18
Сенсорлық тәрбиенің қалыптасқан жүйесінде арнаулы түрде
балаларды геометриялық пішіндермен, көлем, санаумен таныс-
тыру мәселелері қарастырылған.
Ф.Фребель «Дары» деп аталатын сан, форма, көлем, кеңістік
қатынастарды біріктіре отырып, жүзеге асыруға болатын көрнекі-
лік ойлап тапты. М.Монтессори өзіндік тәрбие және Өзін-өзі
тәрбиелеу идеяларын басшылыққа ала отырып сан, пішін, көлем
ұғымдарын талдау, сонымен қатар жазбаша және ауызша нөмір-
леуге үйрету қажет деп санады. Ол үшін түрлі моншақ тізбесін,
теңгелерді т.б. қолданды.
Алдыңғы қатарлы өткен дәуірдегі орыс және шетел педагог-
тары мектепке дейінгі балаларды даярлаудағы қарапайым матема-
тикалық түсініктерді қалыптастырудың маңызын айтты. Ол
уақытта математиканы үйретудің бірізді әдістемесі әлі болған жоқ.
Басты екі бағыт – яғни – санды үйрету әдістемесі монографиялық,
әрекетті үйрету әдістемесі, санау арасында қызу тартыс болып
жатты.
Неміс әдіскері А.В.Грубенің ұсынысы бойынша сандарды
зерттеу әдісі бір саннан екінші санға ретпен көшуге негізделді.
Осы кезде ғана бала әрбір келесі санның алдыңғы саннан
айырмашылығын тауып, есінде ұстайды деп санады.
Әрбір санды үйрету процесінде саусақ, тақта не дәптердегі
сызықтар, санама таяқшалары қолданылды. Мысалы, 6 санын
үйретуде таяқшалар біртіндеп қойылады және «біздің санымыз
неше таяқшадан тұрады» т.б. сауалдар берілді. 90 жылдары неміс
псиологы және дидакты В.А.Лай монографиялық еңбек жазып, ол
өзіне дейінгі зерттеулерге жаңалық енгізді. Лай таяқша емес ең
алдымен сандық таңбаны үйрету қажет деген ұсыныс енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: