Арапов Айдос 20-09 2020 жыл



Дата14.10.2022
өлшемі257,25 Kb.
#153070
Байланысты:
тарих гос


Арапов Айдос 20-09 2020 жыл
1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу. Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міңдеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалық базасын жасау;
Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғамның бірігуі үшін идеологиялық база дайындау;
Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;
Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін құру, олар мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі; Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы; тарихтың сабақтары; -Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми тарихи біліммен толықтырып,осы арқылы Қазақстанның империялықтан кейінгі кезеңнен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау,сөйтіп оның XX-XXI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық–мәдени даңғылға шығып,өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін керсету;
"Қазақстан тарихы"оқу пәнінің негізгі мақсаты-Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезендері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Алғашқы кезеңде теориялық негізді жаңарту, оқу материалын дайындаудың әдіснамасы мен әдістемесін жасау қажет. Мұның езінде де тарих саласындағы барлық ізденістерді тұтас қамтитын, сапалы деп есептелінетін бірғана әмбебап теорияны басшылыққа алудан, сондай-ақ тарихи зерттеуде бірқатар жеке мәселелерді ғана қарастырудан аулақ болған дұрыс. Бұл жағдайда ең тиімді тәсіл, біздің ойымша, қазіргі тарих ғылымының теориялық нәтижелеріне сүйене отырып, Отанымыздың өткенін, қазіргісін және келешегін бүкіл адам баласы дамуын қазіргі жалпы маңызды таным нормалары принципін сақтай отырып, тұтас қарастыру.
Студенттердің оқу материалын меңгеру әдістемесі мен олардың алған білімін бағалау жүйесі темендегідей параметрлерге негізделуі керек:
Отан тарихының даму динамикасына (қозғаушы күштері, механизмдері, тенденциялары, тарихи даму зандылықтары).
Қазақстан тарихының құрылымына, оны дәуі рлерге және әлеуметтік-кеңістікке белуге (белімдер, фазалар, стадиялар, формациялар, өркениеттер, дүниежүзілік системалар).
Тарихтың жалпы барысы, яғни оның динамикасы арқылы түсіндірілетін тарихтың құрылымына (өтпелік, трансформациялар, үлкен циклдер, прогресс пен регресс, эволюция).
Дүниенің түрлі аймақтарында адамның пайда болуының, қалыптасуының, дамуының кептеген ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Адамды басқа табиғаттан ерекшелеген - оның еңбек қызметі. Адамзат тарихы үлкен екі дәуірге бөлінеді: алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі. Алғашқы қауым деп қоғамдасқан адамдар тобын атайды. Олардың сипатты белгілері: саны аз, қарапайым Әлеуметтік ұйымдасу, қарапайым тұрмыс пен мәдениет. Табиғи ортаның күн көру жағдайлары мен өздерін сақтау қажеттілігі алғашқы адамдарды терімшілік пен аң аулауға мәжбүр етті, мұның өзі шаруашылықтың ең қарапайым түрі болатын, оның өзі ұжымдық еңбекке негізделді. Адамдардың осындай еңбек кызметін қамтамасыз еткен тас құралдары болды. Бұл құралдар адам баласының ежелгі ата-бабаларының тұрмыс-тіршілігі туралы базалық мәлімет береді, бұлар Қазақстанда да табылуда.

2. Қазіргі заман Қазақстан тарихы пәнінің дерекнамасы мен тарихнамасы.



>>Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтан да қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице-президенті, академик Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың жетекшілігімен өз қызметін бастайды. Бөлімнің осы алғашқы құрамында аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер - Р.В. Колдобская, Л.Н. Катасонова және лаборант В.А. Замаревалар болды. Институтта бөлімнің ашылуы өз тарихнамашы кадрларымызды дайындаудың игі бастамасы болды. Бөлімнің алғашқы тобында қызмет еткен аға ғылыми қызметкер В.К. Янулов КСРО ҒА Ленинградтық бөлімшесінің Ғылыми кеңесінде, аспирант Н. Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғайды. Бұл қаулының қабылдануына түрткі болған басты себеп 1976-1979 жылдар аралығында жүргізілуге тиіс мемлекеттік тапсырыстағы "Қазақстанның тарихнамасы" атты Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша тарихи ойлардың дамуын зерттеудің алғаш рет қолға алынуы екендігін атап өткен жөн. Аталған тақырыптың мәдени революция кезеңдерін, оның басты мәселелерін, әсіресе халық ағарту және ғылым тарихы, зиялы қауымның қалыптасуы мен мәдени-ағарту жұмыстарының тарихын зерттейтін маңызды "Қазақстандағы мәдени революция тарихы (1917-1978)" атты бөліміне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы Г.Ф. Дахшлейгер жетекшілік етсе, негізгі орындаушысы тарих ғылымдарының докторы Р.Б. Сүлейменов болды. Бөлім қызметкерлері 2 томдық "Қазақстанның қоғамтанушы ғалымдарының био-библиографиясынң дайындауды қолға алады. Аталған тақырып сол тұстағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұзақ мерзім арасында жүргізілуіне орай 1980-1985 жж. қабылданады. 1979 ж. Институт дирекциясының кезекті отырысында бөлімнің құрамын нығайту және зерттеу тақырыбының аясын кеңейту туралы мәселе қаралады да, құрамына сол жылы аспирантураны бітірген Ә. Ғалиев және "Жалынң редакциясының қызметкері Р. Есіркемесова, аға лаборанттыққа Ж.І. Қуанышев қабылданады. Аталған мәселені ҚазКСР ҒА Президиумы мен Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі қайта көтеріп, Институттың, жалпы Бөлімшенің өзге мекемелерінің де құрылымын қайта қарастыру қажеттігін ұсынады. Институт басшылығы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытына қарай өз құрылымын сол күйінде сақтай отырып, тек кеңестік кезеңдегі зерттеу жұмыстарын үйлестіруді жақсарту мақсатында бұрынғы бөлімдерді секторларға айналдырып, үлкен бір бөлім - Кеңестік Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құрады. Осыған орай бөлім қызметкерлерінің бесжылдық жүктемесіне жаңа тақырып "Кеңестік Қазақстанның тарихи ойлардың даму тарихың қосылады. Көп ұзамай оны екі бөлімнен тұратын "Кеңестік Қазақстанның тарихнамасың деп қайта қарастырады. Сонымен алғашқы "Қазақстан қоғамтанушыларының био-библиографиясы" тақырыбы жалпылама шолу, энциклопедиялық сипатта қарастырылып, оқырман қауымды республиканың қоғамтанушы ғалымдарының қысқаша өмірбаяны мен ғылыми еңбектерімен таныстыру қажеттілігінен туындаған еді. Ғалымдардың өмірі мен қызметінің басты кезеңдерінен қысқаша деректер бере отырып, одақтық қоғамтану ғылымының басты құрамды бөлігі ретінде Кеңестік Қазақстанның қоғамдық ғылымдарының өсу деңгейін таныту болатын. Сол арқылы социалистік және коммунистік құрылыс жылдарындағы қиыншылықтарға қарамастан аса жемісті еңбек ете алған, ғылымда өзіндік қолтаңбасын қалдырған жандарды республика және одақтық оқырмандармен қауыштыруда тың қадам болды. Ғалымдардың ғұмырнамалық және библиографиялық мәліметтері олардың ғылым жолындағы қалыптасу мен даму кезеңдерімен алғашқы танысу болып табылатындығы анық. Қолжазбаның алғашқы нұсқасына 20-30-шы және кейінгі жылдары Кеңестік Қазақстанның қоғамдық ғылымдарының негізін қалағандар, оның келешек қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ зерттеуші кадрлады дайындауға атсалысқан ғалымдар, ең алдымен ҚазКСР Ғылым академиясының толық мүшесі (академик) және мүше-корреспонденттері енгізілген. Сонымен қатар, өзінің ғылыми зерттеулерін қазақстандық мәселелермен тікелей байланыстырған Мәскеу, Ленинград, т.б. ірі ғылыми орталықтардың айтулы ғалымдары да қарастырылды. Басылымға енген жоғары білікті философиялық, заңгерлік, тарихи, экономикалық, филологиялық, педагогикалық, өнертанушылық 275 очерк бөлімнің 1984 жылғы 14 қарашадағы отырысында кеңінен талқыланып, баспаға ұсынылады. Бөлім қызметкерлерінің бесжылдық ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде 1986 ж. "Ғылым" баспасынан "Қазақстан қоғамтанушыларының биобиблиографиясы" жарық көреді. Басылымның жарық көруіне бөлім меңгерушісі академик Б.А. Төлепбаев, аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов басқарған құрастырушылар тобы - Т.П. Волкова, Ә.Б. Ғалиев, М.П. Коротовский, Р.Ш. Есиркемесова, Л.Н. Катасонова, Р.В. Колдобская, А.И. Нарманбетова және В.К. Януловтар үлкен үлес қосты. Оған пікір жазғандар: ҚазКСР ҒА мүше корреспонденттері - М.Қ. Қозыбаев пен Р.Б. Сүлейменов. Осы тақырыпты орындау және оны баспаға дайындау барысында бөлім қызметкерлері Өзбек КСР ҒА Тарих институтының тарихнама бөлімімен осындай кітап шығару тәжірибесімен алмасу, консультациялар алу мақсатында тығыз байланыс орната алды. Сонымен қатар жұмыстың қолжазбасымен КСРО ҒА Тарих институты директорының орынбасары және КСРО ҒА Шығыстану институтының ғылыми қызметкері С.Д. Милибанд танысып, өз пікірін білдіреді. Бөлім қызметкерлері 1983-1986 жж. аралығында "Кеңестік Қазақстандағы тарих ғылымының дамуы" атты мемлекеттік тапсырыстағы тақырып аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылады. Алға қойылған басты міндет республикадағы тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын; тарих, өлкетануды зерттеу саласындағы ғылыми қоғамдар мен мекемелердің құрылуын; тарихшы ғалымдарды даярлау, басты ғылыми-зерттеулердің бағытын анықтау болып табылады. Сондай-ақ Қазақстандағы тарих ғылымының даму барысындағы Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының ролін көрсету. Осылардың ішінде қазақстандық археология және этнография, ежелгі және ортағасырлар тарихына қатысты мәселелердің зерттелуі мен Қазақстанның Ресейге қосылу тарихы, революциялық қозғалыстар, қазан революциясы мен азамат соғысы тарихнамасына, Ұлы Отан соғысын кезеңдеу мәселелеріне, тың және тыңайған жерлерді игеру мен қазіргі заман тарихының көптеген өзекті мәселелеріне басты назар аудару қажеттілігі күн тәртібіне қойылады. Осы тапсырысты орындауға бөлімге ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы М.Қ. Қозыбаев аға ғылыми қызметерлікке, Н. Әлімбаев аспирант болып қабылданады. Зерттеу мәселелерінің жиынтығы бойынша КСРО ҒА мүше-корреспонденті Б.А. Төлепбаевтың редакторлық етуімен 1983 ж. "Вопросы историографии Казахстана" атты үлкен монографиялық жинақ жарық көреді.
3. Тарихи жад ұрпақтардың мәдени сабақтастығының негізі ретінде және ұлттық-азаматтық бірегейлік

>>Жиырмасыншы жүзжылдықта қоғамдық сананың барлық қырларын тарихшылдықтың, яғни сананың тарихилануының жаулап алғаны соншалық, даулы да күрделі мәселелерімен ерекшеленетін тарих философиясы қызу пікірталастардың өзегіне айналды. Өйткені қазіргі заманның өз бойына әлеуметтік жадымен сипатталатын өткен шақты да, болашақты бағдарлаумен түсіндірілетін келер шақты да енгізетін осы шақты білдіретіні санаға сіңді. Мәуелі ағаштың тереңге бойлап, құнарлы топырақтан нәр алатын тамырынсыз жапырақ жайып көгермейтіні сияқты, жеміс бермейтіні сияқты қазіргі заман да өткеннің тарихынан тағылым алып, сабақтастығын сақтамаса келешектен күдер үзері сөзсіз. Оның үстіне, қазіргі әлемде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени ахуал, адамның ментальдық болмысының дамуындағы қайшылықтар, рухани дамудағы келеңсіз құбылыстар, сондай-ақ жаhандық қаржылық, экономикалық дағдарыстың астарынан қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыған рухани тоқыраудың бой көрсетуі – осы үдерістердің барлығы адамзат дамуының келешегін болжауға қатысты ғана емес, оның тарихына, тарихи санасы мен тарихи құндылықтарына қатысты да зерттеулерге деген қызығушылықты тудырады. Бүгінгі жағдай қоғамдық деңгейдегі болсын немесе жеке тұлғалық деңгейдегі болсын, арнаулы ғылыми немесе бұқаралық санадағы болсын тарихи сананың мәні мен маңызын, оның мазмұны мен құрылымын, қалыптасу тетіктері мен қызмет ету заңдылықтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетуді қажет етеді. Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады. Әлеуметтік жады формасы жағынан әмбебап және мазмұны жағынан нақты болып келеді. Сондықтан да тарихи сана қашанда нақты- тарихи, әлеуметтік, ұлттық және индивидуалдық мазмұнмен тол- тырылады. Қазіргі кезеңде әлеуметтік жадының үш деңгейінде де – жаhандық деңгейінде, ұлттық деңгейде және жеке тұлғалық дәрежеде түбірлі өзгерістер болып жатыр: адамдық индивидуалдық деңгейде антропологиялық төңкеріс орын алды, әлеуметтік немесе этностық деңгейде ұлттық сана-сезімнің бұрын-соңды болмаған дүмпуі байқалды, ал жалпыадамзаттық деңгейде ақпараттық жаhандану үдерісін бастан кешіп отырмыз. Бұл өзгерістер, өз кезегінде тарихи сана мәселесін күн тәртібінің алдыңғы қатарына шығарып отыр. Әлеуметтік-мәдени еспен сипатталатын тарихи жады немесе тарихи сана неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда қоғам да рухани бай бо- лады. Бүгінгіні түсіну мен болашақты болжау үшін өткенді білу тарихи білімнің негізгі арқалайтын жүгі екендігі рас. Ал тарихи білім берудің мақсаты жан-жақты дамыған тұлғаның ойлау мәдениетінің қажетті компоненті ретіндегі тарихи сананың элементтерін адам бойында қалыптастырумен ұштасып жатады. Тарихи эрудиция – бұл тұлғаның рухани байлығы. Алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне тереңірек енген сайын қазіргі адамның өмірлік және азаматтық ұстанымы да айқындала түседі. Тарихи білім адамның ғылыми дүниетанымының қалыптасуына, оның бойында адамгершілік мұраттардың егілуіне ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінін мақтан тұту патриотизм деп аталатын сезімдердің құйылысын тудырады. Бірнеше ғасырларды қамтыған отаршылдық нәтижесіндегі рухани күйзелістен кейін тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне жиырма жыл енді толып отырған Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Барлық ізгі рухани белсенділіктер басылып қалатын жағдайдан шығып, шынайы еркіндікке қол жеткізу қазіргі жаhандастырудың қатаң бәсекелестігі жағдайында саяси, әлеуметтік-экономикалық дербестікпен қатар, рухани тәуелсіздікке ие болуды да қажет етеді. Бұл үшін замана ағымына лайықты сырттан енгізілген соңғы, бірақ барлық руханилықтан жұрдай жалаң технологияларды енгізу жеткіліксіз, мәңгүрттік және маргиналдық жағдайдан арылу үшін ұлт тәрізді күрделі жүйенің қалыпты өмір- қамын қамтамасыз ететін төлтума тарих пен мәдениеттің өзегін құрайтын ұлттық дүниетанымды, рухани қайнарларды қайта қалпына келтіру арқылы қоғамның өзіндік тарихи санасын қалыптастыру керек. Тарих өткен шақпен, адами жадымен және әлеуметтік еспен байланысты болғандықтан, бұған төл тарихты тану арқылы қол жеткізуге болады. Яғни ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды – адамдарды рухани тұрғыда оятатын ана тілі мен дәстүрді жаңғыртумен қатар, халықтың тарихи өткенін толығы- мен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи өзіндік сананы қалыптастыру тәуелсіздіктің рухани тұғырын құрайды. Кеңес дәуіріндегі жетпіс жыл бойы халқымыздың өзіне лайық тарихы тұмшаланып айтылмай келгені, айтылса да саясаттың ыңғайына қарай бұрмаланып, теріс түсіндіріліп келгені белгілі. Шынайы тарихи дамуды түсіндіру амалдары маркстік-лениндік әдіснамаға сай, тап күресін таңумен сипатталды. Кезінде тек еуразиялық аймақтың дамуына ғана емес, әлемдік дамуға да өзіндік ықпалын тигізген Қазақстан мен Орталық Азиядағы үш мыңжылдық көшпелі мәдениет еуроорталықтық көзқарастағы әдебиеттерде алғашқы қауымдық, жабайылық ретінде қарастырылып, ұлттық тарихтағы өркениеттік, мемлекеттік дәстүр жоққа шығарылды. Қоғамдық және мәдени дамудың батыстық үлгіден түбірлі айырмашылықтары ескерілмеді. Қазақстанның Ресейге кіруінің себеп-салдары асыра дәріптелді, оның отаршылдық саясатының астарлары бүркемеленді. Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени тарихына деген нигилистік көзқарас қалыптасты.
4. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы: қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыру ісінің қарқын алуы және қазақ жерінде өнеркәсіптің қалыптасу ерекшеліктері.
ХХ ғ. Қаз. Әлеумсеттік эконимикалық жағдайы. Ресей империясының үкіметі ХІХ ғ. 80 90 ж. Қазақ жеріне әкімшіл аумақтық реформалар жүргізуі нәтижесінде Қазақстанға капитализм элементтері енеді. Ресей капитализмі қазақ жерлерін отарлау есебінен кең дами түсті. Берілген әкімшілік басқару жүйесі тұрақты халықты отарлық езгіге салуды анағұрлым жеңілдетті.
Қазақстанды капитализмнің дамуы қазақ шаруашылығының патриархвлдық тұйықтығвн бұза отырып, жалпыресейлік тауар айналымына тартты, сол себепті де өмірдің ескі формаларына қатысты терең ілгерішіл мағынаға ие болды. Қазақстан еңбектің жалпыресейлік қоғамдық бөлінуіне ұшырап бірте бірте жалпыресейлік нарыққа тартылды. Тауар ақша қатынасарына әсіресе жәрмеңке сауда саттығы септігін тигізді. Ірі сауда орталықтары болып: Пертопавлск, Семей, Ақмола , Атбасар, ал Ресейдің көршілес губ. Омбы, Тюмень, Қорған Орынбор саналды.
Трансібір теміржолы пайдалануға берілген соң, Петропавлск пен Омбы ст арқылы сарымай мен ет алсы қалаларға тасыла бастады. Мыс 1900 жылы солар арқылы Петербор мен Мәскеуге 30,4 мың пұт май және 1044 мың пұт жас ет әкелді. Мал шар өлкенің барша аумағында, барлық әлеуметтік топтардың шаруашылықтарында шаруашылықтың маңызды саласына айналды.
1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың темір жол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100 шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де мүдделі болды.
Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда тасып әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың темір жол торабы бекеттерінде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азықтүліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-жітім де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады.
1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.
Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді.
5. Қазақ халқының ХХ ғ. басындағы ұлттық қозғалысы. Қарқаралы петициясы.
XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында петициялық қозғалыс елеулі түрде етек алды. Қазақ халқы өзінің өмірлік маңызы бар шұғыл проблемаларын петициялар жолдау арқылы шешуге тырысып көрді. Ол петицияларда жер, дін және халыққа білім беру саласындағы алуан турлі талаптар қойылды.
Қазақ халқының өз құқықтарын қорғау жолындағы күресінің өзіндік ерекшелігінің бірі алуан түрлі петициялар (өтініш-талаптар) жолдау болды. Ондай петициялар 1902-1907 жылдары жазылып, жоғары билік орындарына жолдана бастаған еді. Оларда қазақ халқын христиан дініне енгізу саясатын тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажетті жағдайлар жасау, молдалардың қызметіне кең жол ашу жөнінде нақты талаптар қойылды.
Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.
1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды.
6. Жадидтік ағартушылық-діни ағымы және оның Қазақ еліне ықпалы (ХХ ғ. бас кезі).
Жәдидшілдік (араб.: طريقة جديدة‎— жаңа әдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.[1] Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жәдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, т.б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті. Жәдидшілдіктің ірі өкілдері қатарында И.Гаспралы, Ш.Маржани, А.Ибрагимов, М.Абдурашидханов, М.Бехбуди, А.Фитрат, Ф.Ходжаев, т.б. болды. Ағартушылық сипатта жүрген Жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жәдидшілдік патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жәдидшілдікті шариғатқа қарсы әрекет ретінде бағалады. Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жәдид мектептері оқушыларының басым көпшілігі Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында білім-тәрбие алған татар, башқұрт және қазақ жастары болды. Олардың арасында Стамбұл, Мысыр, Бағдат оқу орындарының түлектері де кездесетін. Патша өкіметі оларға өзінің Орталық Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатына зиянын тигізетін саяси сенімсіз адамдар ретінде қарады. 19 ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары хадимшілдер және жәдидшілдер болып, іс жүзінде бір-біріне қарсы екі топқа бөлінді. Хадими бағытты қолдаушылар “Сират әл-мустақим” (“Тура жол”) атты партия құрып, 1907 жылы Орынбор қаласындағы баспахана иесі, бай Ұ.Хұсайыновтың қаржысына “Дін уа мағишат” (Дін және өмір”) деген журнал шығарды. Бұл журнал Гаспралы басшылық еткен, Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған “Тәржіман” газетінің Жәдидшілдік көзқарасына қарсы күрес жүргізді. Жәдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі әдейі қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп, айдап салып отырды. Мұндай кедергілерге қарамастан, Жәдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш бағыттағы мектеп-медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пәндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді. Уфадағы “ұалия”, Орынбордағы “Хусеиния”, Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы “Шабдания” секілді мектеп-медреселер Жәдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстандағы Жәдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі — “Мамания” мектебі болды.[2]

7. ХХ ғ. басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы және қазақ депутаттарының I-II Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы (Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, Б.Қаратаев, т.б.).


Дала генерал-губернаторлығы 1882 жылы құрылды. Ондағы мақсат ұлттық-әкімшілік реформа жүргізу, транзиттік жол құрылғысы мен қалалардың дамыту, өндірістік және сауда қатынасын одан әрі нығайту. Жаңа губенаторлық құрамына Ақмола, Семей, Жетісу облыстары кірді. Алғашқы екі облыс Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан қосылса, Жетісу Түркістан генерал-губернаторлығынан қосылды, бірақ көп ұзамай 1899 жылы Жетісу облысы Түркістан генерал-губернаторлығына қайтарылды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ақмола, Семей облыстарының құрамында 5 уезден болды, ал жалпы Дала өлкесінде қарайтын 10 уезд болды.
І және ІІ Мемлекеттік Думаға сайлаған қазақ депутаттары
Аталған тақырыпқа қазақтың айтулы тұлғалары қалам қозғады, солардың бірігейі мыналар: Сейітов Э.Т. Бөкейханов тарихшы және қоғамдық-саяси қайраткер Алматы, 1996 ж, Малтұсынов С.Н. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы және Мемлекеттік Дума. Алматы, 1981 ж, Озғанбай О. Ресейдің Мемлекеттік Думасы және Қазақстан. Алматы, 2000 және тағы басқа. Ең алғаш қазақ даласындағы І Думаның сайлау бөлімі өз жұмысын 1906 жылдың сәуір айының соңынан бастау алып дереу жұмысқа кірісіп кетті. Негізгі сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары Дала өлкесінің Омбы, Ақмола, Семей, Петропавл,Өскемен қалаларында қызу қарқынмен жүргізілді.


І Думаға алғашқы шақырылғандардың бірі Ә.Бөкейханов Петербургке 1906 жылы 3 шілдеде аяқ тіреді. Бірақ 9 шілде күні аяқ астынан І Дума таратылып шақырылған депутаттарға кері қайту бұйырылды. Осы жерде әділетсіздікке көнбеген депуттар өздері жиналып құпия кеңес өткізіп император мен халыққа арнайы өздерінің ойын қалай жеткізетінін ақылдасты. Патша І Думаны өктемдікпен таратқанда оған сайланған депутаттар қарсылық білдіріп, Выборг қаласына жиналады. 182 депутат қатысқан бұл оппозициялық жиын тарихта «Выборг үндеуі» деген атаумен қалды. Жиналғандар патшаның әділетсіз шешімін айыптап, оның жүгенсіз істерін әшкерелеуге тырысты. Қазақ зиялысы Ә.Бөкейхановта халық жанашыры ретінде мәселеден шетін қалмады одан өзге 1906-1907 жылдары Омбының «Иртиш», «Омич», «Голос степи» газеттерімен әріптестік жұмыс жүргізіп өз шығармаларымен қатар, жергілікті конституциялық-демократиялық партияға өз идеяларын ұсынып бірлесіп қызмет атқарды. Ақмола облысында І Мемлекеттік Думаға депутат сайлау жұмысының өз шырғалаңы болды. Сайлау 1906 жылы 15 маусымда Көкшетауда болды. Таласқа 6 адам түсті. Сайлау нәтижесінде депутат 36 жастағы молда Шаймерден Қосшығұлов (1874-1937 жж) сайланды. Ш.Қосшығұлов өз халқы жер үшін күрес, залық еркіндігі мен теңдігі үшін күресте алдыңғы қатарлы азамат ретінде танымал. Сайлау біткен соң арыз-шағымды қарау барысында Қосшығұловтың орыс тілін білмейтіндігін алға тартқан шағыс түседі де осы жерде мәселе күрделене түседі. Себебі заң бойынша елді басқаратын қызметкер оның ішінде депутат міндетті түрде орыс тілін білуі тиісті. Бірақ заң бойынша Қосшығұловты депутаттық мандатынан Мемлекеттік Думаның шешімімен босатылуы тиіс, ол үшін іс алдымен жоғарыға жіберіліп арнайы отырыста талқылануы тиіс, Мемлекеттік дума өз жұмысын бастап кетуіне байланысты Қосшығұловтың ісі қараусыз қалды, ол өз мандатын атқаруға кірісіп кетті. ІІ Мемлекеттік думаға сайлау Дала өлкесінде де Ресеймен бірге 1907 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтті. ІІ Мемлекеттік думаға Дала өлкесінен: Ақмола –Ш.Қосшығұлов, Семей- Т.Нүрекенов, ал орыс өкілдерінен Ақмола- А.К.Виноградов, Семей – Н.Я.Коншин сайланды. ІІ Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған Шаймерден Қосшығұлов қызметін адал атқарып қана қоймай, қазақ халқының көзін ашып, санасын ояту мақсатында зор пайдалы істер атқарды. Нақты айтқанда империя астанасы Петербургтен шығып тұратын татар тіліндегі «Улфат» газетінің редакторы Әбдірашид Ибрагимовпен келісіп, қаржыны өз қалтасынан көтеріп «Серке» атты газет шығарылды, газетті сол кездегі зиялы өкілдердің бірі Міржақып Дулатов басқарды. «Серке» газетінің алғашқы саны 1907 жылы наурызда жарық көрді. Газет Антокольский типографиясынан басылды. Тарихшылардың басты қызығушылығын тудырған газет бетіне жарияланған Арғын өлеңі (негізгі атауы «Жастарға»), авторы М.Дулатов, аталған өлеңде елдің ертеңі туралы сөз қозғалған, қазақ халқы езгіде арылатын уақыт келді, ояныңдар, жастар жиналыңдар, жұмылыңдар деген үндеулермен. Өкінішке орай көп ұзамай газет сынға ұшырап, жоғары жақ өкілдерінің газет мазмұнына үңілуіне алып келді. Нәтижесінде 1907 жылы маусымда газет жабылды. І және ІІ Мемлекеттік Дума жұмысы кезінде Дала өлкесі депутаттары кірген фракциялар мен түрлі жұмыс топтары құрылып, қалыптасты. Оның ішінде белсенділері еңбек тобы, мұсылмандық фракция, Сібір депутаттарының тобы т.б. Мұсылмандық фракция өз жұмысын І Мемлекеттік Дума жұмысы кезінде бастағанмен толық түрде ІІ-ші думада қалыптасты. Фракцияның мақсаты мұсылман өкілдерінің мүдделерін қорғау, атап айтқанда жер мәселесіне келгенде, фракция мүшелері «Иттифак-аль-муслимин» партиясымен біріге отырып аграрлық реформаларда өз жобаларын ұсынып, бірігіп жұмыс атқарды. Екінші мәселе Дала өлкесіне сырттан келімсектердің санын азайтуды алға тартты. Бұл жолда да өз қоныстандыру атүсті жүргізілетіні, жергілікті халықтың мүддесін ойлау қажеттігін жоғарыға жеткізе білді. ІІ Мемлекеттік Дума өз жұмысын 1907 жылы 20 ақпанда бастады. Сайлау нәтижесінде 518 депутат сайланды. Ажыратып қарастырсақ, ІІ сайлауда кадеттер жеңілістің ащы дәмін татып өздерінің 80 орнынан айырылды, еңбекшілерден 104, эсерлерден 37, халық социолистерінен 16, социал-демократтардан 65 депутат сайланды. ІІ думадағы кең талқыланған айтулы мәселе аграрлық болды. Жер мәселесінің қазақ депуттарын жанайқайға салатындай жөні бар, қазақ жерін тартып алу мен қатар ол жерлерді басқа ұлт өкілдеріне тегін беруі қазақ жанашырларының жанына қатты батты. Тек қана тоғыз жылдың өзінде 1893-1901 жылдары 1,5 млн десятина жер тартып алынған. Осы мәселеге байланысты Дума отырысында қазақ депутаттары арасынан Орал облысынан сайланған Б.Қаратаев сөз сөйлеп, қазақтардың жері ашық түрде отарланып жатыр, халықтың ең басты күнкөрісі жермен байланысты сондықтанда жер мәселесі шұғыл шешетін сұрақ екендігін алға тартты, оған осы өңірдің орыс өкілдері атынан сайланған Космодемьян¬скийде қосылды. І және ІІ Мемлекетттік думаға Дала өлкесінен сайланған қазақ депутаттары мінберден сөз сөйлеп елдің көкейкесті проблемаларын көтеріп, шешу жолында ел үмітін ақтағандар қатарында Ә.Бөкейханов, Ш.Қосшығұлов, Б.Қаратаев, А.Бірімжанұлы, Т.Нүрекенов, М.Тынышбаев, А.Қалменұлы болды.
8. ХХ ғ. басындағы қазақ баспасөзі («Айқап» журналы, «Қазақ» газеті және т.б.).
Қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қосшығұловтың (қосарлас редакторы А. Ибрагимов) бастамасымен “Улфат” газетіне қосымша ретінде “Серке” газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған.
1907 жылғы наурызда Троицкіде “Қазақ” газетінің бірінші, әрі соңғы нөмірі шықты. Тыйым салынған екінші нөміріндегі “Біздің мақсаттарымыз” деген бас мақалының авторы М. Дулатов еді. Нақ сол жылы қазақ жастарының Томск қаласында “Дала” газетін шығаруды жолға қоймақ болған әрекеті де табысқа жеткізбеді.
1911жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді “Қазақстан” газеті шықты. 1911-1913 жылдарда (қаңтар-ақпан) небәрі 16 нөмірі шығарылды (редакторы Елеусін Бұйрин). Газет “кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету” ізгі мақсат деп санады. Ол оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлап, шаруашылықты прогресшіл жолмен жүргізу жөнінде кеңестер беріп отырды. Оның беттерінде Гурьев уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып жарияланды. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда“Емші даласы” газеті шығып тұрды.
Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап -тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпы ұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттықт проблема болып қала берді.
“Айқап” журналы. Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагоктік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. М.Сералинмен қатар, Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне айналды. “Айқап” төңірегіне әртекті қазақ демократияшыл зиялыларының, талантты студент жастардың өкілдері топтасты. “Айқап” журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті.
“Қазақ” газеті. “Қазақ” газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. Біртұтас болып біріккен ғажайып үштік-А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасырдың ұлттық газетін құра білд. Олар “Қазақ” газетінің төңірегіне қазақ демократиялық зиялыларының бүкіл бетке ұстарларын, соның ішінде Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ғ.Қарашев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, Б. Майлин, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов, С. Дөнентаев, М. Шоқай, М. Тынышбаев және басқа да көптеген адамдар сияқты көрнекті қайраткерлерді топтастыра алады.
“Айқап” журналының жұмысына белсене қатысқан қоғам қайраткері К. Тоғысов 1916 жылдың қарашасында Ташкентте апталық “Алаш” газетін шығара бастады. “Алаш” газеті әйелдердің тең құқықтығын қорғады. Оның беттеріне белгілі журналистер, жазушылар: Т. Жомартбаев, А. Баржақсин, Б. Майлин, Ж. Аймауытов, жаңа жазба бастаған М. Әуезов шығып тұрды.
Қазақ мерзімді баспасөзінің тарихында апталық “Сарыарқа” газеті елеулі із қалдырды. Оның редакторлары Р. Мәрсеков, Х. Ғаббасов болды. Газет 1917 жылдың екінші жартысында Семей қаласында шығып тұрды. Оның беттерінде Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Р. Мәрсековтың, Х. Ғаббасовтың,Ә. Ермековтің, М. Малдыбаевтың, Ж. Ақбаевтың және “Алаш” қозғалысының басқа да көптеген көрнекті қайраткерлерінің мақалалары басылды. Онда Алаштың гимні (авторы С. Торайғыров), Ж. Аймауытовтың, М. Әуезовтың, С. Дөнентаевтың, Ғ. Қарашевтың,І. Жансүгіровтің, Б. Майлиннің көсемсөздік материалдары жарық көрді.
9. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.).
ХХ ғасырдың екінші онжылдығының алғашқы жылдарынан бастап-ақ патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясаты одан сайын күшейе түсті. Қазақтарды жерінен айырып, құнарсыз және шөлді аймақтарға ығыстыру одан әрі жалғасты. Патша өкіметі 1916 жылға қарай қазақтардың 45 млн. десятина жерін тартып алды. 1907-1912 жылдары Ресейдің орталық аймақтарынан Қазақстанға 2 млн. 400 мың адам қоныстандырылды. Қоныс аударушылар салықтар мен алымдардың көптеген түрінен босатылды. Қоныс аударушыларға қарулануға рұқсат берілді. Патша өкіметі жергілікті халық пен қоныс аударушылар арасындағы ұлттық жанжалдарды әдейі өршітіп отырды.
Өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайлары да нашарлай түсті. 1912-1914 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының және Спасск мыс қорыту зауытының жұмысшылары, Доссор мұнайшылары мен Торғай уезіндегі Шоқпаркөл көмір кенінің жұмысшылары ереуілдер мен наразылықтар жасады. Аталған жағдайлардың бәрі өлкеде ұлт-азаттық наразылықтың күшейіп келе жатқандығын көрсетті.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және соғысқа байланысты туындаған қиыншылықтар өлкедегі жағдайды одан сайын шиеленістіріп жіберді. Соғысқа дейін жинақталған әлеуметтік, экономикалық және ұлттық қайшылықтар одан әрі тереңдеп күрделене түсті. Қандай соғыс болса да оның қиыншылықтар мен ауыртпалықтар алып келетіндігі белгілі. Және бұл қиыншылықтар ауыртпалығы ең алдымен қарапайым еңбекші бұқараның мойнына түседі. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылдарынан бастап-ақ патшалық Ресейдің техникалық және экономикалық жағынан артта қалғандығы айқын көрінді.
1915-1916 жылдардағы ауыр жеңілістерден кейін Ресей батыстағы едәуір территориясынан айырылды. Майдандағы сәтсіздіктер адам күші мен материалдық ресурстарды үсті-үстіне талап етті. Әсіресе, жұмыс күшінің жетіспеуі шаруашылықтың көптеген салаларын дағдарыс жағдайына жеткізді. Соғыс Қазақстанға да өзінің ауыр зардаптарын тигізді, салық 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін өсті. Арнайы соғыс салығы енгізілді. “Ерікті қайырымдылықтар”, мемлекеттік заемдар және тағы басқа да соғыс салығы түріндегі, барлығы 10-ға жуық әртүрлі салықтар мен міндеткерліктер төлеу және атқару міндеттелді. Қазақ даласынан орасан көп мөлшерде арзан бағамен мал сатып алынды, соғыс жүктерін тасымалдау үшін қазақтардың көлік күштері олардың ықтиярынсыз пайдаланылды. 1916 жылға дейін Түркістан өлкесінен 70 мың жылқы, 13 мың түйе, 300 мың пұт ет, 3 мың пұт мақта майы, 473 мың пұт балық, 38 мың аршын киіз, 13 мың киіз үй алынды. Қазақтар сонымен бірге Қазақстан территориясы арқылы өткен әскерлерді тегін етпен, астықпен, малмен, киіз үймен қамтамасыз етуге тиіс болды.
Соғыс жылдарында егіс көлемі қысқарып, мал саны азайып кетті. Соғыс өлкеде өнеркәсіптің құлдырауын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің күрт төмендеуін, транспорт дағдарысын және қымбатшылық пен ашаршылықты туғызды. Патша әкімшілігі ұлтшылдық ұрандар тастап, ұлтаралық араздықты әдейі қоздырды, қоныс аударғандарды ұрылардан қорғану дегенді желеу етіп қаруландырды. Ұлттық-отарлық езгі одан әрі күшейе түсті. Қоныс аударғандар мен қазақтар арасында тартып алынған жерлер үшін күрес күшейіп кетті. Қазақтар кулактар мен казактардың қысымы мен озбырлығына жауап ретінде олардың жылқыларын айдап әкетіп, жер белгілерін қиратып, дайындаған пішендері мен шабындықтарын өртеп кетіп отырды.
Соғыс ауыртпалықтары мен патша өкіметінің отарлық езгісінің одан әрі күшеюі өлкеде жаппай наразылық туғызды. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді.
1914 жылы басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы-қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстанда бірінші кезекте Сырдария облысының солтүстік-шығыс аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде және басқа бірқатар облыстарда қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Тек Жетісу облысының бір өзінен ғана соғыстың алғашқы үш жылы ішінде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайылымдық және егістік жерлер тартып алынды, ал осы жерлердің шын қожалары – қазақтар шаруашылық жүргізуге жарамдылығы аз немесе мүлде жарамсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшіріліп жіберілді. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлері мен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн. десятинаға жетті. Соғыс шикізатты, азық-түлікті, малдың және басқа материалдық байлықтардың орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты қазақ халқының иығына жаңа ауыртпалықтар түсті: міндетті түрде ет тапсырылды, мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды, әрбір үйден жаңа соғыс салығын алу енгізілді, земстволық салымдар және болыс басқарушыларын бағып-қағуға арналған бай-болыстық алымдар, сондай-ақ жол үшін төленетін және басқа салықтар мөлшері артты. Жергілікті халыққа салынатын салықтар соғыстың басталуымен байланысты 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда – 15 есеге дейін өсті.
1916 жылы таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы-ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілу процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі болды.
Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрған жергілікті халықтары жөнінде царизмнің жүргізіп жатқан орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты қалың халық бұқарасы жағдайының күрт нашарлап кетуі, міне осыған алып келді. Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі “бұратаналық” еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Мемлекет әжетіне еріксіз алынғандарды әрекеттегі армия қимыл жасап жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыс жолдарын салу жұмыстарына пайдалану жоспарланды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан – 87 мың адам еріксіз алынуға тиісті болды.
Шілденің басында Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Халық қаһарының соққысын алдымен тылдық жұмыстарға баратындардың тізімін тікелей жасаушы болыс басқарушылары, ауыл ағамандары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі қызметкерлері алды. Қазақтардың метрика куәлігінің жоқтығын пайдаланып, олар тізімге жасы нешеде екеніне қарамай, өз беттерінше кедейлерді енгізіп, ал байлардың балаларын пара бергені үшін шақырудан босатып отырған. Тізімдер жасау жүйесі іс жүзінде осындай жаппай парақорлық пен қызмет бабын теріс пайдаланушылық туғызды.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында Амангелді Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар бастаған тәуелсіздік жолындағы күреске көтерді. Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916 жылғы көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтып, бүкілқазақтық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және империалистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің таптық жағы екінші кезектегі мәселе болып қалды.
10. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, барысы, тарихи маңызы.
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінараСібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі
Қазақстанның әртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.
Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
11. 1917 ж. Ақпан революциясының Қазақстанға ықпалы: Қазақ комитеттерінің құрылуы және I-II жалпықазақ құрылтайлары.
1917 жылы Ресейде ақпа революциясы өтіп, билікке Уақытша үкімет қолына өтеді. Осыдан бастап Ресейде тұратын xалықтарға сөз бостандығы беріледі. 1917 жылдын ішінде Қазақ даласында 67 қазақ съездері өтті. Ол съездер сипатына қарай болыстық, уездік, облыстық және Жалпы Қазақ съездері болып бөлінді. Сол съездердің шешімімен Қазақ комитеттері құрылды.
Ең ірі 2 съездер:
- 1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылды. Алаш партиясының бағдарламасын 1917 жылы қарашада "Қазақ" газеті жариялайды. Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмағанбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.
- 2 Жалпықазақ съезі. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда өткен. Онда Алаш Орда үкіметі құрылып, оның құрамы сайланды. Құрамында 25 адам болған: 15 қазақ және 10 басқа ұлт өкілдері.
12. “Алаш” және оның бағдарламасы. Көппртиялы саяси жүйенің қалыптасуы.
Алаш партиясы — қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917 — 20). 20 ғ-дағы қазақ тарихында терең із қалдырған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылды. Алаш партиясының бағдарламасын 1917 жылы қарашада "Қазақ" газеті жариялайды. Бағдарлама мазмұны:
1 Мемлекет қалпы
2 Жергілікті бостандық
3 Негізгі құқық
4 Дін ісі
5 Сот және билік
6 Ел қорғау
7 Салық
8 Жұмысшылар

9 Ғылым - білім үйрету


10 Жер мәселесі
Қазақстандағы көппартиялы саяси жүйе. Әлихан Бөкейханов Қазақстанда саяси партия құруға ұмтылған алғашқы саяси қайраткер болды. Ол 1905 жылы кадеттер партиясына мүшелікке кірді. 1905 жылы қарашада Мәскеудегі Бүкілресейлік жергілікті жер және қала қайраткерлерінің съезіне қатысады. 1905 жылдың аяғында Орал қаласында 5 облыс делегаттарының съезінде «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» кұру туралы бастама жасаушылардың бірі болды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін қазақтың ұлттық интеллегенциясы саяси қызметін күшейітті. 1917 жылдың сәуір айында Орынбор қаласында Орал, Ақмола, Семей, Сырдария облыстары және Бөкей Ордасы өкілдерінің қатысуымен Торғай облыстық қазақ съезі өтті. Съезге 300-ден астам адам қатысты. Съездің бағдарламасына мемлекеттік басқару нысаны және құрылтай кеңесі, азаматтық комитеттер туралы мәселелер және басқалары енді. 1917 жылдың наурызда Ташкенттегі съезде «Шура-и ислам» партиясы құрылды. Сондай-ақ мұсылман дінбасылары “Шуро-и-Улема” ұйымын құрды. 1917 жылдың көктемінде Петропавл мен Черняевта большевиктік топтар құрылды. 1917 жылдың 21-23 шілде күндері Орынбордағы жалпықазақ съезінде «Алаш» партиясын рәсімдеу өткізілді. 1917 жылдың күзінде Қазақстанда тағы да бір ұлттық-саяси ұйым – «Үш жүз» қазақ социалистік партиясы пайда болды. Бұл партиялардың саяси тағдыры әрқилы. Олардың көпшілігі азаматтық соғыс және большевиктік тәртіп нәтижесінде саяси сахнадан түсіп қалды. Кеңес Одағының коммунистік партиясы елде билік құраушы жалғыз партияға айналды. КОКП 1991 жылдың күзіне дейін жұмыс жасады.
13. 1917 жылғы «Қазан төңкерісі» және «Ресей халықтарының құқықтар Декларациясының» жариялануы, Кеңес өкіметінің Алашордаға және Түркістан үкіметіне қарсы күресі.
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті.
1918 жылы 5 каңтарда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы күшпен таратылған соң Алашорда мен Кеңестік биліктің арақатынасы күрделене түсті. 20 наурыз күні И.В.Сталин Семейдегі Алашорда үкіметінің орынбасары Х.Ғаббасовпен телефон арқылы екі билік орындарының бірін-бірі өзара мойындау шарттары жөнінде сөйлеседі. 1918 жылы 21 наурыз күнгі отырысында Алашорда үкіметі Кеңестік билікті ресми түрде мойындайтындығы жөнінде шешім қабылдап және ол жөнінде Мәскеуге хабарлады.
1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады.
14. Алаш автономиялық республикасының құрылуы мен қызметі.
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған[1].

15. Түркістан (Қоқан) автономиялық республикасының құрылуы және біртұтас Түркістан идеясының жеңіліс табуы.


Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

16. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920жж.): Алаш әскерінің азамат соғысына қатысуы. «Әскери коммунизм саясаты» және оның ауыр салдары.


Кеңес үкіметінің орнауы биліктен құлатылған саяси күштердің қарулы қарсылығын туғызып,ол елдегі азаматтық қарсы тұруға , онан соң азамат соғысына әкеп соқты. 1917 жылдың қараша айында Орынбор казактарының атаманы А.Дутов кеңес үкіметіне қарсы қарулы бүлік жасады. Оның әскерінде он жеті мыңға жуық казак отряды болды. Ал 1918 жылдың көктемінде оның қол астындағы қарулы күш 22 мыңға жетті. 1917 жылы қараша айының басында казак әскери кеңесі қарсылықтың негізгі орталықтарының бірі Жетісуда билікті өз қолына алды. 1918 жылы наурызда Гурьевті генерал В. Толстов басып алып, өзін Орал казактарынын атаманымын деп жариялады.
Кеңес үкіметі қарсыластарының негізгі соққысы 1918 жылы мамыр айында жасалған чехословак корпусының әскери тұтқындарының бүлігі кезінде жасалды. Бүлікшілер Сібір, Орал, Новосибирск, Челябинск, Томск, Омбыны басып алды. 31 мамырда олар Петропавлды, маусымда- Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейді алды. Торғай облысының көп бөлігі ақ гврдияшылардың қолында қалды. Сөйтіп, Сібірде адмирал А.Колчак бастаған Бүкілресейлік Уақытша Сібір үкіметі орнады.1919 жылы көктемде оның армиясында 130 мың солдат пен офицер болды.
Осындай жағдайда,Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті 1918 жылғы 29 мамырдағы декреті бойынша Қызыл Армияны еріктілерден жасақтау тәртібін жалпыға бірдей әскери міндетпен ауыстырды.1918 жылы жазда ұлттық әскер құрылымдары жасақтала бастады. Азамат соғысына Қазақстан еңбекшілерімен бірге венгрлер, чехтар, немістер, поляктар, және басқа дахалықтардың өкілдері қатысты.
Азамат соғысы барысында елде «ақтар» мен «қызылдар» тарапынан бейбіт халыққа жасалған террор көбейді. Ресми деректер бойынша Бүкілресейлік төтенше комитет (БТК) 31 489 адамды қуғын-сүргінге ұшыратқан, оның 6 185-ін атып, 21 236-сын түрмелер мен лагерлерге қамаған.
Азамат соғысының барысында Қазақ өлкесі жалпыресейлік соғыс майдандарының әскери қимылдарының сахнасына айналды. Қазақ жерінде Шығыс, Түркістан, Орал майдандары және жергілікті жерлердегі Ақтөбе мен Жетісу майдандары ашылды.
Ақгвардияшылардың оңтүстік бағытқа қарай Ташкентке жолын бөгеу үшін Ақтөбе майданы құрылды. Бұл майданға қолбасшылық Г.В. Зиновьев жасады. Осы кезде Далалық өлкенің Төтенше Комиссары Ә.Жангелдин басқарған экспедиция ұйымдастырылды. Ол Мәскеуден 18 шілдеде бірнеше мың әскерге арналған әскери киімдер мен қару-жарақ алып, Еділ бойымен Каспий теңізіне, одан Маңғылшақ арқылы 11 қарашада Шалқарға жетті. 1917 жылғы тамыз-қараша айларында Мәскеуден Шалқар станциясына дейінгі 2 мың шақырымнан астам жолды экспедиция ерлікпен жүріп өтіп, алға қойған мақсатын орындап шықты.
Азамат соғысында Ақтөбе майданы маңызды рөл атқарды. 1918 жылы қазанда ақгвардияшылар Ақтөбеге шабуыл жасады. Ондағы мақсаты- Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға өту еді. Бірақ олардың әрекеттеріне қызылдар жол бермеді. 1919 жылы Орынбор, Орал, Орск қалаларын Қызыл Армия қайта өзіне қаратып алғаннан кейін, күзде қызылдардың Ақтөбе майданы әскерлері мен Шығыс майдан әскерлері қосылды.
1919 жылы жазда адмирал А.В Колчактың Шығыс майдандағы негізгі күштері жеңілді. Бұл жағдай Батыс, Солтүстік,Шығыс Қазақстан және Жетісуда қызылдардың үстемдігін орнатуға жағдай жасады. Жыл соңына қарай өлкенің негізгі аудандары Қызыл Армияның бақылауына алынды. 1920 жылы наурызда Қазақ жеріндегі соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылды. Билікке таластан туған Азамат соғысының нәтижесінде тарихи деректерге қарағанда, 8 млн. адам құрбан болды.
Азамат соғысы мыңдаған адам өмірін қиды,кейбіреулері отандарынан мүлде айырылды. Экономиканың Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталған құлдырауы күшейе түсті. Әр түрлі аудандардың, халық шаруашылығы салаларының, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, қала мен деревняның арасындағы экономикалықбайланыстар бұзылды. Азық-түлік пен ең қажетті бұйымдардың тапшылығы өткір сезілді, қағаз ақша ( рубль) құнсызданды. Қазақстанда көмір өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 5 есеге, мұнай өндіру 4 есеге қысқарды.
Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі барлық материалдық ресурстары жұмылдыру мен оларды үнемдеу үшін төтенше шаралар енгізді. Ол «Әскери коммунизм» саясаты деп аталды. Ең алдымен, бұл азық-түлік мәселесіне қатысты қолданылды. Мұнда азық түліктің «артығын» алу, өлшемді, орталықтанған жүйе арқылы нанмен қамтамасыз ету көзделді. Халық Комиссарлар Кеңесі 1919 жылы 11 қаңтарда азық-түлік салғырты туралы декрет қабылдады. Сондай- ақ, еңбек ету міндеткерлігі де енгізілді. «Әскери коммунизм» саясаты нарықтық, тауар-ақша қатынасын жойып, материалдық ынтаны экономикадан тыс, директивалық әдістермен ауыстыру, барлық экономика саласына қатал мемлекеттік бақылау орнату, теңдік идеясын іске асыру үшін теңгермешілік орнату көзделді. Соғысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда жыртылатын жер көлемі екі еседен аса, жиналған астық мөлшері үш еседен аса азайды. Бұл жылдар ішінде малдың барлық түрлерінің саны 10,5миллионнан астам басқа кеміді.
Бұл тонаушылық экономикалық «әскери коммунизм» саясатының ең ауыр салдары – Қазақстандағы 1920 жылғы жаппай аштық болды. 1921 жылдың қарашасында елдегі ашығушылар саны бүкіл республика халқының 1/3 бөлігін құрап, 2 млн 300 мың адамнан асып түсті.
«Әскери коммунизм» саясаты бейбіт құрылысқа көшуге байланысты Кеңестер елінің алдында тұрған міндеттерге жауап бере алмады, шаруалар мүдделерімен қақтығысқа әкеп соқтырды.
17. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы. 1924 жылғы әкімшілік-аумақтық межелеу.
Азамат соғысының алдыңда Кеңес үкіметінің құрылуының алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы басқару органдары жойылып, билік жүйесі құрыла бастады. Кеңес өкіметінің жағдайында 1918жылы 11 мамырда РКФСР-дың Ұлт мәселесі жөніндегі халық комиссариаты жанынан Қазақ бөлімі құрылды.
РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1919 жылы 10 шілдеде В.И.Ленин қол қойған декретімен « Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет (Қазревком)» құрылды. Қазревком мемлекеттік билік пен мемлекеттік жоғарғы басқару органының міндетін атқарды. Оның құрамына С.Песковский (төраға), А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев, Ә.Жангелдин сынды белгілі қайраткерлер енгізілді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Декретке сай, Ревкомның басқаруына Астрахан губерниясы аумағының қазақтар мекендеген бөліктері, Орал, Торғай, Ақмола,Семей облыстары қарады. Бірақ Ақмола мен Семей облыстары іс жүзінде 1921 жылдың бірінші жартысына дейін Сібір ревкомның қол астында болды.
Қазревкомның негізгі міндеті өлкеде кеңестік автономия құру мәселесі еді. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің төрағасы М.Калинин мен Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин қол қойған РКФСР құрамындағы «Қазақ Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылдады. Астанасы Орынбор қаласы болып белгіленді. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақ өлкесіндегі Кеңестерінің Құрылтай съезі Қазақ Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясын қабылдады. Онда Қазақ АКСР-ның құрылуы бекітілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып Сейітқали Меңдешов, Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В. Радус-Зенькович сайланды. Республиканың территориясы 2млн.-ге жуық, халқының саны шамамен 5 млн. адам. Қазақ АКСР құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, сондай-ақ Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аумағы енді. Қазақ жерінің екі облысы – Жетісу және Сырдария облыстары 1918жылы30 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңесінің V съезінде жарияланған Түркістан Кеңестік Автономиялық Республиканың құрамына кірді.
1925 жылы 15-19 сәуір аралығында Қызылорда қаласында Қазақ АКСР-і Кеңестерінің V съезі өтті. Оған алғаш рет бүкіл Қазақстанның өкілдері қатысты. Съезде халқымыздың тарихи «қазақ» атауы қалпына келтірілді. Қырғыз АКСР-і атауы Қазақ АКСР-і деп өзгертілді. Республика астанасы Орынбодан Қызылордаға көшірілді.
Қазақ халқының аумақтық бірігуі мемлекеттілікті нығайтып, республиканың экономикалық және мәдени дамуы үшін маңызы зор болды.
1921 жылы Қазақстанның батысы мен солтүстігінде және Батыс Сібірде шекаралық межелеу болып өтті. Орталық Азияны ұлттық-аумақтық жағынан межелеу мен қазақ жерлерін біріктіруді шешу жөнінде үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді.
1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан ОАК-нің Төтенше сессиясы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу жөнінде қаулы қабылдады. Межелеудің нәтижесінде Қазақ АКСР-іне Ақмешіт, Қазалы, Шымкент , Түркістан уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент пен Мырзашөл уездерінің бір бөлігі берілді. Қазақ АКСР-інің қарамағына Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал ( Талдықорған ) уездері мен Пішпек ( Бішкек) уезінің Георгиев, Шу, Қаранөкіс болыстары өтті. Орынбор губерниясы Қазақ АКСР-і құрамынан шығарылды. Қазақстан аумағы ұлғайып, 2,7 млн шаршы шақырымды құрады, халқының саны 5 млн 230 мың адамға жетті.
Қазақ халқының аумақтық жағынан бірігуі қазақтардың одан әрі біртұтас ұлт болып қалыптасуында, Қазақстан экономикасы мен мәдениетін дамытуда, республиканың ұлттық саясатында маңызды рөл атқарды. Барлық қазақ жерлерінің бір республиканың құрамына бірігуі қазақ халқының тарихындағы айтулы кезең, сол уақыттағы қиыншылықтарға қарамастан қазақ мемлекеттілігінің құрылуындағы өте маңызды қадам болды. Нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы едәуір дерлік ұлғайды. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар Қазақстанның барлық халқының жартысынан астамын, яғни 61,3%-ын құрады.
18. 1921 жылғы жер-су реформасы. Жаңа экономикалық саясат және оның салдары.
Қазақ өлкесіндегі мемлекет меншігіне алынған 307 фкәсіпорынның 250-і қиратылған немесе жұмыс істемей бос қаңырап тұрды. Мысалы , Жезқазған , Успен, Риддер кеніштерін су басып қалса, ал Спасск кен байыту кәсіпорны өртеніп кетті. Ембі мұнай кәсіпшілігінің 147 бұрғысының тек сегізі ғана жұмысқа жарамды болды. Теміржолдардың көп бөлігі істен шығып қалды. Ал жанар-жағар майдың жоқтығына байланысты кәсіпорындар жұмыссыз тұрды. Егістік көлемі 2 млн.десятинаға, астықтың көлемі үш есеге қысқарып, мал басы 10,8 миллионға азайды.Осындай жағдайға қарамастан елде азық-түлік салымшы жүргізіле берді. Партия және кеңес органдары күштеу әдістерін қолдану арқылы нан, ет ,ауыл шаруашылық шикізатын жинауды тоқтатпады. Мысалы,1920 жылдары салғырт бойынша халықтан 1,5 млн.пұт нан тартып алынған. Оның салдарынан 2-2,5 млн.пұт астық тапшылығына әкеліп соқтырды. Мұның бәрі халықтың ашу-ызасын туғызды. 1920-1921 жылдардағы Кеңес үкіметінің саясатына наразылық білдіру ашық бас көтеруге ұласты. Халық наразылықтары Семей облысын,Қостанай, Ақмола, Петропавл, Көкшетау уездерін қамти бастады. Шаруалар 《Кеңестер коммунистерсіз болсын!》,《Салым жойылсын 》,《Азық-түлік диктатурасы жойылсын》деген ұрандар көтерді.
1921 жылы 8-16 наурызда РКП(б) X съезі өтіп, онда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС мәні: азық-түлік салымы азық-түлік салығымен ауыстырылып, еңбек міндеткерлігі жойылды; сауда жасауға, жерді жалға алу, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді; кооперация мен шаруашылық есепке еркіндік берілді.
1921 жылдың жазында Қазақ өлкесінің солтүстік батыс аудандарында құрғақшылық басталды. Сол себепті, Орынбор, Орал, Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы егістік қурап кетті. Республика бойынша 2,3 миллион адам аштыққа ұшырады. 1922 жылы Қазақстан халқының саны 1914 жылмен салыстырғанда 1 миллион адамға кеміді.
Жаңа экономикалық саясат өз нәтижесін тек 1920-жылдардың ортасына қарай ғана бере бастады. 1925 жылы халық шаруашылығы негізінен қалпына келтірілді. Өнеркәсіп өнімін өндіру соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда үштен екіге дейінгі көлемге жетті. Өнеркәсіптердің 60%-ы іске қосылып , көлік қатынасы келтіріле бастады. Егіс көлемі 3 млн.десятинаға жетіп, астық өнімін жинау соғысқа дейінгі деңгейге көтерілді. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 26 млн. басқа жетті. Жәрмеңкелер қайта қалпына келтірілді. Ойыл , Темір, Қоянды жәрмеңкелері сияқты жалпы сауда көлемі 20-23 млн. сомды құрайтын 128 жәрмеңке жұмыс істеді.
1921-1922 жылдары Қазақ өлкесінде жер-су реформасы жүргізілді. Бұл реформаның мақсаты- Орал, Сібір казак әскерлері үшін патша үкіметі тартып әперген Ертіс бойы, Орал өзенінің сол жағалауы, сондай-ақ Жетісу мен Қазақ өлкесінің оңтүстігінде тартып алынған қазақ жерлерін шаруаларға қайтару еді. Жер-су реформасының нәтижесінде барлығы 1млн. 385 мың десятина жер қазақ шараларына қайтарылды. 1921 жылы құрылған «Қосшы» кедейлер одағы мүшелері жер-су реформасына белсене араласты. Бұл кедейлер одағы шарулардың Кеңес деген сенімін нығайту мақсатында құрылған болатын.
Патша үкіметінің өлкеде жүргізген отарлау саясатының салдарынан Қазақ жері әртүрлі әкімшілік аумақтарға бөлініп, тұтастығынан айырылған еді. Қазақ АКСР- інің құрылуы қазақ жерлерін қайта біріктіруді қажет етті.
1921 жылы Батыс Сібірде, Қазақ өлкесінің солтүстігі мен батыс бөлігіндегі жерлерді межелеу саясаты жүргізіле бастады. Үкімет тарапынан дайындық жұмыстары Орта Азияда ұлттық- территориялық межелеу және қазақ жерлерін қайта біріктіру бағытында жүргізілді.
Қорыта келгенде Қаз АССР-інің территориясы 700 мың км2 көлемге өсіп, жалпы көлемі 2,7 млн.км2 -ді құрады. Халқының саны 1 468 мың адамға өсіп, жалпы саны 5 230 мың адамға жетті. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар Қазақ АКСР халқының 61,3%-ын құрады. 1925 жылы республиканың астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп , оған Кеңес үкіметінің идеологиялық талаптарына сәйкес келетін Қызылорда деген атау берілді.
Сол жылы Қазақ АССР-і Кеңестері V съезінің ұсынуы бойынша КСРО-ның БОАК-і республиканың дұрыс атын қалпына келтіру, яғни «Қазақ» деп атау туралы шешім қабылдады. 1928 жыоы Қазақстанда губернияларға, уездерге, болыстарға бөлу жүйесі жойылып, жаңа әкімшілік бірлік – округтар мен аудандарға бөлу жүйесі енгізілді.

19. Ф. Голощекинннің "Кіші қазан" саясаты және саяси қугын-сүргіннің басталуы (М. Дулатұлы, М. Жұмабай, Ж. Аймауытов, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мынбаев, т.б.).


Ф.И.ГолощекинніңҚазақстандабиліккекелуі.«КішіҚазан»идеясыжәнеоның
мәні.1925-33жж.Ф.И.ГолощекинҚазақстандағыпартияұйымыныңбасшысы.
Ф.И.Голощекиннің«КішіҚазан»идеясы,оныңмазмұны.С.Сәдуақасов«КішіҚазан»саясатына
қарсышыққанҚазақстанныңқоғамқайраткері.ЖермәселесінебайланыстыҚазақөлкелік
партиякомитетініңконференциясыныңшешімі(1925желтоқсан),оныңотарлықмазмұны.Қазақ
зиялыларыныңКеңестікбиліктіұлттықмүддегежұмылдыруәрекеті,оныңіскеаспайқалуы.Ұлт
мәселесіндегітаптық-партиялықпринцип,оныңұлыдержавалықастары.Отарлықтыңбиліктегі
түрлітоптарарасында«тепе-теңдік»сақтаусаясаты.Ұлттықнигилистердіқолдаусаясаты.
Т.РұсқұловөткізгенБүкілресейлікАтқаруКомитетімүшелерініңкеңесі.ҚазақӨлкелікПартия
КомитетініңІІІ-Пленумі(1926,25-30қараша).Ф.ГолощекинніңАлаштықинтеллигенцияға
шабуылы.1927жылдыңсоңындабасталғансотпроцестері.Алашқозғалысыбасшыларын
репрессиялаусаясаты(1927-1932).қазақтардыңарасында700жуықбайдыңмалытәркiленген.
НегiзiҚазақстандабайырғыұлттыжойыпжiберугебағытталғаншараларалғашрет1920
жылдыңкөктемiмен1928жылдыңкүзiндеқолғаалынды.Олкезде11мың260шаруашылықтан
4500басмалұжымғақажетдегенжелеументәркiленген.Голощекинболса,өзiнiңбiрсөзiнде
бастапқыжос-парыныңбұданәлдеқайдаауқымдыжәне15млнбасмалтәркiленуiтиiсболғанын
айтқан.Зерттеушiлердеректерiнесүйенсек,1929жылыҚазақстанда40млнбасмалболса,
айналасыүш-төртжылдыңiшiндетөрттүлiктiңсаны10есегеазайыпкеткен.Алмалбасының
азаюыхалықсаныныңкүрткемуiнетiкелейәсереткенiанық.Өйткенi,малымжанымның
садағасыдейтiнқазақбасқаларсияқтыөзгекәсiптiмеңгерiп,егiннебасқадашаруашылықпен
айналысыпкетеалмады.1921-22жылдарыаштықкезiндеқазақтарсаны30пайызғаазайса,
1932жылғықолданжасалғанаштыққұрбандары2млн-нанасты,алкейбiрғалымдаролардың
қатары3млн-ғажеттiдегендiайтыпжүр.Бұлтари-хымыздағы«Ақтабаншұбырынды,Алқакөл
сұлама»атанғанқасiреттiкезеңдегiкөрсеткiштендеасыптүседi.Қаншамақандасымызжанын
сақтапқалуүшiнМоңғолия,Қытай,Иран,Ауғанстанжерлерiнешекараауып,босыпкеттi,сол
жолдақаншамаадамаштықтанәлсiреп,иендаладакөмусiзқалып,ит-құсқажем
болды.Голощекиннiңқазақхалқынұлтретiндежойыпжiберугебағытталғансұрапылсаясатын
әшкерелеп,онытоқтатукеректiгiнайтып,орталыққахабарламажолдағанАлашардақтылары
«халықжауы»,«бандылыққұрылымдар»дептанылып,оларқуғын-сүргiнгеұшырады.Ақиқатты
айтып,қастандықпенжасалыпотырғансаясаттыңбетiнашқанТ.Рысқұлов,Н.Төреқұлов,
С.Сейфуллин,О.Жандосов,Н.НұрмақовжәнебасқадакөптегенАлашардақтылары,қоғам
қайраткерлерiқуғындалды.Қолынашексiз,шектеусiзбилiкберiлгенГолощекиннiңқылмысын
айыптап,нақтыдәлелдермендеректергесүйенеотырыпжазылған«Бесеудiңхаты»аталатын
құндымақаладаелiшiндегiаласапыранжағдайашықкөрсетiлдi.БелгiлiдемографМақаш
ТәтiмовөззерттеулерiндеегерашаршылықболмағандақазiрҚазақстандақазақтардыңсаны25
млн-ға,алдүниежүзiнде30млн-ғажетередiдегенпiкiрдiайтады.Қолданжасалғанашар-шылық
болғанкезеңдердеқазақтардыңжартысынажуығыажалқұшты.Талайжанныңөмiрiн
қыршынынанқиғаннәубатадамзаттағдырындағыасақатiгездiкпенжасалғанойранболды.
1931-1933жылдардағыашаршылықтуралыжазуға,деректержариялауғаКеңесөкiметiтұсында
қатаңтыйымсалынып,көпжылдарбойыжабулықазанжабықкүйiндеқалыпкелдi.Кейiнғана
зұлматжылдардыңшындығыжарияланып,қызылқырғынәшкерелендi.Зерттеушiлермен
ғалымдартарихқойнауынақаралыәрiптерменжазылғанжұттыңащышындығынтамтұмдап
жариялайбастады.Бiрталай еңбектер жарыққа шықты.
ҚазақзиялыларыныңҚазақсаясиэлитасының(Ш.Құдайбердіұлы,
Ж.Көпеев,М.Дулатов,М.Тынышпаев,С.Асфендияровжәнет.б.)қазақ
халқыныңтарихыменмәдениетінзерттеуі.
ШәкәрімҚұдайбердіұлы(1858-1931)–ақын,жазушы,философ,тарихшы,композитор.1988жылы
Шәкәрім ақталады,оныңтуындылары жарыққашықты.ағартушылықбағытттаалғаш 1879
жылы«Жастарға»аттыөлеңішықты.Өзінің«Насихат»,«Сынатарсыңөзінді»,«Үш-ақтүрліөмір
бар»,«Сенғылымға...»,«Ғылымсызадам айуан»,«Жасымнанжетікбілдім түрікілін»сияқты
өлеңдерңндеАбайдыңағартушылықбағытынжалғастырады.
М.Ж.Көпеев1858—1931 “Сары¬ар¬қаның кімдікіекендігі”,“Хал-ахуал”,“Тір¬ші¬ліктекөп жа-
сағандықтан көрген бір тама¬шамыз”ат¬ты туын¬ды¬лары 1907 ж,тарихи ертегілер:“Еділ-
Жайық”,“Көрақ¬тар¬ғанЖаманбай”,“Баһырампатшату¬ралы”,“Есентентектуралы”,“Ертедебір
ханболыпты”,“Ақтабаншұбырын¬ды,Ал¬қакөлсұлама”,“ЕңсегейбойлыЕрЕсім”,“Ала¬шахан”,
“7 жасар Жел¬кілдек”,“Ер Төс¬тік”,“Әз Жәнібек және бір ұста”,“Екіпат¬ша”,“Әділ би”,
“Сүйіндік:Олжабайбатыр,“ТамаСарыбасмерген”.олбарлықфальклрлықжанрды қамтыған,
олардыжинап,жазған.
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935)А.Байтұрсынұлыны ізбасары,біргеқоғамдық шараларға
қатысқан.1950ж петицияны жолдаушыларқатарындаболды."Оян,қазақ",«маса»,"Азамат",
"Терме"кітаптары."БақытсызЖамал"романынжазған.Санжар Аспандияров алым,тарихы,
педогог(20.10.1889,Ташкент–25.02.1938,Алматы)саясиқозғалыстарғақатысқан,ислам дінін
жандандырушы,институттажалпыхимия,биология,физикапәндеріменбіргеанатомия,қалыпты
физиология,ішкіаурулар,гистология,микробиология,фармакология,биологиялық-химия,
гигиенабөлімдерінжәнехирургкафедраларашты.1919жылыАсфендияров—денсаулықсақтау
халықкомиссары,1920жылы ТүркістанАКСРкөгеріссушаруашылығыныңхалықкомиссары
болыптағайындалады.Солжылы қыркүйектеТ.РысқұловтыңшақыруыменТашкенткекеліп,
Түркістан АКСР-інің Денсаулықсақтаухалкомы,жер халкомы,Денсаулықсақтаухалкомы,
Түркістан Компартиясы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарды.Ұлттық-аумақтық межелу
тұсында(1924–25жылы)ОртаазиялықФедерацияқұруидеясынұстанды.1924–25жылыҚазақ
АКСР-ініңӨзбекАКСР-іүкіметіжанындағыөкілеті,1925–28жылыМәскеуде–БОАК-ніңТөралқа
мүшесі,хатшысының(А.Енукидзенің)орынбасары,МГУ-діңпрофессорННаримановатындағы
Шығыстануинститутыныңдиректоры болды.1928жылданбастаполҚазақстандаеңбекетті:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіболып қайта құрылған Қазақ
мемлекеттікуниверситеттініңалғашқы ректоры (1928– 31),ҚазақАКСР-іДенсаулықсақтау
халкомы,Алматымедецинаинститутыныңұйымдастырушысыжәнетұңғышректоры(1931–33)
қызметтерінатқарды.М.Тынышпаевалашордақұрамынакірді.Жетісудакомиссарболдыжәне
съездергеЖетісуатынаншықты."қазақ"газетінде«Соғысушыпатшаларәскері»,«Сүңгуірқайық»,
«ТеміржолһәмЕуропасоғысы»,«Соғыскемелеріһәммина»,«БарлыбекСыртанов»,«Садуақас
Шалымбеков»т.б.мақалаларышықты.
20. Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның өмірі мен саяси-қоғамдық қызметі.
Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық аутономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды.
«Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет, 1920 жылдары осылай баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы (Қошке Кемеңгеров) «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі саясаткерлердің бірі, тарихшы, журналист, жазушы және драматург Қошмұхаммед Кемеңгерұлы бұл очеркін 1922 жылы аяқтап, 1924 жылы Мәскеудегі СССР халықтарының орталық баспасынан шығарды. Совет өкіметінің қуғын-сүргініне ұшыраған Әлихан Бөкейхан өмірінің соңғы 15 жылын осы Мәскеуде өткізіп, Кремльдің жіті бақылауында болған еді.
ҚАЗАҚ КӨСЕМІ
Әлихан Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келді. Бұл кез отаршылдық саясат салдарынан қазақ халқы ғасырлар бойғы қалыптасқан көшпенділердің дәстүрлі рулық-қауымдық қатынастарынан, жерінен де, оны пайдалану құқынан да ажырай бастаған, көшпенділердің байырғы құндылықтары шеттетіліп, жаңасы қалыптаса қоймаған алмағайып кез еді.
Патшалық Ресейдің отыршылдық саясаты жыл өткен сайын күшейіп, қазақ ішіне дендеп ене түсті, соның кесірінен хандық биліктің байырғы құрылымдары жойылып, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетіне және оның өз жерінде дербес этнос ретінде өмір сүруіне қатер төнді.
Патшалық биліктің озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен Әлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес, жан алып, жан беріспей-ақ отарлық қамытты киюге мәжбүр еткен өз халқының
Әлихан Бөкейхан ауторы әрі редакторы болған «Голос степи» газетінің 1907 жылы қаңтардың 13-і күні шыққан саны.
салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы туралы сыншыл көзқарасы да ерте қалыптасты.
1889 жылы «Особое прибавленіе къ «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» газетінің қазақ тіліндегі қосымшасы – «Дала уалаятының газетінде» жарияланған өзінің алғашқы мақалаларында-ақ қазақ қоғамының жағымсыз жақтары мен қара халықты қатыгездікпен қанап жүрген надан молда, болыс пен старшынды, тойымсыз байдың сойылын соғып жүрген екіжүзді ақындар мен оқыған қазақтарды аяусыз сынға алды.
«Қырда кім болса да сол молла болады. Аз ғана оқу білетін қазақ, я қашқын ноғай, я сарт, я тәжік. Сол адамдар бек надан һәм нәрсені... білмейді һәм солар надан болған соң қазақтарға ауып, оларды мейлінше бұзады. Қай қазақ моллаға нанбайды, ашық күнді жауын қыламын деп тұрған соң... (Құдайындай иланады)... Бір сорлы қазақ бар ма екен... «жақсы» атанып жүрген қазақтар менен моллалардан көрмеген?.. Сол моллалар надандығыменен дінге қарсы өтірік айтады...» деп жазды «Қ. оязындағы моллаларының баяны» деген мақаласында.
«Баспаханаға хат» атты мақаласында аутор Зұлымбай Қарымбаев секілді қазақ бай-болыстарының, сондай-ақ Мүсәпір Бейшарин тәрізді қазақ кедейлерінің жиынтық кейіпкерін жасады: «Біздің сөзіміздің растығын байқайын дегендер елдегі тілмәштің список жорналын алып, кез-келген жерінен оқып көрсе болғаны, мына жорналдан Зұлымбай Қарымбайұлын көрсе, 15 жылқысы, 100 қойы бар деп жазулы тұрады. Анығы 300 жылқы, 700 қойы болса да һәм Мүсәпір Бейшараұлын көрсе - 50 қойы бар, 5 жылқысы бар деп жазылып тұрады. Ол сорлының іліп алар һеш нәрсесі болмаса да сондай бейшаралар, яғни уақытымен алым бермеймін, һеш нәрсем жоқ деп азар да базар болады».
Ол болыстарды, писарлер мен тілмәштарды «сұм», «залым» адамдар қатарына жатқызды.
Басқа бір мақаласында аутор былай дейді: «Қыр халқы бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей, мал шаруасыменен күнелтіп жүрді. Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін бір қазақ мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады».
23 жасар Әлихан сол кездегі қазақ қоғамы мәдениетінің төмендігін, адами әдеп пен ахлақтың жоқтығын өкіне отырып айтады. Халықтың жаппай сауатсыздығы, болыстық билік үшін ру аралық күрес, барымта, байлар мен күштілердің кедейлер мен әлсіздерді аяусыз езуі етек алды деп санайды.
Бұл жылдары, Әлиханның көзқарасынша, қазақ халқы бай мен надан молдалардың және отаршыл биліктің үш жақтан бірдей езгісіне түсті.
Бірақ Әлихан қазақтар туралы: «Қыр халқы... ғылым-білім жайып жатқан һәм өздері ғылым-білімге көңіл бөлген себебінен кешікпей-ақ жақсылықты біліп, еңсесін көтеруге аяқ басар, өздерінің сүйектеріне берген ақылы-санасы болған соң...», – деп жазды.

21. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру саясаты: ұлт қасіреті.


Жаңаэкономикалықсаясатыреспубликададәйектітүрдежүзегеасыруөзініңигінәтижелерін
берді.Кооперативтікқозғалысоданәрідамыды.Өндірістіккооперацияныңнегізгіүштүрі
болды:

1.Коммуна-өндірістіқоғамдастыру.


2.Артель–жердің,малдыңбірбөлігін,ауылшаруашылықмашиналарын,құрал–саймандарды
біріктіру.Жаңаэкономикалықсаясатнегізіндереспубликадағымалсаныартты:1929жылы10,5
млн.–ғажетті.Ауылменқыстақтардаорташаларшаруашылықтарыкөбейіп,орташалардың
кедейлерменодағынығаятүсті.Патриархаткөшпеліхалықтыңмәдениетіартты.Алайдабұл
ұзаққасозылғанжоқ.ӨлкелікпартияұйымыныңбасшылығынакелгенФ.И.Голощекин«ауылды
кеңестендіру»ұраныменауылдатапкүресіншиеленістірубағытынтаңдапалды.Шабындық
жәнеегістікжердіқайтабөлунауқаныауылдағыжағдайдыауырлататүсті.1926жылғы
көктемдекедейлербайлардыңиелігіндегі1,3млн.гашабындықжәне1,25млн.гаегістікжерді
тартыпалды.1928жылықаржыменжұмыскүшінауылшаруашылығынөнеркәсіпкеауыстыру
жүйесінқалыптастырупроцесібасталды.«Барлықформадағыкооперацияныбарыншадамыту
саясатын»ұжымдастырубағытынакөшірукөзделді.1928жылғықаңтар–ақпанайларындаИ.
СталинСібіргесапарғашықты.Осыжылы3ақпандаболғанОмбыокругтіккомитетінің
мәжілісіндеастықдайындаубарысындатөтеншешараларқолдануғарұқсатетті.Ф.Голощекин
ауылменқоныстарға4800уәкілжіберіп,31мыңшаруажазағатартылды.1928жылғы1қазан–
1929жылғы1желтоқсанаралығы–277шаруаатылды.1928жылғы27тамыз–«Асаірібай
шаруашылықтарыменжартылайфеодалдардыкәнпескелеужәнежераударутуралы»декрет
жарияланды.Декреттебай–феодалдарөздерініңмүліктікжәнеқоғамдықықпалыменауылды
кеңестендіругекедергіжасайдыдегенұстанымнегізгеалынды.Ауылшаруашылығынкүштеп
ұжымдастыру.1927жылыжелтоқсандаболыпөткенпартияныңXVсъезіауылшаруашылығын
ұжымдастырубағытынжариялады.Қазақстандаауылшаруашылығынұжымдастыруісінің
аяқталуы1932жылғажоспарланды.Қазақстанныңастықтыаудандарындаколхоз
құрылысыныңнегізгіформасы–ауылшаруашылықартелі,алмалшаруашылығыаудандарда
жердібірлесіпөңдеуменшөпшабужөніндегісеріктестік(ТОЗ)болуғатиіседі.1929жылдың
екіншіжартысынанбастапреспубликадаколхозқұрылысыжеделдамытылды.АлғашқыМТС–
терқұрылыпжатты.Қазақстандакөшпеліжәнежартылайкөшпелішаруашылықты
отырықшылыққакөшіруді1933жылыаяқтаукөзделді.Ұжымдастыруменотырықшыландыруды
жаппайжүргізуүшінауылдарменқоныстарға8мыңжұмысшыжәне1204«жиырмабес
мыңдықшылар»жіберілді.ОларРоссиядағыколхозжобасынқайталайтынқоныстандыруүлгісін
орнықтырды.Ұжымдастыружылдарыкооперативтендіруқозғалысыныңөзісінашуғамүмкіндік
беру,материалдықынта,кооперативтендіругешаруаныңбірте–біртеөтуге,еркіндікұстамдары
бұзылды.Ұжымдастырукезіндежіберілгенқателіктер:
1.Қатаңжаппайқуғындаументеррорғанегізделді.
2.Даярлықсызжергіліктіжағдайларескерілместенжүргізілді.
3.Әкімшілік–күштеуәдістеріменжеделдетежүргізілді.
4.Шаруашылықбазасынжасау,тұрғынүйлер,мәденитұрмыстықобъектілерсалужоспары
аяғынадейінорындалмады.Аштықзардаптары:1930–1933жылдарыаштықтан6,2млн.
адамның2,1миллионыөлді.Қазақтардыңосыжылдардағысаны40жылданкейін,1969жылы
ғанақалпынакелді.
Зұлматауқымныңзорболғанысонша,1930–1932жылдардағыаштықтарихқа«ұлыжұт»,қазақ
халқыныңасазорқасіреттіжылдарыретіндеенді.1930–1932жылдардабарлығы1млн.750
мыңқазақнемесехалықтың40%-іжаппайқырылды.

22. Қазақстандағы индустрияландыру: ерекшеліктері мен салдары.


1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.
Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.
Ол қиыншылықтар:
1.Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.
2.Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді.
3.Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді.
4.Жергілікті мамандардың жетіспеуі.
5.Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.
6.Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.
7.Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.
Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:
1.Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою.
2.Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік – техникалық мамандарды қалыптастыру.
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.
Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды.
Оның бағыты:
1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.
2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе» болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын» және т. б. деп санады.
Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С.Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер « ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.
Индустрияландыруды жүзеге асыру.
Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді.
1927 жылы Түркістан – Сібір темір жол магистралы салына бастады. Құрылыс бастығы болып В. С. Шатов тағайындалды. Түрксібке көмектесу комиссиясын республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н. Нұрмаков басқарды. РКФСР үкіметі жанында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов (1894 – 1938 ж. ж.) басқарған Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмыс істеді. Т. Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М. Тынышбаев (1828 – 1937 жж.) енгізілді.
Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Құрылысқа 200 млн. сом қаржы жұмсалды.
Түрксібтің ұзындығы 266,5 шақырым болды, ол жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. 1931 жылғы – қаңтарда Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.
Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік – экономикалық маңызы болды. 1) Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды; 2) Елдің Шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті; 3) Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды.
Қатардағы жұмысшы Д. Омаров - Түрксіб бастығы қызметіне көтерілді. Т. Қазыбеков – «Қазақ – көлік құрылыс» тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды.
Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:
Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді.
1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды.
2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды.
3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом).
4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.
5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.
Индустрияландыру ерекшеліктері:
1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды.
2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді.
3) Жергілікті мамандар жетіспді.
4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).

23. Социалистік «мәдени революция». Ғылым мен мәдениеттің дамуы (1920-1940 жж.).


Мәдени революцияның жүзеге асырылуы — социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды.
Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.
Қазакстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды:
•жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру;
•Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу;
•рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту;
•кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін — театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру;
•Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін
құру;

•жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;


•социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау;
•Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.
Осылайша 1920—1930 жылдары партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясат дегеніміз — түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан — шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан — халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.
Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.
1919—1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
•халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
•жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;
•қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.

24. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.).



