207
шақырымға жуық[6].
Жақсысарысу Тағылы тауларынан басталады. Ұзындығы 148 шақырымға
жуық. Атасудың тұсында екі өзен (Жамансарысу мен Жақсысарысу) қосылып
Сарысу деп аталады. Осы жерден бастап өзен аңғары кеңейіп, терассалары
(сатылынып келеді) айқындалады. Өзеннің аңғары айналасындағы жазықтың
тереңдігі 4-5 м болатын тік жар қабықтармен бөлінген. Аңғардың кеңіген
жерінде 4,5-5 шақырымға дейін жетеді. Осы кеңейіген жерден жайылымы
үш сатылы бедер (терасса) қалыптасқан. Аудан аумағымен ағып өтетін
Сарысу өзенінің шығыс бөлігі батысына қарағанда, көтеріңкі таулы-шоқылы
аймақпен өтеді. Осы бөлікте өзен аңғары Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік
жақтарында аласа таулармен қоршағанда жазық үстімен өтетін батыс бөлігі
бар. Кеңгір өзені сағасына дейін ендік бағытында ағып келеді де, Қаражар
даласында шұғыл оңтүстікке бұрылады.
Сарысу өзен салалары көп. Олар: Құрманақа, Талдыманақа, Сарысу, Сөрті,
Сарыөзен т.б. Өзен орта ағысынан бастап Ащыкөлге құйғанша (сағасына
дейін), жазды күндері суы тартылып, жеке-жеке қарасуға бөлініп қалады.
Өзен аңғарларындағы ну тоғайлардан осы күндері топ-топ болып қалған
ағаштардың қалдығын ғана көреміз. Өзен Оңтүстік Қазақстан облысындағы
Ащыкөлге барып құяды. Ертеректе өзен Шуға барып одан әрі Арал теңізіне
құйған деген болжам бар. Аймысық, Айғыржал тауларының Солтүстік
шығысындағы аумақтардан басталып, Нұра ауданынан басып өтетін өзен
Құланөтпес деп аталады, ұзындығы 364, өзеннің аңғары кең жағасы тік
жарлы болып келеді. Бұл өзен Айнабұлақ селолық округіндегі Қызылағаш
елді мекенін басып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: