35
А.М.Леушина іргетасын қалаған сандық ұғымдардың қалып-
тастыру тұжырымдамасы 60-70 жылдардан бастап дамудың жаңа
сатысына көтерілді. Ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеу
мәселелеріне орай әсіресе мектепке дейінгі балалардың кеңістік,
уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыру мәселелері қолға алына
бастады. А.М.Леушинаның ғылыми зерттеу жұмыстарының нәти-
желері оның докторлық ғылыми жұмысында баяндалды. Балалар-
ды мектептегі арифметикалық материалдарды меңгеруге даярлау
(1961), тақырыбы бойынша ғылыми мақалалар жариялады. Мә-
селен, «Балабақшада баланы санауға үйрету» (М, 1959, 1961)
«Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымда-
рын қалыптастыру (1974) т.б.
«Балабақша тәрбиешілері», «Балабақшадағы санауға үйрету
сабақтары» (М., 1963, 1965) атты оқу-әдістемелік құралдарды
кеңінен қолданды. А.М.Леушина көптеген көрнекі дидактикалық
материалдар да жинақтап шығарды.
Кейінгі кезде де А.М.Леушинаның жетекшілігімен мектепке
дейінгі жастағы балаларда кеңістік және уақыт туралы ұғымдарын
қалыптастыру, заттардың салмағын өлшеуге үйрету, балалардың
ақыл-ой және жан-жақты даму мәселелері, практикалық әрекет
әдістерін меңгерту мәселелері жан-жақты зерттелді.
Достарыңызбен бөлісу: