Солтүстік және Орталық өңірлердегі таулар:
№ Тау атаулары
Теңіз деңгейімен алғандағы
биіктігі, метр есебімен
1
Айыртас
1063
2
Айыртас
872
3
Ақбұйрат
958
4
Ақдебай
1092
5
Ақсораң
1565
6
Ақтоғай
1031
7
Ақшоқы
1000
8
Ақшоқы
735
9
Аралтөбе
780
10 Арқарлы
1114
11
Аулие
1274
12 Аюлыөзек
1012
13 Әмірхан
1188
14 Байбосын
893
15 Байман
979
16 Байты
919
17 Балабосаға
1043
18 Беғазы
1169
19 Босаға
1023
20 Бұйрат
756
21 Бұртысерек
1250
22 Былқылдақ
1024
23 Дуақтас
1027
24 Жайнақпай
794
25 Жалаңаш
1138
26 Жалпаққайың
990
27 Жаман Қызыларай
1283
28 Жаңақойтас
860
29 Желтау
1016
30 Жетімшоқы
823
216
31 Жорға
1090
32 Жүндіқырған
1016
33 Жыланды
1155
34 Жыланшық
839
35 Кеңбұрат
1108
36 Керегетас
991
37 Күнгей
832
38 Кіші Желтау
740
39 Қарағандыөзек
997
40 Қаражұмақ
999
41 Қарамойын
900
42 Қарамойын
900
43 Қараоба
860
44 Қаратас
839
45 Қаратоғанбай
1140
46 Қарашоқы
1051
47 Қарашоқы
832
48 Қарашоқы
893
49 Қарашоқы
977
50 Қоғалыбай
903
51 Қойтас
1118
52 Қойтас
878
53 Қойтас
880
54 Қойтас
886
55 Қошқаршоқы
819
56 Қушоқы
1238
57 Қызыл
755
58 Қызыладыр
1025
59 Қызыладыр
755
60 Қызылжал
1034
61 Қызылшоқы
977
62 Медеубай
843
63 Нұртай
1172
64 Саймантау
1029
217
65 Сарыбұйрат
913
66 Сарыжел
846
67 Сарытұмсық
1029
68 Сона
909
69 Тастыбұлақ
961
70 Тасшоқы
990
71 Тоқсай
1260
72 Шойбай
928
73 Шоқпартас
980
Солтүстік Балқаш өңіріндегі таулар
№ Тау атаулары
Теңіз деңгейімен алғандағы
биіктігі, метр есебімен
1
Ақшаадыр
586
2
Бақтай
382
3
Бектауата
1214
4
Бөрібай
624
5
Бірқара
646
6
Жалғызтас
500
7
Итмұрынды
557
8
Кішкене Табаққалған
661
9
Қазық
686
10 Қалмақкемел
870
11
Қалмақжатқан
689
12 Қызылтас
447
13 Қотанбұлақ
740
14 Сарыоба
591
15 Төретай
616
16 Тышқан
766
17 Ұзынжал
876
18 Үлкен Табаққалған
676
19 Шат
563
218
Ақадыр
– Сарыарқаның солтүстігінде, Балқаш қаласының солтүстік –
шығысында 40 км жере, Тоқырауын өзенінің жағасында, батыстан шығысқа
қарай 17 км – ге созылып жатыр, ені 5 км. Ең биік жері – 583 м. Беткейлері
жайдақ, түпкі жыныстары жалаңаштанып жер бетіне шығып жатыр. Ерте
ортаңғы тас көмір дәуірі гранитоид жыныстарынан түзілген. Сортаңды
сұр қоңыр топыраққа жусан, бұйырған, баялыш өседі. Оңтүстік беткейінде
бұлақтар және тұщы сулы құдықтар (Манса құдығы) бар. Күзгі, көктемгі
жайылым.
Ақсораң
– Қызыларай тау массивінің оңтүстік бөлігінде, бүкіл
Сарыарқаның биік нүктесі. Ақтоғай ауданы жерінде, Шылым ауылынан
шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр, ені –7 км, биіктігі –1565 м.
Солтүстікке қарай еңістеу келген аласа таудан тұрады. Пермнің граниттерінен,
төменгі перм, орта тас көмір дәуірі жыныстарынан түзілген. Қаратал, Жіңішке,
Сарыөлең зеңдері басталады. Тау беткейлерінде қарағай орманы, тауаралық
аңғарлардағы қызыл қоңыр топырақта қайың, көктерек, тал, арша, қараған,
ойпаңдау жерінде тобылғы, астық тұқымдасты әр түрлі шөпті шалғы өседі.
Таудың табиғи көркі мен табиғат байлығы шаруашылық әрекеттерге көп
ұшырай қоймауы мұнда болашақта қорық ұйымдастыруға толық мүмкіндік
береді.
Ақшаадыр
–
Солтүстік Балқаш маңындағы ұсақ шоқылы тау массиві.
Солтүстік – батыстан оңтүстік – шығысқа қарай 15 км созылып жатыр, ені
– 4 км. Ең биік жері 586 м. Шатқал, сайлармен тілімденген бірнеше ұсақ
шоқылар мен жеке тау массивтерінен (Ақшаадыр – Бесапан, 528 м) тұрады.
Силур жүйесінің жыныстаынан түзілген. Сортаңды сұр қоңыр топырақ
жамылғысында жусан, баялыш, көкпек өседі. Орталық бөлігінде тұщы сулы
Сорбақ құдығы бар, баурайы күзгі – көктемгі жайылым.
Арқарлы
– Ақтоғай ауданы жерінде, Тоқырауын өзенінің оң жағасында.
Солтүстік – батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені
8-10 км, ең биік жері – 1184 м. Сай, шатқал, қарқааралық аңғарларға бөлінген,
беткейлері бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік және батыс тау
етектерінде көп мөлшерде қорымтас жиналған. Тас көмір жүйесінің орта
және жоғарғы бөліміндегі тау жыныстарынан түзілген. Қоңыр топырақ
жамылғысында жусан, бетеге, селеу, аңғарларда бидайықты шалғын өседі.
Бұл – жазғы, қысқы мал жайылымы.
Беғазы
– Ақтоғай ауданы жерінде, Қаратал өзенінің сол жағында, Ақтоғай
ауылынан шығысқа қарай 27 км жерде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа
қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 4.5 км. Ең биік жері – 1169 м. Беткейлері
жайдақ, оңтүстік және батс бөлігі сай және аңғарлармен тілімделген, оңтүстік
беткейлерінде қорым тастар жиналған. Тас көмір жүйесінің ортаңғы бөлім
тау жыныстарынан түзілген. Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу,
219
бетеге, боз, қараған, арша, аңғаралрда астық тұқымды шалғындар өседі.
Бұлаққа бай, оңтүстік – шығыстан Шұбарөзек өзенінен басталады. Беғазы
өңірінде көне заманда өркендеген Беғазы – Дәндібай мәдениетінің орталығы
таралған (сурет 4,5).
Бектауата
(Әулиетау) – Балқаш маңының солтүстігіндегі қос шоқылы
тау. Балқаш қаласынан солтүстікке қарай – 60 км. Ең биік жері – 1214 м.
Жоғарғы палеозойдың қызғылт гранитінен түзілген. Тау басы сүйірленіп,
тік беткейі тасты – тастақты – лавалы келеді. Кей жерінде бірен-саран бұта
өседі. Беткейаралық аңғарларындағы қоңыр топырағында қайың, терек, тал
мен қияқ аралас шалғын өседі. Арқар, елік мекендейді. Пьезооптикалық
минералдардың шағын кендері және үңгірлер кездеседі. Бектауата үңгірі
осында. Балқаш кен – металлургиялық комбинатының демалыс орындары
бар. Бектауатаға апаратын жолдың бойына ақын Шашубай Қошқарбайұлы
жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: |