Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет55/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
АЩЫЛЫ 

 
өзен,
Жаңаар. ауд. Қарашоқы тауының оңт.-шығысынан 
бастау алып, Қаражал қаласының оңттүстігіндегі сортаңдарда жоғалады. 
Атауы өзеннің суы ащы болғандықтан қойылған.


145
АЩЫЛЫАЙРЫҚ
– өз., Қаражал қ.-ның солт. жағ.-да.,
 өз., 
Терісбұтақ 
өзенінің солт.-де. Жаңаар. ауд. 
Ащы-лы 
(туынды сын есім) 
+ айрық, 
(зат 
есім) сөздерінін бірігуінен жа-салған. Айрықта ащы сортаңның болуына 
байланысты қойылған атау.
АЩЫСУ 
– 
өз., 
Жаңаар. ауд., Қарашоқы тауының оңт. жағ.-да. 
Ащы 
(сын есім) 
+су 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Өзен суының 
ащы екендігін білдіреді.
АЩЫҚАРАСУ
– 
өз., 
Жаңаар. ауд. Отаутас тауының солт. жағында. 
Сарысу өзенінің алабындағы Атасу өзенінің сол саласы. Жаңаарқа және Шет 
аудандарының жерімен ағады. Ұзындығы 40 км. Тасқоралы және Қушоқы 
тауларының беткейінен ағып шығатын бұлақтардың қосылуынан құралады. 
Айшырақ ауылының тұсында Атасу өзеніне құяды. Өзен жағасы жарқабақты. 
Көктемгі еріген қар және жерасты суларымен толысады. Сәуірде ғана арнасы 
толып, тасиды. Жылдың қалған айларында қарасуларға бөлініп, тартылып 
қалады. Суы мал суаруға пайдаланылады, өзен алабында мал қыстатылады.
 
Ащы 
(сын есім), 
қара 
(сын есім)
+су 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен 
жасалған. Қарасу
 
деп ел арасында өзеннен бөлініп қалған терең суды 
айтады. Сонда атаудың мағынасы: «дәмі ащы, сортанды, тұзды қарасу» 
дегенді білдіреді.
АППАЗ
– 
өз.,
Жаман Сарысу өзенінің М.Жұмажанов ауылына жақын 
бөлігі, Орынбай ауылының солт. жағ.-да, Жаңаар. ауд. Кісі есімінен
койылған гидроним болуы мүмкін.
АҚШИЛІ
– 
өз., 
Жаңаар. ауд. 
Ақ 
(сын есім)+
ши
(зат есім)+
лі
(зат 
есімнен туынды сын есім жасайтын жұрнақ) сөздерінен құралған. Бұл 
жерде ақ
 
шидің көптігіне, калың өскендігіне байланысты қойылған атау. 
ЖӘМШІ 
– 
өзен, 
Жаңаар. ауд. Бұрынғы Ақтау бекінісінің шығысында 
ағады. Көктемде қар суымен толысады.Жаз айларында құрғап қалатын арна. 
Атауы парсы тіліндегі 
жамшид 
сөзінен шығуы мүмкін.
Джем, джам
– адам 
аты және авеста, пехлеви тілдеріндегі 
шит
– нұрлы деген мағынаны білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет