Аралық бақылау тапсырмасы 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін дайындау»



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата03.11.2023
өлшемі499,61 Kb.
#189249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Байменова Динара Аралық бақалау ҚТӘ-23

 
2.3
 
 А.Байтұрсынұлының термин жасау қағидаттары 
 
ХХ ғасырда ғылым тілін дамытуда термин жасаудың көптеген қағидаттары 
жасалды. Термин жасаудың қағидаттарын белгілеу, әрине, А.Байтұрсынұлынан 
басталды. 
1924 жылдың маусым айында Орынбор қаласында «Қазақ білімпаздарының 
тұңғыш съезінде» қазақ зиялылары терминологияны қалыптастырудың 
қағидаттарын белгілеуді күн тәртібіне қойды. Терминологияның қағидаттары 
туралы баяндаманы Елдес Омаров жасады. Терминолог-ғалым, қазақ 
терминологиясының қағидаттарын арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырған 
Ш.Құрманбайұлы Елдес Омаровтың ұсынған қағидаттарын «сол кезде термин 
мәселесінің басы-қасында жүрген А.Байтұрсынұлының тікелей басшылығымен 
жасалғандығын» айтады. 
Осы съезден кейін 1926 жылы Бакуде өткен «Түрікшілердің бірінші 
құрылтайында» А.Байтұрсынұлы қазақ терминологиясын жасаудың алғашқы 
ғылыми қағидаттарын ұсынған болатын. 
А.Байтұрсынұлының термин жасау қағидаттары: 
1) Термин ретінде ұғым мағынасын толық беретін қазақ сөздерін алу; 
2) Ондай сөздер қазақ тілінде болмаған жағдайда оларды туыстас тілдерден алу; 


10
3) Жаппай қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, бірақ олар қазақ 
тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек; 
4) Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлықөзге тілдердің сөздері дәл 
қазақтың айтуына сәйкес өзгертілуі керек. 
Профессор А.Б.Салқынбай: «А.Байтұрсынұлы жасаған терімсөздердің басты 
ерекшеліктері деп мыналарды көрсетуге болар еді» дей келе: 
– анықталатын ұғымның дәлдігі; 
– таңбаланған атаудың қазақилығы; 
– терімсөздің жалқылық сипатының болуы; 
– терімсөздің нақтылығы; 
– әрбір терімсөздің мазмұндық уәжділігі. 
Қорытынды: 20-ғасырдың басы -”Қазақ терминологиясының алаштық 
кезеңі”. Алаштық кезеңде қабылданған шешімдер, қағидалар мен талаптар 
қазіргі күнге дейін өз күшін жоймаған. Терминжасам тарихында алаш 
зиялыларының алар орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет