Арайлы, Алтын күз! Тақырыбы: «Арайлы Алтын күз!»



бет1/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#5496
  1   2   3   4   5   6
Арайлы, Алтын күз!

Тақырыбы: «Арайлы Алтын күз!»


Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайд, күз суреттері, шар, лента, жапырақтар.
Сабақтың барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, көптен сағынып күткен «Арайлы Алтын күз!» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, құстар жылы жаққа ұшады. Егін жиналып, жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе?
1 - жүргізуші: Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз» деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.
2 - жүргізуші: Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз!
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз.
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз!
1 - жүргізуші: Күз – мереке, күз – ырыстың белгісі.
Қайтып барады мекеніне жыл құсы,
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз.
Алтын күздің той думаны басталды.
2 - жүргізуші: Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз: бүгінгі «Арайлы Алтын күз!» байқауынан Күз Ханзадасы мен Ханшайымын шығару.
1 - жүргізуші: Сайыс болған соң оның қорытындысы болу керек, сондықтан әділ баға қоятын біздің әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
2 - жүргізуші: Біздің сайысымыз 4 конкурстан тұрады:
1. «Кел танысайық»
2, «Ақылы көркіне сай»
3. «Көңілді аспазшы»
4. «Сән үлгісі»
Әр конкурстан кейін ұпай саны беріліп отырады.
Ұпай 5 балдық жүйемен беріледі.
1 - жүргізуші: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз.
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып.
Еріксіз өзімізге қаратармыз,- дей отыра, ортаға қатысушы жұптарды шақырайық:
1 - жұп: Әли мен Аяулым
2 - жұп: Темірлан мен Хадиша
3 - жұп: Мирас пен Аяжан
4 - жұп: Рахим мен Диана
5 - жұп: Әлішер мен Дана
6 - жұп: Санжар мен Айжан
2 - жүргізуші: Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз.
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
1 - жүргізуші: Сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, бірінші конкурсымызды бастайық. Бірінші конкурс «Кел танысайық» деп аталады.
Әр қатысушы топ өздерін таныстырады.

1 - конкурс «Кел танысайық»


Өлеңдер
Нан анасы – бидаймын
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын. Бидай – Иманғали

Топырақта шұрайлы,


Өскен, қызыл шырайлы.
Қызанақты бала да,
Қарияң да сұрайды. Қызанақ – Нұраңсар

Бекершілік онысы


Дымқылға бай қонысы
Қияр деген, бауырым,
Витаминдер: А, В, С. Қияр – Ерқанат

Күннің нұрлы шуағы


Шұғыла боп шылады.
Қызыл қырау ерісін,
Қарбыз болып ауызда Қарбыз – Рахат

Істен қашып, бұқпағын


Дұрыс мұны ұққаның:
Тәтті, дәмді қауынның
Ащы терден шыққанын. Қауын – Дамир

Пияз мына, асылы,


Жүр қулығын асырып,
Көрсетпейді сақалын
Топыраққа жасырып. Пияз – Ануар

Алтын, сары, қызыл, көк


Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалбырап
Таудан салқын жел соқса
Сыбдырлайды қалтырап,
Жақын қалды желтоқсан
Жабырқайды жапырақ Жапырақ – Абай

1 - жүргізуші: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, келесі конкурсымызға көшейік, ол конкурс бізде «Ақылы көркіне сай» деп аталады. Ол үшін жұптар келіп, тақтадағы жапырақты таңдап, сұрақ номерін анықтайды. Жұптарға сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап беру керек.

2 - конкурс «Ақылы көркіне сай»

1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?


2. Төрт түліктің төлдерін ата
3. Қазақтың қандай салт - дәстүрлерін білесіңдер?
4. Қазақтың қандай батырларын білесіңдер?
5. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата
6. Қазақтың үш биін ата
7. Апорт алмасының отаны
8. Бейбітшілік құсы деп қай құсты атайды?
Алибек пен Сымбаттың орындауында вальс
1 - жүргізуші: Ендігі сайысымыз «Көңілді аспазшы» деп аталады. Бұл сайыстың шарты, әр жұп мына столда тұрған алжапқышты байлап, орамалды басына тартып, пышақпен екі картопты үзбей аршып, қызанақ пен қиярды әдемі турау керек. Картоптың тазалығына қабығының үзілмеуіне, қияр мен қызанақтың әдемі етіп туралуына әділ - қазылар өздеріңіз баға беріңіз. Ал, кәне дайын болсаңыздар іске сәттілік тілеп, сайысты бастайық.
3 - конкурс «Көңілді аспазшы»
Орыс биі
1 - жүргізуші: Келесі соңғы байқауымызға да келіп жеттік. Соңғы байқау «Сән
үлгісі» деп аталады.
4 - конкурс «Сән үлгісі»
2 - жүргізуші: Біздің « Арайлы алтын күз» байқауының барлық сындары аяқталды. Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептегенше кезекті музыкалық үзіліске береміз.
«Жан гүлім» әні
1 - жүргізуші: Біз бұл жерде күз «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» анықтап отырмыз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын, - дей отыра сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.
(Күз «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» анықтап, номинация бойынша оқушыларды марапаттау)
2 - жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Қатысқандарыңызға рахмет!

Кері қайту

Күз - береке, күз - мереке

Тақырыбы: Күз - береке, күз - мереке
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл - күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым - қатынас қалыптастыру.
Көрнекілігі: Слайд, шарлар, жапырақтар, жемістер мен көкөністер суреті
(Вальс биін билеп балалар ашады)
Әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр
Алмақ болып бар халқымның алғысын
Хор: Егін жинаймыз
Мен - Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе - сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар. Мен өзіммен алтын жапырақтарымды алып келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар бар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге сыйлығым бар.
Күз ханшайымы: Ал, балалар енді менің бірінші тапсырмам
• Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз
Күз ханшайымы: Енді екінші сұрағымды тыңдаңдар
• Күз айларын атаңдар
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша
Қыркүйек Бекболат
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп
Құс шарлап аспанда
Қазан Сабина
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан айы
Қараша Шұғыла
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Қараша өрледі
Қараша ән салып
Күз ханшайымы: Мінеки, балалар күз айларымен таныстыңдар
Ортада әсем ән: «Алтын күз» Аяна
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Қызылша, қызанақ, орамжапыраққа қарашы
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты

Кітап - достық елшісі

Кітап достық елшісі.
Әдеби іс - шара
Кітапханашы: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар!
Қымбатты оқушылар, сіздерде әліппемен қоштасу мерекесі өтті. Әліппе – сендердің ең бірінші білім алған оқулықтарың. Алған білімдеріңді басқа оқулықтар мен қосымша кітаптардан жалғастырасыңдар. Сол кітаптарға арналған және сіздерді біздің кітапхананың оқырмандары болатын мерекесіне қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші: Бүгін біз кітаптар елінде қонақтамыз. Айналамызға қарасақ бізді қоршап тұрған кітаптар. Бұл елдің өз атауы бар. Ол – кітапхана.


2 - жүргізуші: Кітапхана − кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге керектілердің барлығын аламыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп. үлгі мен тәжірибе аламыз. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек.
1 – жүргізуші: «Кітап достық елшісі» деген тәрбие сағатын А. Байтұрсынұлын атамыздың кітап туралы жазған өлеңімен бастайық,
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, оқып байқап қаралыққа.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
2 - жүргізуші: Балалар онда ортамызға кітапты шақырайық.
Кітап: Балалар мен білім кілті – Кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады. Суретші ағайлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.

1 – жүргізуші: Қош келдің, қымбатты досымыз Кітап, ендеше сен бүгін бізде қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап қайт.


Кітапханашы: Балалар, сендер осы кітаптың ішінен кітап туралы тақпақтарды айтып көріңдерші:
1 – оқушы: Кітап! Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл хошы
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры
Басылған таңба болып өзіңде осы
2 – оқушы: Кітап та алма ағашы,
Жемісі біздің теретін
Тәтті алмаға балаша
Кітабыңның әр бетін
3 – оқушы: Кітап! Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады.
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін
Шешіліп кейде достай сырласады.
4 – оқушы: Саған білім жемісін
Оқулығың береді
Күтіп ұста, кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке
5 – оқушы: Кітап! Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы
Ашқанда – ақ өткен күнмен беттеріңді
Келер күн көз алдыма кеп тұрады
Кітапханашы: Балалар! Кітап жыртылмас үшін не істеу керек?
− Қаптау керек.
− Кітаптың бетіне сурет салуға бола ма?
− Жоқ
− Қай уақытта кітап оқу керек?
− Бос уақытта
− Кітаптарды қалай ұстау керек?
− Ұқыпты, таза.

Балалар, енді мен сендерді ережелермен таныстырайын.


1 - ереже: Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқа оқырмандарға
кедергі келтіресің.
2 - ереже: Кітапты ұқыпты таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны басқа
оқырмандар оқиды.
3 - ереже: Кітапты уақытында қайтар. Әйтпесе басқа оқырмандар
күтіп қалады.
4 - ереже: Кітапты жоғалтып алма.
Осы ережелерді естеріңе сақтаңдар! Кітаптардың да раманы бар. Ол: лас, ұқыпсыз оқушылардың қолына түспеу. Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссек екен деп армандайды. Кітаптардың армандарын орындасаңдар жақсы оқырман боласыңдар!

Кері қайту

Алтын төрім - Астана

 

 

Тақырыбы: Алтын төрім - Астана


Мақсаты: а) Байтақ қазақ даласының иесі кім екенін алыс пен жақынға танытатын қазақ жерінің кіндігіне Ақ ордасын тіккен – жаңа Астана тарихымен таныстыру;
б) Астанасына қарап елін таниды дегендей, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту;
в) Екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып, тарихқа енген астанамыз - Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу;
Түрі: слайд шоу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Астана қаласының суреттері, Қазақстан картасы, т. б.
Жүрісі
І. Ұйымдастыру
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі болып отырған «Алтын төрім – Астанам» атты слайд шоуға қош келдіңіздер!
Ән: Әнұран (хор)

Жоспары:
1. Кіріспе - мұғалім сөзі


2. Сиқырлы сандар не дер екен?- оқушы шығармашылықтары
3. Астана айшықтары - суреттер сөйлейді
4. Жаса, жайна ару қалам - Астана!

ІІ. Негізгі бөлім:


1. Кіріспе:- мұғалім сөзі:
- Балалар, биылғы 2011 жылдың ерекше екенін білесіңдер ме?
- Әрине, білулерің керек.
Ғасырлар, жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке еліміздің қол жеткізгеніне биыл 20 жыл.
Халқымыздың тарихын түгендеп, жоғалғандарымызды тауып, өткенімізді жандандырып,
елімізде талай қиындықтар мен қуаныштар болғаны белгілі.
Тәуелсіздік - біздің басты бақытымыз. Сондықтан да, оның 20 жылдық мерейлі тойын мазмұнды да мәнді етіп өткізу бүгінгі үлкен - кішінің басты мұраттарының бірі. Бұл мәселеге Елбасымыз бен Үкіметіміз де үлкен мән беріп отыр.
Балалар, Қазақстан – біздің сүйікті ата мекеніміз. 1991 жылғы 16 желтоқсан - оның тарихындағы ұлы күн. Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Әнұранымыз дүние жүзінің әр жерінде қазақ тілінде шырқалады.
Арсен:
Қазақстан: Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Игорь:
Дәуірлердің көшінде,
Ел басы - деп шешімге.
Отау тіккен Астана,
Сарыарқаның төсінде.
Гүлфайруз:
Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін - 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа Астанасы болып жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.

2. Сиқырлы сандар не дер екен?

Әбді - Әлі:
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астана
Әсем қала бас қалам.
Заман жаңа ел жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз - Астанам өз ордам
Сүйсінерім сен ғана.

Әсел:
Бой көтерді бір қала,


Ол біздің сұлу - Астана.
Астанада бәрі бар,
Қараймыз соған шаттана.
Мынау менің мекенім,
Астанада көсемің,
Әнұран - ақ көрсетер,
Қазақтың кім екенін.
Асхат:
Астана жас қалам,
Жайнай бер жас қалам!
Өркендеп өренің,
Гүлдей бер Астанам!
Жүрегім лүпілдеп,
Баруға асығам.
Бітіріп мектепті,
Барармын мен саған.
Би:«Қаражорға» 3 «в» сынып оқушылары

Қайырбек:


Сұлу қалам - жас қалам,
Нұр төгілген бас қалам.
Шуақ шашып бәріне,
Өсе берші, Астанам!
Камшат:
Астанам мақтанышым,
Күн сайын күнге ұмтылған.
Халқыңа бар данасың,
Өмірге шын құлшынған.
Астанам арқадай кең,
Даналық мінез сақта.
Елбасы Нұрсұлтандай,
Жете бер жақсы атқа.
Альбина:
Арасында дүрмектің,
Астанада жүрмекпін.
Бірақ Есіл өзені,
Бар екенін білмеппін.
Арайлы екен таңдары,
Көңілді екен жандары,
Көшелердің әдемі
Самсап тұрған шамдары.
Ерекше екен не керек,
Жолың түссе көре кет.
Астанамыз аяулы,
Қала екен ғой керемет!

Ән:«Астана» Сағызбай Рысты


Асылзат:
Астанам сұлу қалам,
Төкті нұрын оған, Алла.
Сүйікті қалам - Астанам,
Жарқырай бер жас қалам.

Нұрай:
Күміс күннің астында,


Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Қызы менен ұлымыз.
Ардақтайтын Астанам,
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қалам!

Рысгүл:
Жасыл желек оранған,


Әрбір көшең көк орман.
Сенде түлеп, сенде өскен,
Жас ұрпақта жоқ арман.
Заман жаңа, ел жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам, өз ордам,
Сүйенерім сен ғана.

3. Астана айшықтары - суреттер сөйлейді

4. Жаса, жайна ару қалам - Астана!
Оқушылардың салған суреттерін тамашалау.
Би: «Саржайлау» Қайырбай Ақбөбек

ІІІ. Қорытынды:


Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала.

Кері қайту

Астана - арман қала

Астана – арман қала


Музыка залы әсем безендірілген, теледидарда Астана туралы видеоролик жүріп тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті балалар, қонақтар, әріптестер. Еліміз егемендік алғанына биыл 20 жылдығын тойлауда. Сендер осы тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бүлдіршіндерсіңдер. Ал бүгін біз Қазақстан Республикасының елордасы – Астананың туған күнің тойлаудамыз.


Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған, оның туған жылы 1830 жыл. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елордасы атауы Астана болып өзгертілді.


Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО -ның шешімі бойынша Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана қаласы шапшаң қарқынмен дамып келеді және де келешегі өте зор.

Көшелері құлпырған сала-сала


Алаңдары кең құшақ сайран дала.
Көргендері арлы арудан айнымайтын
Ақ көңілді кең пейіл қайран қала – деп ортаға бүлдіршіндеріміздің Астанаға арналған өлең шумақтарын тарту етуге шақырамыз.
1-бала: Астанамыз сүйкімді,
Гүлдей жайнап құлпырды.
Қызықты болып барады,
Бір күннен – бір күні.

2-бала: Здравствуй, здравствуй моя Астана,


Здравствуй, здравствуй столица родная
Здравствуй, здравствуй народ и страна
Процветанья всем вам я желаю
3-бала: Әлемдегі дара бір
Әсем сәндік қала бұл
Есіл арбаты жаңа үй
Бүкіл әлем көріп тұр

4-бала: Інжу тастан өріп бір


Салған ғажап – көрік бұл
Салтанатын, сәулетін
Жаңа Астанамыз жайнап тұр

5-бала: Как я люблю тебя, тебя


Моя столица – Астана
Цвети всегда, всегда
Ты Астана и вся страна

6-бала: Нұр сыйлап қала көркіне


Тағып атып: Жер, Күнге
Тұр ғажайып ғимарат
Зор Бәйтерек кейпінде

7-бала: Әсем қала Астана


Ел қызыққан жас қала
Астана деп жазамын
Ақ параққа тағыда
Жүргізуші: Ән көңілмен құйылды
Қайғы бұлты шегілді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» (3тілде)

Жүргізуші: Біз балдырған тек басқан


Дос құшағы кең ашқан
Тілегіміз бейбіт күн
Ашық болсын көк аспан – дей отырып «Ақкөгершін» тобының бүлдіршіндері өз биін сыйлайды.
Би: «Мой Қазақстан»

Жүргізуші: Біз ойнайтын дөңгелек


Өзгелерден тым бөлек
Домбыра ойының ойнайық
Қызығына тоймайық
Кәнекей балалар шеңбер жасап тұрайық домбыра ойының бастайық
Ойын: «Домбыра»

Жүргізуші: Барлық елдің бөбегі


Бір – бірімен туысқан
Бәрімізге төгеді
Өз шуағын күміс таң – дей отырып қазір «Достық» әнің жырлайық
Ән: «Достық»
Жүргізуші: Екі шектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра,
Қазақ – нағыз қазақ емес
Нағыз қазақ – домбыра – деп Қадыр Мырзалі жырға қосқан. Домбыра – қазақтың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы. Ал қазір алдарыңызға осы киелі домбыра аспабымен «Балдырған» тобының құлпырған қыздары өз биін ортаға салуда.
Би: «Домбыра»

Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз


Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз – дейді «Жауқазын» ІІ кіші тобының бөбектері. Ду қол шапалақпен оларды ортаға шақырып, Астанаға арналған тақпақтарын тамашалайық.

1-бала: Астанамыз – әдемі


Жарқырайды жұлдыздай
2-бала: Есілдің бойы бас қала
Мақтанышым – Астана
3-бала: Өсіп міне келемін
Байтеректей болып мен
4-бала: Көз тартады – Астана
Биік Бәйтерегімен
5-бала: Жарқырайды елімнің Астана
Күндей шуақ шашады көгімдей
Жүргізуші: Болсын кіші – бойымыз
Биікке ұшу – ойымыз
Біз бақытты балдырған
Тойға ұласқан тойымыз – дей отырып «Қызыл, жасыл, көк шар» әнің жырлап көрейік.
Ән: «Қызыл, жасыл, көк шар»

Жүргізуші: Қазір балалар менің сендерге жасыратын жұмбағым бар, шешімің таба аласыңдар ма?


(балалардың жауабы)
Жұмбақ: Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар (Киіз үй)
Бұл не балалар?

Жүргізуші: Ұмыт та қалған жазылмай,


Есте жоқ ескі тағдырдай
Әлем – әлі көрген жоқ
Бәйтеректі дәл мұндай
Тудырған қайта бұл заман
Ғимарат алған...нұрланған
Жұмақтай елде – жарылмай,
Алтын жұмыртқа - тірлік тұр аман! – деп қазір алдарында жауқазындай жайнаған бүлдіршіндердің орындауында би «Бәйтерек»
Би: «Бәйтерек»

Жүргізуші: Тәуелсіздіктің жылдығының қарсанында мерекелік келген Тәуелсіздік белгісі Алтын Адамды қарсы алайық.


