырған «Қазіргі жастар қазіргі кітапханада» халықаралық конгресі шеңберінде өтті.
ҚР Бірінші Президенті Қорының гранты арқасында Ж.Бектұров атындағы ОЖК-ның қызметкері С.Г.Ахметжанова XVI Халықаралық «Қрым – 2009. Қазіргі заманның ғылым, мәдениет, білім және бизнес әлеміндегі кітапханалар мен ақпараттық ресурстар» конференциясында «Виртуальды әдеби кеңістік – жасөспірімдер арасында көркем әдебиетті тарату формасы» деген бейне – тұсаукесермен сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болды.
«Қазақстан – 2030» Стратегиясының негізгі қағидаларын іске асыру мен насихаттау бойынша облыс мұражайлары мен кітапханалары 2009 жылы түрлі шаралар, көрмелер, дәрістер ұйымдастырды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы балалар құқығын қорғау облыстық департаментімен бірлесіп «Қазіргі заман жағдайындағы патриоттық тәрбие» тақырыбына семинар өткізді.
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөнінде облыстық әкімдіктің ішкі саясат асқармасымен бірге «ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттаудың формалары мен әдістері» семинары өткізілді. Облыс әкімдігі жанындағы ҚР мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссия мәжілісінде мәдениет объектілерін тексеру қорытындысы бойынша мәдениет басқармасы басшылығының «Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының, мәдениет пен өнер ұжымдарының мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы» тақырыбына баяндамасы тыңдалды.
Мұражайлардың Халықаралық күніне, Қарағанды қаласының 75 жылдығына Қарағанды облысының мәдениет басқармасы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Мұражай көктемі» облыстық фестивалін өткізді, оған облыстағы мұражайлар қатысты. Бұл фестиваль «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, облыс мұражайларының қор коллекцияларын насихаттау үшін айырбастық көрмелерді кеңейту, өлкені мекендейтін ұлттардың мәдени мұрасын насихаттау, сондай-ақ мұражай жұмысының тәжірибесін алмасу мақсатын көздеді. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жасаған «Қарағанды облысының мұражайлары» web-порталының тұсаукесері болды.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорларының «Адам капиталын басқару технологиясы» тақырыбындағы облыстық семинары өтті, оның мақсаты – облыс кітапханаларындағы адам ресурстарын басқаруды жетілдіру, басшылықтың қызметкерлермен кадр саясатының проблемаларын көтеру. Семинарда «ИнтерКомпьютерСервис» ЖШС мамандары қызметкерлерді есепке алуды автоматтандыру, бүкіл «Алтын кадрлар» кадрлық құжаттарды жүргізу жөніндегі бағдарламаның тұсаукесерін көрсетті.
Ауғанстаннан әскерлер шығарылуының 20 жылдығына арналған тізбекті шаралар: кезедсу кештері, театрландырылған концерт бағдарламалары, ақпарат сағаттары мене кітап көрмелері өткізілді.
Мәдени-сауық мекемелерінде салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмыстар қызу жүргізілуде. Есепті кезеңде барлық жерлерде тақырыптық әңгімелер, музыкалы - спорт акциялар мен викториналар, есірткімен күрес Күніне орай жастар акциясы және ақпараттық-танымдық әңгімелер өткізілді.
Сауық ұйымдастырулардың кәсіби деңгейін көтеру, ұйымдастыру-шығармашылық тәжірибе алмасу және қазіргі заман талаптарына сай келетін жұмыстың жаңа әдістерін, амалдары мен формаларын іздестіру мақсатында облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы: «Жастар мәдениеті – клуб өмірі», «Клубтық жұмыстың креативті бағыты» тақырыптарына көшпелі семинарлар өткізді. Онда мынадай бағытта жұмыс жүргізілді: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мен насихаттау, «Мәдениет саласындағы Заң актілері», «Мәдени-сауық ұйымдарының қазіргі кезеңдегі беделі», «Клубтық іс-шаралардың сценариялық жүйесі мен режиссурасының заманауи әдістері», «Аула клубтары – отбасы тәрбиесі мен ойын-сауық орталығы» сияқты әңгіме – дәрістер және бейне-слайд материалдарын пайдалана отырып өткізілетін өзге де шаралар. Семинар барысында Қарағанды облысы мәдениет басқармасы атынан Абай ауданының Құлаайғыр, Шет ауданының Ақжал, Ақтоғай ауданының Шашубай ауылдарының әкімдеріне дыбыс құрал-жабдықтары кешені табыс етілді.
Есепті кезеңдегі ерекше оқиға – Мемлекет басшысы облысымызға келіп, қанаттас қала – Сарандағы қалпына келтірілген стадионның ашылуына қатысуы.
2009 жыл Қарағанды облысының мәдени – сауық ұйымдары үшін мерейтойларға толы болды: С.Сейфуллиннің 115 жылдығы, Жаңаарқа ауданының 80, Ұлытау ауданының 70 жылдығы.
Қазақ әндерін орындаушылардың Жүсіпбек Елебеков атындағы IV республикалық конкурсы өтті. Оған Астана, Алматы қалаларынан, Шымкент, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарынан 47 әнші қатысты.
«Қарағанды – менің жастығымның қаласы» кезекті IV Ретро – фестиваль Қарағанды қаласының 75 жылдығына арналған, атақты әншілер, қазақстандық эстрада жұлдыздары Н.Есқалиева, М.Жүнісова, Е.Хасанғалиев, Н.Абдуллин, Н.Өнербаев, А.Бабаева, Е.Көкеев, Т.Мұсабаева, Ж.Тапин, Ж.Орынбасарова, «Дос – Мұқасан», «Мюзикола», «Ақнай» топтары өнер көрсетті. Ресейдің халық артисі Олег Газманов және «Эскадрон» тобы, Түркия әншісі Ферьял Башел ханым фестиваль қонағы болды.
Фестиваль қарсаңында атақты «Дос – Мұқасан» тобының шығармашылық кеші өтіп, одан кейін Жұлдыздар аллеясында тақта ашылды.
ХІ Халықаралық «Әуенді Сарыарқа» фестивалінің шеңберінде КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Бибігүл Төлегенованың мерейтойлық шығармашылық кеші өткізілді.
Режиссер, әрі актер К.С.Станиславскийге оның атындағы орыс драма театрының алдына театрдың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында және ғимараттың күрделі жөндеуден өткеннен кейін ескерткіш қойылуы халықаралық маңызды оқиға болды. Бұл салтанатқа республика Премьер – Министрі Кәрім Мәсімов, Қазақстандағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников және Мәскеудің театрлар қауымының өкілдері қатысты.
Біздің жұмысымызға берілген жоғары бағаның басты бір көрсеткіші – 2009 жылы ҚР Мемлекетінің наградаларымен мәдениет пен өнердің 7 қызметкері марапатталып, 22 адам Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |