Қарапайым Маятник ретінде ұзындығы l болатын жіпке (немесе
жеңіл шыбыққа ) ілінген кішігірім С салмағы бар жүкті алуға
болады . Егер жіпті созылмайды деп қарастырсақ және жүктің мөлшерін
жіптің ұзындығымен салыстырғанда ескермеуге болатын болса, ал
жіптің массасы жүктің массасымен салыстырғанда ескерімсіз аз
болса , онда жүкті О іліну нүктесінен өзгеріссіз l қашықтықта
орналасқан материалдық нүкте деп қарастыруға болады. Мұндай
Маятник математикалық Маятник деп аталады . Егер тербелістегі
денені материалдық нүкте деп қарастыруға болмайтын болса, онда
Маятник физикалық Маятник деп аталады .
Достарыңызбен бөлісу: |