Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет46/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
атамыздың бейіті 
бар дегені
. Ел арызданып, жерге талас шыққан соң Омбыдан жандарал 
келмек болады. Сол жерде Сәдібек отырған ауыл, бір түнде әлгі бейітті бұзып, 
кірпішін бір сайға тасып орнын тегістеп, үстіне қой түнетіпті. Бұрын мұнда 
100
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Алматы: Санат, 1996. 
– 656 с
101
Балкашин О балкашине. Известия имп. РГО т 18. Вып. 4 182 г.25 с
102
Аршабеков Т.Т. Қарқаралы күмбездері. Қарағанды: Арко, 1997. – 96 б.
103
Артықбаев Ж.О. Жакин М.С. Шет өңірінің тарихы. Қарағанды, 1998. – 275 б.


136
бейіт болғанын дәлелдей алмаған соң, жандарал Нұра суына екі елді ортақ 
қылған екен, - дейді жергілікті тұрғындар. 
Ру аралық жерлердің ХVІІІ ғ. ІІ-нші жартысында және ХІХ ғ. басында 
рулық жерлердің белгісі болғанымен нақты шекара болмаған. Жер мәселесі 
халық арасында сақталған ел аңыздарына байланысты ата қоныстары және 
сол елдің ұрпақтарына салынған жәдігерлеріне қарай бөлінген. Жоғарыда 
аталғандай және этнографиялық материалдарға сүйенсек, ру аралық 
шекараның белгісі «Шекара не өзен болар, не кезең болар» немесе шекара 
бөлудің шешуші кезеңінде белгілі қолдан тұрғызылған заттар «омақа», «оба» 
«ағаш қада» болған.
Бұл кезеңде шекаралық белгінің бірі информанттардың айтуынша, шөптің 
басын буу немесе белгілі жерге ру басының құрығын қадау болды.
Қазақ ауылының көші жайында А.Гейнс былай жазады «Көш жолдары, 
рулар арасында қалыптасқан жолдармен анықталады, ал бір бағыттағы көш 
кезінде «көш басы» сол жерге рудың белгісі болмаған жағдайда жерге рулық 
таңбаны қалдыруы тиіс.
104
Ал шекараны «оба» ретінде белгілеу көпшілік жағдайда бейбіт өмірде екі 
жақты келісіммен белгіленіп отырған және «оба» тас үйіндісі немесе басқа 
табиғи заттар қолданылған. 
Көшпелі қоғамға тән этнотерритоиялық байланыстың үзіле бастауы 
ХІХ ғ. басында Ресей империясының жүргізген жаңа саясатына қатысты 
болды. Бұл саясаттың жер мәселесіне орай 1822 ж. жүргізген «Сібір 
қырғыздарының Ережесі» болды. Бұл Ережеге қатысты қалыптасқан ру-
тайпалық қатынастарды бірдей бұзбағанмен жекелей рулардың жаңа көш-
қоныс жерлері бекітіле бастады, яғни өткен ғасырдағы Сарыарқа бойындағы 
емін-еркін көшу процесі тоқтала бастады.
Жерге қатысты жаңа өзгерістерге байланысты М. Красовский былай дейді: 
«В каждом окружном приказе области сибирских киргизов имеются сведения 
о киргизских зимовках, и приблизительно известны даже те урочища, по 
котором аул проходят летом, по действительно существущий условия межи, 
разграничивающая зимняя и осенние стоибища киргизов».
105
Осы саясатқа байланысты ХІХ ғ. 30-40 жылдарында Қаракесек, 
Қамбар, Тарақты руларының территориялық қыстаулары, бірнеше рулық 
құрылымдардың жерлері тарыла бастады. Тарақты елінің жағдайы күрделеніп, 
ал Алтайлықтардың бірнеше жерлерінен айырылуға тура келді.
106
Сонымен Қаракесек руларынан Байбатырұлы Балағазы, Бөкенбай 
104
Гейнс А. Собрание литературных трудов. Киргиз-кайсаки в зауральской степи. СПб 1898 г. Тип 
Имп. Общ-ва. Т.2
105
Красовский М. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами 
Генерального штаба. Область Сибирских киргизов .СПб, 1868. Ч 3. – 264 с.
106
Артықбаев Ж.О., АршабековТ.Т., Ісләмұлы І. Жаңаарқа тарихы. Қарағанды: Санат, 1999. – 275 б.


137
ұрпағынан Бәйкелді бастаған тағы басқа рулардың беделді адамдары жиналып 
алтайлықтарды Қаракесек жерінен қууға шешім қабылдайды. Бұл жорыққа 
Әлтөбет, Бөкенбай, Құлжас, Шекшектің ұрпақтары қатысқан. Алғашқы 
бетте Қызылағаш деген жерде жойқын төбелес болып, ол жердің Қызылағаш 
атануына сол себептен туса керек.
107
Наршөккен тауынан асып Шодыр су қосағаш ішіне барған соң алтайлықтар 
қайта қозғалып, ойламаған жерден шұғыл қарсылық жасайды. Бейқам келе 
жатқан Балағазы батыр, Бәйкелді әжептәуір зәбір көріп жарақаттанады. Өз 
елінің, өз жерінің шекарасына келгенде Бәйкелдіні жерлеп, сонан соң бұл 
жер Бәйкелді-Шотай өзені аталады. Бұл сапардың екінші бір сәтсіздігі түнде 
Жасанта өзенінен өтіп, Қалпе басы деген жерге келгенде Балағазы батыр 
менің бойым ауырлап барады, біраз жүрген соң сойылын төмен түсіріп, менің 
шақшам түсіп қалды, осы араны қараңдаршы деген екен, сол жерде аттан 
түсіп маңындағыларға «енді мен ілгері бара алмаспын» -десе керек. «Денеңе 
түскен жарақат ауырғаны білінбес, соңынан шығар зардабы. Мен бес ата 
Әлтөбетті жаңа қонысқа орналастырдым, осыдан былай жүруге шамам жоқ, 
тағдырдың басқа жазғаны осы болар, алтайлықтар Бәйкелдіден аспас. Одан 
асса да менен аспас, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет