1. Арамшөптермен агротехникалық күресу шаралары. Аз жылдық арамшөптермен күресу. Бүл топтың өкiлдерi негiзiнен түқым арқылы көбейедi. Олармен күресу шараларының жүйесi өсiп дамитын арамшөптердi жемiстенуге дейiн жоюға бақытталқан болу керек.
Аз жылдық арамшөптердi қүртудың негiзгi принципi арандату болып табылады. Бүл арамшөптер түқымдарының бiркелкi өнуiне қолайлы жақдай жасап, содан соң олардың көктеулерiн механикалық қүралдармен өңдеп жою.
Жылу кезеңiнiң үзақтылықы және жауын-шашын жеткiлiктi аудандарда егiндi жинағаннан кейiн түқымдарды арандату үшiн, жаңа шашылып түскен арамшөптердiң түқымдарын топырақтың үстiңгi қабатына сыдыра жыртқышпен сiңiредi.
Ылғал мен жылу болса олар тез өнiп өседi, содан соң сүдiгер жырту арқылы жойылады. Сүдiгер жырту арамшөптердiң түқымдарын тереңге сiңiрiп, олардың өмiршеңдiгiн төмендетуге мүмкiндiк туқызады.
Солтүстiк Қазақстан жағдайында дақылдардың өнiмiн кеш жинайтындықтан, топырақтың және ауаның температурасы суық болғандығына байланысты арамшөптердiң түқымдары күзде нашар өнiп өседi. Сонымен қатар бүл кезде топырақ көбiнесе кеуiп қалады. Сондықтан арамшөптердiҢ түқымдарының өнуiне дейiн арандату үшiн сүрi жердi және көктемгi егiс алдында топырақты өңдеген тиiмдi. Таза сүрi жер танабында жаз бойы арамшөптердiң түқымдарын бiрнеше рет арандатуға мүмкiндiк туады. Арамшөптермен күресу жүйесiнде топырақты егiн жинағаннан кейiн БИГ-3 немесе БМШ-15 қүралдармен өңдеу өте маңызды, өйткенi олар топыраққа 80 %-Қа дейiн түқымдарын сiңiрiп, сонымен қатар жердiң бетiнде өсiмдiктiң қалдықтарын да қалдырады.
Көп жылдық арамшөптермен күрес. Көп жылдық арамшөптердi әлсiрету принципiн қолдану арқылы түгелдей жоюға болады. Бүл топырақ бетiне шыққан өркендердi кесiп отырып, тамырдағы қоректiк заттардың қорын әлсiрету негiзiнде жүргiзiледi. Осы кезде, қоректiк заттар жаңа өркендердiң қалыптасуына жүмсалып, жаңадан толықтырылмайды. Қоректiк заттардың қоры толығымен таусылған кезде, тамыр жүйесiмен көбею мүшелерi опат болады.
Арамшөптердi егiстiктерде жою. Дақылдарды сепкен соң арамшөптермен агротехникалық күресу шаралары көбiнесе егiн себуден кейiн тырмалау және қатар аралықтарды өңдеу арқылы жүргiзiледi. Егiн сепкеннен кейiн тырмалау ауылшаруашылық дақылдары көктемей түрғанда және көктегеннен кейiн жүргiзiледi
2. Арамшөптермен химиялық күресу шаралары. Арамшөптердi агротехникалық қүрту шараларымен қатар, қосымша химиялық қүралдар-гербицидтер өте кең қолданылады. Гербицидтердiң ассортиментi әрдайым өте тиiмдi және экология жағынан қауiптiлiгi азырақ жаңа препараттарды шығару арқылы көбейедi. Қазiргi кезде гербицидтер химиялық қүрамы және өсiмдiктерге тигiзетiн әсерi бойынша жiктеледi
Химиялық қүрамы бойынша гербицидтер органикалық және бейорганикалық болып бөлiнедi. Бейорганикалықтарға жататындар: кальций цианамиды, аммоний сульфаты, күкiрт қышқылы және т.б.
3. Гербицидтер әсерi бойынша жаппай және талғап әсер ететiндерге бөлiнедi. Жаппай әсер ететiн гербицидтердi дақылдардан бос танаптарда, сонымен қатар өңделмейтiн үлескiлерде қолданады, өйткенi олар бүкiл өсiмдiктердi жояды.
Жаппай әсер ететiн гербицидтерге бейорганикалық қосылыстардың көбi, сонымен қатар кейбiр органикалық препараттар: симазин, атразин, далопОн, натрий трихлОр –аЦетаты , ДНОК, реглОн, раундап, ураган жатады.
ТалҚап әсер ететiн гербицидтер мәдени дақылдардарға зақым келтiрмей, арамшөптердiң кейбiр түрлерiн ғана жояды.
Гербицидтердiң талғап әсер етуi, олардың химиялық қүрамына, түрiне және препараттың мөлшерiне, егiстiң өңдеу әдiсiне және мерзiмiне, даму кезеңiне, мәдени өсiмдiктердiң және арамшөптердiң анатомо- физиологиялық ерекшелiктерiне, сонымен қатар сыртқы орта жағдайларына байланысты
Гербицидтердi жаппай бүкiл алаңға, бау таспалап -жолақтардың енiн 25-35 см етiп, мәдени дақылдардың қатарларына, үяларына және учаскенiң күштi ластанған орындарына, куртиналарына бүркелеп шашуға болады.
Қолдану мерзiмiне қарай гербицидтердi: топыраққа себу алдында және себуден кейiн енгiзiлетiн; мәдени дақылдардың көктеулерi пайда болуға дейiн үлескiнi бүркелейтiн, көктегеннен кейiн бүркелейтiн, егiн жинағаннан кейiн зиянды арамшөптердi жоятын болып бөледi.
4. орнатылған бүрiккiштер арқылы жүзеге асырылады.
Дистанциондық бүркудi жүргiзген кезде өңделетiн үлескiге бүркiлетiн ерiтiндi ауаның көмегiмен шашылады.
Осындай бүрiккiштiң жүмыс органы вентилятор арқылы ауаны өткiзетiн сопло болып табылады.
Гербицидтердi жаппай бүрку үшiн ОПШ-2000-2-01, ОПШ-15-01, ОМ-630-2 жер бетiмен жүретiн бүрiккiштерi, тiркелмелi үстеп қоректендiргiштер – ПЖУ-5, ПЖУ-9, АПВ-5 агрегаты, сонымен қатар АН-2 үшағына, МИ-2 және К-26 тiк үшақтарына орнатылған авиациялық бүрiккiштер қолданылады.
Кең тараған гербицидтердiң сипаттамасы. Авадекс БВ-40%-эмульсия концентраты, өсiмдiк көгi пайда болғанша дейiн қолданатын топырақ гербицидi, бидай, арпа, асбүршақ және зығыр егiстiктерiнде қара сүлыға қарсы қолданылады. Препараттың 1 га-ға үсынылған мөлшерi-2-4 л. Гербицидтi бүркелеп шашып болған соң 3-4 сағаттан кешiктiрмей топыраққа сiңiрiлуi тиiс. Авадекс БВ өнiп шыққан арамшөптердi жоймайды.