240
Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 ж. 23 мамырдағы
№3528 Жарлығымен ауданның әкімшілік орталығы Топар поселкесінен Абай
қаласына көшірілді. Ал ауданның атауы Абай болып өзгертілді.
132
Изумрудный
поселкесі 2006 жылдың 5 шілдесінен №334 Қарағанды облыстық мәслихаты
сессиясының шешімі және 2006 жылдың 29 маусымынан №13/04 Қарағанды
облысы Әкімінің бірлескен қаулысына сәйкес Абай ауданындағы Самарка
селосының әкіміне бағынышты Изумрудный селосына өзгерген.
2007 жылдың 7 желтоқсанынан №27/05 Қарағанды облысы әкімінің
қаулысы және 2007 жылдың 14 желтоқсанынан №47 Қарағанды облыстық
мәслихатының шешімімен елді мекендері: Тихоновка, Ленино Ақбастау
селолық елді мекенінің кұрамына; Родники Сарептаға; Алмаатинка Восходқа;
Жайма Жартасқа; Колпак Карагогаға қосылған.
133
2011 ж. 1 қаңтарда ауданның құрамына келесі әкімшілік - аумақтық
бірліктер кірді: Абай қаласы, Қарабас, Топар, Южный поселкелері;
Агрогородок, Ақбастау, Есенгелді, Жартас, Изумрудный, Көксу, Көйбас,
Қоянды, Құлайғыр, Құрма, Самарка, Сарепта, Юбилейное селолары.
Достарыңызбен бөлісу: