Суицид туралы фактілер
Балалар мен жасӛспірімдерде суицид туралы ойлардың анда-санда
пайда болуын патология деп есептеуге болмайды.
Балалық және жасӛспірімдік кезеңде суицидтік ойлар қалыпты даму
процесінің бӛлігі болып табылады, әсіресе жасӛспірімдер экзистенциалдық
мәселелерді шешуі керек болғанда.
Орта мектептердегі жоғарғы сынып оқушыларының жартысынан кӛбісі
ӛз-ӛзіне қол жұмсау туралы ойға берілгендерін мойындайды.
Жасӛспірімдер бұл сұрақтарды ересектермен талқылау мүмкіндігіне ие
болғысы келеді.
Әлемде ӛз-ӛзіне қол жұмсау 15-19 жас аралығындағы анағұрлым кӛп
тараған ӛлім себептерінің алғашқы бестігіне кіреді.
Кӛптеген елдерде осы жастағы бозбалалар мен бойжеткендердің ӛлім
себептері бойынша алғашқы немесе екінші орында болып келеді.
Қыздарға қарағанда, ұлдар кӛбірек ӛз-ӛзіне қол жұмсайды.
Мұның себептерінің бірі, олар қыздарға қарағанда жіппен асу, қару-
жарақ немесе жарылатын заттарды қолдану сияқты зорлық жасалатын
тәсілдерге жүгіреді.
Қыздарда ұлдармен салыстырғанда суицидтік әрекеттерге бару екі
немесе үш есе жиі кездеседі.
Қыздар күйзеліске жиі түседі, бірақ олар ӛз қиындықтары туралы
біреумен бӛлісіп, кӛмек сұрай алады, бұл ӛз кезегінде ӛліммен аяқталатын
суицидтік ниеттердің орындалуына бӛгет бола алады.
Бозбалалар ашушаң және импульсивті, сонымен қатар алкоголь мен
есірткінің әсерінен әр түрлі қадамдарға баруы жиі кездеседі де, одан
жағдайдың ӛлімге әкеліп соғу ықтималдылығы арта түседі.
51
Содержание Введение 51 Глава I. Дети – жертвы суицидов