Қарағанды облысы басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»кмм-дегі Құқықтық тәрбие бойынша педагог қызметкерлермен жүргізілген жұмыстың ақпары
Қарағанды облысы басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-дегі Құқықтық тәрбие бойынша педагог қызметкерлермен жүргізілген жұмыстың ақпары Кәмілетке толмағандардың істері мен олардың құқығын комиссиясы туралы типтік Ережені басшылыққа ала отырып, педагог қызметкерлер мен ата-аналар қауымдастығы,жастар балалар арасында құқытық мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында 2021-2022 оқу жылының басында мектебімізде ата-аналар қауымына арналған құқықтық жалпы бірдей білім беру бойынша жұмыс жоспары әзірленіп бекітілді. Оқушыларға,педагог және ата-аналар қауымына арналған құқықтық жалпы бірдей білім беру бойынша жұмыс жоспарының іске асырылуы қамтамасыз барысында мектептегі құқықтық сауаттылық арттыруға байланысты педагог қызметкерлермен жұмысты жүргізу кәсіподақ төрайымы Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы ,оқушылармен жұмысты әлдеуметтік педагог Касенова Айнур Сериккажиевнаға,ата-аналармен жұмысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова Алма Конысбаевнаға жүктелді.
Қыркүйек айында мектеп басшысы Абдуалиева Айна Тлеккабыловна
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясынтаныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ақпарат беріп, мектеп педагогтары, ата-аналар қауымы және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында іс-шаралар жүргізуді міндеттеді. Бұйрықпен таныстырды.
«Білім беру мекемесінде мерекелік күндері мектептің ата-аналарынан білім алушыларынан мұғалімдердің , сынып жетекшілердің немесе сынып ата-аналарының қаржылық қаражаттар жинауына;көңіл көтеретін мекемелерге билет сатуға,концерттік бағдарламаларды өткізуге шақырылған әртістердің қызмет көрсетуіне ақша жинауға,мерекелік күндері білім беру ұйымдарын безендіру үшін ақша жинауға,тамақтандыру ұйымдарымен,байланыс операторларымен және т.б құрылымдармен жарнамалық шаралар ұйымдастыруға,жалға беру туралы келісім шарты коммерциялық құрылымның өнімдерін өндіруге,білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен бюджеттен қаржыландырылмайтын байқаулар мен интеллектуалдық ойындарға оқушылардың қатысуы үшін ата- аналардан төлем жинауға тыйым салынатындығы туралы хабардар етті.
Қазан айында мектептің кәсіподақ төрайымы Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы ұстаздар қауымын Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 III Заңы 01.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңмен таныстырды. 07.11.2021ж күні кәсіподақ төрайымы Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы»педагогтарға таныстырды.Өз сөзіндек…Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұратындығы туралы айтып өтті. Білім беру жүйесінде мектептің әр түрлі мұқтаждықтарына, мерекелік іс -шараларға ата-аналардан, білім алушылардан мұғалімдердің , сынып жетекшілердің немесе ата-аналарының қаржылық қаражаттар жинауға тыйым салынатындығын түсіндіріп 12.12.21 күні кәсіподақтың жоспарлы жиналысы ұйымдастырылып Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2022 жылдарға арналған«Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1.Санитариялық әл-ауқатты, факторларының профилактикасын қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануды насихаттау саламатты салтын ынталандыру негізінде халықтың денсаулығын нығайту. Халықтың мұқтаждығына бағытталған, интеграцияланған денсаулық сақтау жүйесінің негізінде медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін, тұтастығы сапасын қамтамасыз ету 3. Ұлттық денсаулық сақтау жаңғырту, оның тиімділігін, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы мемлекеттің, жұмыс берушінің азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін құрылғандығы туралы таныстырды. 16.01.2022 күні кезекті отырыста Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен таныстырды.
13.03.22 отырыста Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша баяндама жасалынды. Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын барлық қызметкерлерге таныстырып,талдау жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы , бөлімнен, 98 баптан тұратындығы туралы айта келе әр баптарға қысқаша тоқталып өтті, негізгі қажеттілеріне баса назар аударды. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары бостандықтары екендігі баса айтылды… Мектеп ұжымының тәрбиеге көзқарасын жандандыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.