(музыка әуенімен залға Алтын Адам кіреді)

Алтын Адам: Жыр арнадым еліме тебірене


Үміт артам елімнің ертеңіне
Астананың туған күні құтты болсын
Отаным жылдан жылға көркеюде
Тілеймін мен әр адамға бақыт қонсын
Елімде бейбіт, тыныш заман болсын (деп қолындағы сандықты ашып ішіндегі сыйлықтарды балаларға үлестіреді)

Жүргізуші: Жан қалмасын жай тұрған


Мәз болсын жас-кәріміз
Қайта оралған халқымызға
Биленсін «Қара жорғамыз»
Астананың туған күніне арналған іс-шара «Қара жорға» биімен аяқтайық
Би: «Қара жорға»

Кері қайту

Астана


Сабақтың тақырыбы: Астана
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға еліміздің бас қаласы, астанасы - Астана туралы түсінік беру,
Ә) дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Б) тәрбиелік: Отан сүйгіштікке, туған жерді аялауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
Сабақтың түрі:
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап,
Көрнекілігі: суреттер, слайд, топшамалар, кестелер.

Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру


- амандасу;
- Түгелдеу;
- Назарын сабаққа аудару;
Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру
- амандасу;
- Түгелдеу;
- Назарын сабаққа аудару;

ІІ Үй тапсырмасын сұрау


- Үй тапсырмасын оқушылардан тізбектей отырып сұрау;
- сұраққа жауап алу;
- Үй тапсырмасындағы сұрақтарға жауап бере отырып өтілетін сабақтың атын шығарып алу;
Сұрақтар:
- Қазақстан Республикасының президенті кім?( А )
- Мемлекеттік тіл қай тіл? ( С )
- Рәміздерді ата?( Т )
- Отан туралы қандай мақал - мәтел білесің? ( А )
- Отан туралы қандай өлең жолдарын білесің? ( Н )
- Біздің астанамыз қай қала ? ( А )

ІІІ Жаңа сабақ


- Оқушылар бүгін біз өзіміздің астанамыз - Астана қаласы туралы толық танысып білетін боламыз. Сондықтан барлығымыз суреттерге зер салып қарай отырып , тақырыбымызды жақсылап түсініп алайық .
- Мұғалімнің түсіндірмесі. ( Оқушылардың ойын тыңдау)
Сұлу ғимараттар Бас қала
Астана Еліміздің астанасы
Гүлденген қала
Бәйтерек
Сенат үйі Мәжіліс үйі Үкімет үйі
Астана ( картадан орналасқан орнын көрсету )
Есіл өзенінің жағалауы Темір жол вокзалы
Әуежай Үш би
Парламент үйі
Еуразия университеті Бәйтерек Нұр астана мешіті

ІҮ Оқулықпен жұмыс


- Мәтінді бөлімге бөліп оқыту:
- Әр бөлімді тұжырымдап, ой түю;
- Мәтіннен Астананың орналасқан жері туралы жазылған тұсты тауып оқыту;
- Мәтіннен бұрынғы Астананың көрінісі туралы жазылған жерді тауып оқыту;
- Қазіргі Астана туралы ой түйгізу;

Ү Дәптермен жұмыс


- Мәтін ішінен қала аттары мен өзен атауларын теріп жазып ал.
ҮІ Шығармашылық тапсырма
- Өлеңді өз ойыңнан жалғастырып жаз.
Астана әсем қала,
ҮІІ. Не үйреніп, не білдік?
1. Астана бекініс болып қай ғасырда бой көтерді?
2. Орыс әскерлері қайда келіп тоқтады?
3. Бекініс қайда ауыстырылды?
4. Бекініс қалай аталды?
5. Жәрмеңкеге қай елдің саудагерлері жиналатын?
6. Президент сарайы қай жерде орналасқан ?

ҮІІІ Сабақты бекіту.


1. Астана Арқаның қай жерінде орналасқан?
А) Солтүстігінде Ә) Төрінде Б) Оңтүстігінде
2. Астана қандай қала?
А) Әсем Ә) Көне Б) Ескі
3. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
А) Қарасу Ә) Есіл Б) Жайық
4.Қай жылы Ақмола Астана деп өзгертілді ?
А) 1997 жылы Ә) 1998 жылы Б) 1999 жылы
5. Астанада кімнің ескерткіші бар?
А) Шәкәрім Ә) Шоқан Б) Қазыбек би

ІХ Үйге тапсырма.


- Мәтінді оқып, түсінгенін айту:
- Астана туралы шағын эссе жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет