2.1924-1933 жылдары 2,5 милион қазақтың өмірін жалмаған "Голощекиндік геноцидтің" ащы шындығы мен қазақ интеллигенциясының қатал тағдыры Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан басталған бұл оқиға - отызыншы жылдардың басында қиын жағдайға ұласты. Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталған болатын. Өйткені 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың сая¬си-экономикалық және әлеуеттік жағ-дайымен танысып, «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялық шаралар жүргізе бастайды. Ол ең алдымен Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, т.б. зиялыларға хат жолдайды.
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы құлдырауға ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан бар болғаны 4,5 млн бас қалып еді. Сол кезеңде біздің өңірде де жеке адамдарға бағытталған қуғын-сүргін өте қатал түрде жүргізілді. Облыстық ұлттық қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша жазалаған. Олардың ішінде 300-ден астам адам ату жазасына кесілген, қалғандары бас бостандығынан айырылып, арнайы лагерьлерге жөнелтілген. Облыстық партия ұйымының қызметі Сталиннің жеке басқа табыну саясаты ықпалымен жүріп жатты. Сталиннің Кеңес қоғамының социализмге қарай қадам басқан сайын таптық күрес барынша шиеленісіп, ақыры негізсіз жаппай қуғын-сүргінге әкеп соқтырды. Халық жауларын партия қатарындағылардан іздеу басталды. Ол саяси жұмысқа үлкен зиян келтірді. Тек қана біздің өңірден БКП(б) қатарынан халық жауы ретінде бір жыл ішінде 113 адам шығарылып, сотталды.
Саяси жағдай мынаны айқын көрсетті. Облыстық партия конференциясында Сталиннің нұсқауында көрсетілгендей, коммунистер арасындағы «халық жауларын» анықтау мәселелеріне басты назар аударылғаны тегін емес. Конференцияға дайындық барысында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ұйымдастыру бюросының көптеген мүшелері «халық жауы» деп танылды. Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халқын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түне¬ріп, өлексе сасыған қазақ даласы… Большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді. Бұл қазақ елінің көрген азабының бір парасы ғана.
Бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады. Сыр өңірі бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар саны аз болған жоқ. Көптің білетіндері бар және әлі де зерттеле қоймаған, есімдері атала бермейтін қуғын-сүргін құрбандары да баршылық. Саяси қуғын-сүргін жылдары мың¬даған жазықсыз адамдардың қаны мен жасына суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі болып қала бермек. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді, еңкейген кәріні, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбандары болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.