Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет63/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Бұлақ этимологиясы
Қарағанды облысы аймақтық топонимиясында кең тараған географиялық 
атаулардың түрі – бұлақ аттары. Оның себебі тау бөктерлері мен тау 
жазықтарында табиғи су көздері бұлақтар молынан шоғырланады. 
Бұлақтардың таралу ареалы ландшафт ерекшелігіне, жердің физика-
географиялық жағдайына байланысты болып келеді. Бұлақ атауларының 
басым көпшілігі «бұлақ» термині арқылы жасалады, бұл гидрографиялық 
терминнің алдында тұрған анықтауыш сөз бұлақтың сан түрлі сипаттарын 
атайды «Ащы-бұлақ» – суының ащылығынан аталған. «Ақпан» – Ақпан 
батырдың туған ауылы болғандықтан, батыр атымен аталған. «Суықбастау» 
– тау бауырынан шыққан суы өте суық бұлақтың атауы. 
АҚҚҰДЫҚ
– 
құд., сай, шат, айр., бұлақ,
Жаңаарқа ауд. Ақтау с/о. 
Қызылтас тауының. оңт.-батысында, Ақтау ауылының солт.-шығысында 
орналасқан. 
Ақ 
(сын есім), 
құдық 
(зат есім) сөздерінен жасалған. Топоним 
құдық қазғанда топырақ түсінің ақ болуына орай да аталуы мүмкін.
АЛТЫНБҰЛАҚ
– 
бұлақ,
Жаңаар. ауд. Ақтау с/о. Қаратөбе тауының 
оңт.-шығысында, Ақтау ауылының оңт.-батысында орналасқан.
Алтын 
(зат 
есім) 
+бұлақ 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған метафоралық атау. 
Бұлақтың қажеттілігі жоғары болғандықтан қойылған атау.
БОСАҒАБҰЛАҚ
– 
баст., 
Жанаар. ауд. 
Босаға 
(зат есім) және 
бұлақ 
(зат есім) сөздерінен құралған атау. Атаудың топонимдік мағынасы: 
«қысаңдағы, төмендегі бұлақ».
БҰЗАУБҰЛАҚ 

 
бұлақ, құдық,
Жаңаар. ауд. Атасу – Қарағаш тас 
жолының бойында, Омарбек тауының оңтүстігінде, Жаманадыр тауының солт.-
шығысында. Атауы руы Найман Бұзау деген адамның есіміне байланысты 
қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет