4. Білім беру ҧйымдары оқушылары арасында маскҥнемдікке,
нашақорлыққа, токсикоманияға қарсы тҧру жҧмыстарын ҧйымдастыру
13. Мектептің полициялық инспекторы: жасӛспірімдер арасында құқық
бұзушылық пен қылмыстың, жүйелі түрде спирттік ішімдік ішудің, есірткі
құралдарын және психотроптық заттарды қолданудың алдын алу мақсатында
тӛмендегідей іс-шараларды іске асырады:
1) құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу рейдтері мен іс-шараларын
ӛткізуге қатысады, спирттік ішімдіктер және басқа психоактивтік заттар
қолданатын жасӛспірімдерді анықтайды, әлеуметтік педагогтермен, сынып
жетекшілерімен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрмысы
тӛмен отбасыларға, «қауіп тобындағы» отбасыларға барады;
2) есірткі заттарын, психотроптық не есеңгірететін заттарды медициналық емес
мақсатта пайдаланатын жасӛспірімдерді, кӛрсетілген құралдарды және заттарды
білім беру ұйымдарында және оның айналасында ӛткізуі және қолдануы мүмкін
жерлерді анықтайды;
Достарыңызбен бөлісу: |