1927 жылы желтоқсанда ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланған компартияның XV съезі болған. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.
Ресми деректер бойынша 1929 - 1931 жылдары Қазақстанда 372 көтеріліс пен қақтығыс, 210 толқу мен бүлікшілік болып өтті. Тек ірі көтерілістер мен толқулар ғана 80 мыңдай адамды қамтыды. Соларға қатынасқан 5500-ден астам шаруа ату жазасына кесілді және әр түрлі мерзімге сотталды. Көпшілігі жер аударылды. Қозғалыс шаруалардың жаппай үдере көшуіне әкеліп соқты. Еділ бойына 40 мың, Қырғызстанға 100 мыңға тарта, Батыс Сібірге 50 мың, Қарақалпақстанға 20 мыңнан астам, Өзбекстан мен Тәжікстанға 50 мыңдай адам ауа көшті. Шаруалардың біразы Қытайға т.б. жерлерге өтіп кетті (қ. Босқыншылық). Мал басы 45 млн-нан 3,5 млн-ға дейін күрт төмендеді. Елді жаппай ашаршылық меңдеді. Қозғалыс жете ұйымдаспағанына қарамастан қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің жалғасына айналды. Бұл қозғалыс туралы шындық тек 90-жылдардың басында ғана ашық айтыла бастады.
Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл окиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды. Кейінірек Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі коғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді (қазақтарды ит терісі мен жылқы күйрығын тапсыруға мәжбүр етті). Өмір салтын бұлайша қорлау коғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп сокты.
Ақпан айында Созактың тәңірегіне 400-дей адам жиналды. Болыс қызметін атқарушы С. Шолаков хан болып сайланды, ол өз басшылығымен көтерілісшілердің алғашқы отрядтарын құрды. Созақ көтерілісі Сырдың бойындағы Түркістаннан Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды. Көтерілісті басу үшін Ташкенттен жалпы саны 225 адам болған бірнеше әскерилендірілген топ жіберілді. Жазалаушы отрядтың қатары жуырдағы елді мекендердегі коммунарлар отрядымен толықты.
Көтерілісшілер мен ОГПУ отрядтарының арасындағы алғашқы қақтығыс 1930 жылы 12 ақпанда Созақтың жанында болды. Бұл шайқас қай жактың болса да айқын басымдылығымен аяқталған жоқ. Көтерілісшілер қару-жарақтарының нашарлығына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше топқа бөлінген көтерілісшілердің бір тобы Ташкент бағытына, басқасы Шолаққорған арқылы Шуға беттеді. Жазалау операцияларын Қазақстан ОГПУ-дің басшысы Ольшанскийдің өзі басқарды. Оның нұскауы бойынша коммунарлар отряды Созақ көтерілісіне қатысы жөнінде сол күдік тудырған жазықсыз адамдарды сотсыз, тергеусіз атты. Көтерілісшілер сол жылдың көктемінде талқандалды. Көтеріліске қатысушыларды құғындау 1938 жылға шейін жалғасты.
25. Жаппай саяси қуғын-сүргін науқаны және оның салдары (1937-1938 жж.).
Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Социалистік қоғамды нығайту барысында Сталиннің тап күресін күшейту туралы тұжырымы репрессиялық, яғни қуғын-сүргін бағдарламасының негізіне айналып, «халық жауларын» әшкерелеумен айқындалды. «Партия мен халыққа жат элементтер» ең алдымен партияның өз арасынан және өзгеше ойы бар зиялылар қатарынан іздестірілді.
1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары тағы басқалар ұшырады.
1937-1938 жылдары Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Құтжанов, О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, Ж.Садуақасов, С.Сапарбеков, Т.Жүргенов және т.б. Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. Репрессия — мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары. Репрессия жылдарында ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров, Ж.Шанин, К.Кемеңгеров және тағы басқалар ату жазасына, куғын-сүргінге ұшырады. Оларға тағылған айып негізсіз болды, көбіне оларды ауыл шаруашылық дағдарысына, 20-30 жылдардағы көтерілістерге айыпты деп кінәлап, Қазақстанды бөліп алуға әрекет жасады, «жапон шпионы» деген айып тақты.
Қарағандыда және бірқатар аудандарда «халық жаулары» үстінен ашық сот процестері жүргізілді. Қамауға алынғандардың саны Қазақстанда 1937 жылы 105 мың адамға жетті, оның 22 мыңы атылды. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың әйелі мен балалары да жапа шекті.
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (ерекше режиді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (Далалық лагерь). Олардың ішіндегі ең ірісі «ЧСИР» — халық жауларының отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері атанды. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселке-обсервацияда Ресейден «халық жауы» ретінде жазаланғандар орналастырылды. Қазақстан аумағында бұл лагерлерден басқа Дальний, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазғанлаг, Петропавл, Өскемен, Луговой, арнайы Кеңгір тағы басқа лагерьлер орналасты.
Жеке адамға табынған тоталитарлық жүйе кесірінен 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңнан астамы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы кейін ақталды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін «31 мамыр — Ұлттық аза күні» болып белгіленді. Жыл сайын 31 мамыр жазықсыз жазаланғандарды еске алу күні деп атап өтуде.
26.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру: Ұжымдастыру әдістері мен қарқыны.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы.
1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. Оларға Орта және төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандарда шаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың көктемінде аяқтау белгіленді; Екінші топқа елдің Украина, Орталық қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазақстанның астықты аудандары жатты. Бұл аудандарда ұжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді. Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни бірінші бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды. Көшпелі қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды.
Алайда Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда баяу жүргізілуі тиіс деген пікірге Ф.И.Голощекин мүлде қосылмады. Ол Қазақстанның кенже дамыған аймақ екеніне қарамай, ұжымдастырудың жоғары қарқынын мақтаныш етті. Голощекин Жер халық комиссариатының комиссары Яковлевке (ол Бүкілодақтық ауылшаруашылық ұжымдары кеңесінің төрағасы) және РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұловқа жіберген жеделхатында 1929-1930 жылдары республикада ұжымдастыруды күшейту үшін жоспардың қайта қаралғанын, сөйтіп 1930 жылдың күзіне қарай ұжымдастырумен 350 мың шаруашылықтың қамтылатынын көрсетті. Осыған байланысты бүкіл республикадағы ұжымдастыру жоспары қайта қаралды.
Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қарқынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК-нің 1930 жылы 1 ақпанда қабылдаған “Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы” қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай-кулактарды бөліп алып, оларды тап ретінде жою жүзеге асырылды. Бай-кулактарды үш топқа бөліп жазалады. Бірінші топқа контрреволюцияшыл белсенділер жатқызылды. Ондай топқа енген шаруалар бірден тұтқындалып, олардың ісі сотқа берілді. Екінші топқа ірі кулактар жатқызылды. Бұл топқа енген шаруаларды да бірден ұстап, солтүстікке немесе жаппай ұжымдастыру аудандарынан алыс аудандарға жер аударды. Ал, үшінші топқа кулактар отбасылары жатты. Оларды сол ұжымдастыру аудандарындағы колхоздар бөлген жерлерге қоныстандырды.
27. Жалпытүркілік азаттық қозғалысының көсемі М. Шоқайұлының өмірі мен саяси-ағартушылық қызметі.
Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин). Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.
1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді.
Оның балалық шағы :Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.
Мұстафа Шоқайдың шетелдегі эмиграцияда жүрген кезеңдегі атқарған қоғамдық қызметін көрсете отырып, оның сол кезде «Яш Түркістан» жəне басқа да басылымдарда жарық көрген еңбектеріне тоқталады, талдайды. ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесінде қалыптасқан жəдидшілдік қозғалысының М.Шоқайдың саяси көзқарастарына жасаған ықпалын да айтып өтеді. Қоғам қайраткерінің еңбектеріне талдау жасай отырып, ондағы көтерілген басты мəселелерді анықтайды.

28 Түркістан легионы және М. Шоқайұлы.


Түркістан Легионы Түркістан легионы – Орталық Азияда туған түркілерден тұратын Вермахттың бөлімі. Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кей бір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі. Негізі, Түркістан Легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан Легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды.
Бұл уақыттарда Түркістан өлкесі 23 жылдан бері КСРО құрамында еді. Түркістан Ресей Империясының құрамында 40 жыл ғана болды. Қолына мылтық ұстап келгендерді жергілікті халық жылы қарсы алмағаны сөзсіз. Көпшілігі жаңа үкіметке қарсы бас көтермесе де, оларды саясатын іштей қолдамайтын еді. Бірақ, 1941 жылдардағы Кеңес пропогандасы өте белсенді түрде жайылып жатқандықтан өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа, коммунистік рухта өсіп жатқан болатын. Ал, бұл кезекте Кеңес Үкіметіне қарсы бас көтеру мүмкін еместей көрінетін. Бірақ, үкіметтің қысымымен қоныс аударып кеткендер жергілікті халықтың Кеңес шырмауынан азат болғанын шын жүректен қалайтын еді. Осы адамдар арқылы немістер антикеңестік легиондарды құруда шешім қабылдады.
Мақсаты, Түркістан Легионының Әскерлеріне Ұлы Түркістан Мемлекетінің құрылуы уәде етілген еді. Сонымен қатар, оның құрамына Орта Азия, Башқұртстан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ және Шыңжаң өлкелері қосылады деп жоспарланған болатын.
Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі.
Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.
1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкі¬метінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.
Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді. Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ - Түркістан мұхтарияты. Аталған IV құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады.
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады.
29. Отан соғысы жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау және оның салдары.
Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы[өңдеу]
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, ізін ала Балтық жағалауы, Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Бессарабиядан «жағымсыз элементтерді» күштеп көшіріп-қоныстандыру қолға алынды. Егер соғысқа дейін бұл әрекет мемлекет қауіпсіздігін күшейту қажеттігімен түсіндірілсе, соғыс кезінде ұлттық-аумақтық автономиялары бар тұтас халықтар қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп, тоталитаризмнің таптық саясаты жаңа «сапалық» деңгейге өткен еді. 1941 жылы 28 тамызда барлық немістерді жаппай диверсиялық және шпиондық әрекеттерге қатысты деп айыптады.
Басқа халықтар да дәл осындай «логикалық актілермен» депортацияға үшырады. Бас кезінде олардың кейбіреулерінің немесе көпшілік бөлігінің өз Отанын сатқандығы атап өтілді, артынан аталған халықтарды түтастай шығыс өңірлерге көшіру туралы шешім қабылданды. Дөл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар жөн6 т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірінен халықтар көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. Басқаша айтқанда, олардан ұлттық мемлекеттілігі тартып алынды.
30—40-жылдардағы халықтар депортациясы қоғамдық-әлеуметтік форманың жоспарлы акциясына, адам психикасына әсер ете отырып, халықты ұлттық тамырынан айыруды ойластырған тағылық эксперимент, ғаламды қайта құру тәжірибесіне айналды.
Күштеп қоныс аудару кезінде жол бойында және арнайы лагерьлер мен тұрақжайларда бұл халықтардың жартысына жуығы опат болды.
Оларды бір сәтте туған жерінен айырып, мал сияқты жүк вагондарымен Қазақстанға әкеліп, 24 сағаттың ішінде бүтіндей халықтарды көшіріп-орналастырып үлгерді.
Сталиндік куғын-сүргін кезінде осы халықтардың алдыңғы қатарлы зиялыларына қарсы «үлкен террор» жасалды, ұлттың бетке ұстарлары тұп-тамырымен жойылды. Жер-жерлерде ұлттық мектептер, газет-журналдар жабылды.
Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ өңірлеріне күшпен жүргізілген депортациялар өзінің көлемі жағынан ауқымды болды. 1942 жылдың күзіне қарай кеңесәскерлері шығысқа қарай шегіне отырып, Еділ жағалауы мен Үлкен Кавказ қыраты алқабына жақындады. Шешен-Ингушетияның бір бөлігі, сондай-ақ карашай, балқар, қалмақтар мекендейтін аймақ жау қолында қалды. Тек Сталинград пен Курск түбінде Гитлер армиясын талқандағаннан кейін ғана Солтүстік Кавказ өңірі жаудан азат етілді. Алайда жаудан азат ету аяқтала салысымен фашистік басқыншылармен жақындасты деген желеумен бұл халықтарға саяси қуғын-сүргін басталды.
1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, қарашайларды көшіру туралы қаулы қабылданды. Жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Түркістан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасы Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды.
Депортацияның қайғылы қасіреті балқарларға да келіп жетті. 1936 жылы құрылған Кабардин—Балқар АКСР-нан 1944 жылы наурыз айында 650 мыңдай шешен, ингуш, калмақ, қарашайлар көшірілді. Бүкіл техника, НКВД құрамалары мен армия бөлімдерінен 19 мыңдай офицер мен әскерлер қатыстырылған бұл операцияны Ішкі істер халық комиссары Берияның өзі баскарды. Жалпы саны 40 мыңдай балқарлардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарға қоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді. Балқарларды көшіргеннен кейін республика Кабардин АКСР-і болып атала бастады.
1944 жылдың ақпан айынан кейін Қызыл Армиядан босатылған шешен және ингуш ұлтының әскери адамдары НКВД-нің арнайы қоныстарының қарамағына өтті. Дәл осындай жағдай майданда жүрген депортацияланған халықтардың барлығына қатысты болды. Олардың барлығы өздерінің туған-туыстары тұрып жатқан қоныстарға немесе Орал, Сібір өнеркәсіп өндірісіне жіберілді. КСРО- ның баска НКВД лагерьлеріндегі шешендер мен ингуштер Қарағанды лагеріне ауыстырылды. Дағыстан АКСР-да, Грузияда, Әзірбайжанда, Краснодар өлкесі, Дондағы Ростов, Астрахан облысында тұрып жатқан шешендер мен ингуштар да депортация қармағынан аман қалған жоқ, көші-қон 1945 жылдың соңына дейін жалғасты. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті. 1944 жылы 7 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен Шешен-ингуш АКСР-і жойылды. Барлық ауданның аттары өзгертілді. Шешен-ингуш АКСР-інің орнына Грозный облысы қүрылды. Облысқа дейін барлық жергілікті халықтың 58%-ын құраған шешен мен ингуш халқы осылайша туған жерлерінен қол үзді. Грозный облысына ондаған мың орыстар мен аварлар, осетиндер, украиндар әкелінді.
1944 жылы Орталық Азия мен Қазақстанға Грузиядағы күрділердің екінші толқыны, 1948—1950 жылдары үшінші толқыны күштеп көшірілді. Әзірбайжанда қалған күрділердің біраз бөлігі қуғын-сүргінге ұшырау қаупінен қоркып, құжаттарын өзгертіп, өзірбайжан болып жазылуға мәжбүр болды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін майданнан қайтқан майдангер-күрділер өз туғандарын таба алмай әуре-сарсаңға түсті. Олардың өзі 50-жылдардың соңына дейін арнайы қоныстардағы НКВД органдарына айына 2 рет белгіленіп тұруға міндетті болды.
1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына орналастырылды.
Фашистік Германия басып алынған аумақтар азат етілген сайын сол жерлердегі халықтарды депортациялау ісі де жалғаса берді. 1944— 1945 жылдары азат етілген Украина, Беларусь және Балтық өңірінде бұрыннан мекендеп келе жатқан немістер Сібір мен Қазақстанға көшірілді. 1945 жылдың соңына қарай Қазақстанға 9 мың неміс отбасы орналастырылды.
Ел басшылығындағы шовинистік пиғылдардың ұлт саясатындағы белгілері жекелеген халықтар мен ұлт азшылықтарын «жағымсыз элемент» ретінде көшірудің белең алуынан көрінді. Әңгіме бірінші кезекте Қырым және Грузия аудандарындағы халықтарды тарихи Отандарынан көшіру туралы болып отыр.
1921 жылы құрылған Қырым АКСР-інде орыстар, украиндар, қырым татарлары, гректер, болгарлар, армяндар мекендеді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазартуға 2000 жүк машинасы өзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен гректер әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға өкелінді. Жалпы, 1943—1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың халық санына тигізген әсері. Еңбек армиялары[өңдеу]
Екінші дүниежүзілік соғыстың дауылынан Қазақстан аумағына көшіп келушілер тасқыны шұғыл артты. Қазақстанға елдің батыс бөлігінен 536 мың адам көшіп келді.
Майданда 410 мың қазақстандық жауынгерлердің мерт болуы мен 125 мың адамдардың хабар-ошарсыз кетуі, концлагерьлерде азаппен көз жұмуы сияқты соғыстың әкелген зардабы орасан зор болды. Белгілі демограф М.Тәтімовтың болжамы бойынша, мұндай соғыстың зардабы 125 жылға дейін созылады екен. Мыңдаған отбасылардың шаңырағы ортасына түсіп, балалар жетім қалды. Қазақ балаларының табиғи тууы мен өсімінің карқыны төмендеп кетті.
Соғыс жылдарында Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам майданға шакырылды. Бұлардың 630 мыңы алғашқы аттанғандар болды. Сондай-ак еңбек колонналарына шақыруды қоспағанда, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға әрбір бесінші қазақстандық шақырылды.
Соғыс басталған кезден бастап 1941 жылдың соңына дейін, 1942 жылдың жазы мен күзінде әскери қимылдар болып жатқан аймақтардан шығыска өнеркөсіп орындары мен ұжымшар, кеңшар, МТС-ің дүние-мүлкі мен малы, 312 өнеркәсіп өндірісі мен жарты миллионнан астам адам Қазақстанға көшіріп әкелінді. Бұл өндіріс орындарының 142-сі ғана іске косылды.
Өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек армиялары басқа республикалардан келгендермен қатар, соғысқа дейінгі арнайы қоныстанғандар мен Қазақстанға депортацияланған халық өкілдері контингентімен толықтырылып тұрды.
Тұтастай алғанда, моральдық-саяси белгілері бойынша майданға шақырылмаған халық өкілдерінен еңбек армиясы құралды. Еңбек армиясының арнайы жұмысколонналары неміс, фин, румын, корей халық өкілдерінен тұрды. Соғыс жылдарында еңбек армиясына 121 мың неміс, 30 мың корей ұлты өкілдері шақырылды. Еңбек армиясында тек арнайы қоныстандырылғандар ғана болған жоқ, негізгі бөлігі ұжымшар тұрғындары болып табылатын 200 мыңдай қазақтар да шақырылды. Олардың барлығы Орал жөне Сібір зауыттары мен Ақмола—Павлодар, Қарағанды—Ақмола, Орынбор—Арыс, Басқұншақ—Мақат темір жол құрылысында еңбек етті. Мыңдаған тұтқындар Доссор—Астрахан, Ор—Қандыағаш мұнай құбырлары қүрылысына терін төкті.
Соғыс жылдарында барлығы 700 мыңнан астам қазақтар, немістер, украиндар және т.б. еңбек колонналарына шақырылды. Соғыстың соңғы 1,5 жылында еңбек армиясының қатарына Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ елдерінен көшіріп-қоныстандырылған бөлігі қосылды. Еңбек армиясындағы адамдардың тұрмыстық-материалдық жағдайы өте ауыр болды. Арнайы қоныстандырылғандардың көп бөлігі ауру мен аштықтан қырылды.
Сонымен, еңбек колонналарында екі категориядан тұратындар, біріншілері — азаматтық тұрғындардан тұратын еңбек армиясы, екіншілері — тұтқын жағдайындағыарнайы қоныстандырылғандар болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға және қорғаныс өнеркәсібіне әрбір төртінші қазақстандық алынды. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында 350 мың қазақ жауынгерлері қаза тапты, 150 мың адам жау колында тұтқында болды немесе хабар-ошарсыз кетті. Соғыстың ауыр жылдарында демографиялық, депопуляциялық жолмен (туудың төмендеп, өлімнің артуы) 100 мың адамға кеміді.
Сөйтіп, Екінші дүниежүзілік соғыс тек қазақ халқының ғана 600 мың адамға азаюына әкеліп соқты.
1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 6,9 млн адам тұрса, соғыс аяқталған соң көшіп келген және депортацияланған халықтар есебінен бұл көрсеткіш шамамен 7,5 млн болды.
Жергілікті халықтың үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.
Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954—1956 жылдары заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар, таптар және басқа кеңес азаматтарын ақтау басталды.[2]
Хронография[өңдеу]
Бұрынғы Кеңес одағында 1920-1940 жылдары тұтас халықтар депортацияға ұшыраған. Оларға жалған айыптар тағып, атамекендерінен күшпен жер аударды.[3]
•1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 360 мыңдай адам жер аударылды.
•1937 жылы Қиыр Шығыстағы мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сылтаумен онда тұратын корей халқын Қазақстан мен Орта Азиядағы өзге де республикаларға әкелді. Оның ішінде 20141 отбасы (95421 адам) Қазақстанға орналастырылды.
•1940-1941 жылдары поляктар қоныс аударылды. II дүниежүзілік соғыс жылдары олардың саны 105 мыңға жетті. КСРО Жоғаргы Кеңесі Төралқасының 1941 жылы 28 тамыздагы "Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы" №21-160 жарлыгына сәйкес, 1941 жылы күзде 1 млн. 120 мыңдай неміс Еділ бойынан көшіріліп, Қазақстанға 420 мыңы орналастырылды.
•1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиясы жойылды да, 14 қазанда КСРО ХК К-і қарашайларды жер аудару жөнінде құпия қаулы қабылдады. Соның негізінде қарашайлардың 11711 отбасы (45529 адам) Қазақстанға қоныс тепті.[4]
•1944 жылы 7 наурызда Шешен-Ингуш АКСР-ін жою туралы жарлық шықты. Қазақстанға 89901 отбасы (406375 адам) орналастырылды.
•1944 жылы 5 наурызда балқарлардың тағдыры да осылай шешіліп, 4660 отбасы (21150 адам) Қазақстаннан бірақ шықты. Осындай қаулы, жарғылардың салдарынан 1944 жылы қалмақтар (2668 адам), түріктер (13260 адам), күрдтер (5530 адам) ата қоныстарынан аластатылды. Күштеп көшіру соғыстан кейінгі жылдары да жалғасын тапты.
•1946 жылы басында Қазақстанға тек Солтүстік Кавказдан, Грузиядан, Қырым автономиялық республикасынан қоныс аударылғандардың жалпы саны 107272 отбасы (412191 адам) болды.
•1954 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша, Қазақстанға қоныс аударғандардың саны 2 млн. адамға жетті. Депортацияға ұшыраған халықтардың жағдайы оте нашар болды. Азық-түлік, тұрғын үй, киім-кешек қат болды. Суықтан, аштықтан, жұқпалы індеттерден адам өлімі көбейді. КСРО ішкі істер басқармасының 1944 жылы есебі бойынша, қоныс аударылғандардан 144704 адам, оның ішінде Қазақстанда 101036 адам өлген. Депортацияға ұшыраған халықтар жаңа қоныстанған жерлерінде қатал тексеруден өтіп тұрды. Олар рұқсатсыз ешқайда да бара алмады. Тіпті, корші ауылдардағы туған-туыстарымен араласуға тыйым салынды. Қазақ халқы еріксіз қоныс аударылып келгендерге барынша қамқорлық жасады.
•1956 жылы Сталиннің жеке басына табынуды айыптап, саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау басталған кезеңде ғана депортацияланған халықтар тағдырына оң өзгерістер ене бастады.
•1955-1956 жылдары заңды түрде құқықтық шектеулер алынып, шешен, ингуш, балқар, қарашай, қалмақ халқының окілдері өз тарихи отандарына қайтуға мүмкіндік алды.[5]

30. Отан соғысы жылдарындағы майдандағы қазақстандықтардың ерен ерліктері. Қазақстандықтардың партизандық және Қарсыласу қозғалысына қатысуы.


1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті.
Шығыс Еропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар – В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга және т.б.
Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5-ші әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы ерлігі үшін С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский және Л.И.Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26-шы маусымында, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А. Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды.
Берлин операциясына қазақстандық 118-ші, 313-ші атқыштар дивизиялары және 209-ші атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-ші атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
Берлин операциясына қазақстандық 118-ші, 313-ші атқыштар дивизиялары және 209-ші атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-ші атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.
Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты. 1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған территорияларда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК “Германия әскерінің тылында күрес ұйымдастыру” туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын ұйымдастырды. 1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды. Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар құрамына тоқталайық. Украина территориясындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы территориясындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия территориясында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады. Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов коммунистік жолдамамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып, Украина территориясында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина территориясында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж.Омаров, алматылық – А.С.Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы берілді.
Белоруссия территориясын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты. Белоруссия территориясында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Ф.Озмитель, Ғ.Омаров, Н.Қайсеитова, Н.Салықов, Х.Исмағұлов, Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров, И.А.Ерещенко, К.Темирханов, Е.Балабеков, Т.Жұмабаева және т.б. Смоленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілінен тұрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19, С.Лазо атындағы партизан полкінде 40, ерекше партизан бірлестігі “Тринадцать” құрамында 48 қазақстандық болды. Смоленск облысында қазақстандық партизандар А.Шарипов, Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мұқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов және т.б ерлікпен көзге түсті.
Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық партизандар әр түрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстың кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері территориясына аттандырды. Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин – Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Жүздеген қазақстандық соғыс тұтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югославия, Греция және т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Франция, Бельгия, Италия территорияларындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған.
Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
Қарсыласу қозғалысы – екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы (1939 – 1945жж.) фашизмге қарсы бас көтерулер.
Қозғалыс фашистік одаққа кіретін елдердің (Германия, Италия, Жапония, т.б.) қарулы күштеріне қарсы бағытталды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі патриоттық, азаттық, антифашистік қозғалысы.[
Ағымдары
Жаулап алынған елдерде қарсыласу қозғалысына қатысушылар арасында екі ағым болды:
1.Жергілікті коммунистік партиялардың жетегінде болған ұйымдар;
2.Батыс елдері (АҚШ, Ұлыбритания, т.б.) көмегіне сүйенген ұлттық ұйымдар. Бұл екі ағым фашизмге қарсы күресте түрлі бағыт ұстанды. Мысалы, Франция, Италия, Чехословакия, Бельгия, Дания, т.б. елдерде екі ағым ортақ жауға қарсы күш біріктірсе, Югославия, Албания, Грекия, Польша, т.б. елдерде, керісінше, өзара бәсекелестікке түсті.
Кезеңдері
Қарсыласу қозғалысы бірнеше кезеңнен тұрады.
1.1939 ж. қыркүйек – 1941 ж. маусым – күш жинау кезеңі болып, фашизмге қарсы ұйымдар құрыла бастады. Партизан топтары (Польша, Югославия), саяси манифестация, диверсиялар (Чехословакия, Франция, Қытай) ұйымдастырылды.
2.1941 ж. маусым – 1942 ж. қараша – неміс фашистерінің Мәскеу түбінде жеңілуіне байланысты қарсыласу қозғалысы жалпы ұлттық сипат алды.
3.1942 ж. қараша – 1943 ж. соңы – Кеңес әскерлерінің Сталинград және Курск шайқастарында жеңіске жетуіне байланысты Грекия, Албания, Югославия, Қытай, Италия, Вьетнам, т.б. елдерде ұлт-азаттық армиялары құрылып, кейбір аймақтар азат етіле бастады.
4.1944 – 1945 ж. қыркүйек – Германия мен Жапония талқандалып, Батыс Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері фашизмнен азат етілді.
Сипаты
Қарсыласу қозғалысы интернационалдық сипатта болды. Тұтқыннан, концлагерьлерден қашып шыққан көптеген кеңес азаматтары жергілікті партизан қозғалыстарына қосылды. Олардың арасында қазақстандықтар да болды. Мысалы, cержант Бейсен Райысов Югославия азаттық армиясында батальон командирі болды. Дәрігер Ахмет Бектасов Франция партизандарынан арнайы топ ұйымдастырды. Қадем Жұбаниязов Испанияда, Қамкен Жанбеков, Өтеген Абдуллин, т.б. Бельгия, Голландия елдерінде құрылған партизан жасақтарында соғысты. Бұл партизан жасақтарында көптеген қазақтар болды. Мысалы, Райысовтың батальонында 90-ға жуық қазақ болған. 1965 ж. Италия ақпарат құралдары “Гуидо Боскалия” отрядында 70 қазақ болғанын хабарлады. Дегенмен қарсыласу қозғалысына қатынасқандардың көпшілігінің ерлік қимылдары әділ бағаланбай, тұтқынға түскен адамдар ретінде біржақты қаралып, кеңестік әміршіл жүйе тарапынан қуғынға ұшырады. 1946 ж. қарсыласу қозғалысына қатысып, елдеріне оралған 49 қазақ азаматы тұтқындалып, ату жазасына кесілген, кейіннен үкім өзгертіліп, бәрі де 25 жылға бас бостандықтарынан айрылды.[2].

31. Қазақстан – майдан арсеналы.


Фашистік стратегтердің ойы бойынша, «Барбаросс» жоспарын сәйкес, Қазақстан аумағы «Гростүркістан» болуы керек. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татария, Башкирия, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қрым, Синьцзян, Ауғанстанның солтүстік бөлігі кірген.
Фашизмнің басталған агрессиясы бүкіл елді жайлады, соның ішінде қазақстандықтарды. Патриотизмнің жарқын көрінуі еңбекшілердің Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылуы туралы жаппай өтінуі болып табылды.
Соғыс жылдары іске қосылған әскерге 1196 164 қазақс¬тандықтар шақырылды. Өнеркәсіпте жұмыс істеу үшін 670 мың адам жұмылдырылды. 700 мыңнан астам Қазақстанның еңбек етушілері еңбек колонналарына шақырылды. Еңбекші әскерлер, көбінесе, қорғаныс объектілерін, қорғаныс бағытындағы кәсіпорындарын, теміржол тораптарын және электр станцияларын салуға қатысты. Қазақстанда Еңбекші әскеріне шақырылған адамдардың салыстырмалы салмағы өте жоғары болды. Сонымен, республиканың әрбір төртінші тұрғыны қорғаныс және майдандық объектілердің құрылысына тартылды.
Бәріне мәлім, соғыстың бастапқы кезеңі өте ауыр болды. 1941 ж. соңына қарағанда Украина, Белоруссия, Ресейдің еуропалық бөлігін Мәскеудің шекарасына дейін қоса жоғалтты, мұнда стратегиялық ресурстар мен өндіріс шоғырланған. Осындай жағдайларда Қазақстанның рөлі өсті. Соғыс қара және түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі өнімдерін, сирек металдар шығарылымын ұлғайтуды талап етті.
1941–1942 жж. Республикаға 220 зауыт пен фабрика, цехтер мен артельдер қайта базаланды, соның ішінде Украина, Белоруссия, Молдавия, Мәскеудің, Ленинградтың 54 зауыт пен төрт фабрика. Соғыс барысында 20 зауыт, фабрика, шеберлік, конструкторлық бюросы эвакуацияланған жоқ. Осы кәсіпорындарды орналастырудың негізгі аудандары Алматы, Уральск, Петропавловск, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе. Барлығы 1941–1945 жж. Қазақстанда 460 кәсіпорын пайда болды.
Соғыс жылдары жалпы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахталар мен жеке өндіріс орындары, оның ішінде 300-дей эвакуацияланған кәсіпорындар салынды. Темір жол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола-Магнитогорск желісінің құрылысы аяқталды.
Республикада танкілер мен ұшақтар жасау үшін ақша жинау қозғалысы жүргізілді. 1941 жылы күзде БЛКЖО (Бүкілодактық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы) атындағы танк колоннасын құруға қаржы жинау басталды. Қазақтың белгілі балуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов жеке қаражатынан қорға 100 мың сом өткізді. Нәтижесінде 1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа таңк алды. 1942-1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер мен жеке ұшақтар жасалды. Соғыс жылдары Қазақстан халқы әскери техника жасауға 480,3 млн сом қаржы қосты.
Елдің корғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға женіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары да бейімделді. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, тоқыма, тері, аяқ киім салалары жылдам дамыды. 1941 жылы Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды. 1943 жылдын басында республиканың жеңіл өнеркәсібі өнім өндіру көлемі жағынан бұрынғы КСРО-да Ресейден кейінгі екінші орынға шықты. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда шұлық бұйымдарын өндіру - 11,3 есе; мақта-мата - 7,4 есе, тоқыма бұйымдары - 4 есе, жүн мата - 2 есе, былғары аяқ киім өндіру 1,3 есе өсті. Соғыс жылдары 500-дей дивизия солдаттардың жазғы киім-кешегімен, 70 дивизия - шинельдермен, 67 дивизия — қысқы аяқ киіммен, 59 дивизия - жылы киімдермен, 25 дивизия — шолақ тондармен қамтамасыз етілді. Соғыс кезіндегі дивизиялардағы әскер саны 10000 адамға жеткенін ескерсек, тауарлардың келтірілген тізімі бойынша қандай мөлшерде өнім дайындалғанын есептеп алу қиын емес. Бүтіндей алғанда республика енеркәсібі өндірісі соғыс жылдары 37%-ға өсті. Бұл нәтижелерге үлкен қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді. Республика индустриясының одан арғы дамуы, оның жаңа салаларының, әсіресе жетекші салаларының пайда болуы Қазақстанды майданның қуатты арсеналына, маңызды экономикалық аудандардың біріне айналдырды.
32. Қ.И. Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, КСРО және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Кеңестер Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еліміздегі ғылым тарихында алатын орны зор. Советтік Қазақстанда дербес Ғылым академиясы құрылғанға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі жұмыс істеген болатын. Қаныш Имантайұлы Сатпаев сол кездерде геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары еді. Кейіннен өзі ұйымдастырған Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. Бұдан басқа ғалымның мәдениет саласы мен тарих ғылымына да қосқан үлесі зор.
Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды.
Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республикамыздың ғылыми тұрғыда дәлелді шешімдерін тұжырымдауға, ел экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер ашты.Ғылым орталығы жаңадан ашылған кезде оның құрамында минералдық ресурстар, физика-математикалық, биология және медицина ғылымдары сондай-ақ, қоғамдық ғылыми-зерттеу бөлімдері жұмыс істеді. Аталмыш, бөлімдердің құрамында ғылыми зерттеу институттары мен секторлар жұмыс істеді [1, 64].
Ғылым академиясының құрамына зерттеу институттары, секторлар, кітапханалар мен мұражайлар, лабораториялар, кабинеттер мен комиссиялар, сонымен бірге базалар мен филиалдар қарайды, сондай-ақ, бұл мекемелердегі тиісті салаларды жоғары білімді мамандар және қызметкерлермен қамтамасыз етеді [2, 51].
Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан кейін дербес ғылым салаларында зерттеу институттарының ашылуы етек ала бастайды. Қоғамдық және жаратылыстану ғылым салаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының ашылуы, олардың дамуына үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ, олардың ашқан жаңалықтары мен жеткен жетістіктері де еліміздің ғылыми кешенді даму белестерін айқындай түсті [3, 36]
Алғаш құрылған кездегі Ғылым академиясының құрамында 5 бөлім, 24 институт, 2 сектор болды. Академия құрылмай тұрып, Қазақ ССР ҒА қазақ филиалы болған кезде 1942 ж. астрономия және физика, тарих, тіл және әдебиет, сондай-ақ, химия-металлургиялық атты 3 институт болған еді. 1950 ж. астрономия және физика ғылыми зерттеу орталығынан астрофизика институты бөлініп шығады. Яғни, ол Қазақ КСР ҒА болып өз еншісін алған кездегі алғашқы құрылған институт болып табылады. Оның негізгі зерттеу нысаны: аспан денелері, жұлдызаралық материя табиғаты, аспанның денелерінің химиялық құрамын анықтау болып табылады [4, 8].
1952 ж. Экономика , 1956 ж. Микробиология және вирусология, 1958 ж. Философия және право, 1961 ж. Тіл білімі, 1965 ж. Гидрогеология және гидрофизика, 1969 ж. ашылған Органикалық катализ және электрохимия,
1970 ж. физика-математика ғылымдары бөлімі құрамында Жоғары энергия физикасы институттары және тағы басқа ғылыми зерттеу орталықтары құрылған болатын [5, 8].
Институттардың ашылуы бір-бірімен етене байланысып, Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына үлкен септігін тигізді. Себебі ол кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығы тоқырауда болды. Ұлы отан соғысы жылдары барлық өнімдер майданға арналды, ал соғыстан кейінгі ауылдың жағдайы мүшкіл еді. 1947-1948 жж. ауылдық жерлерде жұмысшы қолының жетіспеуі немесе техникалық жетіспеушіліктер орын алды. Егістік аймақтарда тек қол еңбегі өнімі болғандықтан жұмыс өнбеді. Кейбір аймақтарда ғана кәрістерді көшіріп әкелгеніне байланысты күріш алқаптары болды. Егіс алқаптары тек 1952-54 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көбейіп, ауыл аймақтарындағы халық нанға сол кезден кейін ғана тоя бастады. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстары әрі қарай ауыл шаруашылығы, халық шаруашылығын жақсарту негізінде өрбіді [6, 91] .
Ғылым Академиясының жаңа ғылыми-зерттеу орталықтарының ашылуы еліміздің ғылымы мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне ерекше әсер ете бастады. Десек те, республикамыздың мұндай жетістіктерімен қатар академияның жанындағы қоғамдық ғылым бөлімдерінің зерттеу жұмыстары сынға ұшырап, басына қара бұлт үйірілді. 40 жылдардың соңы мен 50 жылдардың басындағы қоғамдық саяси өмір Қазақ КСР ҒА-ның 200-ге жуық қызметкерлерін жұмыстан шығарып, айыптап үлгерді. Оның ішінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті қызметінде болған Қ. Сатпаевқа жүктелген міндет тарихи шындықты өткен кезеңнің басты оқиғалары ретінде дәлелді жазғандары үшін қудалауға ұшыраған қазақ зиялылардың екінші тобын жұмыстан қуу еді. Негізсіз айыптаудан бас тартқан Қаныш Сатпаев та осы қудалаудың жолына түсіп кетеді [7,11].
Қаныш Имантайұлы Сатпаев қазақ ғылымының жанашыры болды. Ол Ғылым академиясының басшылығында болған кезінде ғылымға байланысты әр саланы мұқият қарап, оны орындалуын қадағалап отырды. Мысалы, 1950 ж. №134 хат бойынша Қазақстан КП(б) ОК хатшысы Ж. Шаяхметовке «Абай Құнанбаевты мәңгілік есте қалдыру» туралы Ұлы ақынның 1954 ж. өлгеніне 50 жыл толуына байланысты Абайдың кітаптары сұраныста екенін, қалған шығармаларын да шығару керектігін айтып, еске алу шараларын өткізуді күн тәртібіне кіргізу керектігін дәлелдеп, іске асырды. Бұл өз елінің тұлғаларын дәріптеп, олардың еңбегін елге таныстыру ісіндегі ғалымның атқарған қызметі еді [8,6].
1958 жылы Қаныш Имантайұлы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бесінші сессиясының депутаты болып сайланды. 1959 жылы КОКП XXI съезінде делегат, 1961 жылы – КОКП XXII съезінде делегат, КСРО ҒА Президиумының мүшесі болып сайланады. 1962 жылы Сәтбаев Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңесінің алтыншы шақырылған сессиясында депутат
және төраға орынбасары болып сайланады. 1963 жылы Қаныш Имантайұлы геология ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Ленин орденімен 4-ші рет марапатталды[9, 24].
Қ.И. Сатпаевтың құнды да бай дәлелдерінің арқасында ашылған Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелерінде 1961 ж. Қазақ КСР ҒА 39 академигі, 34 корреспондент мүшесі, 87 ғылым докторы және 536 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан бері, яғни 1946-1960 жылдары аралығында 82 ғылым докторы мен 800-ден астам ғылым кандидаты қорғап шықты. 1970 ж. Қазақ КСР ҒА ғылыми мекемелерінде 114 ғылым докторлары, 1060 ғылым кандидаттары қызмет атқарды. Бұл көрсеткіш 1946 жылмен салыстырғанда ғылым орталығында академиктер 4 есе, корреспонденттар 4 есе, ғылым докторлары 2 есе, ғылым кандидаттары 5,9 есеге өскендігін көрсетеді.Қазақ КСР ҒА құрылғаннан кейінгі көрсеткіш бойынша ғылыми зерттеу мекемелердегі қызметкерлердің көбісі қазақтар болды [10, 47].
Заман талабына сай Қазақ КСР Ғылым академиясының ашқан жаңалықтары мен табысы Қазақстандағы ғылымның дамуына орасан зор ықпал етті. Сонымен қатар негізгі қаржының жартысынан көбі ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде қара және түсті металлургияны, химия мен отын өнеркәсіптерін, энергетиканы жедел дамытуға бағытталды. Осындай тапсырмалармен тығыз байланыста болған ғылым академиясы Кеңес Одағының негізгі ғылыми зерттеу мекемелерімен байланысып, келісіп отырды. Осындай қарқынды жұмыстардың нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым академиясының геологтары, металлургтері, энергетика саласының мамандары, кеншілері, химиктері, тарихшылары мен тілшілері, экономистері өздерінің ғылыми жұмыстарын халық шаруашы- лығының мамандарымен бірлесе отырып жүргізді. Нәтижесінде сол кездегі басты сыйлықтар Ленин және Сталин атындағы марапаттаулармен немесе еңбегі сіңген ғылым қайраткері деген атақтар алды. Бұл Ғылым академиясының табанды еңбегі мен жетістіктерінің көрсеткіші еді [11,20].
Қазақтың көрнекті ғалымдарының бірі Қ.И. Сатпаевтың Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесі зор. Мәселен, Қарағандыда металлургиялық зауыттың өмірге келуі, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін игеру, және Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді. Сондықтан Қ.И. Сатпаев сияқты Ұлы тұлғалар бастаған ғылым саласы өз болашағын еш жоғалтпақ емес. Бүгінде Қазақ КСР Ғылым академиясы болып құрылған Ғылым ордасы өсіп, өркендеп, мұнда дайындалған ғалымдар көптеген ғылыми жаңалықтарымен еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Қазақ КСР Ғылым академиясының тарихына байланысты құжаттар «Ғылым ордасы» ведомстволық мұрағатының қорларында сақтаулы. «Қазақ КСР Ғылым академиясы » атты 2 қорында Ғылым академиясының тарихына байланысты барлық құжаттар бар және бүгінде бұл құжаттар өз құндылықтарын жоғалтқан емес.
33. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан: қиыншылықтар мен келеңсіздіктер (1946-1953 жж.).
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан: қиыншылықтар мен келеңсіздіктер (1946-1953 жж.).
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды: -Төлқұжаттары болмады.
-Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары: 1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
34 Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер: саяси құрбандарды ақтау (1954 ж. - 1960 жж.).


Кеңес өкіметі мен КОКПОК 1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқығын кеңейтуге бағытталған шаралардың тұтас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жүзінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т.б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай, саяси басқаша ойлауда қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси қудалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ. Оған мысал - Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мүғалімі, майдангер, жоғары білімді маман М.Елікбаевтың тағдыры. Ол Н.С.Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бұзу, ұлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылыктар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы оқылыктар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мемлекеттік кауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің қуғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан өрі бағынбаған мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапты, ол аштык жариялаған кезде, түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің деректері бойынша психиқалық емдеу жолымен елде 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» жазаланды. 50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жөнінде заңды сұрақ туындайды. Негізгі себептердің бірі-саясатта ғылыми негізделген болжамның жоқтығы. Н.С.Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мөдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының әсері де тиді. Оқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шыққан құбылыстарын ғана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын қалған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау женіндегі қиял да ықпал етті. Бұған Н.С.Хрущевтің социализмнің толық жеңісіне жетуін жариялап, «коммунистік коғам құрылысын кең келемде бастауды» ұсынған КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел болады. Теориялық проблемаларға өрескел, жалған, тұрпайы көзқарас XXII съезде қабылданған КОКП-нің Үшінші бағдарламасынан да байқалады. Болъшевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында Мустафа Шоқай, Смагул Сәдуақасов т.б. айтқан еді. Өкінішке карай Қазақстан Мәскеу шенеуніктері қабылдаған шешімдерден шыға алмады. Басталған саяси реформалар әкімшілдік жуйенің экономикалық базасын өзгерте алмады. 50-жылдардың басында дүние жүзі елдері бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік қауымдастық КСРО-мен, яғни оның құрамындағы Қазақстанмен де интеграциялык байланысқа түсті. Бүл кезде кеңес мемлекетінің сыртқы саясат саласындағы қызметі жаңа серпін алды. Халықаралық шиеленістін бәсеңдеуі КСРО-ның халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісінде біраз бастамалар кетеруіне жағдай жасады. Қазақстанның индустриялық дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметтік-таптық құрылымында терең езгерістер болуымен қатар жүрді. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жұмысшылар, шаруалар, зиялылар үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. Мұндай әлеуметтік құрылым Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтар мен ұлттарға тән болды. 50-жылдардағы Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, үйғырлар, татарлар өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген еңбек ұжымдары құрамы жағынан көп ұлтты ұжымдарға айналды. Әр түрлі ұсак ұлттарға қатысты жіберілген әділетсіздік соңына дейін жойылған жоқ. 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың көтеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн-дай адам келді. Сонымен бірге бұл жылдары жұмысшы күшін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және транспорттағы (көліктегі) жұмыстарға тарту жөнінде кең келемді жүмыс жалғастырылды. 1954-1965 жылдары Қазақстан халқына 0,5 млн адам қосылды. Одан кейінгі мерзімде бұл бағыт жалғаса берді. Мұның бәрі жергілікті халық пен басқа халықтардың саны үлес салмағының арасындағы алшақтыққа әкелді. 1962 жылы қазақтар республика халқының 29%-ын құрады, ал 1897 жылы қазақ ұлты елдің 85%-ы еді. Бұл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктерінің деңгейіне, ана тілінің жағдайына кері әсер етті.
35 Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі: ұлттық мәселелердің ушығуы (1970-1980 жж.)

. ХХ ғ. 70-80-жылдары республиканың қоғамдық-саяси өмірі күрделі қалыптасты. КОКП-ның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынастарға да әсерін тигізді. Брежневтік басшылық ешқандай проблема жоқ деп санады. Ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады. Нақ осы кезеңде ұлт мәселесіндегі проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды. 1922 ж. федералдық мемлекет ретінде құрылған КСРО - унитарлық мемлекетке айналып кетті. Оның құрамындағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін өзі билеуі жоғалды. КСРО-дан еркін шығу құқы болғанымен бірде-бір халық оны пайдалана алмады. Ұлттық проблеманы тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады. Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды. Түрі ұлттық мәдениет, оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды. 70-80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Қоғамдық-саяси өмірде европоцентризм басым еді. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Біздің тарихымыздың негізгі бөлігі болып табылатын көшпелілік өркениеті мен шығыс мәдениетін жоқ қылды, адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға мәжбүр етті. Мұның керісінше Кеңес дәуірінің тарихы барынша дәріптелді. Ресми органдар мен насихат қазақ халқының тарихы 1917 ж. басталады деп сендірді. Шұғыл интернационалдандыру, ұлттық мүдделерді есепке алмай бюрократтық және күштеп қудалау әдістерімен біртұтас совет халқының қалыптасуын шапшаңдатуға тырысу ұлт саясатында өрескел ағаттықтар мен елеулі қателіктер жіберуге әкеліп соқтырды. Ал шынайы интернационализм “өз” ұлтыңның да және басқа ұлттардың да ұлттық мүдделерін түсініп, мойындамайынша мүмкін емес еді. Ұлтшылдық ең алдымен ұлттық мүдделерді кемсітуден пайда болады. Қазақстанда тіл саясатында да кемсітушілік орын алды. Орыс тілін республикада қазақтардың 60%-і меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1%–нен де азы меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95% орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70% эфирге орыс тілінде шықты. Бұрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді. Ұлт саясатындағы бұрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдандырылуы, еркін ой-пікір айтуға өкіметтің төзбеушілігі, әсіресе, зиялылар арасында наразылық туғызды. Ол түрліше көрінді. Студенттер, шығармашылық және ғылыми интеллигенция арасында республиканы орыстандыру саясаты айыпталды, қазақ тілінің жағдайына, республиканың егемендік құқының жоқтығына алаңдаушылық білдірілді. Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды. Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тиым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия институтының авторлар ұжымы даярлаған “Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы” деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог О.Исмағұловтың “Қазақстанның этностық геногеографиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. Авторға методологиялық қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заманмен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек бұл айыптың бәрі алынып тасталды. 1979 жылы жазда Ақмолада болған оқиға ұлттық қатынастардағы ұлғая түскен қарама-қайшылықтардың көрінісі еді. Ол ұлттық қатынасты түпкілікті халықтың мүдделерін есепке алмай орталықтың әміршілдік әдіспен реттеуінің мезгілі өткенін көрсетті. Қазақстанда 1979 жылы неміс автономиясын құру әрекеті және оған қазақ тұрғындарының қарсы шығуы республиканың саяси тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім 1979 жылы көктемде КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мәжілісінде республиканың үкіметі мен Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз қабылданды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда, қазақ жерінің қақ ортасынан неміс автономиялық облысын ашу туралы шешім қабылдауға КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ю.Андропов мұрындық болған көрінеді. Бұл автономиялы облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы жасалмақ болып белгіленді. Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Маусымның 16 күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қатарындағы қазақ жастары қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясы болмасын!” және басқа ұрандар жазылған транспоранттар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. 19 маусымда Ақмолада тағы бір демонстрация болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Демонстрацияға қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Ақмоладан кейін шағын митингілер мен демонстрациялар Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті. КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының бұл шешіміне республикада тұратын немістердің өздері де қарсы болды. Олар “Қазақстаннан шаңырақ сұрағанымыз жоқ, кеңес немістерінің ту тікпек жері Еділ бойы, автономия алсақ, о бастағы “ата” қоныстан ірге көтереміз”, - деп отырып алды. Бұл жерде еске салып кететін жағдай: бұрын Волга бойында, нақтырақ айтсақ Ресейдің Волгоград және Саратов облыстарының аумағында неміс автономиялық облысы бар болатын. Ол 1941 жылы Гитлерлік Германия әскерлері КСРО-ға басып кіргеннен кейін Кеңес үкіметінің шешімімен таратылып, оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне жер аударылған еді. Республика халқының наразылығының нәтижесінде орталық өз шешімін өзгертуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру жөніндегі шешім іске аспай қалды. Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп жүргізілді (бұл тоқырау заманы үшін болмаған оқиға) және тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республиканың басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті демонстрация туралы хабардың кең тарап кетпеуі үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Баспасөз беттерінде бұл оқиғалар туралы ештеңе жазылған жоқ. Осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірілді. Сырдария және Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге басымдық беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, Арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті. Айналадағы табиғи орта тепе-теңдігінің бұзылуы халықтың тұрмыс жағдайы мен денсаулығына қатер төндірді. Адам өлімі, әсіресе, балалардың шетінеуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-і әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Бұл экологиялық апат іс жүзінде ұлттың генетикалық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселе көтеруге мәжбүр етті, өйткені Арал аймағы негізінен республиканың байырғы халқы - қазақтар мекендейтін аудан. Осындай ауыр жағдай Семей өңірінде де орын алды. Семей және басқа полигондарда барлығы 500-ден аса ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген зияны мен зардабы туралы ондаған жылдар бойы айтылмады. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радиацияның сәулесіне ұшырады, әсіресе, онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты. 1975-1985 жж. бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті, бала туу азайғаны, жынданып ауру және өзін-өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда Республика территориясында 27 жерде қуаты әртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Бұндай жарылыстар, әсіресе, Атырау облысында көбірек болды, мұнда жаппай қырып-жоятын қарудың 17-сі сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында жүргізілді. 70-80-ші жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді. Ауыл-село тұрғындарының тұрмысына теледидар, радио, баспасөз, кино бұрынғыдан көбірек ене бастады. Қазақстанның село зиялыларының мәдени дәрежесі сан және сапа жағынан едәуір өсумен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді. 1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Қазақстанда теледидардың 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ теледидар бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді. 1976 жылдың аяғында 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті. Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты. Мысалы, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 млн. 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 млн. 266,1 мың бала оқыды. Мектептің оқу ісінің алдына 70-ші жылдары жаппай орта білім беру міндеті қойылды. 1984 ж. балаларды алты жастан бастап оқытуға көшу, еңбекпен ұштастыра оқыту үшін оқу-материалдық база жасау, оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосу жөніндегі мектеп реформасы басталды. Бірақ, осымен бірге мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер де орын алды. Мектептерге партиялық әмір күшейе түсті. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырудың үстіне жалпы көрсеткішті қуалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайды қарауы қосылды. Ұлттық мектептерді қысқарту тенденциясы күшейіп, орыс мектептерінің саны көбейді. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы, саясат пен идеологиядағы бұрмалаулардың көрінісі еді. 1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студенттер 160 мамандық бойынша әзірленді. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді. ХХ ғ. 70-80 жж. қазақ әдебиеті І. Есенберлиннің, Ә.Нұршайықовтың, М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, О. Сүлейменовтың, М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкеевтің және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің, Н.Тлендиевтің, Ә.Еспаевтың, І.Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. “Ботагөз”, ”Аққан жұлдыз”, “Менің атым Қожа”, “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”, “Бейбарыс сұлтан” кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Қазақ киносының табыстары көбінше артистер Н.Жантуриннің, Ы.Ноғайбаевтың, А.Әшімовтың, Ә.Боранбаевтың, режиссерлар Ш.Аймановтың, М.Бегалиннің, С.Ходжиковтың, А.Қарсақпаевтың, Т.Теменовтың және басқалардың шығармашылық қызметтерімен байланысты. Ә.Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, Р.Жаманова, Р.Бағланова, Р.Рымбаева т.б. жалғастырып байыта түсті. 70-80-ші жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. Республика Ғылым Академиясының бірсыпыра ғылыми зерттеулерін дүние жүзі таныды. 1976 жылы биолог ғалым М.Ә.Айтхожин генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда және Орал-Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс-Қарағанды каналын салуға, егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті. Осы жылдары бес томдық “Қазақ КСР тарихы”, он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі”, он бір томдық “Қазақстанның металлогениясы”, тоғыз кітаптан тұратын “Қазақстанның сүт қоректілері”, тоғыз томдық “Қазақстанның өсімдіктері” және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді. Әл-Фарабидің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп басылып шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға болды. Алайда Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да болды. Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып келді. Академиялық, жоғары оқу орындарындағы және салалық ғылымды нашар ұштастыру көп тақырыптылыққа, ғылыми күштердің шашырап кетуіне, олардың аса маңызды бағыттарды зерттеуге тиісінше шоғырландырылмауына, ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауына әкеп соқты. Ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт төмендеді. Мысалы, 1985 жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді. Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі елде құрылған ғылыми-өндірістік комплекстердің құрамына кіре алмады. Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізбей қоймады. Мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны “қалдықты” принцип бойынша бөлу республика мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің теріс әсерін тигізді. Сонымен, тоқырау өмірдің барлық салаларында: қоғамдық-саяси өмірде, идеологияда, мәдениетте, адамдар арасындағы қарым-қатынаста және т.б. орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, 70-ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдардың бас кезінде бұл жағдай барған сайын өрши түсті.
36. Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның салдары.

. тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.
37. Қазақстанның 1950-1960 жж. әлеуметтік-экономикалық реформалары.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді.
Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.
1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару
2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері
1957 жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.
Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.
Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
Ауыл шаруашылығы
1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады
1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Экономика
КОКП Орталық Комитетінің 1965ж. наурызда, қыркүйекте, қазанда өткен пленумдары өнеркәсіпке басшылықты жақсарту, жоспарлауды ынталандыруды жетілдіру шараларын белгіледі. Осыған байланысты кәсіпорындар мен салаларда шаруашылық есепті жүргізудің аясын кеңейту көзделді, кәсіпорындардың қызметін шектен тыс шектеу жойылды, олардың шаруашылықты жүргізу дербестігі кеңейтілді, пайда, баға, сыйлық, несие сияқты аса маңызды экономикалық тіректер тиімді пайдаланылды. Неғұрлым жоғары жоспарлы тапсырма алуға, өндірістік қорларды, жұмысшы күшін, материалдық және ақша ресурстардың толық пайдалануға, өндіріс техникасын жетілдіруге және өнімдердің сапасын жақсартуға деген қызметкерлер мен коллективтердің материалдық ынтасы артты. 1960-ж. ақырында жоспарлау мен материалдық ынталандырудың жаңа жүйесіне республикада 1467 өнеркәсіп кәсіпорыны, яғни олардың жалпы санының 80 проценттен астамы өтті. Шаруашылық реформасы республиканың экономикалық дамуына белгілі дәрежеде қозғау салды. Бірақ реформаны жүзеге асырудың алғашқы қадамынан бастап-ақ жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа принциптерінің артықшылықтары, мүмкіндіктері толық пайдаланылмады. Басқарудың жаңа құрылған экономикалық жүйесі бірте-бірте өз позициясынан айрыла берді (жоспарларға түзету енгізу жиіледі, кәсіпорындардың құқы шектелді, орталықтың өктемдігі күшейді және т.б.) Реформа бір жағынан нақты жұмысшы орнына жетпей, екінші жағынан басқарудың сатылы буындарына соқпай кәсіпорындардың дәрежесінде тоқтап қалған сияқты болды. Реформаны тереңдетуге жасалған талпыныстар экономикалық экспериментке айналды.
1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проц.жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдыңтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығың жалпы өнімі 52 проц.артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі жәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қаламынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Осының салдарынан 70-жылдардың басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.
Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі – мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.
70-ж басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.
38 С.Сейфуллин атындағы КазАТУ-нің тарихы.
Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық ЖОО, Астана қаласының бірінші жоғары оқу орны.
Солтүстік Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру кезінде ауыл шаруашылығы саласында мамандар қажет болғандықтан осы оқу мекемесі ашылды. Солтүстік және орталық Қазақстан облыстарына ауыл шаруашылығы өндірісі үшін мамандарды кеңінен дайындау мақсатында КСРО Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 3 қазандағы Қаулысы және СССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1957 жылғы 9 қазандағы бұйрығы бойынша Ақмола ауыл шаруашылығы институты келесі факультеттерімен құрылды: агрономиялық, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру.
Университет тарихы – бұл бір-бірін рет-ретімен алмастырған қалыптасу кезеңдері мен динамикалық дамудан тұрады. Алғашқыда үш факультеттен құрылған институт зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар елдің ғылыми және оқу орталығы болып қалыптасты.
1 кезең. 1957 - 1981 жж.
2 кезең. 1982 - 1990 жж.
3 кезең. 1991 - 2000 жж.
4 кезең. 2001 - 2011 жж.
5 кезең. 2012 ж. – осы уақытқа дейін.
2012 жылдан бастап Қазақ агротехникалық университетінің дамудағы негізгі басым қызметі - ғылым болды. Университеттің стратегиялық мақсаты: ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи зерттеу университетіне кезең-кезеңімен көшу.
2013 жылда 23 мамырында шетел инвесторларының Пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғаш рет ҚАТУ қабырғасында «Назарбаев Университеті» үлгісі бойынша ауыл шаруашылығы саласында халықаралық деңгейдегі зерттеу университетін қалыптастыруға ұсыныс берген еді. Сол уақыттан бастап ҚАТУ-ды реформалау жұмыстары басталып кетті.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Қазақстан Республикасының 2015 - 2019 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобалары үшін кадрларды дайындайтын елдегі 10 базалық ЖОО қатарына кіреді. Қазақ агротехникалық университетінің басым секторлары болып «Ауыл шаруашылығы машина жасау», «Тағам өнімдерін өндіру» анықталған.
Әр түрлі жылдардағы университет атауы
1957 ж.- Ақмола ауылшаруашылығы институты негізін қалады.
(КСРО Министрлер Кеңесінің №1176 Қаулысы 3.10.1957 ж.);
1961 ж. - институт қаланың жаңа атауына өзгеруіне байланысты Целиноград ауылшаруашылығы институты болып атауы өзгертілді. (КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы ... 15.05.1961 ж.);
1996 ж.- институт Ақмола аграрлық университеті болып қайта құрылып, оған Сәкен Сейфуллин аты берілді. (ҚР Үкіметінің №573 Қаулысы 7.05.1996 ж.);
2001 ж.- университетке С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті мәртебесі берілді (ҚР Үкіметінің №821 Қаулысы 15.06.2001 ж.);
2004 ж.- ҚР Үкіметінің Қаулысы (№829 3.08.2004ж.) негізінде «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды;
2007 ж.- университет «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Акционерлік қоғамы ретінде қайта құрылды. (ҚР Үкіметінің №409 Қаулысы 22.05. 2007 ж.).
Факультеттер құрылған жылдары
Агрономиялық факультет - 1957 ж.
Жерге орналастыру факультеті - 1957 ж.
Техникалық факультет - 1957 ж.
Сырттай оқыту факультеті - 1959 ж.
Экономикалық факультет - 1960 ж.
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті – 1964 ж.
Архитектуралық факультет - 1965 ж.
Энергетикалық факультет - 1965 ж.
Әскери кафедра – 1965 ж.
Компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультеті - 1985 ж.
Қазіргі уақытта университетте 44 кафедра жұмыс істейді. Сегіз факультетте он мыңнан астам студент бакалавриаттың 37 мамандығы, магистратура 31 мамандық және PhD докторантура 9 мамандық бойынша оқытылады.
Білім беру үдерісі 889 оқытушылармен жүргізілсе, олардың ішінде 83 ғылым докторы және 376 ғылым кандидаттары мен 18 РhD докторды құрайды. Профессорлы-оқытушылық құрамның ғылыми дәрежелілігі 53% құрайды.
39. Ж.А.Тәшеновтың саяси қызметі және оның Қазақстан тарихында алатын орны.
ХХ ғасырдың 20-жылдары Мәскеудің ұйғаруымен Қазақстанның құрамынан Қарақалпақ АКСР-і алынып, Өзбекстанның құрамына қосылғаны мәлім. Осы кезде қарақалпақ халқының тілі мен салт-дәстүрінің өзбектен гөрі қазаққа жақындығы, халықтың мақсат-мүддесі, қарақалпақ зиялыларының жоғарыға бірнеше рет жазған хаттары, ондағы талап-тілектер мүлдем ескерілмеді. Қазақстанның жері онсыз да көлемді, басқару қиынға соғады деген сылтау айтылды. Осы аздай 50–60-жылдары орталық басшылықтың мүддесіне сай Қазақстанның жерін тағы да бөлшектеу әрекеті басталды. Міне, дәл осы кезде қарақан басының қамынан гөрі ұлттық мүддені жоғары қоя білетін Жұмабек Ахметұлы сынды шыншыл қайраткер бұл саясатқа бірнеше рет қасарыса қарсы тұрды.
Ол 1915 жылы Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бабатай ауылында дүниеге келген. Ақмола құрылыс техникумын аяқтаған соң бірден көптеген қызметтерді атқарып, ел дамуына үлес қосты. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында төрағалық қызметтер атқарды. 1955 –1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, 1960– 1961 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Осы қызметте жүргенде Н.С.Хрущевке қарсы шығып, қызметі төмендетіліп, 1961–1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
Ж.Тәшенов 1954-1956 жылдары қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын Өзбекстанға беруге қарсылық білдірді. Қазақстан-Өзбекстан шекарасы 1924-1925 жылдары межеленген соң осы екі ел арасындағы шекара мәселесі 20-50-жылдары 5-6 рет көтеріліп, сонша комиссия жұмыс істепті. Біріне өзбектер риза болмаса, келесісіне қазақтар келіспеген. Үшіншісін Мәскеу бекітпеген. Үш тараптың мүддесі бір арнаға құйылмаған. Өзбектердің негіздемесінде, бұл аудандарға қазақтар Ташкент арқылы өтетіндігі айтылып, оның үстіне мақта мол шығатын аудандардың басшылығын бір қолға беріп, еңбек өнімділігі мен басқаруды қолайлы ету керек деп көрсетілді. Сөйтіп бүкіл КСРО-ның тұралаған экономикасын көтеруді желеу еткен ала тақиялы ағайындар оңтүстік аудандарды Өзбекстанға қосып, өз жерлерін кеңейте беруді көздеді. Ал қазақтар болса, бұл ежелден өздерінің атамекені екенін алға тартып, ол жерлердің Қазақстанға да керектігін дәлелдеп бақты. Міне, осы кезде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы Жұмабек Тәшеновтің төрағалығымен (мүшелері: М.Бейсебаев, С. Дәуленов, Х. Арыстанбеков, А.Морозов, В.Голосов, В. Шереметьев) арнаулы комиссия құрылады. Ол комиссия: “Өзбек ССР-іне Мақтарал ауданының кейбір бөліктерін беруге келісеміз, ал Үкіметтің Бостандық ауданын беру туралы өтінішін негізсіз деп санаймыз” деген шешім шығарады. Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Л.Брежневке жіберіледі. Л.Брежнев басқарған Орталық Комитет: “Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін” деген қаулы қабылдайды.
Еліміздің солтүстік облыстарын Ресейге қосу туралы мәселе көтерілгенде Жұмабек Ахметұлы үнсіз отыра алмады. 1953 жылы 5 наурызда КСРО-ны 31 жылдай басқарған И.В.Сталиннің қайтыс болғаны мәлім. Оның орнына Г. М. Маленко́в (1902 – 1988) КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып сайланады (1953 — 1955). Шын мәнінде ол Кеңес мемлекетіне 1953 жылдың наурыз-қыркүйек айларында ғана басшылық жасайды. Өйткені 1953 жылғы 7 қыркүйекте Н.С.Хрущев (1894–1971) КСРО Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Оның жеке басқа табынуға қарсы оңды әрекеттерге барғаны, ғарышты игеруде недәуір табыстарға қол жеткізгені, ол билік құрған заманның «жылымық» деп аталғаны мәлім.
Осы Хрущев басқарған КСРО коммунистері еліміздің солтүстіктегі 5 облысын (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) біріктіріп, «Тың өлкесі» деген аймақ құрып, орталығына Ақмоланы (Целиноград) белгілеп, оны Ресейге қосуды жоспарлайды. Өлкенің басшылығына Орталықтан Т.И. Соколов деген өз адамын жібереді. Ол әлгі аталған Тың өлкесін Ресейге қосуға бейімдеп, Қазақстан басшылығына бағынудан бас тарта бастайды. Мұны сезген Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж. Тәшенов 1960 жылы күзде Целиноградқа шұғыл түрде ұшып келіп, мәселені дереу шешеді. Ол республикалық Жоспарлау комитетіне келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді әдейі бермей, бассыздық жасағаны үшін Соколовты қызметінен босатып, 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін және Тың өлкесі ешқашан Ресейге берілмейтінін қадап тұрып айтады.
Халық, ел намысын биік қойған Ж. Тәшенов Қазақстанның бес облысының берілмейтінін ашық түрде мәлімдеген.
Ж.Тәшеновтің қазақ мемлекетінің, елі мен жерінің тұтастығын сақтау жолындағы күресінен басқа қазақ қоғамын өркендету мен ұлттың рухын көтеру, абыройын асқақтату жолындағы айрықша еңбегі мен жанкешті қызметіне мынадай істері де куә екендігін айта аламыз.
40. Б.Момышұлы – дара тұлға.
•Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан
•Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат.
• Бауыржан Момышұлы – соғысты өз көзімен көрген жазушы. Ол – суреткер. Батыр Бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың бел ортасында өзі болғандықтан автор әнгімені өз атынан айтады. Ол сырт бақылаушы емес, белсенді қатысушы.
•Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені – осының бәрі Баукең шығарған қанатты сөздердің қайнар бұлағы. Баукеңнің нақыл сөздеріне айналған, оның басынан кешкен жайттары ғана емес, өмірден көріп білгені, көкірек-көңіліне түйгені, жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой-пікірлері.
•Батырдың өсиет сөздерінің көбі Ұлы Отан соғысы кезінде орыс тілінде жазылған, себебі бүкіл Совет Армиясының командирлеріне арналған. Қазіргі уақытта бұл өсиеттер екі тілде де қолданысқа ие. Батырдың артына қалдырған өсиет сөздерін топтай келе, тақырып жағынан ауқымы кең екендігіне көз жеткізуге болады «Елім» деп еңірген ер ұлт, Отан, өмір, батылдық, тіл тағдыры, еңбек, оқу-білім т.б. тақырыптарда өзінің дара, дана ойын жеткізуге тырысқан. Осы өсиет сөздерінің ішінде көбірек қалам тербегені қолбасшылық, сардарлық, әскери борыш жайында жазылған афоризмдері екен.
•Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады .
•Ұлы Отан соғысы жылдарында екі қазақ қана дивизия басқарған. Оның біріншісі Бауыржан Момышұлы болса, екіншісі Әбілқайыр Баймолдин. 1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадысы командирінің орынбасары қызметін атқарады.
•Бауыржан соғыс уақытында "Серігім", "Жазушыға", "Қалыбек аға", "Біреулерге", "Омарбекке", "Жардың мұңы", "Ғ-ға", "Ана тілін ардақта", "Досыма", "Толғау" атты өлеңдер жазған.

•1952-1956 жылы "Офицердің күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья" деген алғашқы кітаптары жарық көрді.

41. Ғылым мен мәдениеттің 1946-1980 жж. дамуы.


•Соғыстан кейінгі уақытта мәдениет, еліміздің рухани жағдайы қатал сталиндік идеологияның қыспағында болды. Тоталитарлық режим бұл саланы өз дегенімен басқарып отырды.
•Ғылым. Халық шаруашылығын қалпына келтіру барысында негізгі қажеттіліктердің бірі ғылыми-зерттеу жұмыстары болды. 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды. Ғылым академиясының алғашқы президенті болып ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Қазақ КСР Ғылым академиясының жұмысын ұйымдастыру бағытында С. И. Вавилов, И. П. Бардин, А. М. Панкратова сияқты КСРО Ғылым академиясының белгілі ғалымдары көп еңбек сіңірді. Құрылған күннен бастап Қазақ КСР Ғылым академиясы көптеген аса күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1946–1949 жылдар аралығында Ғылым академиясы 900-дей жаңалық ашты.
•1950 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрамында 50 ғылыми-зерттеу мекеме жұмыс істеді. Ғылым академиясының 19 ғылыми-зерттеу институтында 500 аспирант оқыды.
•Әдебиет. Қазақ әдебиетінің соғыстан кейінгі жағдайы нашар болмады. Бірақ сталиндік идеология әдебиеттің дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясының екі кітабын аяқтады.
•1949 жылы «Абай жолы» роман эпопеясы үшін ол мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл туынды – қазақ әдебиетінің аса үлкен жетістігі.
•Соғыстан кейінгі жылдарда Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», С. Мұқановтың «Сырдария», М. Иманжановтың «Алғашқы айлар» романдары, Қ. Бекхожин мен Ғ. Ормановтың, А. Тоқмағанбетов пен Т. Жароковтың, Ә. Тәжібаевтың өлеңдер жинақтары жарық көрді.
•Соғыстан кейінгі жылдарда сталиндік тоталитарлық жүйе ғылым мен мәдениеттің дамуына белгілі мөлшерде кедергі жасады. Мысалы, коммунистік партияның қатал идеологиясы қоғамдық ғылымдарға қатты қыспақ көрсетті.
•Қазақстан партия комитеті БК (б) П Орталық Комитетінің 1946 жылғы зиялы қауымды саяси қудалауға арналған қаулысын орындау мақсатында жұмыс істеді. Осыдан бастап көптеген зиялы қауымдардың, ғылым, мәдениет өкілдерінің саяси қудалауы басталды. 1947 жылы коммунистік партия Қазақ КСР Ғылым академиясыныңқұрамындағы Тіл және әдебиет институтына XIX ғасырға дейінгі қазақ әдебиетінің рухани мұрасын зерттеуге тыйым салды. Себебі бұл кездің мұралары «ескінің қалдығы» ретінде сипатталды. Қазақ КСР Ғылым академиясында, Мемлекеттік университетте, жазушылар қауымы өкілдері ішінен «халық жауларын», «бөгде ойлы адамдарды» іздеді.
•М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Қ. Жұмалиев, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан сияқты қазақстанның біртуар ұлдарына «ескіні жазушылар» ретінде негізсіз айыптар тағыла бастады. Белгілі ғалымдарға (А. Жұбанов, Б. Сүлейменов, Е. Ысмаилов, С. Кеңесбаев т. б.) әр түрлі жала жабылды. М. Әуезов, Қ. Сәтбаев сияқты ғалымдар біраз уақыт бойы қазақстаннан тыс жерлерді (Ленинград, Москва) мекендеді.
42. Қазақстан жерінде ядролық сынақтардың ауыр салдары
•Қазақстан полигондары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.
•Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы.
•Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.
•Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан халқының денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке ауруына шалдыққандар саны (1995 жылғы деректер) – 1650-ге таяу, ақыл-ойы кемтарлар 4700-ге жетіпті. Ал 3700 адам жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Әсіресе, екі әйелдің бірінде тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың иммунитеттері нашарлығы байқала бастаған. Республика бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде – 59, әйелдерде – 62 жас болса, полигон аймағына жататын аудандарда ерлерде – 52-55, әйелдерде 58 жас күйінде қалып келеді.
•Сынықтан адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
•Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен сква-жиналардың түптері мен шығар ауыз¬дары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмапты да. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137», тағы басқалары.
43. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері (1970-1980 жж. ортасы)
«Тоқырау» кезеңіндегі Қазақстанның экономикасы.1970-85жж. Республиканың индустриялық әлеуеті өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40.8 млрд. сом жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3.1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6.5 есе, машина жасауда 4есе, отын өнеркәсібінде 3.8 есе өсті. 1000-дай өнеркәсіп газ өңдеу заводы, Шевченко пластмасса, Қарағанды резина-техника, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу заводтары.Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, т.б.
Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын сақтап қалды. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды.
1970-80жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік емес тауарлардың 60% Қазақстанға басқа республикалардан алынып келінді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының бір қалыпты дамымауына алып келді.
КОКП ОК (1965ж.) Пленумы талдап жасаған аграрлық реформа ауыл шаруашылығын интенсивті жолға түсірудің талпынысы болды. Ұлттық табысты аграрлық саланың пайдасына қарай қайта бөлу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылығын өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді.Республиканың ауыл шаруашылығы ірі инвестиция алды. 1971-78жж. Оған 58.2 млрд сом жұмсалды.
Демократияны шектеу, еңбек адамын меншік пен билікке жақындатпау, адамның қүқын аяқасты ету т.б. болатын кеңес қоғамының саяси жүйесіне тән белгілер, міне, осындай. Жаттандық пен қасандыққа бой ұру демократиялық институттардың қатып-семуіне және формалді сипат алуына әкеп соқты. Қалыптасқан жағдай Кеңестердің демократиялык, ішкі мүмкіндіктерінің тынысын тарылтып, адымын ашқызбауға айналды. 1970-1980 жылдары жетекші органдар тарапынан Кеңестер жұмысын жақсарту жөнінде ондаған қүжаттар қабылданғанымен, оң өзгерістер болған жоқ және болуы да мүмкін емес еді. «Мемлекеттендіру» процесі кәсіподақтарды, комсомолды және қоғамдық ұйымдарды да қамтыды. Қоғамдық ұйымдардың партиялық-мемлекеттік аппаратпен тұтасуы, олардың дербес негіздерін жоққа шығаруға әкеп тіреді.
44. Әлеуметтік мәселелердің күшеюі: тұрғын-үй, азық-түлік, тұрмыс саласындағы тіл мәселесі (1970-1980 жж. ортасы)
70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді.
1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.
1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.
1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.
1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді.
Өнеркәсіптің дамуы.
1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер:
1.Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.
3.Кәсіпорындар дербестігін арттыру.
4.Шаруашылық есепті дамыту.
5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.
Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:
- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді.
- Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.
- Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.
Өндіріс саласындағы кемшіліктер:
- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.
- Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген.
- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды.
- Кәсіпорындар құқы шектелді.
- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.
- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.
45. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экологиялық ахуалы.
Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурсын пайдалануға, радиация әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік-экономикалық проблема эпицентрі ретінде болып отыр. Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан территориясында бұрынғы Одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты. Сондай-ақ тазаланбаған өнеркәсіп қалдықтарының көптеп бөлінуі де үлкен экологиялық проблемалар туғызуда.
Сонымен қатар жер мен ландшафтардың деградацияға ұшырауы (республиканың 60%-нан астам жері шөлейттенуге ұшыраған), су ресурстарының жетіспеуі (сумен қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде соңғы орында), елдегі су айдындарының экологиялық мәселелері, елді мекендердегі атмосфералық ауа мен топырақтың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы да өзекті болып отыр.

46. Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері және республиканың экономикалық, қоғамдық-саяси өмipiндегі жаңа құбылыстар (1985-1990 жж.).


КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.
47. Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: шынайы себептері мен салдары.
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
48. Д.А. Қонаевтың өмірі мен қоғамдық–саяси қызметі.
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
•1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.
•1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
•1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
•1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
•1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
•1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
•1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
•1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

49 Қазақстан қоғамында демократиялық үрдістердің басталуы: саяси және қоғамдық ұйымдардың құрылуы (1985-1990 жж.)


80 жылдардфң аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
50.КСРО-ның ыдырауы жəне Қазақ КСР-дағы тəуелсіздікке деген ұмтылыстар(1990-1991жж) Қазақ КСР-ның "Мемлекетік егемендігі туралы Декларациясы"
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды
1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі келісімге қол қойды.Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.
Бұл талаптар негізінде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында 1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов, т. б. қатынасқан мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты.
Қазақстанның атынан Н. Ә. Назарбаев КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек деп ашық айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкін деп көрсетті. Республикалардың бұл ұсынысы 1991 жылғы 19 тамыздан кейінгі оқиғаның артынша тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады, бұрынғы бірыңғай одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері шешетін болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртқы және т. б. аса маңызды халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз уақиғасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның құрамдас бөлігі Қазақстан Компартиясы (1991 ж. Қыркүйек) тарихи аренадан кетті.
Өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, әділет, Сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті.
1991ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады.
Республиканың мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
1992 жылы 3 наурызда Қазақстан біріккен Ұлттар Ұйымына кірді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды.
51. Қазақстан республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру: «Ұлттық тәуелсіздік туралы» Заңның қабылдануы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды. «Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында былай жазылған: «1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді. 2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. 3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады».
Қ. Р тәуелсіздігін 10 жыл ішінде бірқатар табыстарға қол жеткізді. Атап айтқанда :Бұұ мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дербес,дипломатиялық байланыстар орнатты.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері.
2 сұрақ. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды.

52. Президент институты – тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.



Қазақстанның саяси жүйесіндегі прзидент және парламент инститтуттарының өзара қатынастары эволюциясы 06 Қыркүйек 2013 8701 0 Қазақстан мемлекетінің нысаны мен табиғатын анықтауда ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында еліміздің саяси лидері мен интеллектуалдық күштері алдында аса күрделі міндеттер тұрғаны белгілі. Ахуал сол кезеңде ел тағдыры үшін тым күрделі, қатерлі сипат алды. Коммунистік әлеуметтік-экономикалық формация, оның саяси және басқару жүйесі уақыт сынынан өте алмады. КСРО күйрегеннен кейін пайда болған жас мемлекеттік құрылымдардың ал¬дында енді өздерінің егеменді ұлттық мемлекетінің конституциялық архитек¬турасын анықтап, берік негізін қалау жауапкершілігі тұрды. Бізге бұл мәселеде жаңылысып, сүрініп-қабынуға, бұрынғы қателіктерді қайталауға болмайтын еді. Мемлекет құру мәселесінің бүкіл қиындығы мен қайшылығын ерекше сез-ген Н. Назарбаев сол тарихи да тағдырлы уақытта былай деп толғанды: «Қазіргі са¬рапшылар белгілі бір саяси режим жай¬ында баға бергенде, оның мойнындағы міндеттерді ескермей, баға беруге ты¬рысады. Ол мемлекетті қалыптастыру, бір экономикалық жүйеден екінші бір экономикалық жүйеге көшу, демократия¬лану процесін дамыту, әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту... Ұлттық жаңару, мемлекеттікті қалпына келтіру әрдайым оп-оңай жүзеге аса бермейді» [1]. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеті қалыптасуының саяси тарихында Н. Назар-баевтың жеке тұлға ретіндегі үздік рөлі, саяси қызметі тарихи-саяси тұрғыдан мойындалған, жан-жақты танылған, әділ бағаланған құбылыс. Ол қорытындылардың дұрыстығына және бүкіл халықтың қолдайтындығына биылғы жылғы Мемлекет басшысының 70 жасқа толуына байланысты қарапайым адамдардың, ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің өз бастамашылығымен баспасөз бетінде кеңінен жариялаған мақалаларынан тағы да көз жеткіздік. Ақиқатында екі – ХХ-ХХІ ғасырлардың түйіндісіндегі еліміз тағдыры үшін айрықша маңызды оқиғаларға қатысушы тұлғалардан Н. Назарбаевтың оқ бойы озық тұрғаны – даусыз құбылыс. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аса жауапты тарихи кезеңдегі мемлекет пен ұлт дамуының мүдделеріне, елдің тарихи, саяси, демократиялық, мәдени-тілдік дәстүрлеріне, әлеуметтік-таптық құрылымына, әлеуметтік-экономикалық деңгейіне сай өкілдіктері бар парламенттің формасын таңдау, оны конституциялық жолмен анықтау мисси¬ясы жауапкершілігін Н. Назарбаев өзіне алды. Елімізде жоғарғы өкілді заң шығарушы органның қалыптасып нығаюында да Қазақстан Республика-сының Президенті Н. Назарбаевтың орны бөлек. Қос палаталы кәсіби Парла¬мент пен парламентаризмнің теориялық тұжырымын жасап, оның бас саяси ар¬хитекторы Президент Н. Назарбаев бол¬ды. Және келешекте еліміздегі жоғарғы заң шығарушы органның беделінің артып, пәрменді өкілеттіке ие болуы Президенттің осы мәселедегі саясаты мен ұстанымына, көзқарасына тікелей байланысты. Н. Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылғы бүкілхалықтық ре¬ферендумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы саяси жүйенің жаңа архитектурасын қалыптастырды. Осы жылдан еліміз саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңі басталды. Ал еліміздің он бес жылғы конституциялық дамуы оның іргелі негіздерінің беріктігін, өміршеңдігін, оны құраушы институттық құрылымдардың міндеттері мен басқару мүмкіндіктерінің дұрыс анықталғандығын дәлелдеді. Қазақстан Конституциясының екінші бабында: «Қазақстан Республи¬касы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» - деп атап көрсетілген. Қазақстанның мемлекеттік құрылысының, оның саяси бүкіл мәні мен басты ерекшелігін анықтайтын осы¬нау конституциялық қағида еліміз саяси жүйесінің бүкіл табиғатын, құқықтық өрісі мен кеңістігін, құзыреті шектерін анықтағандай. Елімізде парламентаризмнің мәртебесі, беделі және даму перспек¬тивасы, сайып келгенде, президенттік институттың қызметіне тікелей байла¬нысты. Сондықтан Н. Назарбаевтың Парламенттің қалыптасуындағы орны мен рөлі, Президент пен Парламенттің өзара қарым-қатынасы, Мемлекет басшысының жоғарғы заң шығарушы органның билік жүйесіндегі орнына, оның мемлекетіміз дамуының әр кезеңіндегі қызметіне қоғам алдындағы күрделі міндеттерге байланысты берген бағасын, қорытындыларын, тұжырымдарын саяси, теориялық және ғылыми-практикалық тұрғыдан үнемі талдап, сараптап отыру ерекше маңызды. Бұнда қазақ мемлекеттігі мен демо¬кратиясы қалыптасуының күрделі саяси жолдары мен тарихи кезеңдері, оның ішкі-тартыс, қым-қиғаш қиыншылықтары һәм болашағы жатыр. Ал Қазақстандағы өкілді органның қызметі, Парламент және парламентаризм туралы Н. На-зарбаевтан көп жазған, айтқан, ұлттық Парламенттің бүкіл қызметіне әр қырынан талдау жасаған мемлекет қайраткері де, саясаткер де және ғалым да жоқ деп тұжырым жасасақ – ғылыми ақиқат пен объективтілікке сай емес деп бізді ешкім сөге алмас. Президент және Парламент ин¬ституттары өзара қарым-қатынастың қайшылықты, күрделі эволюциясы¬нан өтті. Бұл процеске Қазақстанның мемлекеттік, саяси-демократиялық та¬рихында нағыз, байырғы өкілді билік институттары дәстүрлерінің әлсіздігі, президенттік институттың мүлдем жаңадан құрылуы да әсер етті. Қазақстанның кәсіби парла¬ментаризмге келер жолы күрделі де қайшылықты, саяси шиеленісті, бұралаңды болды. Осы тартысы көп, қиян асу, қиын жолда бұрынғы Кон¬ституциялар бойынша (1978 және 1993 ж.ж.) сайланған Республика Жоғарғы Кеңесінің екі құрамы таратылды. Елімізде парламенттік демократия, пар¬ламентаризм көптеген қиындықтармен, саяси теке-тіреспен, қайшылықтар арқылы, біртіндеп қалыптасты. Қай елде де билік тармақтарының арасындағы өзара қарым- қатынас қашанда күрделі де қайшылықты. Бұл жолдан біздің еліміздегі билік тармақтары да өтті. Бұрын сындарлы демократиялық дәстүрлері, Парламенті болмаған Қазақстанда бұл жолдан біршама қайшылықты, күрделі өтті. Қалыптасу мен кемелденудің жолындағы «балалық ауруға» Қазақстандағы билік тармақтары да шалдықты. Екі Парламент таратыл¬ды. Қазақстандағы Президент және Парламент арасындағы өзара қарым-қатынастың ерекшелігі сол – бұл істе Президент әуелгі күннен инициатива¬ны өз қолында ұстады. Парламенттің құзыреттерін, ондағы заң шығару үрдісінің тәртібі мен қағидаттарын, парламент депутаттарының мәртебесі мен функцияларын Президент өз көзқарастары мен ұстанымдарына сәйкес жеке дара қабылдады. Бұл пікіріміздің нақты дәлелі – «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депуттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республи¬касы Президентінің конституциялық Заң күші бар жарлығы 1995 жылы 16-шы қазанда – Жоғарғы Кеңе таратылған кезеңде қабылдануы. Содан бері оған тек Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес кейбір ішнара толықтырулар енгізілгенімен, ол Президент әуеліде қабылдаған нұсқасында бүтіндей сақталды. Бірінші, екінші сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының осы Заңға өзгеріс енгізбек болған та¬лаптары нәтижесіз аяқталып, Президент қарсылығын алды. Бұл да, сірә, еліміздегі екі билік институты арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі мен басымдықтар табиғатын білдірсе керек. 1995 жылы қабылданған Кон¬ституция, оған 1998 және 2007 жылдары енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздегі Президент институтын үнемі нығайту бағытында деп қорытыныды жасауға толық негіз бар. Ең алдымен еліміздегі басқару жүйесі «президенттік басқару нысанында» деп сипатталады. Осы Конституцияның жобасын дайын¬дау жөніндегі жұмыс тобын басқарған академик Ғ. Сапарғалиевтың пікірінше, бұл белгілі бір деңгейде даулы түсінік [2]. Ғылыми әдебиеттерде «басқару ны¬саны» деп республика немесе монар¬хия есептеледі. Осылай атау ғылыми әдебиетте әбден қалыптасқан, бекіген түсініктер. Ал «президенттік басқару нысанында» деген түсінікті Конституция авторларының төл шығармашылдығы, конституциялық теориядағы қазақстандық ізденіс, басқару нысанын анықтаудың қазақстандық нұсқасы деп түсінген абзал. Бұған ресейлік белгілі мемле¬кеттанушы ғалым В.Е. Чиркин кезінде назар аударып, уақыттың басқару фор¬малары туралы түсініктерге өзгеріс енгізетіндігін, Қазақстан Конституциясы президенттік республика деп еш қандай екіұштылықсыз, тура атайтындығын арнайы атап көрсеткен болатын» [3]. Конституция бойынша қалыптасқан сая¬си жүйенің түбегейлі айырмашылығы неде? Саяси жүйеде белгілі бір мүдделер негізінде оның құрамына енетін құрылымдар қызметінің нәтижесінде институттық қатынастар мен рөлдер қалыптасады. Американдық белгілі әлеуметтанушы ғалым Т. Парсонс кезінде дөп айтқандай, белгілі бір құрылымдар әлеуметтік жүйенің «анатомиясын» құраса, олардың функциясы «физиологи¬ясын құрайды». Бұл қағиданы қоғамның саяси жүйесіне де толық қолдануға бо-лады. Өткен кезеңде Қазақстанның сая¬си жүйесінің «анатомиясы» түбегейлі өзгерістерге түскені хақ. Осы мәнді «анатомиялық» түрлену мен түзілудің мәні мен мазмұны жинақтай айтсақ, біздің пікірімізше, бұл құрылымдық өзгерістер, негізінен мыналарға келіп саяды: – ең алдымен еліміздің сая¬си жүйесінде бұрын болмаған Президенттік институт, қос палаталы кәсіби негізде жұмыс істейтін Парла¬мент, көппартиялылық тәрізді принципті жаңа құрылымдардың пайда болып, қалыптасуы және толыққанды қызмет жасауы; – Қазақстанның Конституция¬сы және заңнамасымен жоғары және жергілікті мемлекеттік билік тармақтары жігінің ажыратылуы, олардың тежемелік әрі тепе-тендік жүйесінің қалыптасуы, әр билік тармағының міндеттері мен құзыретінің нақты белгіленуі; - саяси жүйенің барлық ресми ин¬ституттары қызметінің негізінен бір ортақ мақсатқа - демократиялық, құқықтық, за¬йырлы және әлеуметтік мемлекет құруға бағытталуы; - биліктің негізгі үш институтының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық мәселелерін түпкілікті және жан-жақты реттейтін қазіргі заманғы заң жүйесінің жасалуы. Осыдан туатын тағы бір қорытынды кейде, әсіресе, еліміз Конституциясы¬на 2007 жылғы өзгерістерге байланы¬сты кейде еліміздің саяси құрылысын, президенттік-парламенттік немесе жар¬тылай президенттік-парламенттік, ол біртіндеп парламенттік-президенттікке қарай даму жолындағы мемлекет де¬ген пікірлер жиі айтылады» [4]. Бұндай қорытынды жасауға, біздің пікірімізше, әзірше ертерек. Керісінше, еліміздің мемлекеттік-саяси құрылысының 1995 жылдан бергі бүкіл даму логикасы, дәл сол 2007 жылғы конституциялық реформа еліміздің саяси жүйесіндегі президенттік институттың одан әрі нығаю бағытының жетекші үрдіс екенін көрсетіп отыр. Еліміздегі қоғамдық-саяси пікір де президент институтының нығаюын қолдайды және бұл құрылымның қызметіне балама жоқ деп есептейді. Мемлекеттік құрылыс саласын зерттеуші қазақстандық белгілі ғалымдар да 2007 жылғы конституциялық рефор¬ма еліміздің саяси – демократиялық жүйесінде Президенттің, әсіресе Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен билігінің, оның құзыреттері мен функцияларын одан әрі нығайта түсті деп есептейді» [5]. Бұл пікірді бізде қостаймыз. Бұл жағдайды: Президенттің заң шығару бастамасы құқына ие болуы; Сенатқа Президент тағайындайтын депутат¬тар санының он беске дейін көбейтілуі; Президент Төрағасы болып табыла¬тын Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық мәртебеге ие болып, оның Парламент Мәжілісіне тоғыз де-путатын сайлау құқы; Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тара¬ту құқы; Тұңғыш Президентке респу¬блика Президенттігіне сайлануға шек қойылмауы сияқты конституциялық нор¬малармен нақты бекітіп отыр. Президент Н. Назарбаевтың саяси еркімен, конституциялық саяси бастамасымен тәуелсіз Қазақстан Ре¬спубликасы Конституциясына екі рет – 1998 және 2007 жылдары сындарлы өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістердің көпшілігі ең алдымен президент инсти¬тутын нығайтуға және осы институттың Паламентпен ара қатынасынт нығайтуға бағытталғанын көру қиын емес. Мемлекет басшысы Н. Назарба¬ев бастамасышысы болған 2007 жылғы конституциялық реформаның бүкіл мазмұны мен басты нысанасы – еліміздің саяси жүйесін одан әрі түрлендіріп, модернизациялау, саяси үдерістерге серпінділік әкеліп, түптеп келгенде оның тұрақтылығы мен үдемелі дамуын қамтамасыз ету, елді басқаруда Парла¬ментке белгілі бір құқықтар беру еді. Егер нақты мәселелерге көшсек, конституциялық реформаның негізгі ережелері ең алдымен президент және парламент институттары ара қатынасына байланысты болды. Президент пар¬ламентаризм институын нығайтуға бағытталған кейбір нақты қадамдарға барды. Біріншіден, конституциялық өзгерістер билік тармақтарының арасындағы теңгермелік және тежемілік қағидатын одан әрі жетілдіру, оның тиімділігі мен тепе-теңдігін нығайту арнасында Парламенттің рөлін ішнара нығайтуға бағытталған. Президенттің өкілдіктерінің бір бөлігі Парламентке ауысып, Парламент Мәжілісі Премьер-Министрді тағайындауға келісім беруді дербес, енді Сенаттың қатысуынсыз шешеді; әр Палата Конституциялық Кеңестің екі мүшесін, Орталық сай¬лау Комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Сенаттың мәртебесі мен рөлі күшейтіліп, енді ол Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функция¬ларын орындайды. Екіншіден, конституциялық өзгерістерде Президенттің Парламент¬ке, Үкіметке, Жоғарғы сотқа, Орталық сайлау комиссиясына, Ұлттық Банкке, жергілікті атқарушы органдардың бас¬шысы – әкімдер жөніндегі өклеттіктеріде одан нақтыланылды. Президент енді Парламенттің ғана емес, сонымен бірге оның жеке Палатасының да сай¬лауын тағайындайды. Сенат қызметінде еліміздегі ұлттық-мәдени және басқа да мүдделерді ескеру мақсатында енді бұл Палатаға Мемлекет басшы¬сы тағайындайтын депутаттар саны 7-ден 15-ке дейін көбейтілді. Президент тұтастай Парламентті де, сонымен бірге жеке Мәжілісті де тарату құқына ие бол¬ды. Үшіншіден, Конституциялық өзгерістердің негізгі өзегі еліміздегі соңғы жылдардағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар өкілдерімен, белгілі саясаттанушылар және заңгерлермен өткен жалпы ұлттық пікір алмасу және дискуссиялардан кейін еліміздің саяси және мемлекеттік басқару жүйесіндегі Парламенттің, әсіресе, бүкіл халық сайлайтын Мәжілістің рөлін нығайтуға жасалған кейбір қадамдар. Премьер-Министр кандидатура¬сын Парламент Мәжілісінің келісуімен тағайындайды және бұны Парла¬мент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялардың фракцияларымен ал¬дын ала консултациялар жүргізгеннен кейін жүзеге асырады. Осы жерде айта кетерлік бір мәселе – енді Үкімет басшы¬сына кандидатты бекітудің ел алдындағы бүкіл саяси жаупкершілігін Президент¬пен бірге төменгі Палата депутаттары да бірдей көтереді. Төртіншіден, конституциялық өзгерістердің нәтижесінде сайлау жүйесіне енгізілген басты новелла – Мәжілістің пропорционалдық сайлау жүйесі арқылы қалыптастырылуы, біздің пікірімізше, еліміздегі бүкіл саяси-партиялық жүйеге импульс әкеледі. Партиялық саяси кеңістіктегі бәсекелестік артып, сайлау қорытындысында жеңіске жеткен партияның елдің мемлекеттік басқару жүйесіне, ел ішіндегі экономикалық-саяси үдерістерге ықпалы артады. Электорат алдындағы жауапкершілігі күшейеді. Енді саяси партиялар алдыңғы кезеңде Парла¬мент Мәжілісі қызметінде болғандай атқарушы билік қызметін негізді-негізсіз сынауға бейімделмей, өзі сенім көрсетіп құрған Үкіметпен тізе қосып, сындар¬лы конструктивизм шеңберінде жұмыс істеуге ынталы болады. Парламент құрамына кірген басқа партиялық фрак¬циялар тарапынан парламентте көпшілік орын алған партияның парламенттік қызметіне талапкершілік, сыншылдық, сараптамалық талдау күшейіп, бұл өз ретінде партиялрдың ел халқының сая¬си еркін білдіруге ұмтылысы сапалық деңгейге көтеріледі деп есептеу керек. Конституциялық реформаның бұл бағыттағы өзгерістерінің басты құндылығы, біздің пайымдаумызша мынада жатыр – ол еліміздегі бүкіл партиялық-саяси спектрді қозғалысқа келтіріп, оларға азаматтарды мемлекеттік істерді басқаруға тартуға нақты мүмкіндіктер жасады. Бесіншіден, Парламенттің, билік тармақтары мен өзара қатынастарындағы рөлін нығайтумен қоса жаңа конституциялық өзгерістерде, соны¬мен бірге, Парламент депутаттарының жауапкершілігі күшейтілді. Еліміз Кон¬ституциясынан Парламент депутаты қандай да болсын аманаттық мандатқа тәуелді болмайды деген норма алынып тасталды. Енді депутаттардың партиялық жүйе арқылы өз сайлаушыларымен байланысының жаңа тәртібі қалыптасты деуге болады. Парламент депутатының өкілеттігі тоқтатылатын жағдайлар нақтылана түсті. Аманаттық мандатпен байла¬нысты емес деген норма алынғаннан кейін, енді Мәжіліс депутатының ман¬датынан айырылуының нақты себептері көрсетілді. Енді депутат конституциялық заңға сәйкес, өзін сайлаған саяси пар¬тиядан шыққан немесе шығарылған жағдайда, немесе оны сайлаған саяси партия қызметін тоқтатақан кезде өз мандатынан айырылады. Біріншіден, Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы қалыптастырған демократиялық-құқықтық өрістегі соңғы он бес жылдағы саяси, әлеуметтік-қоғамдық дамуының басты қорытындыларының бірі – белсенді қызмет жасаушы, негізгі саяси және әлеуметтік күштердің мүддесі тоғысқан және соны бейнелейтін, мемлекеттік билік жүйесіндегі дербес бір тармағы – Парламентсіз елімізде шынайы де-мократия, құқықтық мемлекет орнату мүмкін еместігіне бүкіл қоғамымыздың көзі жетті. Парламент, парламентаризм ашық пікірталастар мен көзқарастар еркіндігінің, жария саясаттың биік мінбері ғана емес, сонымен бірге әлеуетті мүмкіндігі мол, аса маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасты. Қазақстан Парламенті он бес жылда Конституция негізінде және оның қағидаттары мен та¬лаптарын қоғамдық қатыныстардың түрлі салаларында жүзеге асыру және реттеу мақсатында 1700-ден астам заң қабылдап, еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңаруын заңнамалық тұрғыдан кешенді қамтамасыз етті. Бүгінде Парламенттің заң шығарушылық қызметінен тыс қалған, мүдделері еске алынбаған бірде бір қоғамдық сала не¬месе әлеуметтік топтар жоқ деп айтуға толық негіз бар. «Бұрынғы Конституция бойынша, - деп атап көрсетеді Н. Назарба¬ев, - 1995 жылға дейін бізде Президенттік Республика көзделгенімен де, ол шын мәнінде Парламенттік болды. Жоғарғы Кеңес қоғамға қажетті заңдар қабылдау орнына күні бойы министрлер мен мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдаумен болды, депутаттар сөзіне құлақ аспағандарды орнынан ала¬мыз деп қорқытатын. Үкімет әрі-сәрі күн кешті… Бейнелеп айтқанда «бәрін» және «ештеңені де емес» басқарып кел¬ген Жоғарғы Кеңестің орнына тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы кәсіби Парламент келіп, осы жылдар ішінде еліміздің келбетін өзгерткен заңдар қабылданды» [5]. Парламент Конституцияны, заңнаманы демократиялық құқықтар мен нормаларды, рәсімдерді сақтай от¬ырып, өзінің сан-салалы қызметі арқылы бүкіл елдің мүддесін білдіруші және қорғаушы коллегиялық органға айналды. Парламент заң шығарушылық қызметі арқылы заңдардың күрделі архитекто¬никасын анықтап, жүйетартушылық, жүйеқұраушылық рөл атқарып, саяси жүйенің аса маңызды саяси құрылымдары институтануының, бүкіл мемлекеттік құрылысты заңнамалық нығайтудыңәлеуетті кепіліне айналды. Н. Назарбаевтың қос палаталы Парламенттің міндеттері мен парламен¬таризм туралы 90 жылдардың ортасын¬да жариялаған идеяларына, теориялық ұстанымын он бес жылдан кейін тағы бір пайымдасақ, талдау жасасақ, олар, біздің пікірімізше, мынаған келіп саяды, әрі күні бүгінге дейін өзекті: - әрбір мемлекеттік орган өз құзіреттері шеңберінде өкілеттікті жүзеге асыруға тиіс, өзінің заң шығарушылық қызметі арқылы елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайды түпкілікті тұрақтандыру үшін қызмет ету – Парламенттің ба¬сты саяси міндеті, ал парламенттің заң шығарушылық қызметінің мазмұны соншалықты кең, ол іс шетсіз де шексіз болады, өйткені, біздің мемлекеттік және қоғамдық өміріміздің барлық салалары іс жүзінде заңдармен реттелетін болады; - шынайы парламентаризм халықтың әртүрлі топтарының мүддесі тоғысқан, еркін шығармашылық аху¬ал үстемдік еткен жерде туады. Са¬палы заң шығару процесі үшін «тек дау үстінде ғана ақиқат туындайды» дегенді ескерер болсақ, сындарлы саяси оппозицияның болғаны пайдалы. Парла¬мент қабырғасында қызу айтыс-тартыс буырқанып жатсын. Ол – қалыпты жағдай. Ол Парламент қабырғасынан шықпай, қоғамды толқытуға немесе күйретуге себеп болмауы керек; - заң шығару процесі барысын¬да палаталардың тиімді, үзіліссіз өзара ықпалдастығын қалыптастыру өте маңызды, палаталардың ішкі алауыздық пен дауларға ұшырауына, қай палата мәртебесі жағынан жоғары, қай палата төмен деген әңгімеге жол беруге бол-майды. Палаталар өздерінің құқықтары жөнінен тең, тек заң шығару процесінде олардың әрқайсысының өз рөлі бар: - депутат жауапкершілігі – ең алды¬мен халық алдындағы, өз ар-намысының алдындағы жауапкершілік. Парламенттегі депутат жұмысы құрметті ғана емес, тәжірибені, білімді жұмылдыруды және тер төгіп жұмыс істеуді, міндеттілікті та¬лап ететін аса күрделі жұмыс екендігін түсіну ерекше маңызды» [6]. Бүгінде Қазақстандағы парламентаризмнің балаң кезеңі кейінде қалды. Есейді. Толысты. Мемлекеттік биліктің өзіндік орны институтына ай¬налды. Ал Қазақстандағы 2007 жылғы конституциялық, өзгерістердің мәні, біздің пайымдауымызша, президенттік-парламенттік басқару нысанына ауысу емес, билік тармақтарының арасында тежемелік пен тепе-теңдіктің, шынайы демократия мен халық билігі үстемдігін қамтамасыз етуге ұмтылған кейбір кіші-гірім, сақ қадамдар ғана. Бұл пікір, әрине, елімізде бүгінде билік қатынастарының арасында қалыптасқан өзара қатынасты, кемшіліктері бола тұрса да белгілі бір тежемелер мен тепе теңдікті теріске шығару емес. Әңгіме келешекте де билік тармақтарының тежемелік және тепе теңдігі принципі қызметін қалыптасқан конституциялық өрісте жетілдіру, парламенттің халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы ретінде нығайту туралы болып отыр. Біздің еліміз саяси жаңару жо¬лында тұрған ел болғандықтан онда конституциялық даму тұрақты іс. Ен¬деше жоғарғы билік тармақтарының қызметі, олардың өзара байланысындағы тежемелік және тепе-теңдік принципін үнемі жетілдіру туралы келешекте батыл ұсыныстар беру заңгерлер мен саясатта¬нушы ғалымдардың жауапты миссиясы деп есептейміз. Соңғы өзгерістердегі Парламент институтының рөлін көтеруге жасалған қадамдарды парламентаризм институ¬тын белгілі бір мөлшерде нығайтуға бағытталғанымен, біздің пікірімзше, ол әлі жеткіліксіз. Ол парламента¬ризм институты беделін нығайтудыңтүбегейлі мәселелерін шешкен жоқ Ал өкілді органның пәрменді де көпсалалы қызметінсіз қазақстандық жаңаруға қажетті құқықтық өрісті қамтамасыз ету, мемлекеттік құрылысты, кадр сая¬сатын жетілдіру, әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресу, елді демократиялық басқару стилін қалыптастыру мүмкін емес. Осы ретте конституциялық тео¬рия саласындағы белгілі неміс ғалымы В. Гессеннің: «Нағыз демократиялық мемлекеттің парламенттік болма¬уы мүмкін емес, парламентаризм конституциялық режимнің тәжі бо¬лып табылады» [8] деген тұжырымын еске салғымыз келеді. Қазақстанның да конституциялық режим мен конституциялық жетілуі жолындағы аса маңызды қажеттілік – ең алды¬мен Парламенттің, әсіресе, Мәжілістің құзыреттерін кеңейту. Конституциялық дамуымыздың келесі сатысында парламентке бүгінгі конституциялық өрісте белгілі бір бақылау функциялары берілуі керек деп есептейміз. Нақты бақылау функцияла¬ры жоқ парламент – халық өкілеттігі мен билігін пәрменді жүзеге асыра алмайды. Демек, келешекте еліміздің мемлекеттік құрылысы парламенттік-президенттік басқару нысанына қарай да¬митын болса, ондағы алғашқы маңызды қадам – парламентке неғұрлым кең де нақтылы бақылау функцияларын беріп, оған атқарушы биліктің қызметіне нақты бақылау жасау механизмдерін заңнамалы тұрғыдан дәл анықтап, бекемдеу. Сонда ғана біз нағыз парламентаризм институ¬тына қарай нақты қадам жасаймыз. Қазақстанда парламентаризм институтының демократиялық-саяси ин¬ститут ретінде қалыптасуының өзіндік ұзақ эволюциясы болады. Қазақстан тұрпаттас әлеуетті президенттік басқару нысанындағы елдерде парламентаризм институтының кең өріс алуы – сая¬си және құқықтық-ұйымдық тұрғыдан күрделі мәселе. Оның келешектегі конституциялық мәртебесінің көтерілуі және даму перспективасы, билік тармағы ретіндегі беделнің нығаюы – Мемлекет басшысының елдің саяси жаңару стратегиясындағы парламенттің рөлі мен орнын бағалауына, саяси еркі мен ұстанымдарына тікелей бай-ланысты. Еліміздегі конституциялық реформалардың қорытындылары – бұл пікіріміздің айқын дәлелі. Және бұл жерде мына бір заңдылық та есте болуы керек. Әлеуетті президенттік билік үшін – пәрменді, құзіреттері мол парламентаризм инсти¬туты керек. Саясаттанушылар жиі айта¬тын «күшті Президент – күшті Парла¬мент» приципі – келешекте парламенттің өкілеттіктерін нақты кеңейтуді қажет етері сөзсіз. Онсыз қазірде тағы бір көп қайталанатын формула – президенттік-парламенттік басқаруға көшу жай ғана насихаттық –ұрандық деңгейде қалып, Абайша айтқанда, «сол баяғы бір жартас, бір жартас» деген өкіну мен шарасыздық күйге әкелуі мүмкін. Ал, бұл ахуалдың демократиялық дамуымыздың дұрыс анықталған бағытына үлкен бөгетке айналмауы үшін тағы нақты қадамдар қажет. Бұл ретте көргені мен түйгені көп, тоқсанның асуына шыққан ақылман абызымыз, академик С. Зимановтың «президенттік билік тиімді жұмыс істейтін парламентсіз ешуақытта әлеуетті де беделді бола алмайды… Парламент өз орнында болуы үшін… оның мәртебесін, депутаттардың мәртебесін көтеру керек. Ал, әзірше атқарушы билік Парламент¬ке, депутаттарға шектен тыс үстемдік көрсетуде» [9] деген пікірі өте орынды Парламентаризмнің Қазақстанда демократиялық-саяси институт ретінде кемелденіп, толысуы парламентшілердің бір емес, бірнеше ұрпағының пешенесіне тиер жауапты тарихи-саяси мис¬сия. Әлемдік демократияның тарихи тәжірибесі солай. Еліміздің саяси жүйесінде пре¬зидент және парламент институттары негізгі жүйеқұраушы құрылымдар. Конституцияға сәйкес шешуші рөлді пре¬зидент институты атқаратыны белгілі. Еліміздің қазіргі саяси жаңару және демократиялық дамуының түбегейлі мүдделері келешекте өкілді демока¬ратия, ең алдымен ең жоғарғы өкілді орган – Парламенттің құзыреттерін кеңейтуді қажет етеді. Өйткені еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттерді Парламенттің жүйеқұраушылық, жүйетартушылық, ұйымдастырушылық, кадрлық, сан-салалы заң шығарушылық қызметін жетілдірусіз мүмкін емес. Бұны елдегі мемлекеттік билік жүйесінің ырғақты қызмет жасауының кепілі ретінде Президентте өз саяси бағытының маңызды бір құрамдасы ретінде қабылдаған, анықтаған деп есептейміз. Бұл пікіріміздің дәлелі – еліміздегі 1998 және 2007 жылғы болған конституциялық өзгерістердің логикасы мен мазмұны. Парламенттің әр сайланымының өзіндік орны бар. Олардың әр қайсысы сол кезеңдегі елдің алдында тұрған күрделі мәселелерді шешуге саяси-демократиялық кеңістік және заңнамалық алғышарт жасауда. Осы ретте Президент Парламенттің әр шақырылымы қызметіне сын тұрғысынан баға беруді дәстүрге айналдырды. Төртінші сайланған Парламенттің кезекті сессиясын ашарда Н. Назарбаев өткен сессияның жұмысын қортындылай келе, оны былай бағалады: «Парламент Жоғары заң шығарушы орган ретінде еліміздің өсіп-өркендеуі жолын¬да пәрменді жұмыс жасауда. Мызғымас мемлекеттігіміздің Бас бағдарына айналған Ата Заң аясында көптеген заңдар қабылдануда. Осы сайланымның депутаттары үш сессияның ішінде 340-тан аса заң қабылдағаны – мұның жарқын айғағы болып табылады. Бұл заңдардың басым көпшілігі қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге арналған». Қорыта келе айтарымыз, Пре¬зидент және Парламент институтта¬ры арасындағы өзара қатынастардың эволюциялық даму арнасындағы сындарлылығы мен жемістілігі, жоғарғы өкілді билік тармағы ретінде парламент институтының мәртебесі мен беделінің нығаюы – Қазақстанның демократия, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде тұрақты болды.
53. ҚР парламентаризмнің қалыптасуы және дамуы.
Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы-
Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.
Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның – алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.
Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.
Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын және өзге де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.
1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Бұл әкiмшiл-әмiршiл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару органының алғашқы неғұрлым демократиялық сайлауы болатын. Сайлау алдындағы тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған сайлаудың бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған жағдайда өткенімен, тоталитарлық жүйенің өзгеру процестеріне бұлжымас сипат берді.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес Қазақстан парламентаризмінің қалыптасу тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық актілердің қабылдануында, мемлекеттің 90-шы жылдардағы саясатын заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде көрініс тапты.
«Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Қазақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады, онда тұңғыш рет аумақтың бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.
1991 жылғы тамыз бен желтоқсандағы оқиғалар – Мәскеуде іске аспай қалған бүлік және Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес ымыраға келу жөніндегі екі жылдық ізденістерден кейін 1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған және шынайы конституционализмнің орнығуын жалғастырған Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы Конституциясын қабылдады. Соның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды.
1993 жылғы Конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, тарихи күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының оң серпіні үшін өріс ашты.
Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде Негізгі Заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды. 1993 жылғы Конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында, бұрынғысындағыдай, Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқты.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы биліктің жергілікті өкілді органдарының өкілеттіктерін тоқтатуынан басталды. Алдымен Алматы қаласының Алатау аудандық Кеңесі, ал содан кейін республиканың аудандық және облыстық Кеңестері бірінен соң бірі өз сессияларында өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса, 43 халық депутаты өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап, әріптестерін өздерінің жолына түсуге шақырды. Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 11-сессиясының жұмысы аяқталар қарсаңында жергілікті Кеңестердің төрттен бірінен астамы өз жұмысын тоқтатты. Осындай жағдайда халық қалаулылары Парламент қабырғасында өткізген ұзақ пікірсайыстардан кейін Сайлау туралы кодекс, Республика Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы заң және Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылдады. Республиканың жоғары өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні қабылдауының маңызы іс жүзінде Конституцияға түзетулер енгізумен бірдей болды.
1994 жылғы 7 наурызда өткен сайлау республикада көп партиялылықтың қалыптасуына ықпал етті. Сайлауға сайлаушылардың 73,84 проценті қатысты. Небары 135 бір мандатты округтер бойынша 910 адам ұсынылып, тіркеу шарттарына 692 адам лайық болды, орташа алғанда – 5 үміткер бір депутаттық мандат үшін күресті.
Уақытша регламентке сәйкес партиялар өкілдіктері негізінде Жоғарғы Кеңесте мынадай фракциялар құрылды: Қазақстан Халық Бірлігі Одағы (ҚХБО – 32 адам), Қазақстан Халық Конгресі партиясы (ҚХК – 22 адам), Социалистік партия (12 адам) және Кәсіподақтар федерациясы (12 адам), сондай-ақ, негізінен кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутаттық топ болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды.
1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды.
Алайда он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тағдыры өте қиындау болып шықты. Ол өз құқығына билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық тұрғыдан аяқталуға дейін жеткізілмеген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы Кеңестің, Президенттің және Үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мемлекеттік құрылыстың ең бір күрделі кезеңінде кіріскен еді.
Сонымен бірге он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Қазақстанда парламентаризмнің одан әрі дамуына алғышарттар негізін салғанын мойындаған жөн. Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Ә. Кекілбаев: «Кәсіби Парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар. Оның жұмысының басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз тұруындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне кіретіні шүбәсіз... Кәсіби Парламент бізде ешқашан болған емес және біз сынап көрулер және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр болдық... Жаңа мәртебе иеленген Жоғарғы Кеңес өкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп жатыр».
Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп, заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды, депутаттарды сайлау соған сәйкес жүргізілген еді.
Ескі және жаңа саяси құрылыстың өзіндік тұрғыда ымыраға келуінің, ғасырлар бойы құрылған батыс демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі кеңістікте енгізуге тырысудың көрінісі болған 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді.
1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.
1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.
Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай ғана жариялап қойған жоқ – онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі баянды етілді. Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.
Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы Конституция, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.
Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды.
Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады.
Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.

54. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері


«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
55. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы.
Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
•халықтық егемендік
•мемлекет тәуелсіздігі
•билікті бөлісу принципі
•қазақ тілін мемлекеттік деп тану
•Президентті мемлекет басшысы деп тану
•сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
••I бөлім. Жалпы ережелер
•II бөлім. Адам және азамат
•III бөлім. Президент
•IV бөлім. Парламент
•V бөлім. Үкімет
•VI бөлім. Конституциялық кеңес
•VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
•VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
•IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
56. Тәуелсіз қазақстанның қоғамдық саяси өмірі 1991-2000
1991 жыл

1 желтоқсан. Тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,76%) жеңіске жетті.


1992 жыл

Тәуелсіздіктің алгашқы жылы Қазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Көптеген ірі мемлекеттермен тікелей саяси-экономикалық қатынас орнай бастады. Сонымен бірге 1992 жыл КСРО-ның кезінде басталған және Одақтың ыдырауымен күшейе түскен экономикалық дағдарысқа қарсы жүйелі күрестің басталған жылы болды. Ресейде 1992 жылы бағаны еркіне жібергендіктен Қазақстан күрделі шаралар қабылдауға және «шок терапиясын» жүзеге асыруға кірісті. Қазақстанда инфляция жыл аяғында 3000 пайызға жетті. Экономикалық дағдарыстың күшейіп және тіл мәселесіне байланысты қоғамда саяси жіктеліс тереңдей бастады.


1993 жыл

1993 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы экономикалық дағдарыстың ең тереңдеген жылы болды. Наурыз айында елдегі құнсыздану процесі гиперинфляцияға айналды. 1993 жылы электр энергиясы мен.газ бағасы мыңдаган есеге көтерілді. Жалақының кешіктіріліп берілуі барлық салада күшейе бастады. Халықтың әлеуметтік жағдайы күрт қүлдырап кетті. Осындай жағдайларға байланысты Қазақстанда қараша айында ұлттық валюта - теңге енгізілді. Экономикалық жағдайдың қиындауы әлеуметтік топтардың саяси талаптарын тұжырымдаған саяси партиялардың пайда болуына әсер етті. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, «Қазақстанның Халық Конгресі» және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы «Невада - Семей», азаматтық «Азат» қозгалысы және «Қазақстанның халық бірлігі» одагы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар ұйымдасқан саяси күшке айналды.


1994 жыл

Қазақстан тарихында тұңгыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізуі мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды. Республика Үкіметінде жаңа Парламент туралы Заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп, Парламент сайлауы өтті. Нәтижесінде Республикада көп партиялықтың қалыптасуы орын алды. Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорт-импорт банкі» құрылды. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әлсіреуі нәтижесінде ішкі жалпы өнім алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 27%-ға дейін қысқарды. Ұлттық алтын-валюта резерві 805,221 млн. АҚШ долларын қамтыды. ҚР Парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» Заң жобасын қабылдады. Еліміздегі атом жарылыстарының нәтижелерін жою іс-шаралары алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі ретінде анықталды. Әлемнің ядролық державалары бейбіт даму жолын таңдаған Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдеме берді. Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану жөнінде Қазақстан мен Ресей арасында келісімге қол жеткізілді. Халықаралық ұйымдардың Арал теңізін қайта жандандырумен сол аймақтардың экологиялық мәселелерін шешу бағытындагы іс-шаралары бастау алды. Жалпы, Қазақстан 1994 жылы шетел мемлекеттерімен достастық келісімдер мен экономикалық ынтымақтасу саласында бірқатар келісілішарттарға қол жеткізді.


1995 жыл

Ел тәуелсіздігі орнаған күннен бастап, әлемдік сахнада Қазақстан өзін көпұлтты, бейбіт мемлекет ретінде танытуда. Осыған дәлел ретінде Президент Жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Н.Назарбаев Қазақстан үшін тарихи маңызды оқиға деп атап өткен төл теңгемізді шығару фабрикасының ашылу рәсімі өтті. Осы уақыттың ішінде ұлттық валютамыз — теңгенің тұғыры бекіді, елімізде макроэкономикалық тұрақтандыру процесі іске асты. Қазақстанның экономикалық-қаржылық тәуелсіздігі толық айқындалып болды. Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми турде бекітілді. Әлеуметтік-экономикалық маңызы бар «Жекешелендіру туралы» Заң қабылданды. Мүнай өндірісінің дамуында «Батыс Қазақстан - Құмкөл» мұнай құбыры іске қосылды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев екіжақты байланыстарды дамыту, республикада экономикалық реформаларды тереңдетуге қолайлы жағдай туғызуды бақылауға алу міндеттерін алдыңғы қатарлы мәселелер тізбегіне енгізді.


1996 жыл

Республикада орын алған әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздану көріністері көптеген кәсіпорын жұмысшыларын жалақы мәселелеріне қатысты қарсылық акцияларын ұйымдастыруына себепкер болды. 1994 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, жұмыссыз қалғандар саны 1,8 есеге үлғайды. Республикада кіші кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік деңгейде бағдарламалар іске косылды. Қазақстан ынтымақтасу мақсатында құрылған «Шанхай бестігі» ұйымына мүше бола отырып, өзінің саяси қатынастардағы орнын айқындай түсті. Республиканың жалпы сыртқы саяси басымдықтары мен әрбір елмен қарым-цатынасынан бастап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келіссөздер белсенді жургізілді. Мемлекетіміздің табиғи ресурстарын рационалды кешенді игеру негізінде аймақтың дамуын тездету, жоғары тиімділігі бар экспортқа бағытталган өндірістерді құру, экономиканың әлемдік шаруашылық жүйесіне жоспарлы қосылу және әлеуметтік даму мәселелері қатаң бақылауға алынды.


1997 жыл

Қазақстан Республикасының алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспары айқындалды. Елдегі саяси партиялар, қогамдық бірлестіктер мен ұлттық мәдени орталықтар әлеуметтік-экономикалық қиындықтармен күресу мақсатында мемлекеттік билік органдарымен бірлесіп қызмет ету келісіміне қол жеткізді. Жалақы мен зейнетақы бойынша қарызды төлеу, шағын бизнесті дамыту, жекешелендіруді жеделдету мәселелерін Елбасы өз бақылауына алды. Қаржы институттарын дамытуды қолдау бағдарламасы ірі батыс банктерінің қолдауымен едәуір алға жылжи бастады. Қазақстандық банктердің институционалды дамуы мен Қазақстан банк жүйесінің әлемдік қаржы жүйесіне терец интеграциялануы көрініс тапты. Импорт пен экспорт тауарларына байланысты сыртқы сауда үдерістері мен кедендік салыққа қатысты барлық мәселелерге қолайлы режим жасау алға тартылды. Егемендіктің маңызды шарты болып табылатын мемлекеттік шекара мәселелері бойынша Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекаралардың мызғымастыгы туралы келісімге қол жеткізілді. Ұлттық ерекшелігі зор «Қазақстан Республикасындагы тілдер туралы» Заңы бекітілді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ел дамуының стратегиялық жоспары жасақталып, Елбасының халыққа Жолдауында Қазақстан 2030 жылы дамыған, саяси тұрақты мемлекет үлгісі ретінде бірінші ортаазиялық «барыс» мемлекеті болуы қажет деген мақсат қойды. ҚР-ның астанасы Астана қаласына көшірілді және Астана ресми түрде Қазақстан астанасы мәртебесіне ие болды.


1998 жыл

Қазақстан Республикасының бейбіт, жан-жақты даму жолына қарамастан, бірқатар аймақтарда дагдарыстық жағдайлар көрініс тапты. Қазақстанның солтүстік аймағында әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық мәселелері басты мәнге ие болды. Осыган орай, Солтүстік Қазақстан облысын дағдарыстан шығару жоспары мемлекеттік деңгейде бекітілді. Агроөндіріс кешенінің дамуы, кіші және орта бизнес, зейнетақы реформасы мәселелері ағымдағы жылдың маңызды да өзекті мәселелеріне айналды. Алайда Қазақстан 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жылдық кезеңге БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі комитетінің мүшелігіне сайланды. Бүл Қазақстанның әлемдік сахнада өз мәртебесін айқындай түсті. Ерекше оқиға ретінде этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына қатысты мәселелердің жоғарғы деңгейде талқылануы алғаш рет бастау алды. Әлеуметтік салада зейнетақы реформасын қолдау мақсатында халықаралық қаржы институттары арқылы біршама жетістіктерге қол жеткізілді. Үкімет отандық тауар өндірушілерге қолдау жасауын жалғастыратындығын мәлімдеді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы қабылданды. Еліміздегі инвестициялық климат мәселелері мен Қазақстан үшін әлемдік экономикалық дагдарыстыц әсерін төмендету іс-шаралары мемлекеттік саясаттың негізі болды. Азаматтық қогам орнату және демократиялық мемлекет қалыптастыру бағытында «Сыбайлас жемқорлыңқа қарсы күрес туралы» Заң жарияланып. Президент Жарлығымен 1999-2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік багдарлама бекітілді. Сонымен қатар маңызды тақырыптардың бірі алдағы жылы отетін ҚР Президенттік сайлауы болды.


1999 жыл

Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауы өтті. Н.Назарбаев жоғары пайызды дауыспен Президенттік қызметіне қайта сайланды.


Ашық азаматтық қоғам көрінісі ретіндегі көптеген саяси партиялармен қоғамдық ұйымдар құрылды. Соның бірі «Отан» республикалық саяси партиясы болып табылды. Қазақстанға дамыған елдердің іскер топтарының назарын аудару, халықаралық қаржы институттарымен танысу, Қазақстанның инвестициялық саясаты мен экономикалық даму мүмкіндіктерімен таныстыру секілді басты міндеттер қойылды. ҚР-ның «Ұлттық банкі» және екінші деңгейлі қаржы институттары бірқатар халықаралық қаржы институттарымен тиімді келісімдерге қол жеткізді. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның қабылдануы ашық, еркін қоғам орнауының белгісі ретінде қабылданды. Республикалық маңызы бар «Мұнай туралы» жаңа заңға қол қойылды. ҚР Парламенті Сенатының сайлауы өтті. Көптеген оппозиция ұйымдары тарапынан сайлау нәтижелеріне қарсылықтар мен сенімсіздіктер айтылды. Республика аймақтарында жалақы және зейнетақы төлемдері бойынша шеру акциялары ұйымдастырылып, жүмысшылар өз наразылықтарын білдірді.
2000 жыл
Қазақстан үшін алдағы уақытта серпінді даму үдерісі басталды. Көптеген халықаралық келісімдер мен мемлекеттік маңызы жоғары заң құжаттарына қол қойылды. Тұжырымдамалық түрде «Жер туралы» Заң жобасы қабылданды. Заң жобасының негізгі қағидасы мен ерекшелігі жерді Конституцияға сай үзақ мерзімді жалға беру құқығымен мемлекеттік меншік мәртебесін бекіту болып табылады және жерді жалға беру уақыты 99 жылдан 47 жылға төмендетілді. Сонымен қатар Қазақстан өзінің шекаралас елдерімен аумақтық мәселелерін конструктивті шешу жолында айтарлықтай іс-шаралар атқарды. Алғаш рет мемлекетімізде гендерлік саясат мәселелері талқыға түсті. Бірқатар ЖОО-да гендерлік саясат курстары енгізіле бастады. Қазақстан айналасындағы геосаяси өзгерістер мен соңғы уақытта орын алған экстремизмнің өріс алуы, әскери конфликттердің эскалациясына байланысты ҚР Президентінің Жарлығымен республиканың Әскери доктринасы бекітілді. Маңызды олжа ретінде Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға арналған соңғы ойпанның жойылуын айтуға болады. Республикада саяси, сондай-ай экономикалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктеріне қатысты мәселелердің кең ауқымы қамтылды.
57. Қ.Р. Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарлығы және оның маңызы.
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Үш күн өткен соң 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8ден басталып, 20 қарашада сағат кешкі 8-де аяқталып, тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығына айналымға енгізілді.
Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета – облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы №2155 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:
- Инвестициялық монеталар – инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;
— Коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;
— Айналыста жүретін монеталар – қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналымға арналған монеталар.
Елімізде инвестициялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.
ҚР 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарды.
Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.
Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін «Подделка банкнот преследует по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрыншында орналасқан.
ҚР Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
58. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 Жолдауы (1997 ж): Қазақстанның даму стратегиясы.
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған.
мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату
бағыттары:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс) Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау.
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.[
59. Нұр-Сұлтан – ҚР жаңа Ордасы: тарихы мен бүгіні.
Нұр-Сұлтан (бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана) — Қазақстан Республикасының елордасы. Қалада 1 032 475 адам тұрады (1 қаңтар 2018)[5]. Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қала төрт ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр»[1] ауданынан тұрады.
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз нұрдың сұлтаны дегенді білдіреді. Нұр және Сұлтан сөздері қазақ тіліне араб тілінен ауысқан. Онда ол "нұр басшылығы" деген мағынаға ие.
Қаланың Бас жоспары — Нұр-Сұлтан қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан — мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін, Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалп ыөнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830,7 млрд теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10% Нұр-Сұлтан қаласының үлесіне тиесілі.
тарихы

Нұр-Сұлтан 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.


1862 ж. Ақмолинск қала мәртебесін алды.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасымжомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.

60. Тәуелсіз Қазақстан – халықаралық аренада: ҚР сыртқы саясатының негізгі бағыттары.


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
+Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін
+Ресей Федерациясымен ынтымақтастық. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан.. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.
+Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр..
+Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.
+Мұсылман елдерімен ынтымақтастық
Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының съездері өтті.
+Еуропа Одағымен ынтымақтастық Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймақтық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады.
+ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері

61 Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың сыртқы саясат жөнінде еңбектері ("Дипломаттың очерктері")



Жеңу. Дипломаттың очерктері. Сериясы: "Халықаралық қатынастар» Қ.-Ж. Тоқаев 2009жылы шығарылған. Кітаптың бет саны: 512 бет. Белгілі қазақстандық дипломат, саяси ғылымдар докторы, ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың кітабында О. Троянский, М. Капица, Е. Примаков, И. Иванов, А. Козырев, И. Рогачев сияқты көрнекті кеңестік және ресейлік дипломаттардың қызықты портреттік суреттеулері бар. Кітап алғаш рет 2003 жылы Мәскеу мен Астанада басылып шықты. К. Тоқаев он жыл бойы Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы бола отырып, әлемдік саяси әдебиетте алғаш рет Қазақстан-Ресей қатынастарының қалыптасу тарихынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қытаймен, АҚШ-пен және Орталық Азия республикаларымен өзара қарым-қатынастарынан алынған бірегей эпизодтарды сипаттайды. Жеке тарау БҰҰ-ға және қазіргі әлемдегі қайшылықтарды талдауға арналған. Кітап оқырмандар үшін, әсіресе халықаралық саясат мәселелеріне қызығушылық танытатындар үшін сөзсіз қызығушылық тудырады. Қасым-Жомарт Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын бітіргеннен кейін Сингапур республикасындағы КСРО Елшілігіне жұмысқа жіберілді. 1979 жылы кеңес-қытай қарым-қатынастары мәселелерімен айналысатын СССР СІМ аппаратына тағайындалды. Пекин Қытай тілі институтында бір жылдық тағылымдамадан өтті. 1985 жылдан 1991 жылға дейін Қытайдағы кеңес елшілігінде жұмыс істеді. 1992 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірді. Сол жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, 1994 жылы дипломатиялық ведомстваны басқарды. 1999 жылы Премьер-министр болып тағайындалды, ал 2002 жылы қайтадан Сыртқы істер министрлігінің басшысы болды. 2007 жылғы қаңтарда Президент Н. Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды. Қ. Тоқаев - ең танымал саясаткерлер мен дипломаттардың бірі-БҰҰ Бас Ассамблеясының он сессиясына қатысты, БҰҰ ЭСКАТО 60-шы сессиясының төрағасы, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ-ға қатысушы елдердің үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қазіргі уақытта - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице- президенті. Қазақстан мен шет елдердің мемлекеттік наградаларымен, оның ішінде ресейлік "Достық"орденімен марапатталған. Саяси ғылымдарының докторы, Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша алты кітаптың авторы. "Жеңу" кітабы алғаш рет 2003 жылы Қазақстанда басылып шықты, содан кейін Ресейде, АҚШ-та, Қытайда, Сингапурда, Пәкістанда, Түркияда, Сауд Арабиясында және басқа да елдерде жарыққа шықты. Қ. Тоқаевтың кітабының танымалдығы Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар субъектісі ретінде қалыптасуы мен дамуының тарихи аясына айналған оқиғалардың өзіндік мазмұндалуына ықпал етті. К. Тоқаев 1989 жылғы маусымда Пекиндегі студенттік манифестациялар туралы қызықты әңгімелейді, сондай-ақ көрнекті дипломаттармен кездесу және бірлескен жұмыс туралы естеліктерімен және әсерлерімен бөліседі. Бұл басылымға кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл кітапта халықаралық қатынастар мәселелері бойынша тоғыз кітаптың және көптеген мақалалардың авторы; қазақ, орыс, ағылшын, француз және қытай тілдерін еркін меңгерген Қ.Тоқаев: "Елдегі істің жағдайы жақсырақ болса, сыртқы саясатты іске асыру оңайырақ",- деп атап
өткен.

62.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы кезеңіндегі экономикадағы қиындықтар (1991-2000 жж.).


Қазақстанның 1991-2000ж экономикалық-әлеуметтік дамуы шашырай жүргізілді ,жүйесіз зерттелген мәселелердің бірі болып табылады.Жалпы, оларды мынадай 2 топқа бөліп қарастыруға болады: Бірінші, болған жағдайларды көріп қана қоймай ,жүзеге асыруда басында болған Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері.Және Қасым Жомарт Тоқаевтың ,Ә.М.Қажыгельдиннің т.б еңбектері.
Екінші, арнайы мамандар экономист, әлеуметтанушылардың және тарихшылардың еңбектері .Мысалы, Б.Исабеков, К.Тұрысов, Э.Түркебаев, Д.М.Муркиннің т.б зерттеулері тақырыпты ашуда мағлұматтар береді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті.Алайда, нарық экономиға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді.
Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да ,мүдделері де әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық моделі болмайды.Осында Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған "есеңгіретіп емдеу"деп аталатын жолға түсті.Ресейдің соңына ерді. Үшіншіден, Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үселі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды. Төртіншіден, қабылданған заңдар көбіне орындалмай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асу механизмдері жасалмады. Бесіншіден, Ұлттық банк ақша жүйесін ,ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауга алудың орнына , ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып , пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық , заңды бұзушылық , тәртіпсіздіке көбейді. Бұл реформаны жүргізуде ,экономиканы дамытуда өз зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдырыс кезінде
өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен,одан шығу жолдарын білмеді.Экономикалық дағдарысты дұрыс бағалай алмады. Нарықтық экономикаға көшудегі жіберілген тағы бір қате-ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. 1993-1994 жылдар Қазақстанда экономикалық дағдарыстың түйінді кезеңі болды.Экономикалық дағдарыс Қазақстанда мынадай сипатта болды: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. Теңге болды; инфляция(гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллары болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам). Ал реформалардың 3ші кезеңі(1995-1997жж ) макроэкономиканы тұрақтау бағдарламасы қабылданды, ал 4ші кезеңінде(1998-1999жж) “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы жүзеге асыла бастады Және ендігі 5ші кезеңде (2000ж) Қазақстан экономикалық өрлеу жолына
түстi. Қорытындылай келе, Қазақстан жоғарыда айтып өткен көптеген қиындықтарға қарамастан , 10 жылда өз экономикасын айтарлықтай көтерді.Қазақстанда әлеуметтік, зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100%
жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды.Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын- энергетикалық, металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстеді. Темір жол, автомобиль жолы, өзен жолдары, әуе жолдары дамып ,ұзартылды.
63. 2012 ж. 14 желтоқсандағы «Қазақстан–2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президентінің халыққа Жолдауы.
2012 жылы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына ""Қазақстан-2050"
Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты"атты жолдауында
Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты
мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде
берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді
басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге
қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық
прагматизм.
Мақсаты: жаңа кадрлар жасау, бюджет, салық, ақша-кредит ,мемлекеттік және сыртқы қарыздар
саясаттарының жаңа жүйесін жасау.Аргарлық мәселелерді шешу,ауыз сумен қамтамасыз
ету(2020ж дейін), суару проблемаларын шешетін(2040ж дейін )ұзақмерзімді бағдарлама жасап
шығару.
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау.

Мақсаты: шағын бизнес-бастамаларды дамыту;ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта


деңгейге көшіру және қолдау.
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке
жауапкершілік.
Мақсаты:әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Мұнда кедейшілікке жол
бермеу, денсаулық сақтау,ана мен баланы қорғау сиякты қадамдар ойластырылған.
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта
даярлаудың негізгі бағдары.
Мақсаты: жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу. Елбасы бұл бөлімде жастарға
көп назар аударып , білім алу, функционалдық сауаттылық ,заман ағымына бейімделуге көңіл
бөлді.
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Мақсаты: Мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет


ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс.
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен
аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
Мақсаты: Еуразиялық экономикалық одақ құру. Сыртқы саясатты теңдестіруде әлемдік істерде
елеулі рөл атқаратын және Қазақстан үшін практикалық қызығушылық туғызатын барлық
мемлекеттермен достық және болжамды қарым-қатынастарды дамыту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы
қоғамымыз табысының негізі
Бұл бағыттағы басты мақсат қарапайым және түсінікті: қоғамдық келісімді сақтау және нығайту

64. Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы: Бүкіләлемдік сауда ұйымы.


Мемлекеттілікті орнатудың алғашқы кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев тұжырымдаған Қазақстанның сыртқы саясатын «экономикаландыру» міндеті ерекше өзекті сипатқа ие болды. Дипломаттардың алдына негізгі күш-жігерді Қазақстан экономикасының дамуына барынша жәрдемдесуге, ең алдымен, банкроттық шегінде тұрған кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру, жаңа жұмыс орындарын құру, ең жаңа технологияларды енгізу үшін қажетті шетелдік инвестицияларды тартуға шоғырландыру міндеті қойылды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда транзиттік әлеует жасақталды, оның негізін бірқатар көлік бағыттары құрайды. Бұл орайда республика маңызды екі стратегиялық міндетті шешті, олар: Қазақстанның әлемдік теңіз порттарына шығуы және теміржол, автомобиль және әуе көлігінің негізгі үш бағыт: Ресей, Еуропа мен Балтық елдері: Қытай, Жапония, Оңтүстік Шығыс Азия елдері; Оңтүстік Азия, Кавказ елдері, Иран және Түркия бойынша транзиттік қатынас.
1993 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан темір жолдары Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) құрамына кірді. Беделді Ұйымға қатысу елдің халықаралық көлік нарығына шығуын қамтамасыз етті. Қазақстанның әуежайлары Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы ұшу сапарларын жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялар үшін тиімді транзиттік бекеттер болып табылады.
Әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінде экспорттық мұнай құбырлары төңірегіндегі жағдай ерекше рөл атқарып отыр. ҚРның мұнай-газ кешені «Стратегия-2030» атты әзірленген мемлекеттік бағдарламаға орай республиканың дамуын қамтамасыз ететін басым секторлардың бірі ретінде айқындалды.
Қазақстан Ресаубликасының энергетикалық секторының дамуы – сыртқы және ішкі мұнай саясатының аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады және республика экономикасын дамытудың басым секторы ретінде орнықтырылды.
Қазақстан ең алдымен елде іске асырылатын мұнай мен газ өндіру және тасымалдау жөніндегі жобалардың экономикалық тиімділігіне қол жеткізуді жақтайды. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Каспий өңірінің барлық мемлекеттерімен, сондай-ақ, АҚШ, Ресей, Қытай сияқты әлемдік державалармен ынтымақтастықты дамытып отыр
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі ҚР Президентінің Жолдауындағы экономикалық жаңғыртудың және Қазақстанның халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретіндегі алғашқы кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) —бұл елдер арасындағы халықаралық сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. Дүниежүзілік сауда ұйымы 1995 жылдың 1 қаңтарында Швейцарияның Женева қаласында Уругвай раунды келіссөздерінің нəтижелері бойынша құрылған болатын.
Дүниежүзілік сауда ұйымына 157 ел мүше болса, 30 мемлекет пен 60-тан астам халықтық ұйымдар оның əр түрлі бөлімшелерінің қадағалаушысы мəртебесіне ие. Қазақстанның да Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісі 1996 жылғы 26 қаңтарда ұйым хатшылығына ресми өтініш беруден басталған болатын. 1996 жылдың ақпанынан бастап, Қазақстан қадағалаушы ел болып келеді.
Женевадағы ДСҰ хатшылығында көп жақты деңгейде де (жүйелік мәселелер, ауыл шаруашылығы жөнінде), екіжақты деңгейде де (тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығына қолжеткізім жөнінде) жүргізіледі.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымдарға қосылудағы мақсаттары мен міндеттері:
•Дүниежүзілік экономикаға ықпал жасау үрдісін күшейту;
•Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері негізінде халықаралық сатуды реттеу;
•Дүниежүзілік сауда ұйымдарына мүше-елдердің ұлттық сауда саясатына бақылауын жүзеге асыру;
•қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттау үшін дүниежүзілік нарықтарға қолжетімділік;
•халықаралық нормалар мен стандарттарға сəйкес елдің сауда заңнамасын реттеу;
•елдегі болжанатын сауда-инвестициялық ортаны қалыптастыру.
65. Ұлт тарихындағы «ақтаңдақтар мәселесі». Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу.
«Ақтаңдақ» беттер деген терминнің өзі алғаш рет 1987 жылғы ақпанда қолданылған екен. Қазақ тарихының өз зерттеушісін күтіп отырған «ақтаңдақтары» көп екендігіне әрбір тақырыпқа жеке-жеке тоқталады. Қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны» айтуға болады. Бақ-дәулет басымыздан ұшқан заманда қазақ халқы іргелі көршісі Ресейге үлкен үмітпен қол созды. Патшалық Ресейге бағынышты ұлтқа айналуымыздың себебі де осы еді. Тарихшы ғалым қазақ тарихын кешенді тарихи зерттеулер үшін қоғамдық ғылымдардың пәнаралық байланыста болуы керек сол кезде зерттеу жұмысы өз нәтижесін беріп қоғам дамуын жеделдетеді бүгін қоғам бізден осыны талап етуде деген пікірлерімен бөліседі. Тарихшының «Халық кеңесі» газетіне берген сұхбаты «Ақтаңдақтар туралы ақиқат» деген атпен басылым бетінде жарияланды. Бұл сұхбатта тарихшы: «Тарихымыздағы ақтаңдақтар жағдайы ертеден-ақ белгілі еді. Студент болып жүрген кезімізде біздің ұстазымыз, профессор Ермұқан Бекмаханов Кенесары қозғалысы туралы концепциясы үшін жер аударылды.
Кеңес заманында совет үкіметі қазақ жерін иеленуде күштеп ұжымдастыру саясатына көшті. Бұл ұжымдастыру науқанының салдары байырғы ата қонысында отырған қазақ жұртын орны толмас қасіретке душар етті, арты ашаршылыққа келіп тірелді қаншама халық қырылып қалды. Кәсіби тарихшы Т. Омарбековтің архив құжаттары негізінде жазылған баспасөз беттерінде «Ақтаңдақтар ақиқаты» айдарымен мынадай тақырыпта: «Қазақтар шыбындай қырылып жатыр...», «Жазықсыз жапа шеккендер», «Қазақ неге атқа қонды?» сияқты мақалалары жарияланды
Алаш қозғалысы, қайраткерлері әлі толық зерттеліп болған жоқ. Бұл қозғалыстың басты мақсаты – Қазақ елін өзін-өзі басқаруға алып келу, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, Өкінішке орай, алаш зиялылары бұл мақсатқа жете алған жоқ. Олар қанды саясаттың құрбаны болып кете барды. Сондықтан, алаш арыстарының есімдерін мәңгі есте сақтау, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек үңілу – бүгінгі ұрпақтың парызы
Н.Ә. Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты кітабының тәуелсіз Қазақстан тарихының жеке адамдық жазба дерек көзі ретіндегі басқа еңбектерінен басты айрмашылығы, автордың тәуелсіздік тарихының тамырын тарихтан іздеушілдігі. Егер, басқа еңбектерде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің пайда болуының объективті алғышарттары туралы айтылып, нақты мемлекет құру ісі бейнеленсе, “Тарих толқынында” сол мемлекеттің тереңнен бастау алған ірге тасы туралы айтылған.
1999 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі жарыққа шықты, Маңызы - Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі айтылады
Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. Тарихтың толқынында қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма.
66. ҚР-ғы этнодемографиялық және миграциялық үдерістер (ХХ ғ. соңы – ХХI ғ. басы).
Қазақ халқының Ресейге бодан бол¬ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады.
1)ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ¬станның Ресейдің отары, қазақтардың этно¬демографиялық дамуы отарлық-миграция¬лық (соның ішінде қоныстандыру) саяса¬тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге¬рістерге ұшырап,, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңын¬да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) қазақтардың басымдығы сақталған
2)1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршы¬лық-ты (1918, 1921 және 1931-1933 жылда¬ры), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қоны¬сында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады:
1. 1917-1959ж қазақтардың 8,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі;
2. 1959-1991ж, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.
3)1991-2009 жылдар, қазақ¬тардың өз елінде біртіндеп, көпші¬лікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады:
1.1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең);
2.1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі.
Егемен ел болғанымыздан кейін, мың өліп, мың тірілген қазақ халқы дербес дамуға мүмкіндік алып, алыс-жақынын тү¬гендеп, Отан туы астына жинала бастады. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша, сол жылдың басында өз еліміздегі қазақтардың саны 10 млн.-нан асып түсті. Ал осыдан бірер жыл бұрын шетелдердегі отандастарымыздың саны 5,5 млн.-дай деген дерек болған-ды. Осыған байланысты қа¬зіргі таңда қазақтардың жалпы саны (өз еліміздегілер мен шетелдегілерді қоса есептегенде) 15,5-16 млн. жетеді.
Қазақтардың тәуелсіздік жағдайын¬да саны өсіп, үлесі көбеюі жоғарыда айтылған екі факторға байланысты болды: 1) табиғи өсім; 2) сыртқа кететіндерден ке¬летіндердің көп болуы - оң айырым (сальдо), соның ішінде, әсіресе отандас¬та¬ры¬мыздың оралып, тыңғылықты орын табуы.
Дегенмен, қазақтардың әлеуметтік-де¬мографиялық дамуында әлі де келеңсіз жағдайлар кездесетінін де айтқан жөн. Табиғи өсім жағынан қазақтар басқа түркі-мұсылман этностарынан әлі де едәуір кейін қалып келеді. Өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, түрік, күрд және басқа ұлт өкілдерінің табиғи өсімі қазақтардан едәуір басым келіп, саны өсіп, құрамы күшеюде. Қазақтардың басым көпшілігі аймақтардың ауылды мекендерінде тұратынын ескерсек, олардың әлеуметтік жағдайы өз деңгейінде емес екендігін байқаймыз. Қазақтардың білім деңгейі де өзге ұлт өкілдерінен әлі де төмен. Қала тұрғындары, өнеркәсіп, құрылыс және транспорт салаларында қазақтар үлесі әлі де төмен, өз деңгейінде емес. Әсіресе, кәсіби жұмысшы мамандар, инженер-техниктер арасында ұлттық кадрларды көптеп тәрбиелеу проблемасы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Тәуелсіздігіміз нығая түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағ¬дайы¬мыз жақсарған сайын, халқымыз¬дың, оның ұйытқысы - қазақтардың саны өсіп, құра¬мы күшейе түсетіні баршамызға анық және болашақтың кепілі. Бұл үшін республикада ғылымға негізделген әлеуметтік-демография¬лық және көші-қон саясаты жүргізілуге тиіс.
67. Қазіргі кездегі білім беру жүйесін жаңғырту.
Ақпараттық кеңістікті кеңейтіп, әлемдік қоғамдастыққа мүше болу жағдайында білім беру саласында елдің саяси-экономикалық даму деңгейінің критерийлері ретінде адами ресурстарды қалыптастырудағы рөлі артып отырған кезеңде білім беру жүйесін жаңа талаптарға бағдарлаудың маңызы зор болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы және оларды тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстанда білім беруді жаңғырту - бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, заманауи білім беру, түрлі жаңа технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты - еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылуда:
- оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;
- педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;
- педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен колледж, жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;
- мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа сапасына көшу. Қазіргі кезде әлемде мектепке дейінгі тәрбие мектепке дейінгі білім беруге ауысуда. Балаларды ерте жастан оқытуға көшу жүзеге асуда;
- кадрлар даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру;
- білім беру саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу;
- Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту
Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады. Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазіргі заман талабы - көптілді оқыту және көптілді меңгерген маман дайындау. Бұл бағыт бойынша да жұмыстар басталып, жүргізілуде. Қазақ тілі - ұлтымыздың рухы, рухани байлығы. Тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты ұзақмерзімді стратегиясында да білім беру мәселесіне қатысты біраз пікірлер айтылды. Жолдауда еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы негізгі басымдықтарды бірі ретінде білім беру саласы қарастырылған екен. Бұл маңызды құжатта ұсыныс ретінде 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі үшін жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын оқыту қызметтерінің арасындағы алшақтыққа жол беруге болмауы қажеттігі, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екені ерекше аталған. Еліміздегі білім жүйесін дамыту - дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы да айқындап берді .
Сол себепті Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі - ол бүгінгі күн талабы. Педагог кадрларының біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең - бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Сондықтан бүгінгі таңда педагогтардың алдында білім беруде түйінді құзыреттілікті меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Екінші жағынан, еліміздің халықаралық экономикалық қауымдастыққа енуі білім беру саласындағы өзгерістерге байланысты жаңа жағдайда жұмыс істеуге қабілетті педагог қызметкерлердің кәсіби құзыретгіліктерін дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар бірінші кезекте, білім беру сапасы, сапалы дайындалған педагогтармен анықталады. Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету және олардың ішіндегі біліктілікті арттыру бағдарламаларын жаңарту, бірқатар міндеттерді шешудегі берілген ресурсты дамытуды қамтамасыз етуді көздейді, білім алудағы оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, тез өзгермелі әлемдегі табысты қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикалық дамуы үшін адамдық капиталдың бәсекеге қабілетті дамуы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудағы зияткерлі жан дүниесі дамыған Қазақстан Республикасының азаматын жалпыға білім беретін мектептерде қалыптастыру болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз керек» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, заманауи технологияны тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - педагог кадрлардың басты міндетінің бірі болып отыр.
Біліктілік арттыру - «Өмір бойы білім алу» идеясының негізгі тетігі, тиімді жүйесі. Адамның өмір бойы білім алуы міндетті түрде институт тамамдап, диплом алу емес, өмір бойында біліктілік арттыру арқылы өзін-өзі жетілдіріп отыруы, тұлғалық қажеттіліктеріне сәйкес білім алуы. Бүгінгі күні біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан біліктілік арттыру аса өзекті. Себебі бұл маманның негізгі жұмысынан қол үзбей-ақ білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуды кеңінен алып қарастыратын болсақ, оның негізінде ХХІ ғасырдың жаңа парадигмасы, басымдығы ретінде танылған Smart education жатыр.
Smart education - бұл ортақ стандарт, келісім мен технология негізінде Интернет желісіндегі бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған оқу мекемелері мен профессорлық-оқытушылық құрамының бірлестігі. Яғни бұл контентті бірлесіп құру және пайдалану, бірлесіп оқыту деген сөз. Сондай-ақ, Smart education, немесе «жетелі оқыту», - бұл барлық әлемнің контентінің көмегімен еркін кіруге болатын интерактивті білім ортасындағы икемді оқыту. Smart education ұғымының мәні - білімнің кең көлемді қолжетімділігі. Өз кезегінде, «жетелі оқытудың» мақсаты - білім беру процесін электронды ортаға көшіру арқылы оқыту процесін тиімді ету. Мұндай тұрғы оқытушының білімін көшіріп алып, әрбір адамға қол жетімді етеді. Оқыту әр жерде және үнемі қол жетімді болады. Кітаптық контенттен белсенді контентке көшу «жетелі электронды оқытуға» көшудің тағы бір жағдайы болып табылады. Білімді электронды түрде берудің нәтижелілігі артады.
Көптеген дамыған елдерде стандарт болып табылатын Smart Education-ның негізгі идеясы қандай екен? Негізі «Кешегі күні» оқушы үшін жалғыз білім көзі болып мұғалім табылды, сонымен бірге оқушы өз білімін толықтыру үшін кітапханаға, яғни дәл сол мұғалім кеңес берген кітапқа жүгінді. «Бүгін» білім тек оқытушы мен оқушыға ғана емес, оқушылар арасында өзара беріледі. Бұл білімнің жаңа деңгейі болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда әр түрлі ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгендіктен, оқытушы оқушыға білім беру үшін әр түрлі мультимедиалық құралдарды қолданады.
Ал «ертеңгі күні» Интернет оқушы үшін ең басты білім көзіне айналады. Оқыту процесі білім объектілерінің кез келген бағытта оқытушыдан оқушыға, оқушыдан оқытушыға немесе оқушыдан оқушыға жылжуы болып табылады.
Smart Education оқытушылардың контенттермен алмасуына мүмкіндік беретін әлеуметтік желілер мен интернет-қоғамдастықтардың дамуын талап етеді.
Web-технологиялар қарқынды түрде дамып келе жатырған қазіргі кезеңде кітапқа бағытталған дәстүрлі білім беру жүйесіне қарағанда Интернет ресурстарында орналасқан ақпараттан мол білім аламыз. Ал Smart Education білімді синхронды түрде жеткізеді, яғни сайтта жарияланған ақпаратты оқу материалына айналдырады].
Smart Education - бүкіл әлемнің оқытушыларының, оқушылардың және олардың білімдерінің бірігуі, яғни білім беру жүйесінің дамуының жаңа стратегиясы. Олай болса, еліміз Қазақстанның интеллектуалды дамуының кілті осыда деп ойлаймын.
«Smart» ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық сипатта да осы мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атайды. Ал педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады.
«Smart» жүйесі педагогтар қызметінде ең тиімдісі. Себебі бүгінгі жаһандану заманында күнділікті келіп жатқан ақпараттар легі ішінен ең қажеттісін сұрыптай алуға, өзіне қолдануға, нақты орындалатын, шынайысын таңдайды.
ХХІ ғасыр - технологиялар ғасыры. Мобильдік құрылғылар, Интернет желілері өмір сүрудің қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегі болып кірігіп кетті. Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты. Дамыған мемлекеттер технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттырып жатыр. Интернет желілері адамның әр түрлі бағытта дамуына мол мүмкіндік береді. Адам үйде отырып- ақ, кәсіпкерлікпен де, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де, шығармашылықпен де айналыса алады. Әлеуметтік желілер арқылы адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жол ашылды. Ақпараттық қоғамда адамның өзіндік ойлауы, әрекетке шығармашылық тұрғыдан қарап, ыңғайлы жол таба білуі маңызды болып табылады. Соның нәтижесінде интеллектуалды экономика қалыптасып, технологияның қарқынды дамуына мүмкіндік туады.
Бұл өзгерістер алдымен, білім саласына тікелей байланысты. Соған орай білім берудің жаңа философиясы қалыптасып, модернизация қарқынды жүріп келеді. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет — сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін smart оқыту ортасын дамыту .
Қорыта келе, қазіргі талаптың басты міндеті - педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми- әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Сондықтан қазіргі заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Адамның жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады. Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаттығымыздың алдаспаны.
68. «Интеллектуальдық ұлт-2020» президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
Қазіргі Қазақстан қызыға қарайтын қарқынды даму жолына түскен, əлем таныған мемлекеттердің қатарында. Жас мемлекетті бүгінгідей дəрежеге жеткізген Президент Н.Ə. Назарбаев ұлттық дамудың түпкi мақсаты интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізінде екендігін баса айтады. Елбасы ҚазҰУ-де оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» атты лекциясында зиялы ұлт қалыптастыру идеясын айтып өткен болатын. Бүгінгі таңда осы бағытта көптеген жұмыстар жасалуда. Өз ұлтының бақытты болашағын, кемел келешегін ойлаған, төрт құбыласы түгел, қуатты мем- лекет құруды мақсат еткен Елбасы «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасын дайындауды ұсынған болатын. Ұлттық жоба үш негізгі аспектіні қамтуы қажеттігін нақтылаған. Біріншісі, қазақстандық білім жүйесін дамытуда серпіліс жасау. Қазіргі таңда білім беру үдерісіне барынша кеңінен назар аударылғаны жөн. Ұлттың дамуы негізі дұрыс білім ала білуде. «Интеллектуалды ұлт» жобасының екінші аспектісі – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру. Жобаның үшінші бағыты – инновациялар жүйесін дамыту. Ол қазақстандықтардың жаңа генерациясын қалыптастыруға бағытталған. Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушы- лардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады. Білімді реформалаудың басты міндеті - мемлекеттік білім беру жүйесін əлемдік үздік үлгіге сəйкес деңгейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу жəне рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, қалыптастыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін оқу-тəрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерін қайта түрлеуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сонда ғана білімнің беделін арт- тыруға, білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мəртебесін нақты орнықтыруға болады. Қазіргі таңдағы əлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Интеллектуалды қоғамның мақсаты - жаңаша біліммен қаруланған мамандарға сұранысын қанағаттандыру, ғылымның жетістіктерін экономиканың нақты секторларында жүзеге асыру жəне еліміздің адамзаттық құндылықтарын қалыптастыру. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

69. Қазақстан Түркі әлемінің көшбасшысы: Түріксой және басқа халықаралық Түркі ұйымдары


«...Тәңір қолдағаны үшін менің бағым жанып, қаған болып таққа отырдым. Таққа отырып, үнемі кедей мен жарлының басын қостым, пақыр халықты бай қылдым». Сонау VІІІ ғасырда билік құрған Көк түркінің көреген көшбасшысы Білге қағанның тасқа қашап жазып кеткен осы бір асыл арман, ұлы мұраты бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Керісінше, жылдар алға жылжыған сайын құндылығын арттырып, күллі түркі әлеміне ортақ адамзаттық асыл мұратқа айналғандай.
Бабалардан аманат болып жеткен осы ұлы мұрат жолында талай «тар жол тайғақ кешуді» басынан өткерген ел жақсыларының ерлік ісі бүгінде әлем таныған Тәуелсіз Қазақстанның алғышарты болатын. Иә, әйтсе де, бірінші болу, әлі ешкім жүріп, басып көрме¬ген тыңға түрен салу қай кезеңде де оңай болмаған. Бұл тәуекел кім-кімнен де батылдық һәм шешімгерлікті талап еткен. Ондай жауапты қадамдарға көшбасшысын кейде уа¬қыт¬тың өзі таңдап жатады. Осыдан тура жиырма жеті жыл бұрын егемендігін енді алып, дербес мемлекет құруға бағыт алған Қазақстандай құт мекеннің апыл-тапыл басқан алғашқы қадамын нықтап, бағытын анықтауға Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген басшыны бұйыртуы – уақыттың ерекше сыйы десек, артық айтқандық емес.
Тұңғыш Президент күніне орай отандық телеарналарда көрсетілген бірқатар деректі һәм көркем фильмдердің мазмұнына үңіліп, мағынасына терең бойлай отырып осыған анық көз жеткізгендей болдық. «Түркі әлемінің лидері» деректі туындысы мен режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» картинасы, сондай-ақ шетелдік серіктестермен тиімді сауда-экономикалық, өндірістік қарым-қатынаста үлкен маңызға ие оқиға – Қазақстанның Каспий арқылы әлемдік мұхитқа шығуына жол ашқан еуразиялық көлік жүйесі стратегиялық жобасы төңірегінде тарқатылатын Александр Трухачевтің «Морские ворота страны» фильмі де көтерер тақырып ауқымымен құнды. Бұдан бөлек, мереке күні Елбасының арнайы қатысуымен тұсауы кесілген режиссер Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» фильмі де тыңнан түрен салып, тақыр жерге астана тұрғызған Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарудағы даңғыл жолын көркемдік биікте шебер суреттейді.
Ал дәл сол күні «Хабар» арнасынан көрсетілген «Түркі әлемінің лидері» деректі туындысында Елбасының – Тәуелсіздік алғаннан бастап елдің келешегі жолында жасап келе жатқан жарқын істеріне отандық саясаткерлер мен ғалымдар, түркі әлемі қайрат¬керлерінің көзқарас-пікірі негізінде жан-жақты баға беріледі.
Фильм Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихының 30 жылға жуық айтулы кезеңінде сан түрлі сынақ пен маңызды шешімдерге толы қайраткерлік қадамын, көреген саясаты мен дегдар болмысын ашуға бағытталған. Сол арқылы еліміздің жаңа елордасы – Астана қаласының географиялық қана емес, саяси-экономикалық, жалпы тарихи маңыздылығы сауатты сарапталады. Сондай-ақ фильмдегі түркі әлемі саяси қайраткерлерінің Қазақстан, Астана жайындағы, тәуелсіз елдің әлемдік саяси аренадағы тұғырын тіктеп, бағытын анықтаудағы Елбасының кемеңгер шешімдері турасында айтқан пікірлері де деректі туындының мазмұнын байытып, ауқымын кеңейткен. Осы арқылы көрермен Қазақстанның жаһандық кеңістіктегі орны мен рөліне жан-жақты көз жүгіртіп, байыпты сараптама жасайды.
Түркі кеңесінің тұңғыш Бас хатшысы Халил Ақынжы: «VII-VIII ғасырда Күлтегін мен Білге қаған билеген заманда түркілердің өркендеу кезеңі болды. Жиырмасыншы жүз¬жылдықта Ататүріктің тұсында түркілердің ынтымақтастығына қадам жасалды. Ол кезде Түркиядан басқа түркі мемлекеттер Кеңес одағының құрамында еді. Одақ құлағаннан кейін тәуелсіз түркі елдерінің жаңа дәуірі басталды. Сол уақытта Қазақстанның лидері Нұрсұлтан Назарбаев көш бастады. Сөйтіп Қазақстанның түркі әлеміндегі рөлі айқындалды» десе, Әзербайжан Республикасы Ақ¬сақалдар кеңесінің төрағасы Фаттах Гейдаров: «Кеңес одағы ыдырағаннан соң жаңадан тәуелсіздік алған елдер бірқатар қиындықты бастан өткерді. Осындай кезеңде қазақ елінің тұтқасын Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстағаны үлкен бақыт дер едім. Өйткені ол бар күш-жігерін, бүкіл ғұмырын өз мемлекетінің дамуы үшін сарп етті. Қазақстан қазір бірқатар көрсеткіштер бойынша алдыңғы орында тұр. Тіпті жаһандық проблемаларды талқылап, шешім шығаруға белсене қатысып жүрген алпауыт мемлекеттердің өзі санасады. Қазақстанның әрбір шешімі болашақты баянды ету үшін жасалуда», деп Елбасының ел басқару ісі мен дегдар саясатына жоғары баға береді.
Айтулы фильмде сөз болатын ұлт тарихындағы тағы бір елеулі оқиға – Арқа төрінен жаңа астананың бой көтеруі. Иә, түркі танымында астананың да мәнмаңызы айрықша. Өткен замандар қойнауындағы тарих тарамдарына көз жүгіртер болсақ, сонау орта ғасырда «қайырымды қаланы» аңсап өткен Әбу Насыр әл-Фарабиден бастап, желмаясына мініп жерұйықты іздеген Асан қайғының арманы да бүгінде Қазақстанның төр қаласына айналған – ұлы даланың елордасы мұратымен астасып жатқандай. Бабалар аңсап өткен сол асқақ арман бүгінде ақиқатқа айналып, ол Арқа төрінде бой көтерген жас та болса жасампаз қала – Астананың кеңге құлаш жайған қадамдарынан айқын байқалады.
Неге екен, Астана десе, үнемі ойымызға елорданың бас архитекторы, жапон сәулетшісі Кисе Курокаваның: «...Иероглиф әлі ешқандай белгі түспеген таза параққа келісті түседі» деп қазақтың кіндік қаласы турасында айтқан ойы орала береді. Расымен де, сол сонылығы, сол жастығы һәм сол жаңашылдығымен де бүгінде елордамыз әлем тамсана қарайтын ірі мегаполиске айналды. Мәңгілік ел орнату – Көк түркінің де, көп түркінің де көкейіндегі арман десек, сол асқақ арман кәрі тарихтың құрсаулы дөңгелегін кері айналдырып, қайта өмірге келді. Арада 15 ғасыр уақыт өткенде кең-байтақ түркінің тап жүрек тұсында тәуелсіз жаңа мемлекет пайда болып, еңселі елордасы бой көтерді. Сөйтіп, Ұлы дала ұрпақтары өздерінің тарихи тағдырының иесі атанды. Бұл да болса, Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның тізгінін қолына алған сәтте ойға алып, ақиқатқа айналдырған дегдар бастамасы мен көреген саясатының жемісі екендігі сөзсіз.
Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы - Түріксой
Қоғамдық дипломатиялық жұмыстар әсіресе 2000 жылдары халықаралық қарым-қатынастардың маңызды ұғымдарының біріне айналды. Қазір болса маңызды бір сыртқы саясат құралы. Қырғи қабақ соғыс кезеңі аяқталған соң ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жылдам өсуі қоғамдық дипломатияны жаңа бір концепцияға айналдырды. Түркия 2000 жылдарынан бастап, сыртқы саясатта тарихи және мәдени мұрасын да назарға ала отырып, көп тұсты сыртқы саясат жүргізуде. Бұл аяда қоғамдық дипломатиялық жұмыстар ықпалды бір сыртқы саясат құралы. Түрік сыртқы саясатының бұрыннан келе жатқан салаларының бірі ретінде Түркістан жағрапиясы (Орталық Азия мемлекеттері) барлық жаһандық күштер назар аударған жағрапиялардың басында келеді. Осы себепті аймаққа бағытталған маңызды іс-шаралар жүзеге асырған Халықаралық Түріксой ұйымының жұмыстарын таныстырғымыз келеді.
Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы ретінде қабылданған Халықаралық Түріксой ұйымы 1993 жылы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия Республикаларының мәдениет министрлері тарапынан қол қойылған келісім негізінде құрылды. Кейін Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Ресей Федерациясына қарасты Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Саха, Тыва және Хакас автономды республикаларына қоса Молдоваға қарасты Гагаузия Автономиялық Республикасы да Түріксойға бақылаушы мүше ретінде қосылды.
Түріксой құрамында 6 құрушы және 8 бақылаушы елден тұратын барлығы 14 мүше бар.
Түріксой 24 жылдан бері түрік халықтарының бауырластығын күшейту, ортақ түрік мәдениетін келесі ұрпаққа жеткізу және әлемге таныту үшін қызмет етіп келеді. Бастапқыда «Түріксой» Түркі мәдениеті мен өнерін дамытудың халықаралық ұйымы деген мағынаны білдіретін. Кейін аты «Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы» деп өзгерді.
Түріксойдың жұмыстарын Түркі тілдес республикалардың Мәдениет министрлері тұрақты кеңесі белгілейді. Тұрақты кеңес жиналыстарында қабылданған шешімдер Түріксой Бас хатшылығы тарапынан іске асырылады. Түріксой суретшілер кездесуі, опера күндері, әдебиет конгрестері сияқты дәстүрлі жұмыстар ұйымдастырады. Осылайша түркі әлемінен ғалым мен өнер адамдары арасында тәжірибе алмасуға мүмкіншілік береді.
2010 жылы ЮНЕСКО бас ғимаратында, 2011 жылы БҰҰ Жалпы Кеңесінде жүзеге асқан түркі әлемінің ортақ мерекесі «Наурыз» Түріксой тарапынан ұйымдастырылған мәдени іс-шаралармен әлемге таныстырылды.
Түріксой жыл сайын әртүрлі мемлекеттен жүздеген өнер адамының қатысуымен театрдан киноға, музыкадан пластикалық өнерге дейін әртүрлі фестивальдер ұйымдастырады. Түріксой өз басылымдармен де түркі халықтарының бай мәдени мұрасын қоғамға жеткізеді. Түріксойдың журналы үш тілде (түрік, орыс және ағылшын тілдерінде) жарық көреді. Сондай-ақ Түріксой жариялаған басылымдар 14 елде түркі диалекттері мен тілдерінде оқырмандарға ұсынылады.
Түріксой ұйымдастырған еске алу жиындары мен аталған еске алу жылдары арқылы түрік мәдениетіне еңбегі сіңген зиялылар жастарға танытылады. Мәдени тіршілігімізге Түріксой қосқан үлестер арасында «Түркі әлемі мәдениет астанасы» іс-шаралары бар. Іс-шаралар аясында 2012 жылы Астана, 2013 жылы Эскишехир, 2014 жылы Қазан және 2015 жылы Түрікменстанның Мары қаласы «Түркі әлемінің мәдениет астанасы» ретінде сайланды. 2016 жылы «Түркі әлемі мәдениет астанасы» Шекиде болып өткен жиналысқа қатысқан делегация мүшелері бір ауыздан 2017 жылдың Түркі әлемі мәдениет астанасы ретінде Қазақстанның Түркістан қаласын сайлады. Бұрын «Яссы» деп аталған Түркістан қаласы сондай-ақ хикметтерімен түрік әлеміне ықпалы әлі күнге дейін жалғасқан Қожа Ахмед Ясауи дүниеге келіп, дүниеден озған қала болып табылады.
Түрік Кеңесі, Түркі Академиясы, Түрік мәдениет және мұрасы қоры - Түріксоймен ынтымақтастық жасаған халықаралық ұйымдардың кейбіреулері. Түріксой сондай-ақ принциптері мен мақсаттары тұрғысынан ұқсас қызмет атқарған UNESCO, ISESCO және ТМД елдері Гуманитарлық қоры сияқты халықаралық ұйымдармен де ынтымақтастық жүргізеді.
Түріксой Бас хатшылығы міндетін 2008 жылдың 29 мамыр күнінен бері Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет министрі профессор доктор Дүйсен Қасейінов атқарып келеді. Түркияның құрметті ғалымы профессор доктор Фырат Пурташ болса Бас хатшы орынбасары міндетін атқарады. Мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері тарапынан тағайындалған ел өкілдері де Түріксойда жұмыс істейді.

Түріксой Бас хатшылығы Түркияның Анкара қаласында орналасқан. Қазір Түріксой - Түркі тілдес мемлекеттер және қауымдастықтарына қызмет еткен басты мекемелердің бірі. Мүше және бақылаушы мүше елдердің Мәдениет және туризм министрліктерінің қолдауымен жұмыстарын жалғастырған Халықаралық Түріксой ұйымы көп тұсты ынтымақтастық және екі жақты қоғамдық дипломатиялық жұмыстары тұрғысынан маңызды бір мекеме болып табылады.


70. Түркістан қаласы – Қазақстан және Түркі әлемінің рухани астанасы

Түркістан қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер. Еуразия кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолының дархан даласына айналған өлке де ертеден қала соғылды, мәдени ошақтар салынды. Ғажайыбы сырға толы өзен-көлдер мен тау-тастар, ормандар мен шөлейіттер массиві тарихи кезеңдердің куәсі болды. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар талай соғысты бастан өткізді. Қазақ хандығының, Қыпшақ ұлысының, Түрік қағанатының астанасы болған қалалар да жетерлік. Ондай қалалардағы ескерткіштер, мәдени орындар, ескі ғимараттар шежірелі тарих болып қалмақ. 1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласынан бастамақпыз. Осы орайда Елбасы Н. Назарбаев: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан», — деген болатын. Түркістан қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер. Бүгінде Түркістан қаласы тұрғындарының саны 250 мыңға жетіп отыр. Түркістан қаласы – Қазақстанның тарихи туризмінің таптырмас ордасы. Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған. Шавғардан Түркістанға дейін Түркістан қаласының тарихы 2 мыңжылдықтан бері келе жатыр. Алғаш қала атауы Шавғар деген атпен араб жазбаларындағы деректерде кездеседі. Ол – ежелден Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. XІV ғасырда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынған кейін Түркі әлемінің діни орталығына айналды. ХV ғасырдан бастап Түркістан қаласы саяси және экономикалық орталық болды. 1598 жылы ол біржолата Қазақ хандығының астанасы деп танылды. Бүгінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Иассауи кесенесінде қазақ хандары жерленген. Сондықтан да биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Түркістан қаласының маңызы өте зор. Қаланың тарихи туризм әлеуеті зор Түркістан қаласының тарихи туризмінің басты нысаны ретінде 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Республикалық музей ретінде құрылған «Мемлекеттік тарихи-мәдени Әзірет Сұлтан қорық музейін» айтуға болады. Тарихи музей қорына Қазақ хандарының зираттары, ұлы астроном, ғалым Ұлықбектің қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары, ортағасырлық «Шығыс моншалары», Жер асты мешіті, т. б тарихи нысандарды жатқызуға болады. Ескі Күлтөбе қаласы, ортағасырлық Түркістан қалаларының қазіргі орны, қала басындағы тарихи музейлер мен тарихи мәдени орталықтар – туристерді өзіне шақыра алатын нысандар. Саяхат сапары Күлтөбе қаласынан бастау алады. Өйткені Күлтөбе – қазіргі Түркістан қаласының ескі орны. Бүгінгі таңда ескі қаланың жоғарғы қабатының тарихи белгілері бұзылған. Бірақ саяхаттаушы туристерге ескі қала орны ерекше қызығушылық тудыратыны анық. Сондай-ақ Күлтөбеден Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихын дәлелдейтін деректер табылған. Тағы бір қала орны – ортағасырлық Түркістан қаласы. Бұл төңіректе ертеден шахристан, рабаттар, шағын сауда ошақтары орналасқан. Қаланың солтүстік және батыс бөлігінде мұнара мен қабырға қалдықтары салынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 шақырымға жуық. Стратиграфиялық зерттеулер бойынша қала цитаделі Монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасып, XV-XVI ғасырларда кесененің батыс жағында шахристан пайда болған. Күлтөбе қаласынан 350 м қашықтықта орналасқан Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – Түркістанның басты салтанаты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің, XII ғасырда өмір сүрген ұлы ақын, сопы Қожа Ахмет Иассауидің бейітінің үстінен салынған. Бұл ғимаратты атақты қолбасшы Әмір Темір салдырған. Бұл ғимарат – өз заманындағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған құрылыстарының бірі. Бүгінде күрделі жөндеуден өткен тарихи нысан жылына мыңдаған туристі тартып, өзі қызықтыруда. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген ескерткіш. Есімхан кесенесі. Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған еді. Сол Шығай ханның ұлы Есім хан жерленген кесене. Құрылыстың сағана бөлігі сақталған. Архитектуралық, археологиялық зерттеулерге қарағанда бұл құрылыс XVII ғасырда салынған. Рабия Сұлтан бегім кесенесі. Рабия Сұлтан бегім кесенесі жобасында төртбұрышты. Ол ішкі сегіз қырлы және 4 төртбұрышты бөлмелерден тұрады. Бұл құрылыс туралы алғашқы деректер XVI ғасырдан бастап кездеседі. Рабия Сұлтан бегім Ұлықбектің қызы, Әмір Темір көрегеннің немересі, көшпенді өзбектердің ханы Әбілқайырдың әйелі болған. Қылует жер асты мешіті (XII-XIX ғасырлар). Қылует жер асты мешіті Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікте, 150 м жерде орналасқан. Қылует жер асты мешітінің салынуы Ахмет Иасауи есімімен байланысты. XII-XIX ғасырлар аралығында салынған құрылысты XX ғасырдың 40 жылдарында толығымен бұзып қыштарын зауыт салуға қолданған. Археологиялық архитектуралық зерттеулермен 1941 жылы жасалынған макетке сүйене отырып Қылует жер асты мешіті толығымен қалпына келтірілген. Ортағасырлық монша (XVI ғасыр). Ортағасырлық шығыс моншасы Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстік шығыста, 150 м жерде орналасқан, жеті бөлмеден тұрады. Монша 1978 жылға дейін жұмыс істеп келген, 1979 жылдан бастап оның негізінде Шығыс моншасы музейі ашылған. Құмшықата жер асты мешіті (ХІІ ғасыр). Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстік-шығыста, 1 шақырым жерде орналасқан. Жер асты мешіті сопыларлың діни-ғұрыптық құрылыстары қатарына жатады. Күйдірілген қышпен салынған. ЮНЕСКО мойындаған - Түркістан Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандарды дамыту бағытындағы саяхаттың ендігі мақсаты музейлер мен мәдени орталықтарда жалғаспақ. Мұндай нысан қатарына алдымен осыдан 5 жыл бұрын ашылған «Түркістан тарихи-мәдени этнографиялық орталығын» айтуымызға болады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған орталықта ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, орталық қорындағы тарихи жәдігерлер қоры туристерге көрсетіледі. Түркістан тарихи музейі. Қаладағы ХІХ ғасырда әскери казарма болған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, тарихи музейге айналдырды. Түркістан тарихи музейінің экспозициясы 8 бөлімнен тұрады: Тас, қола және ерте темір ескерткіштері, түркі кезеңіндегі Түркістан оазисі, Шауғар қаласы, Ясы қаласы, Қожа Ахмет Иасауи – «Түркістан пірі», Ескі Түркістан қаласы, Түркістан – Қазақ хандығының астанасы, Түркістан – түркі дүниесінің рухани орталығы. Қазақстанның тарихи туризм ошағы саналатын Түркістанның туристерді тартуға әлеуеті зор. Тек қана тарихи туризм аясында ғана емес, әлеуметтік мәдени, саяхаттау мақсатында, этнотуризм аясында туристерді тарта алады. Түркістан қаласының тарихи-мәдени туризмінің дамуына үкімет мейлінше мол назар аудара бастады. Бұл дегеніміз – туризм арқылы тек табыс алып келу ғана емес, Түркістандай киелі жерді әлемге танытып, паш ету. Ендеше, тарихы тереңде жатқан Түркістан шаһары – Қазақстандағы тарихи туризмнің басты жобасы әрі ЮНЕСКО мойындаған тарихи орын.
71. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары, олардың тарихи маңызы.
1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:
Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.
Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.
Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай
2-нші құрылтай
2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
3-нші құрылтай
2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.

72. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы.


Қазақстанның мәдени мұра жобасы — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.
Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді:
ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
археологиялық зерттеулер;
қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
Облыс кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау:
«Мәдени мұра» қорын қалыптастыру;
Мәдени–әдеби мұраларды сақтау және оны насихаттау;
Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау;
Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту;
Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау;
Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену;
Жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу;
Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.
Қазақ халқының философиялық мұрасының байлығын көрсететін барлық шығармалар мысалдарын біріктіру алғашқы әрекеті «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы» болған. Қорқыт-атаның айтқан сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасатын Ұлы дала ұлдарының философиялық көзқарастары әлемдік гуманистикалық рухани мәдениеттің алтын қазынасы болып саналады.
Бұл басылымдардың әрқайсысы – ғалымдар, жазушылар, аудармашылар, архивистер, кітапханашылардың бірлескен еңбек нәтижесі.
Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.
Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».
Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.
Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.
Ұлттық санадағы қалыптасу маңызы
1 көп контент қазақ тілінде болады
2 ески мұраны сақтау насиқаттау
3 тарихи мұраны сақтау
4 қазақ адамының болмысын мәдениет арқылы дамыту, сақтау
73. Қазақстан және Еуразия экономикалық одағы: ҚР Президентінің Еуразияшылдық идеясы.
Қазақстандық басшылықтың еуразиялық интеграцияның экономикалық сипатын үнемі айтып келе жатқанына қарамастан, ол шаруашылық қауіп төндіріп қана қоймай, қолайлы жағдай да туғызады, және оның әлеуметтік, саяси салдары да болмақ. Алайда бұл басқа мақаланың тақырыбы. Сондықтан бұл жолы ЕЭО-ның жағымды және жағымсыз экономикалық аспектілеріне баға берумен шектелейік.
Алдымен еуразиялық интеграция сәулетшілері басты назар аударып отырған плюстеріне тоқтала кетейік. Олардың біріншісі - ойынның бірыңғай ережелері бойынша сыйымды ортақ нарық қалыптастыру (170 млн адам). Теориялық тұрғыдан бұл Қазақстан үшін өңдеуші өнеркәсіптің экспорттық салаларының өсуіне серпін болу керек. Бұл ретте әлбетте Ресей шекарасына жақын орналасқан қазақстандық облыстардың бизнесіне жақсы болашақ ашылады.
Ел басшысының бағалауынша жаңа экономикалық одақтың тағы бір плюсі, қазақстандық экономикаға шетелдік инвестицияның қосымша ағыны және біріккен кәсіпорындар құру болмақ, себебі Қазақстандағы қолданыстағы заңнама бойынша салық деңгейі Белоруссия мен Ресейге қарағанда аз. Осылайша биліктегілер біздің ел ЕЭО бірыңғай нарығына шетелдік бизнес шығатын терезе болады деп үміттенеді
Осы мақсатқа жету үшін де «Инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жедел түрде әзірленіп, қабылданғаны белгілі. Оған Нұрсұлтан Назарбаев 12 маусымда Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27 отырысында қол қойған болатын.
Еске салсақ, құжатта 10 жылға корпоративтік табыс және жер салығынан босату, 8 жылға Қазақстандағы экономиканың әлеуетті секторы үшін қаржы салуға дайын инвесторларды мүлік салығынан босату қарастырылған. Бұл ретте нысандарды пайдалануға бергеннен кейін мемлекет капиталдық шығындардың 30%-ын өтейді және инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында және оны іске қосқаннан кейінгі бір жыл ішінде ешқандай шектеусіз шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат етеді.
Оған қоса, инвесторларға салық режимінің тұрақтылығына кепілдік беріледі. Тек қосымша құн салығы мен акциздік алымға ол қатысты емес.
ЕЭО құрғанның тағы да бір жағымды факторы бірыңғай нарық аясында жұмыс күші жеделдігінің өсімі. Және, ЕЭО Қазақстан үшін ең бастысы, биліктегілердің айтуынша, Белоруссия және Ресей республикасымен сыртқы сауда көлемінің артуы. Теориялық жағынан бұл сондай-ақ, ІЖӨ өсу қарқынын, бәсекелестік пен өнім сапасының артуын, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен әлеуметтік тұрақтылық өсімін арттыруы тиіс.
Айтпақшы, Қазақстанның Белоруссия және Ресеймен сыртқы сауда айналымындағы алғашқы оң нәтижелеріне қазірдің өзінде қол жеткізілді. Республиканың Кеден одағы құрылғаннан бергі сыртқы сауда көлемі ол құрылғанға дейінгі көлемнен барынша артқан. Бірінші кезекте ол біздің солтүстік көршілермен сауда көрсеткіштерінен жақсы көрінеді.
ҚР статистика агенттігінің ақпарынша, егер дағдарысты 2008 бен 2009 жылдарда Қазақстанның Ресеймен сыртқы сауда көлемі сәйкесінше, $20 және $12,4 млрд болса, онда 2010 жылы ол $17,4 млрд-ға дейін жеткен, ал бір жылдан кейін - $22,3 млрд. болған. Бұл ретте 2012 және 2013 жылдары жақсы көрсеткіш сақталып қалған. Бұл жылдары Қазақстанның РФ-мен сыртқы сауда айналымы, сәйкесінше $23,1 және $23,5 млрд. болған. Сондықтан ЕЭО құрылғаннан кейін бұл көрсеткіш тек арта береді деуге барлық негіз бар, әлбетте, егер бұған жаһандық экономикадағы жаңа толқулар мен дүниежүзілік саясаттағы жағдайлар әсер етпесе. Атап айтсақ, Ресейге қарсы Батыстың санкциясы.

74. Қазақ КСР-ның Тілдер туралы заңның қабылдануы (1989 ж.).


1989 жылы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Бұл 1993 жылғы Конституцияда бекітілді. 1990 жылдан бері қазақ тілі заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңы 1997 жылдың 11-шілдесінде шықты.
Тіл туралы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл . халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген.
1989 жылы қыркүйектің 22-күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Ол заңда, сол кездегі Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық тіл деп бекітілді.
Жалпы, Кеңестік дәуірдегі зерттеулер, яғни 1989 жылы Қазақ ССР Тіл туралы Заңы қабылданған кезге дейінгі жарық көрген еңбектер ресми идеологияның шеңберінен шыға алмай, біржақты ғана жазылды. Бұл еңбектерде ұзақ жылдар бойы интернационалдық біртектілікті, «ұлттарды біріктіруді», яғни КСРО халықтары мен тілдерін жақындастыруды насихаттау мақсатты түрде көрініс берді. Мұның өзі кеңестік жүйе белгілегендей, Қазақстандағы ұлт тілдерінің дамуы негізінен алғанда, сол кезеңдегі партиялық мемлекеттік саясат ыңғайына сәйкес зерттелгендігін байқатады. Осылайша, 1980-жылдардың бас кезінде қазақ тілі өз республикамызда белгілі бір дәрежеде беделін жоғалтып алды деуге болады. Міне, осындай объективті себептерге байланысты қазақ тілінің беделінің төмендеуі, қолданыс аясының тарылуы оны республика бойынша мемлекеттік тіл деп тануға итермеледі. 1985 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Жазушылар Одағында «Соңғы жылдардағы қазақ көркем шығармаларының тілі» атты тақырыпта алқалы жиын өтіп, онда көрнекті жазушы-академик Ғабит Мүсірепов тіл туралы жасаған баяндамасында тілді – ең бірінші, ұлттың ұлттық белгісі, халықтың тарихы мен тағдыры, әдебиеті мен мәдениеті, дәстүрі мен салты, ән мен күйі, жаны мен тәні, тіпті мінез-құлқы деп танып, тілден айрылу – бәрінен айрылу екендігін, сол себепті ана тілін сақтап қана қоймай, оны одан әрі дамыту шараларын жан-жақты ойластыру қажет екендігін баса айтты
1989 жылы тамызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеологиялық комиссиясы дайындаған «Қазақ ССР-індегі тіл саясаты мен тіл құрылысының концепциясы» жобасы тұңғыш рет жарияланып, «Қазақ тілінің бұрын да мемлекеттік тіл ретінде белгіленгені мәлім, бірақ ұлт саясатындағы қиғаштықтардың салдарынан саяси, мемлекетік, ғылыми және мәдени өмірде лайықты дәрежеде қолданылмай келді,» /9/ – деп бұл мәселедегі істің нақтылы жайы ашық атап көрсетілді және «Міне сондықтан да қазақ тілінің мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, ғылым, мәдениет, білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінде, қызмет көрсету саласында кеңінен қоданылуына және барынша дамытылуына қазақ тілінде арнаулы орта және жоғары білім алу үшін жағдай жасау, оны үйренгісі келетін жұрттың бәріне мүмкіндік туғызу туралы қамқорлықты республика өз мойнына алуы үшін қазақ тілін қорғау және дамыту мақсатында оны Қазақ ССР-інің мемлекеттік тілі деп ресми түрде, конституция жүзінде тану керек,» /9/ – деп қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру мәселесі алғаш рет ресми құжат ретінде жұртшылық талқысына ұсынылды.
Республикада қазақ тілін оқып-үйренуді жақсарту туралы» 1987 жылғы 3 наурыздағы қаулысын орындау жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысы /10/ қазақ тілінің өрісін кеңейтуге үлкен септігін тигізді. Қаулыда қазақ тілін оқып-үйренудегі 1987-1989 жылдар аралығында оңды өзгерістермен қатар, қоғамдағы рөлін кеңейту процесі әлі де баяу жүзеге асырылып жатқандығы, қолданылу аясын шектеудің бұған дейін орын алып келген үрдісі әлі жойылмағандығы т.б. кемшіліктер атап көрсетілді. Осы кемшіліктерді жоюдың, қазақ тілін жан-жақты дамытудың мемлекеттік шаралары белгіленіп, бұларды орындау тиісті министрліктер мен ведомстволарға міндеттелді.
Республикада Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңының жобасы талқыланып жатқан кезеңде 1989 жылғы 20 қыркүйекте өткен СОКП Орталық Комитетінің Пленумы «Партияның қазіргі жағдайдағы ұлт саясаты» тақырыбына арналып, ұлттық-тіл құрылысы мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, оған айрықша маңыз берді.
Бұл саяси құжаттың КСРО-дағы ұлт тілдері үшін маңызы зор болды. Осы платформаның «Ұлттық мәдениеттер мен тілдер туралы» тарауында: «Одақтас немесе автономиялы республикаға аты берілген ұлттың тілін мемлекеттік тіл деп тану – республикалардың өздері шешетін мәселе. Мемлекеттік тіл статусы тілді кемсітуге бастамауға тиіс, ол мұның қоғамдық және мәдени функцияларын кеңейтуді, бұл үшін қажетті материалдық-техникалық, кадр, педагогикалық немесе басқа да мәселелерді шешуді, басқа ұлт өкілдерінің жергілікті тілді оқып-үйренуін көтермелеп, оған көмектесуді көздейді» /11/ деп жазылып, ұлт тілдерінің мемлекеттік мәртебесін көтеруге кең мүмкіндік ашып берді.
Тіл мәселесінің мемлекеттік деңгейде талқыға түсіп, жұртшылық арасында жаппай саяси тақырыпқа айналуы республика көлемінде қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тануға себеп болды. Осы талаптар мен ұсыныстар нәтижесінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңын қабылдап, оның 1-бабында «Қазақ тілі Қазақ ССР-інің мемлекеттік тілі болып табылады» /12/ деп көрсетілді. Осылайша, халықтың көптен күткен арманы орындалды.

75. С.Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы.


Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы - 25 ақпан [1] 1939, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды1913-1916 жылдары С.Сейфуллин Омбы қаласындағы оқытушылар семинариясында оқиды. Бұл кезде болашақ ақынның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптаса бастайды. Ол қараңғы халық, ішіне мәдениет тарату мақсатын көздейтінстуденттердің "Бірлік" атты үйірмесінің жұмысына белсене қатысады. Үйірме мүшелері саясат мәселелеріне де араласып отырған. Осы үйірменің көмегімен 1914 жылы Қазан қаласында Сәкеннің "Өткен күндер" атты алғашқы өлеңдер жинағы басылады.
1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді. 1917 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» атты өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, «Жас қазақ» ұйымын ашты, «Тіршілік» газетін шығарысты, 3 айлық педкурста оқытушы болды. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының премьерасын көрсетті.
1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жариялана бастаған «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық шығармасын жеке кітап етіп (1927) шығарды.Сәкен Сейфуллиннің әдебиеттанулық еңбектері: «Қазақ әдебиеті туралы хат» («Еңбекші қазақ», 1929); «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (құрастырушы, Қызылорда, 1931); «Батырлар жыры» (құрастырушы, 1933); «Билер сөзі» («Жаңа әдебиет», 1931, №3); «Ертедегі жыр-әңгімелер, яки ноғайлы дәуірінен қалған әдебиет нұсқалары» («Жаңа әдебиет», 1931, №10, 11); «Қазақ әдебиеті», (1932); «Батырлар жыры». (1 том, 1933); «Көркем әдебиет», (1935, (Ө.Тұрманжановпен бірге); «Ақмолла». Өлеңдер жинағы (1935); «Ләйлі-Мәжнүн» (Құрастырушы, 1935).

76. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы. Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы.


Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы-Қазақстанның барша азаматына тең мүмкіндіктер мен лайықты тіршілік жағдайын туғызуға ұмтылу, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын мойындау, ұлт тағдырына жауапкершілікті сезіну, Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда, мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей байырғы қазақ жерінде ұлттық мемлекеттілік құру мен нығайту және де басқа қағидаттарды негізге ала отырып, қоғам мен ұлтқа Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы ұсынылады
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттілігінің құқықтық, тарихи жалғыз дара мұрагері және оның саяси, мемлекеттік құрылымының табиғи жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттілігін күшейту жолындағы барлық шараларды атқарады.
Ел тарихы – көптеген қайғылы оқиғалардың куәгері. Халықтың өмірі, оның тілі мен мәдениеті жойылудың алдында тұрған да кездер болған. Қазақ халқы аса ауыр сынақтан өтіп, жай ғана аман қалған жоқ, мемлекетін де құрды, тәуелсіздігін де алды.
«Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияда және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда егеменді ұлттың әрі қарай ұйысуының негіздерін айқындаған екі қағидат жария етілді: біріншіден – Қазақстан мемлекетін құрудың алғышарты болып табылатын қазақ халқының өз тағдырын өзі таңдау құқы; екіншісі – елдің барлық азаматтары үшін жасалатын тең мүмкіндік.
Халықтың даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этникалық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына негіз болды.
Тәуелсіздік орнығуының ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілген жоқ.
Сол жылдары, кеңестік дәуірден қалған дағдарыстан өту, жаңа экономикалық және саяси қатынастарды қалыптастыру жағдайында, қоғамды ұйыстыру ісі: ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық татулық және этносаралық келісім қағидалары негізінде жүзеге асқан еді.
Содан бері Қазақстанның жетістігіне айналған қоғамдық келісіміміз елдің нәтижелі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының кепілі және негізі болып табылды.
Алайда өмір бір орында тұрмайды. Өткен жылдарда көп нәрсе өзгерді. Өзіміз де өзгердік, біздің санамыз тоталитарлық жүйенің қалдықтарынан құтылуда. Тәуелсіздікалған жылы туған ұрпақ кәмелетке толды.
Бізді қоршаған әлемдегі жағдай да өзгерді. Жаһандану ықпалы артты. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ғана болып қалған жоқ, ол түрлі геосаяси мүдделердің нысанына да айналды. Жаңа ғасырдың екінші онжылдығында елдің алдында инновациялық-өндірістік дамуға өту жөнінде жаңа әлеуметтік-экономикалық міндеттер тұр.
Осының барлығы, жаңарған қоғамнан, өзгерген әлем алдында өзінің бірлігін терең сезінген жаңа типтегі ұйысуды талап етеді.
Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұұлт Ббірлігіне жету болып табылады.
Сондықтан да дәл қазір, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасын қабылдау аса қажет.
Ұлт Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді – соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз – Ұлт жоқ. Ұлтсыз – мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз – болашақ жоқ.
Осыларды негізге ала отырып, Қазақстанның Ұлт Бірлігінің төмендегідей қағидаттары жария етіледі.
•I. «БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР»
Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат – әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының – Қазақстан Республикасының – ортақ екенін ұғыну.
Біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегіне қарамастан, әрбір адамның жоғары деңгейде Қазақстанмен және оның болашағымен етене бірігуіне негізделген.
Қандай да бір елдің азаматы болу – әр адамның тағдыры. Алайда, адамдар әрқашан таңдау құқығына ие – ал біз өз таңдауымызды жасадық. Біздің таңдауымыз терең дара сипатта, осы таңдау- біздің барлығымызды отандастар етеді. Себебі біздің ортақ еліміз, ортақ отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тарихи тағдырымыздың ортақтығын түсіну және осы таңдауды түйсіне білу – елдің барша азаматын біріктіретін ең басты негіз.
Бір мемлекетте тұрып, өзге елдің заңына бағынып өмір сүру, азаматтың барлық құқы- ғына ие бола отырып, бірақ оның міндеттерін орындамау мүмкін емес. Құқықтар мен міндеттердің мұндай бірлігі біздің тағдырымызды да, болашағымызды да бір арнаға қосады.
Ортақ болашағымызды бірлесе қалыптастырмай тағдырласа өмір сүру мүмкін емес. Тәуелсіздік алғаннан соң біз өз мемлекетімізді бірлесіп құруға тарихи мүмкіндік алдық. Содан бергі жылдарда біз, бәріміз, күшті, қуатты, заманауи мемлекет құру жолында бірге еңбек еттік. Елдің егемендігі, оның территориялық тұтастығы, қауіпсіздігі, экономикалық дамуы, қоғамдық келісімі – біздің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі.
Сондықтан біз, бәріміз, бір Отанның ұлдары мен қыздары екендігімізді, ал біздің Тәуелсіздігіміз – сан ұрпақтың орындалған арманы, халқымыздың ерен еңбегінің, ерлігінің және ерік-жігерінің жемісі екендігін әрқайсымыз түсінуге тиіспіз. Тәуелсіздік пен байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілігімізді дамыту – біздің басты құндылығымыз болып табылады.
Жаңа тарихи кезеңде мемлекетіміз Қазақстанға өзінің асқақ есімін берген қазақ халқының алдында ұлтты ұйыстырудың алтын діңгегіне айналу жөнінде жаңа тарихи миссия тұр. Жаңа тарихи жағдайда қазақ халқының алдында жаңа тарихи парыз тұр.
Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында, қазақ халқы – басты жауапкер. Сондықтан да біздің ілгері өркендеп, теңдес және дамыған елдердің қауымдастығына қадам басамыз ба, әлде өткен даңқты жолымыздан жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба – ол қазақ халқының парасатына байланысты.
Біздің ұлы мақсатымыз – этникалық шығу тегімізге қарамай бірігіп, Даңқты Ұлтқа айналу және қолымызда тұрған ең бағалы құндылық – егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздіңқарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету. Ол үшін біз әлі күнге дейін ынтымағымызға кедергі келтіретін болымсыз істерден және қолдан жасалған кедергілерден арылуымыз керек.
Мұнан шығатын қорытынды, әрбір азамат, қоғам және мемлекет, халықтың, болашақ ұрпақтың алдында өз жауапкершілігін сезініп, төмендегідей қажетті әрі ұтымды шараларды қамтамасыз етуі керек:
– еліміздің барлық азаматының өз тағдырын Отаны – Қазақстан Республикасының тағдырымен бірге әрі терең тамырлас екенін сезінуі;
– бізді ыдыратуға және ынтымағымызды бұзуға бағытталған кез келген ықпалға белсенді түрде қарсы тұру;
– Республика конституциялық құрылысының, территориялық тұтастығы мен унитарлық құрылымының мызғымас беріктігін нығайту;
– ұлттық мүддеге негізделген елдің экономикалық, саяси, рухани, ақпараттық қауіпсіздігін одан әрі нығайту, басқа мемлекеттер тарапынан болатын ақпараттық тәуелділік пен басқыншылыққа немесе қысымға жол бермеу;
– елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін республиканың барша азаматын қазақ халқының төңірегіне ұйыстыру;
– ел егемендігінің беріктігіне негізделген халықаралық әріптестік саласында ұлттық мүдде басымдығын ұстану;
– басты байлығымыз – Тәуелсіздікке, жерге, бірлік пен рухани құндылықтарға тағзым ету;
– азаматтар мен қоғам тарапынан мемлекеттілікті нығайту, Тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты қорғауға мейлінше жәрдемдесу.
II. «ТЕГІ БАСҚА – ТЕҢДІГІ БІР»
Екінші басты қағидат – этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру.
Біріміздің алдында бірімізге алдын ала артықшылық берілмейді. Бұл ұстаным біздің бірлік ғимаратымызға берік іргетас болып қаланған. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген.
Бұл қағидат әрбір Қазақстан азаматы өзінің жеке артықшылығы мен шығу тегіне қарамай, қабілетіне қарай барлық мүмкіндігін жүзеге асырып, жетістіктерге жете алатынын аңғартады. Отан мен қоғамғақызмет етуге бағытталған қабілет пен дарын еркін дамуы тиіс, оған ешқандай кедергі болмайды.
Бұл мемлекет пен қоғамның дамуына қолайлы жағдай туғызады: қабілеті мен мүмкіндігі артқан адамдар саны көбейген сайын ел егемендігі нығайып, қоғамның біртұтастығы артады.
Мемлекет тарапынан барлық адамға бірдей әділетті және тең мүмкіндік жасалады. Меншік еркіндігін дамыту – ел өркендеуі үшін қажетті шарт. Орташа тапты жедел қалыптастырудың экономикалық және құқықтық негіздерін жасау – Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін өмірлік қажеттілік.
Теңдік қағидаты ауыл мен қала тұрғындарының, сондай-ақ қайта оралған отандастарымыздың өмір сүру дәрежесін теңестіреді, қалаға келушілердің бейімделуі мен урбанизация үдерісін басқаруды реттейді.
Мүмкіндіктердің теңдігі, шығу тегі мен діни ұстанымына қарамай, әркімнің қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласына қатысу құқығына ие бола алатынын көрсетеді.
Біздің басты байлығымыз – әралуандықтың бірлігі. Сондықтан мемлекет өз халқының мәдени, рухани дәстүрлерінің ұлттық игілік ретінде сақталуына қамқорлық жасайды. Осы қамқорлықтың бір тетігі ретінде мәдениетаралық сұхбаттың айрықша институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі осыған бағытталады.
Біз мүмкіндіктер теңдігі қағидатын сақтай отырып көп нәрсеге қол жеткіздік, келешекте бұдан да зор нәтижеге қол жеткіземіз. Ол үшін азаматтар, қоғам және мемлекет жауапкершілікті тең бөлісуі және мынадай қажетті шараларды пәрменді қолдануы қажет:
– этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету;
– қоғамдағы этносаралық және дінаралық алауыздықтың алдын-алу және жолын кесу;
– этникалық және діни қағидаттар бойынша құрылған саяси ұйымдарға заңмен тыйым салу;
– ұлтаралық қатынас мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы қабылданған әдеп нормалары мен қағидаттарын сақтай отырып шынайы түрде жариялау;
– азаматтық теңдікті жүзеге асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру;
– ұлттық бірлікті нығайтатын әлеуметтік негіз ретінде орташа таптың қалыптасуын жеделдету;
– әрбір адамның азаматтық құқығын және барлық азаматтың заң алдындағы бірдей жауапкершілігін сақтау;
– ауылдық жерлерді әлеуметтік- экономикалық және мәдени жағынан дамыту, миграция және урбанизация үдерістерін реттеу.
ІІІ . «ҰЛТ РУХЫНЫҢ ДАМУЫ»
Ұлт бірлігінің үшінші негізгі қағидаты – біріктіруші және бекітуші бастау ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамыту.
Рухани бастау – Ұлтты бір тұтастыққа біріктіретін күш. Халықтың рухы күшті болған сайын, оның мемлекеттілігінің де болашағы зор. Бұл – тарихтың және тағдырымыздың басты қозғаушы күші. Тап осы Ұлттық Рух кез келген елдің бет-бейнесін айқындайды, бағыт-бағдарын нұсқап, дамуына серпін береді.
Біздің Ұлттық Рухымызды көтеру үшін негізгі басымдықтар мыналар: дәстүр мен отансүйгіштік рухы, жаңару рухы, жарыс пен жеңіс рухы.
Ұлттың рухы халықтың өзіндік санасының бір бөлігі болып табылатын мыңдаған жылдық дәстүрге, құндылықтар мен мәдениетке, тілге сүйенеді. Осы тіл, дәстүрлі құндылықтар мен қайталанбас төл мәдениетіміз халыққа жүздеген жылдар бойы демеу болып, оны тарих жолында тарап кетуден сақтап қалды. Бұлар бүгінде де бізді өзгелерден айырып, ерекшелейді. Әрі қайталанбас бір тұтас руханиятымыздың іргетасы болып табылады. Сондықтан да мәдениетті, дәстүр мен тілді жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту – мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі.
Бұл, ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейтуге қатысты. Оны меңгеру әркімнің парызы мен міндеті, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге атсалысудағы белсенділігін айқындайтын ұмтылысы мен ынталануына айналуы қажет. Ббұл – шешуші басымдық, рухани және ұлттық бірліктің негізгі факторы.
Сонымен қатар мемлекет тарапынан Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностың мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қамқорлық көрсетілуі тиіс.
Қоғамның рухани негізі болып табылатын дәстүрлі құндылықтарды арқау ету (тіл мен мәдениетке құрмет, имандылық, отбасы, ұрпақтар сабақтастығы, отансүйгіштік және сыйластық) қазіргі әлемде біздің бірлігіміз бен өзіндік ерекшелігімізді нығайта түсудің сүйенішіне айналуда.
Қазіргі әлем күн өткен сайын елдер мен ұлттарға қатал талап қойып отыр. Олардың ішінде түпкі дәстүрлері мен құндылықтарын жоғалтпаған, үнемі жаңаруға, модернизацияға,
бәсекелік басымдықтарын күшейтуге ұмтылатындардың ғана дербес болашақтан үміті бар. Бұл – уақыт талабы, оған енді біз лайықты болуымыз шарт. Дәстүрге сүйенген модернизация мен бәсекеге қабілеттілік біздің ұлттық рухымыздың ХХІ ғасырдағы өркендеуіне негіз болады.
Тек қана ғаламдық деңгейдегі асқаралы міндеттерге ұмтылған ұлттар ғана жеңіске жетеді. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікке бет түзеу Ұлт Рухының ең маңызды бөлігіне айналуы шарт. Бұл – Ұлттың алға қарыштап қадам басуының, серпіліп жаңа көкжиектерге ұмтылуының негізі мен кепілі. Қазақстанның әрбір азаматы мұны жақсылыққа, байлыққа, ақылдылыққа ұмтылыс деп танып, туған елінің гүлденуіне қолдан келгеннің бәрін істеу қажет деп сезінуі керек. Әрбір адам өз бойындағы осы қасиеттерді дамытуы шарт, олар жеңіс Рухының өз ғұмырының, қоғам мен мемлекет өмірінің бір бөлшегіне айналуына бар күш-жігерін сарп етуі тиіс.
Қоғамның барлық салаларын модернизациялау арқылы ғана бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге болады. Ал, ең бастысы, модернизация, үнемі жаңаруға деген ұмтылыс ретінде біздің санамыздың ажырамас бөлшегіне, жалпы ұлт Рухының бөлігіне айналуы тиіс. Бұл – біздің уақыт дабылына қайтарған жауабымыз, өйткені дамуға ұмтылмаған Ұлттың күні санаулы.
Бізге ұлт әлеуетін оятатын интеллектуалдық серпіліс қажет. Білімге, ғылымға және инновацияларға көзқарасты өзгертудің өмірлік маңызы зор. ХХІ ғасырда тек интеллектуалды ұлт қана жеңіс тұғырынан көріну мүмкіндігіне ие бола алады.
Тек осындай жолмен ғана, дәстүрлерге сүйеніп үнемі жетілу арқылы, биік мақсаттар қоя отырып ұлттың бірігуіне, Ұлт Рухының нығаюына қол жеткізе аламыз.
Бұған жету үшін мемлекет, әрқайсымыз, бүтін қоғам жауапкершілікті бөлісуі тиіс және қажетті әрі ұтымды мынадай шараларды қамтамасыз етуі керек:
– Ұлт Рухын дамыту және нығайту, осыны еліміздегі әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналдыру;
– мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық беру;
– Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, тілін дамытуға жағдай жасау;
– ұлттың, мемлекеттің, • қоғам және отбасының мызғымастығына бағытталған рухани дәстүрлерді, адамгершілік құндылықтарды, дүниетанымдық ұстанымдарды сақтау және нығайту;
– ұлттық құндылықтар мен игіліктерге қамқорлық жасау;
– жас ұрпақты сыйластық, отаншылдық, Еліне және халқына адал қызмет ету құндылықтары рухында тәрбиелеу;
– әрбір адам өзінің білімін, қабілетін, кәсібилігін және бәсекеге қабілеттілігін үнемі жетілдіріп отыру;
– қоғамның өмірлік маңызды барлық саласын одан әрі модернизациялауға байланысты бірлескен дәйекті жұмыстар жүргізу;
– Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде интеллектуалды ұлт қалыптастыру.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады.
Доктринаны жүзеге асыру Қазақстанның жедел дамуы үшін, әрқайсымыздың лайықты өмір сүруіміз үшін елдің адами, интеллектуалдық әлеуетін жандандыру мен жұмылдыруға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын сақтау және қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үдерісінің басты құралы болмақ.
Ұлт бірлігін қамтамасыз ету – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрудың маңызды шарты. Мемлекеттің экономикалық өсуі, әлеуметтік ілгерілеуі, демократиялық дамуы қоғам бірлігі ұйысқан және сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл міндетті шешу үшін тәуелсіз, егемен, барлық әлем мойындаған мемлекет ретінде Қазақстанда саяси ерік және қажетті экономикалық, әлеуметтік ресурстың бәрі бар.
Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту, мүмкіндіктер теңдігін және азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау, интеллектуалды ұлт құру және ұлттық рухты дамыту – біздің ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы әрі әрбіріміздің өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт.
Осының бәрі алдымыздағы жылдарда еліміздің қарқынды дамуының негізін қалайды.

77. Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты және рухани жаңару бағыты.


Казакстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуы. Қазіргі қоғамда жас адам тұлғасының айқындалуы және нығаюымемлекет үшін өзекті және басымдыққа не міндет болып саналады. Казакстан жастарына өздерінің зияткерлік және инновациялық әлеуеттерін салуға болатын кеңістікті белгілеп алуына көмектесу керек,Қазақстан қоғамында қазіргі жастар тұлғасында бұрынғы ұрпақтардан айтарлықтай өзгеше, мүлдем жаңа зияткерлік тап: жаңа бағытбағдар ұстанған, күндылық ұстанымдары ұтымды экономикалықic-кимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған жастар табы қалыптасты. Соған байланысты өзінің республика жастарымен коптеген кездесулерінде Н.Ә.Назарбаев: «Әр адамның бойына істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді. Атап айтқанда, 2015 жылы сәуірдің 10-ында Астанада «Ұлт көшбасшысымен бірге жаңа жеңістерге!» деген жастар форумында сөз сөйлеrен президент Н.Ә.Назарбаев: «Сендер экономиканың кеңестік жүйесін және өркендеуіміздің сол заманғы қиын бастауы болған кезді енді білмейтін Тәуелсіздіктің алғашқы ұрпақтарысыңдар. Сонымен катар сендер жаһандық әлем жағдайында өмір сүріп жатқан алғашқыұрпаксындар. сендер өркендеуіміздің талаптарын барынша
айкын түсінуге тиіссіңдер», - деді. Со иры карай жалгастырган ұлт көшбасшысы жастарға «Бүгінгі таңда коrеrе аrетіктерінің нәтижесінде Казакстан дамыған елдердің алғашқы отызлыгына кіре
алатын жағдайға жетті. Іс жүзінде бір экономиканың дамуы серnіні, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және басқадай салалар боймнша осы елдердің катарын катарындамыз, Енді бі әлемдегі жетекші елдердің экономикасына


халыктын омір сүруінің нақты денгейі және сапасы жагынан тенесуге тиіспіз. Ол үшін, ЖІӨ көлемі, ар казакстандыкка есептегенде, ламыгии елдердегі шамадан екі есе артық болуға тиіс», - деген ойын жеткізді. Осы форумда Н.Ә.Назарбаев жастардың назарын галамдык бзсеке гасырының: «Өзгер, әйтпесе тайып тур!» деген катан устанымы бар екеніне аударды. Ал бұл талап ең жоғарғы міндеттерді нақ осы жастардың алдына қояды, ойткені жас кезінде адам жана жагдайларга тез бейімделеді. Елбасынын мығым сенімі бойынша, жаһандық тарих - ол дәстүрлер мен инновациялардың үйлесімі. Сол туралы мынадай әзіл-сықақ бар: «Қадірменді экономист профессор студенттерге емтихан барысында кайсыбір сурактарды жыл сайын кайталап қоя береді. Бір жолы оның жас студенті «Профессор, Cis Giare жылма- жыл бәріміз әлдеқашаннан бері білетін сұрақтарды қоя беретініңізді неге тусінбейсi?»-дейді. Профессор: «Сендер бұның экономикаға 6aft байланысты екенін ұмытпаңдар. Ал экономиканың сұрақтары кашаида бірдей, ал жауаптары жыл сайын әртурлі»-деп жауаn берген екен,Сондықтан барлыгы да әрдайым озгереді: монгілік сұрақтар бар. бірак мәнгілік жауаптар жок, Бул эковомикага гана емес, омірдін барлық салаларына қатысы бар моселе. Жастар назарын тагы бір рет бүгінгі таңда барлық казакстан дықтарды ортақ құндылықтар: жасампаз еңбек, бейбітшілік және келісім, халықтың бірлігі, Отан үшін мақтаныш сезімі, оның ұлы тагдырына ортақтық біріктіретініне аудара отырып, президент жас ұрпақты келесі ұстанымды омір бойы сақтауга үндедi, Comit корыта келе Елбасы: «Бүгін мен отансүйгіш жас ұрпақты осiп, канаты қатайып келе жатқанын көріп отырмын. Сендер қазіргі Қазақстанның аскак мұраттарында тәрбиелендіңдер. Өздеріңнің еңбектерінмен, білімге құштарлықтарыңмен және нақты істеріңмен сендер мәңгілік Отанымызды - Мәңгілік Елімізді данкка белейсіндер. Мен балғын жас азаматтардың Тәуелсіздік мұраттарын абыроймен жүзеге асы-рып, Отанымыздың жеңістері эстафетасын жалғастыратынына сенімдімін», - деді. Бүгінгі күні жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстанымын айқындайтын маңызды құжаттар: «Қазақстан Республикасынын мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылдарға дейінгі тұжырым дамасы Қазақстан-2020: болашаққа жол» және «Қазақстан Респуб- ликасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған. Бұл нормативтік құжаттар мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырудың және жүзеге асырудың құқықтық негіздерін айқын белгілейді. Жоғарыда аталған тұжырымдаманың басты ерекшелігі – бұрынғы мемлекеттік актілер мен бағдарламалар, негізінен, білім ала-тын жастарға ғана бағытталған болса, қазір ол жастардың барлык санаттарын қамтиды және атаулы қолдау көрсетеді. Алғаш рет жас адамдардың мүдделері мен қажеттіліктері ескерілген арнаулы бағыттар жұмысқа орналасуы үшін жағдайлар туғызу, жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, жас отбасыларына колдау. көмек көрсету және басқадай іс-шаралар қарастырылған. ҚР Президентінің жарлықтарын орындау үшін, Қазақстанда жастар ортасында үдерістерді басқарудың жаңа институттык үлгісі курылган. Білім және ғылым министрлігі құрылымында 2012 жылы Жастар істеріi жөніндегі комитет, ал өңірлік деңгейде жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма құрылды. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту ісіндегі маңызды қадам 2013 жылы наурызда құрылған «Жастар» гылыми-зерттеу орталыгы болып саналады. ғылыми-зерттеу орталығы болып саналады. Оның атқаратын қызметі - жастардың бәсекеге қабілетін көтеру және оларды Қазақстанды жаңғырту үдерісіне тарту мақсатында мемлекеттік жастар саясаты институтын ғылыми-талдамалық және ақпараттық, кеңес беру қызметімен қамтамасыз ету. Тарихи маңызы бар оқиға 2016 жыл желтоқсанның 1-інде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнінін, ұлт көшбасшысы НӘНазарбаевтың катысуымен Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Астанада Жастардың кезекті Жастардын кезекті форумының өтуі болды. Форумға Қазақстанның барлық өңірлерінен 1000-нан астам адам, оның ішінде кәсіпкерлер, өнеркәсіптің әртүрлі салалары қызметкерлері, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар! және ірі жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Осы форумда сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы еліміз үшін тәуелсіздік таңы атқан тұста мемлекеттілікті кқалыптастыру жолында орын алған қиындықтар жайында баяндады, форумға қатысушылардың назарын республикада жастардың өз қабілеттерінтанытуы үшін берілген бірегей мүмкіндіктерге, заман шарттарына және қарқынды эгеріп жаткан элем талаптарына сай келетін сапалы білім алудың маңыздылығына аударды. Казакстан Президенті ел жетістігінің тарихы, бәрінен бұрын оның жастары жетістіктерінің тарихы екенін атап өтті. Н.Назарбаев: Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі өмірі мен болашағы үшін кам жеу қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған. Әрбір жас казакстандыктын жақсы білім алатын, отбасын кұратын, жеке турган пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар»,-деді. деді. Мемлекет басшысы енгізіліп жатқан «Барлықтары үшін кәсіптік білім» бағдарламасы жайында баяндады. Ел президенті: «Мемлекет ниеті бар адамдардың бәріне оміріндегі алғашқы жұмысшы мамандығын, өндірісте кепілдік берілетін жұмыс орнын тегін алуга мүмкіндік береді», - деді. Нурсултан Назарбаев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жастардың кәсіпкерлігіне үлкен көңіл бөлетінін атап айтты. Елбасы: «2016 жылдың бірінші жартыжылдыгында гана мемлекеттік демеу қаржы түрінде банк кредиттері бойына жас кәсіпкерлердің 55 жобасына қаржылай қолдау көрсетілді. Біздің міндетіміз – шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын жастардың Казакстан енімінін жартысынан көбін өндіруіне кол жеткізу – деді Казакстан Президенті студенттер мен жастардың «Жасыл ел» жасақтарына қатысушыларға ерекше алғыс айтты. Елбасы: «Бұл
багдарламаның еңбек жасақтарының жұмысына 250 мыңнан астам жас катысты. Олар 150 мың гектар жерге елу миллионға жуык ағаш отырғызды. Олардың ізгі мақсаты – елімізді жасылдандырып, экологиясын жақсарту», - деді. Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдары ішінде жас зерттеушілер мен ғалымдар саны өскенін мактанышпен айтты. Елбасы: «Жастарымыздын Назарбаев Университетінде әлемдік деңгейде білім алатын мүмкіндігі бар. Бүгінгі күні жастардың алдында тұтас әлем тұр. Сендер қызықты уақытта өмір сүріп жане болашакка жедел алыммен бет алған елмен бірге жетіліп, есіn жатырсындар. Ереже мынадай: барлық жерлерде - ел ішінде де, күллі әлемде де, оның ішінде мемлекеттер арасындағы қатынастарда да мәңгі бәсеке тетігі жұмыс


істейді, - деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы жастардың назарын кога үшін қауіптер іспетті жаңа технологиялардын ілеспе дәуіріне аударды. «Осыинновациялардың артында тұрған негізгі әлеуметтік қауіп – ол көптеген бұқаралық мамандықтардың жойылуы, жұмыс орындарының жаппай қысқаруы, демек, жұмыспен қамтудың ғаламдык тапшылыгы, деді Елбасы.-Соган орай, мен бұрын ұсынған «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» идеясының ерекше өзекті мағынасы бар, өйткені ол инновациялық индустрияландыру, «Нұрлы жол», «100 нақты кадам» Ұлт жоспары секілді бағдарламалармен тығыз байланысты Оған қоса, Нурсултан Назарбаев жиынға қатысушылардың назарын дамыган елдер студенттері арасында жастардың серпінді күш алып жаткан инновацияларына көбірек аударды. «Қазақстандық студенттік ортада осындай бастамалардың көбеюі үшін қолайлы оріс құру, менің ойымша, оте манызды,-деді мемлекет басшысы -Бізде қазірдің өзінде елдің жетекші оқу орындарында алғашқы сәтті мысалдар бар. Осы тәжірибені кеңейте түсу керек. Ал бұл – Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындары басшыларынын, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының міндеті Одан оrе, Казакстан Президенті: туризм, курылыс, халыкка кызмет көрсету, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбекпен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері мол екенін айтты. Сопымен катар Нурсултан Назарбаев форум жұмысына катыскан спортшыларға, шығармашыл жастарға, барлык жас өнер қайраткерлеріне алгыс айтты. Елбасы: «Мен сендердің мәдени бағдарлама аясында және экспо-2017 - «Болашақ энергиясы халықаралық көрмесі барысында Казакстанды лайыкты таныстырып, ел даңқын асырғандарыңды калаймын», - деді Сөйтіп, өзінің кезекті сөйлеген сөзінде президент жастар алдына таяу болашакка катысты айкын да түсінікті міндеттер қойып, ойларын бөлісті, ел тағдыры, оның дамып, өзгеріп жаткан әлемдегі орныкарында баяндады. Оған қоса, бұл міндеттердің жастарымыздың өмірде де, еңбекте де дұрыс шешімдер қабылдауы үшін комегі тиетініне деген сенімін білдірді. Ол сондай-ақ жиынга катысушылардың естеріне танымал француз философы Камюдіи: «Эрбір урпакка өзін дуниеге әлемді калта жасау келгенмін деп санау тан, деген нақыл сөзін түсірді. Мемлекет басшысы ұлы ойшылды бұл нақыл сөзі: «Тәуелсіздік жылдарында барлыктарымыз озгердік. Бірақ нақ осы жастарымылга карап-ак алеміміздің қаншалыкты өзгергенін айтуға болады,-деген тужырыммен толыктырды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. Ел болам десең, бесігіңді түзе дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.
Негізгі бөлімі
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялауы
Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты-руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң¬ғыру¬ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.
Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.
2004 жылы Мәдени мұра бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.
2013 жылы Халық – тарих толқынында бағ¬дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.
Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.
Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа¬лай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарас¬тарым-ды ортаға салуды жөн көрдім.
Рухани жаңғырудың алты бағыты
1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа¬бі¬летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ¬стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, ком¬пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә¬дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана¬тында. Сол себепті, Цифрлы Қазақстан, Үш тілде білім беру, Мәдени және конфессияаралық келісім сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзіміз жетеді.
6. Сананың ашықтығы Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің от басы, ошақ қасы аясында қалуынан туындайды.
Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей.
Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.
Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауындағы 5 басымдылық
1–Басымдылық. Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғырту;
2–Басымдылық. Бизнес–ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту;
3–Басымдылық. Макроэкономикалық тұрақтылық;
4–Басымдылық. Адам капиталының сапасын жақсарту;
5–Басымдылық. Инститионалды түрлендіру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күресу.
Зерттеу бөлімі
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың нақты бәсекелікке бастайтын үш бағдарламасы
Нақты бәсекелікке бастайтын үш бағдарламасын қолдау және игеру арқылы, біз жетістіктерге жете аламыз. Цифрлы Қазақстан. Үш тілде білім беру. Мәдени және конфессияаралық келісім сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Аталған үш бағдарламаның ішінде Үш тілде білім беру жүйесі іске асу үстінде. Мектеп, жоғары оқу орындарында үш тілде білім беру, көп тілді меңгеру жан-жақты талқылануда. Қанша тіл білсең, сонша адамсың деп айтқандай, тілмен қатар сандық қазақстанды қалыптастыру, дамыға технологияны меңгеру, мәдени қарым-қатынас орнату еліміздің қазір және болашақта тұғырлы болуының кепілі.
Таяу жылдардағы міндеттер
– Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөззді, оқулықтарды, бәрінде латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиісспіз.
– Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы.
– Туған жер бағдарламасы білім беру саласында өлкетану жұмыстарын жүрізуді, экологияны жақсартуға жәнеелді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді жерілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
– Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы Мәдени–географиялық белдеудің рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу–ағарту дайындығын жүргізу қажет.
– Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениеті жобасы
– Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы.Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы сан алуан этнос өілдерінің тарихы.
2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.
Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс.Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады.
Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасын қолға аламыз.
Қорытынды
Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. Мәңгілік ел болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады... Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, Цифрлы Қазақстан, Үш тілде білім беру, Мәдени және конфессияаралық келісім сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы, – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, Туған жербағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Қорытындылай келе алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сөзімді аяқтаймын.
78. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер.
Қазақстандағы заманауи мәдени үрдістер көпқырлы және әр алуан. Оны қазіргі таңда дамып келе жатқан өнердің барлық түрлері мен жанрларын қоса, мәдениеттің, ғылымның, білім берудің әр түрлі салаларын қамтитын түбегейлі өзгерістерді, инновациялар мен өзгертулердің кең шеңбері ретінде түсінуге болады. Білім беру, мәдениет және ғылым идеологиялық догмалар мен стереотиптерден босап, өзін-өзі дамытуға кең кеңістікке ие болды. Мазмұнның жаңа тәсілдері рухани өмірдегі бір ізділік пен үлгіге салушылықты жоюға мүмкіндік береді. Тарихи жағдайлар кешеніне байланысты Қазақстан көп этносты қоғам болып табылады. Сол себепті мұндай мәдени үрдіс ұлттық мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалымен байланысты құбылыстарды таңдайды. Бұл жағдайда, Қазақстанда әлеуметтік дамудың басқа ешқандай саласында көрініс таппаған ұлттық мәдениет дербес, «таза түрде» деуге боларлық түрде, басқа ұлттардың ең жақсысын сіңіре отырып көрінеді. Сонымен бір мезгілде қазақстандық қоғамдағы мәдени үрдістер елдің географиялық масштабының ұлттық мәдениетімен шектелмейді. Қазақстан аумағында орын алып отырған алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық үрдістер мен өзгерістердің арқасында, адамзаттың рухани мұрасының ең таңдаулысын бойға сіңіруге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай қалыптасты.

79. Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың негізі.


"Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы
Ел Президентiнiң Қазақстан халқына
"Қазақстан-2030" Жолдауын, Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау iсiн
реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру
және салауатты өмiр салтын ынталандыру жолымен
ауруды болдырмау мақсатында
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi:
Осы Бағдарламаның басты мақсаты халық денсаулығын жақсарту болып табылады.
Осы Бағдарламаны толық көлемде iске асыру үшiн мынадай мақсаттарға жету қажет:
1) халық арасында ұтымды тамақтану жөнiндегi бiлiм мен дағдының стандарттарын енгiзу және оларды сапалы тамақтандыру бойынша көмек көрсету;
2) халықтың кең тараған топтарының арасында қозғалыс белсенділiгiн кеңейту үшiн жағдай жасауға көмектесу;
3) iшiмдіктi қолдануды шектеу жөнiндегi ұлттық саясатты әзiрлеу, қабылдау және iске асыру;
4) халық арасында темекi шегудi қысқарту, балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың арасында олардың, таралуының алдын алу;
5) халықтың әртүрлі топтарының арасында нашақорлықтың бастапқы алдын алуды күшейту;
6) жастар арасында жыныстық қатынас мәдениетiн насихаттау, қатерлi мiнез-құлықты халық топтарының арасында алдын алу жұмыстарын күшейту;
7) жұқпалы аурулардың, созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың және басқалардың бастапқы алдын алуды күшейту;
8) экологиялық сауаттылығын күшейту, қоршаған ортаны жақсарту жөнiндегi ведомствоаралық көзқарасты қамтамасыз ету;
9) салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi саясаттың көзқарасы тұрғысынан заңнамалық базаны жетiлдiру;
10) осы заманғы ақпараттық техниканы пайдалана отырып, Қазақстан халқын денсаулық және салауатты өмiр салты туралы қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;
11) мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу орындарында салауатты өмiр салтының дағдыларына үйрету;
12) салауатты өмiр салты жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарының алдын алу бағыттарын күшейту;
13) алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының салауатты өмiр салты жөнiндегі бағдарламасын енгiзу және оларды салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi осы заманғы материалдармен қамтамасыз ету.
Бағдарлама мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:
1) Қазақстан Республикасы халқының салауатты өмiр салтын қалыптастыру;
2) салауатты өмiр салтының артықшылығы туралы халықтың хабардар болуын арттыру;
3) алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде денсаулықты нығайту;
4) аурудың алдын алу жүйесiн нығайту.
5) созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ерте диагностикалау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жетiлдiру.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
аймақтық және ұлттық ерекшелiктерiн ескере отырып, салауатты тамақтану мәдениетiн арттыруға, темiр тапшылығы анемиясы деңгейiн төмендетуге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа ұтымды тамақтану принциптерiн кеңiнен насихаттауды қамтуға, балалардың, жасөспiрiмдер мен ересектердiң салауатты тамақтануы жөнiндегi оқыту бағдарламасын дамытуға;
салауатты жеке белсендiлiгiн түсiндiрiп таратуға, әртүрлi санаттағы халықтың қажеттi қозғалыс белсенділігін орындауға, салауатты отбасын насихаттауға;
iшкiлiкпен және маскүнемдiкпен күресудiң тиiмдi шаралары туралы әртүрлi деңгейдегi халықтың қоғамдық ой-пiкiрiн зерделеуге, алкогольдi мәдениеттi және белгiлi мөлшерде қолдану үшiн жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге;
темекi шекпей өмiр сүру салтын насихаттауға, балалар мен жастардың бойында есiрткiлер және дұрыс шешiм қабылдай бiлу туралы алынатын ақпараттың сынақтық бағалау дағдысын қалыптастыруға;
қауiпсiз жыныстық мiнез-құлық принципi жөнiндегi бұқаралық ақпаратты қамтамасыз етуге, неке мен отбасының жоғары мәртебесiн бекітуге, жыныстық жолмен берiлетiн аурулар мен ВИЧ/СПИД туралы қажетті ақпаратты алуы үшiн азаматтарды тәрбиелеуге;
жұқпалы аурулардың бастапқы және қайталама алдын алу рөлiн күшейтуге, халықтың гигиеналық мәдениетiн көтеру мүддесiне бұқаралық ақпарат құралдарын үдемелi қолдануға;
қоршаған ортаның гигиенасы жөнiнде дерекқop жасауға, "Салауатты қалалар", "Салауатты жұмыс орындары" және қоршаған ортаның гигиенасы мәселелерi бойынша балалар мен жастарды экологиялық-гигиеналық тәрбиелеудiң басқа да жобаларын енгiзуге;
ДДСҰ-ның "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететiн мектептер", "Денсаулық университетi" және басқа да халықаралық бағдарламаларды кеңейтуге;
салауатты өмiр салтын дамытуды зерттеудiң ғылыми инфрақұрылымын, мониторингiн және бағалау жүйесiн құруға көмектесуге ықпал етуге тиiс.
бағдарламаның 2003 жылдан 2005 жылға дейiнгi орта мерзiмдi кезегін iске асыру нәтижесiнде:
темекi тартудың таралуын тұтастай алғанда 5%-ға, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiмдер арасында - 6%-ға, ересектер арасында - 2%-ға төмендету;
iшiмдiктi пайдаланудың таралуын тұтастай алғанда 3%-ға, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiмдер арасында - 4%-ға, ересектер арасында - 2%-ға төмендету;
туберкулезбен аурушаңдықты 3%-ға төмендету;
өткiр iшек жұқпалы ауруларының себебi бойынша нәрестелердiң өлiм-жiтiмiн 15%-ға, өткiр вирустық-респираторлық жұқпалы ауруларды 5%-ға төмендету жоспарланып отыр.
2006-2010 жылдары Бағдарлама кезеңдерiн iске асыру нәтижесiнде:
салауатты өмiр салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу және халықтың денсаулығын нығайту саласында тиiмдi саясатты қалыптастыру;
БМСК деңгейiндегi алдын алу iс-шараларына арналған ресурстарды ұлғайту;
халықтың алдын алу iс-шараларымен қамтылуын 80 процентке дейiн ұлғайту;
созылмалы жұқпалы емес аурулары бар науқастардағы асқынуларды ерте анықтау және төмендету жағдайларының санын арттыру;
созылмалы жұқпалы емес аурулармен аурушаңдық көрсеткiштерiн тұрақтандыру;
жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланулардан болатын аурушаңдықты, өлiм-жiтiмдi, мүгедектiктi тұрақтандыру;
БМСК медицина қызметкерлерiнiң 20 процентiн салауатты өмiр салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу мәселелерiне оқыту;
халықтың 30 процентке дейiн ұтымды тамақтану мәселелерiндегi дағдыларын қалыптастыру;
6 айлық балаларды емшек сүтiмен қоректендiрудiң пайдасы туралы халықтың хабардар болу деңгейiн 70 процентке дейiн арттыру;
халық арасында дене шынықтыру мен спорттың таралуын 3 процентке арттыру;
жасөспiрiмдер мен жастардың арасында темекi шегудiң таралуы мен алкогольдi тұтынуды тұрақтандыру;
есiрткiлердi тұтынуға байланысты зияндар мен салдарлар туралы балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың хабардар болу деңгейiн 90 процентке дейiн арттыру;
Сұхбаттан алынған қосымша мәліме, керек болса айтарсындар......
-2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы деп айтып қалдыңыз, аталған бағдарламаны жүзеге асыру аясында қандай жұмыстар атқарудасыздар?
– Қазақстан денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі 6 бағыты бар. Алғашқы бағыты азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствааралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру қолға алынған. Осы бағыт бойынша балабақшаларда, мектеп, орта, жоғары білім ордаларында, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде салауатты өмір салтын насихаттау бағытында семинарлар, акциялар, флеш-мобтар, дебаттар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіліп, ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2013 жылы – 43825 іс-шара өткізіліп, (2012 ж 12 ай – 43712) 2012 жылмен салыстырғанда 1,0% пайызға артқан, қамтылған адам саны 518 128 (2012 ж 12 ай - 497158 құрап), ол 1,04% пайызға өскен. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламалары бойынша өткізілген іс-шаралар облыс деңгейіндегі 291 мектеп пен мектеп-интернаттарының 232-сін қамтып, оған 102 237 мұғалім мен оқушы тартылды. Сонымен қатар, облыс деңгейінде ашылған жеке және мемлекеттік бала-бақшалардың да 27%-дан астамы қамтылды. Сондай-ақ, бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы аудио-бейне баяндар, мамандардың пайдалы кеңестері жергілікті телеарналар арқылы беріліп, салауатты өмір салты ұстанымдары туралы мақалалар газет, журнал беттерінде жариялануда. Атап айтқанда, 9 тақырып бойынша бейне-ролик көрсетілді және басылым беттеріне облыс бойынша денсаулық жайында 494 мақала жарияланды. Ал, екінші бағытта профилактикалық іс-шараларды, скринигтік тексерулерді күшейту, негізгі әлеуметтік елеулі ауруларды ерте сатысында диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру қажеттігі айтылады. Бұл бағытта емханалардағы денсаулық мектептерінің жұмысын жетілдіру және скринингтік тексерудің мониторингін жасау жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, тұрғындарды скринингтік бағдарламаға шақырып, насихаттау жұмыстарын жүргізу, аталған аурулардың алдын алу біздің басты міндетіміз.

80. Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және дінаралық қатынастардағы үйлесімділік.


Дінаралық және ұлтаралық келісім. Толеранттылық.
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетініңқазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады.
Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конституциясында республика территориясында тұратын кез-келгеназаматтың толық құқықтылығына кепіл болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған. Осылайша, Қазақстан өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көп ұлтты жəне түрлі дінді ұстанатын қоғамда этностардың өзіндік ерекшелігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгіні қалыптастырған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.
Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады.
Ұлттар арасындағы толеранттылық мəдениетін дамыту, ұлтаралық жəне дінаралық келісімді қолдау жəне дін мен ұлт мəселесіне қатысты қақтығыстардың алдын алу мəселесі ұлттық саясаттың ақпараттық қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру қажеттігін көрсетеді. Осылайша, ұлтаралық келісімінің қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі принциптерге, яғни мемлекеттік саясаттың негізге алатын идеялардың, ұстанымдардың өзара тəуелділігіне сүйенеді. Оның ішінде маңыздылары ретінде: ашықтық пен жариялылық; заңдылық, қолданыстағы күштер, қаржы мен əдістерді заңды тіркеу мен құқықтық реттеу, ұлттық құрылыс мəселелерін саясат- сыздандыру; ождандық бастамаларда гуманизм, əділеттілік жəне адамгершілікті ұстану; өзара көмек пен қолдау; қайшылықтардың алдын алу шараларын қарастыру жəне т.б. аламыз. Көптеген зерттеулер мен өмірлік тəжірибе көрсетіп отырғанындай ұлттар арасындағы келісім мен татулық этностардың өзара түсіністігі жағдайында ғана қол жеткізіледі. Бұл бағытта мəдениеттер арасындағы диалог қоғамның толеранттылығын артырады.
(қосымша ақпарат) Толеранттылық көпқырлы сөз ретінде қоғамдағы демократия, адам құқықтары мен бостандығы, диалог мәдениеті, мәдениетаралық байланыс, саяси плюрализм, этикалық плюрализм, мәдени плюрализм ұғымдарымен тығыз байланысты. Ол сондай-ақ мына салаларда да кең қолданыста: әлеуметтік, жеке, саяси, құқықтық, идеологиялық, коммуникативті, этикалық, дүниетанымдық, психологиялық, медико-биологиялық, діни-конфессияналдық, ұлттық-этникалық, гендерлік, нәсілдік, педагогикалық, тұрмыстық т.б. «Толеранттылық» сөзі алғаш рет батыста пайда болған. Әуелде діни салада қолданысқа түскен ол кейіннен басқа да көптеген жаңа ұғымдарға негіз қалады.Толеранттылық (tolerance) бүгінгі күні «төзімділік» деген сөзбен түсіндіріліп жүр. Ғаламдық трендтерді ескере отырып, біз мемлекет, қоғам мен діннің өзара әрекеттестігінің тиімді моделін табуымыз қажет. Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз. Жастарды радикалды діни ағымдардан қорғауымыз қажеттігіне сенімдімін.
81. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік
Халықаралық қауiпсiздiк -
1.халықаралық қатынастар жүйесінің тұрақсыздандыру, конфронтация, қарулы қақтығыстар мен соғыстар қауіп-қатерінен қорғалуы;
2.бүкіләлемдік бейбітшілікті бұзуды немесе халықтар қауіпсіздігіне қатер төндіруді жоққа шығаратын халықаралық қатынастар қалпы. Халықаралық қауіпсіздік ғаламдық (жалпыға ортақ) немесе аймақтық (Еуропалық, Азия-Тынық мүхиты,Таяу шығыстық және т.б.) болуы мүмкін. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барлық мемлекеттердің жалпы мойындалған қағидаттарды және халықаралық құқық ережелерін ұстануына негізделген. Бүл шарттар арнайы ғаламдық, аймақтық, мемлекетаралық құрылымдар мен тетіктер құру арқылы орындалады.
Аймақтық Қауіпсіздік -экономикалық және әскери қауіптен, сондай-ақ, мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігіне залал келтіріп, қол сұғушылықтан, баса көктеуден нақты бір әлемдік қауымдастықтағы халықаралық қатынастар жағдайы.
Халықаралық қауіпсіздіктің түсінігі айтарлықтай жан-жақты болып келеді. Әдетте халықаралық қауіпсіздік бірнеше түрлерге бөледі: экономикалық, әскери-саясаттық, гуманитарлық, ақпараттық және т.б. Мамандар қауіпсіздіктің елуге жуық түрін көрсетеді, олардың көбісі халықаралық қауіпсіздікке қатынасы бар.
Қазіргі заманғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәселелерде әр мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сенім арта алады.
Бірінші жүйе – әмбебаптық халықаралық жүйесі, оның басы 1945 жылы БҰҰ Жарғысымен қабылдануымен негізделген еді, онда: қазіргі заманғы және келешек ұрпақты әскери шиеленістерден сақтау концепциясы бекітілген еді. БҰҰ Жарғысы күш қолдану және күшпен қауіп төндіруді қолданбау; халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу; жалпыға ортақ және толығымен қарусыздану сияқты қағидаттарды қамтиды. Сонымен қоса халықаралық құқықтың өзге қағидаттары да сақталу керек. Дүниежүзіне және қауіпсіздікке қауіп төнген кезде немесе агрессия актілері жасалған кезде, БҰҰ Жарғысы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесін БҰҰ мемлекет-мүшелеріне бірлескен шаралар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруын міндеттейді.
Екінші жүйе ашылуы БҰҰ Жарғысымен қарастырылған аймақтық қауіпсіздік жүйесіне тірек етеді (VIII тарау). Бұл жүйеге қарастырылған Жарғының негізгі талаптары келесідей:
1) онда тек бір саяси-географиялық ауданның мемлекеттері қатыса алады;
2) аймақтық келісімдерге байланысты шаралар осы ауданның шекарасынан аса алмайды;
3) бұл шаралар БҰҰ қолданатын шараларға немесе БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына қарама-қайшы келмеу керек.
Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік негізін аймақтық даулардың бейбіт жолымен шешілу шаралары құрайды. Ұжымдық өзін-өзі қорғау туралы БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес әскери шаралар тек тікелей агрессияны тойтаруға ғана қолданыла алады, және олар БҰҰ ҚК сәйкес нормалар қабылдағанына дейін ғана жалғаса алады.
Соңғысы болып табылатын үшінші жүйе – мемлекеттер қауіпсіздігінің жеке жүйесі. Мемлекеттік егемендіктің халықаралық құқық-қағидаттың негізгі қағидатынан шығатын өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттердің құқығы – мемлекеттер тәуелсіздігінің бір көрінісі болып табылады.
1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесіне қабылданды. Сол жылдың 5 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының пленарлық жиналысында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бірінші сөз сөйлеуі болды, олжерде Президент Азиядағы Өзара қатынас пен сенім шаралары бойынша кеңес шақыру туралы тәуелсіз Қазақстанның бірінші халықаралық бастамасын ұсынды (ӨҚСШК).
Қазақстанның БҰҰ кіруі халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың толық субъектісі ретінде дүниежүзілік қоғамдастықтың тануын білдірді. Бүгінгі таңда 193 мүше-мемлекеттерді біріктіретін (Қазақстан 168-ші орында) осы әмбебап жаһандық ұйымдар шеңберінде дүниежүзілік мәселелерді шешуде белсенді қатысу біздің мемлекетіміздің дамуына, оның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға және дүниежүзілік аренада ұлттық мүдделерді қорғауға, дүниежүзілік экономикалық байланыс жүйесіне толық қанды бірігуге қолайлы жағдайлар жасады және одан әрі жасау бойынша көмек көрсетуді жалғастыруда.
2011 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында қатысқан кезде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл бойы БҰҰ Жарғысының ережелері мен рухын мүлтіксіз орындап келді. Біздің еліміздің басты сыртқы саясаттық басымдылықтардың бірі БҰҰ шеңберінде өзекті халықаралық мәселелерді шешуге белсенді қатысу, осы дүниежүзілік әмбебап ұйыммен ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту болып табылады.
1992 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ мүшесі болып кірді, ал 1995 жылы Вена қаласында ЕҚЫҰ жанында Қазақстан өкілеттілігі ашылды. Қазақстанның осы ұйымға кіруі халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешу жөнінде жалпы еуропалық шараларға белсенді қатысу талпынысымен білінді. Сондай-ақ Қазақстан адам құқығын қорғау, экономикалық даму, терроризммен күресу және көп тараптық ынтымақтастықтың өзге мәселелерін шешу бойынша міндеттемелерді өз еркімен мойнына алды.
Қазақстан Республикасы қысқа уақыт ішінде ЕҚЫҰ құрамына кіретін елдермен жоғары өзара қатынас деңгейіне жете алды. Оған сөзсіз елдің сәтті экономикалық дамуы, қазақстандық қоғамның қоғамдық-саяси өмірін либеризациялау мен оның саяси жүйесін демократизациялау өз септігін тигізді. 2004 жылы саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасы жарияланды. Содан кейін ЕҚЫҰ стандарттарына едәуір жақын жаңа сайлау заңнамасы қабылданды . Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау бойынша әр түрлі комиссиялардың қызметіне үлкен көңіл бөлінген еді. ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның рөлі мен беделінің көрсеткішіне 2010 жыл бойы Қазақстан осы халықаралық ұйымның төраға қызметін атқарғанын жатқызуға болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан үшін өзекті аспектке халықаралық қана емес, сонымен қоса аймақтық қауіпсіздік жатады. Республика бұл саладағы саясатын тек екі жақты ғана емес, көп жақты деңгейде өткізеді.
Қазақстан үшін аймақтық халықаралық жүйе бірнеше аймақтық қосалқы жүйелердің қосындысын білдіреді. Бұл жағдайда Орталық-Азия аймағы негізгі қосалқы аймақ жүйесі ретінде іс-әрекет етеді.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың интеграциялық бастамалары Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Өзара қатынас пен сенім шаралары бойынша кеңес (ӨҚСШК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім (ҰҚТК), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) сияқты еуразиялық аймақтық ұйымдардың құрылуына айналды.
1992 жылы Ташкент қаласында ТМД елдерінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімі жасалды. Құжатқа қол қойған елдер өздерін ҰҚК ұйымы деп атады. Бұл ұйымның Жарғысында дүниежүзінің, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, тәуелсіздіктің ұжымдық негізіндегі қорғаныс, аймақтық тұтастық пен мүше-мемлекеттердің егемендігі оның басымдылығы саяси құралдарға беріледі. Бұл ұйым басқа мемлекеттер мен халықаралық құрылымдармен ынтымақтасу үшін ашық. Мысал ретінде, жайдан дамып келе жатқан ҰҚТК мен ЕҚЫҰ қарым-қатынастарын келтіруге болады. ЕҚЫҰ мен ҰҚТК арасындағы ынтымақтастық терроризм және есірткімен қарсы күрес, Ауғанстанмен шекараны нығайту сияқты салаларда қолайлы болашақ бар деген түсінікке ие [4].
2001 жылдың 14-15 маусымында Шанхай қаласында алты мемлекет – Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларының кездесуі өтіп, ШЫҰ құру туралы жарияланды. Саммитте қабылданған Декларация дүние жүзіні, Орта Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау және қамтамасыз ету ретінде өзінің басты мақсаттарын жариялап, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, транспорттық, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамыту туралы айтты. Басқа маңызды құжат – осы ұйыммен қабылданған терроризмге, сепаратизмге қарсы күрес туралы конвенция халықаралық деңгейде бірінші рет сепаратизм мен экстремизм анықтамасын қылмыстық тәртіпте қудалаған әрекет, зорлық ретінде бекітті.
Шанхай ұйымы аймақтық қауіпсіздік тақырыбы бойынша жұмысты жандандыру мақсатын алдына қояды. ШЫҰ мүше-мемлекеттері мен бақылаушы-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлер орынбасарларының тұрақты кеңес беру тәжірибесі жалғастырыла қоймай, сонымен қоса жоғары деңгейдегі кездесулерді сараптық кездесулермен, терроризм және есірткімен қарсы күрес тақырыбы мен ауған істері бойынша ҰҚКҰ-мен, басқа шетелдік серіктестермен өзара әрекеттесуді толықтыру керек. Аймақтағы жағдайдың дамуын талдау және жорамалдау жұмыстарын бірлесе өткізуге және әрекет ету мен алдын алу шараларының нұсқаларын әзірлеуге көп көңіл бөліну керек. Қарапайым оймен бөлісудің орнына позицияны ұстау мен әрекет етуге келісуді енгізу керек.
ШЫҰ аймақтық қауіпсіздікке байланысты келесі мақсаттардың орындауын қамтамасыз етуге шақырады:
– мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім мен тату көршілікті нығайту, сондай-ақ аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қолдау және нығайту;
– терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы бірлескен әрекет ету;
– есірткінің және қарудың заңсыз айналымымен, трансұлтты қылмыстық әрекеттің басқа түрлерімен, сондай-ақ заңсыз көшу-қонумен күрес;
Сонымен қатар бүгінгі заманның «үш жамандығы» көбінесе аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің басқа ауыр қаупімен байланысты екенін атап өткен жөн, ол – есірткінің заңсыз айналымы. Осыған байланысты, 2004 жылдың 17 маусымында ШЫҰ шеңберінде есірткі заттардың, есуастандырғыш заттардың және олардың алғы нышандарының заңсыз айналымымен қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісімнің қабылданғанын атап өткен жөн.
Осы келісімнің орындалуы мақсатында 2011 жылдың 14-15 маусымында Астанада өткізілген ШЫҰ мерейтойлық саммитінде 2011-2016 жылдарға арналған ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Есірткіге қарсы стратегиясы және ШЫҰ кеңістігінде есірткі қаупіне қарсы күрес бойынша бірлесе жасалған шаралардың тиімділігін арттыруына септігін тигізетін Іс-әрекет бағдарламасы бекітілді. Берілген құжаттарды қабылдағаннан басқа, Қазақстан АТҚҚ және Есірткі мен есуастандырғыш заттардың заңсыз айналымымен қарсы күрес бойынша Орта Азиялық ақпараттық үйлестіруші орталығы (ОААҮО) арасында Өзара түсіністік хаттамасына қол қоюға едәуір септігін тигізді, сонымен қоса ШЫҰ-ның Есірткі мен қылмысқа қарсы күрес бойынша БҰҰ (UNODC) Басқармасымен Өзара түсіністік меморандумының қабылдану бастамасын қолға алды. Сондай-ақ терроризммен, есірткі мен қарудың заңсыз айналымымен және трансұлтты қылмыстардың басқа да түрлерімен байланысты тұлғалардың кіріп кету каналдарын жабу мақсатында, Қазақстан ШЫҰ шеңберінде заңсыз көшіп-қонумен қарсы күресте ынтымақтастық туралы Келісімге қол қоюды ұсынды.
2012 жылдың қаңтар айында Президент Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өзіміздің теңдестірілген сыртқы саясатымызды тек Батыспен қана өзара қатынаса қоймай, сонымен қоса Азия мемлекеттерімен де өткізетін боламыз» деп атап өткен еді. ХХІ ғасырдың жаһандық қарсы тұруына және қауіпіне жауап ретінде еуразиялық біріктіруінің кеңейтілуі мен тереңдетілуі және Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы болады. Еуразиялық біріктірудің маңыздылығын баса айтқанда, Н.Ә. Назарбаев: «Бұл жалпы аймақтық тұрақтылықтың, экономикаларымыздың бәсекелесу қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Біз ТМД-дағы басқа мемлекеттердің еуразиялық біріктірудің мүшесі болуға талпынуын қолдауға дайынбыз» деп атап өтті.
Сөйтіп, қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзілік саяси үдерістің толық құқылы авторы, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақтық көшбасшы және біріктіру үдерістері мен бірлестіктердің бастамашысы болып табылады. Орталық Азия мемлекеттерімен достастық және тату көршілік ынтымақтастықта өзара тиімді қарым-қатынастарды жүйелі және жоспарлы түрде дамыта отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев аймақтағы тұрақты және қауіпсіз бейбітшілікті құрудың сәулетшісі мен жақтаушысы болып табылады.
82. Ұлытау ұлағаты: Қазақ мемлекеттілігі туралы Елбасының тұжырымы. «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтуінің тарихи маңызы
2015 жылдың күзінде Керей мен Жәнібектің қазақ халқының дербес мемлекеттік бірлестігін – Қазақ хандығын құрғандығына 550 жыл толады. Осыған орай біздің институт бұл датаны мерейтойлық даталар тізіміне қосу және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар өткізу туралы бастама көтерген болатын. Біздің байламымыз бойынша, Қазақ хандығының құрылған сәтін атап өту қазақстандық мемлекеттіліктің және отаншылдықтың нығаюына септігін тигізуі тиіс.
Қазақстан – біздің аумағымызда дәуірлеп өткен сақ, үйсін, ғұн және басқа да этникалық қоғамдастықтар мен мемлекеттік құрылымдардың мұрагері. Аталған мемлекеттік құрылымдардың бәрі де қазақ мемлекеттілігінің тарихының бастауы екені даусыз. Қазақтар мен осы ұлы ата-бабаларымыздың арасындағы тарихи байланыс туралы Елбасы Н.Назарбаев «Ұлытау төріндегі толғаныс» атты сыр-сұхбатында жақсы айтып кеткен еді.
Қазіргі тарихшылардың басым бөлігі қазақ хандығының құрылу уақыты ретінде 1465 жылдың тамызы мен 1466 жылдың тамызы аралығын қарастырады. Жалпы, Қазақ хандығының дүниеге келуі туралы нақтылы дата жалғыз бір тарихи дереккөзде айтылған. Яғни, Мырза Мұхаммад Хайдардың «Тарих-и Рашиди» атты атақты еңбегінде Керей мен Жәнібек билігі Хижраның 870 жылы басталды делінген. Бұл құнды дерекке сенбеуге негіз жоқ. Хижраның 870 жылы заманауи күнтізбе бойынша 1465 жылдың 24 тамызында басталып, 1466 жылдың 11 тамызында аяқталады.
Ата-бабамыздың дәстүріне сәйкес, хандар сайланатын ұлы құрылтайлар күз ортасында өтетін болған. Ендеше, Керей сұлтанның таққа отыруы, тиісінше, Қазақ хандығының құрылуы 1465 жылдың қазанына келеді деу қисынды көрінеді.
Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отыр екенбіз, бұл – ұлы мүмкіндік. Мұқым көшпелілер әлемі өркениетінің мысы мен бәсі екшеленетін тұс. Біздің мемлекеттігіміздің бары мен жоғы, тіпті, нақтылап айтсам, мемлекетіміз болды ма, жоқ па – соны асқақтата көтеріп, көршіміздің рухы іштен тынып, өзіміздің мысымыз өзгелердің иығынан жоғары көтерілетін шақ та осы. Бүгін қазақ мемлекетінің тарихы мен айбынын қалай ұлықтай аламыз, ұлтымыздың бүгіні ғана емес, ертеңі де соған тікелей байланысты. Бұл салтанаттан Ұлы Тұранның, Көк Түрік қағанатының, озан Оғыздың, тым берісі: Алтын Орданың империялық өктем қайраты аспан астында жаңғырып, Қалқа мен Куликов шайқасын өшіріп тастауы тиіс. Аталған шарада кешегі ұлы даланы тебірентіп, Кир мен Дарийді тітірендірген, Еуропаға құдайдың қылышын сермеген Ишбақай, Тұмар, Сыпытай, Шырақ, Тоныкөк, Күлтегін, Сүбедей, Кетбұға һәм ел қамын жеген Едігенің дауысы жер ортасы Ұлытаудың биігінен жер мен көкке атой салып тұруы қажет. Сонда ғана Қазақ хандығы мен мемлекеті Киев ұлысынан бөлінген Ресей, Визаннан бөлінген Грек, Рим сияқты Алтын Орданың заңды бір тұтқасы ретінде еңсесін тіктеп көтеретін болады. Мақсатқа да айқын жетеміз. Ешкім басынбайды.
Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өту басты үш концептуалды негізде жүзеге асырылатын болады, олар:
– патриоттық: қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі;
– ақпараттық: ғылымикөпшілік бағдарламаларды, ғылыми-танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы көркем фильмдерді жасап, жетекші орталық телеарналар арқылы тарату;
– ғылыми: қазақ хандығының құрылу проблемаларын зерделеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру.
Министрлік сондай-ақ, мерейтойды атап өтудің іс-шаралар жоспары жасады. Оған сәйкес, келесі жылдың басынан Қазақ Хандығының құрылу тарихын зерттеу мәселелерін талқылау бойынша жобалар іске аса бастайды, соның ішінде қазақ мемлекеттілігі туралы ақпараттарды анықтау мақсатында Батыс Еуропа, Ресей, Түркия, Қытай, Иран, Египет, Өзбекстан сияқты елдердің мемлекеттік мұрағаттары мен музейлерінен, ғылыми-зерттеу орталықтарынан іздестіру жұмыстары қолға алынады.
83. «Мәңгілік Ел» - XXI ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы.
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бері жүзеге асырып келеді. Ол қазақ халқының тарихи санасын қалыптастырып, дамытуға бағытталған. Осындай бір алғашқы қадамдардың қатарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы» Заңын жатқызуға болады. Бұл «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудағы басты нық қадам деп қабылдауымыз керек. «Мәңгілік Ел» идеясының келесі тұғыры, негізі – Елбасы үнемі айтып келе жатқан елдің ішкі тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы мен татулығы, бір - біріне деген сыйластық қарым - қатынасы. Этнос және дінаралық келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсат - мұраттарына жете алады. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болады. Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. Тіл - ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге қатынасының, құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды. Тіл - билік, үлкен саясат. Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты қолдаушысы.
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді.
«Мәңгілік Ел» - Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен қатарласуына мүмкіндік беретіндігін білдіруде. Бұл – ұлттық бірлік пен бейбітшілік, экономиканың нығаюы, халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі. Ел дамуының бүгінгі жағдайында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – болашаққа сенімді қадам. Ол барша қазақстандықтардың ынта-жігерін қоғам алдында тұрған маңызды міндеттерді шешуге жұмылдыруы тиіс.
84. Н.Ә.Назарбаев - ҚР тұңғыш Президенті.
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.
Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар шет мемлекеттер мен еліміздің жетекші университеттерінің құрметті профессоры және докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы.
1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.
1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы.
1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті.
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н.Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.
2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2015 жылғы 26 сәуірде өткен кезектен тыс сайлауда айқын жеңіске жетті.
2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты.
Зайыбы – Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпан айынан бері Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. 1994 жылдың шілде айынан С.Назарбаева - «SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары» қорының президенті.
Президенттің үш қызы бар.
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (1963 ж.т.), үлкен қызы. Саяси ғылымдар докторы. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы.
Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. 2004 жылдан бері - Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы.
Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.
85. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы және оның маңыздылығы.
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады. Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып (Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 МадридтеЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.
Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance).
Төрағалық Қазақстанға да көп нәрсе береді.
Біріншіден, Қазақстан дамыған, өркениетті, демократиялық, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам болу үшін алдына жаңа мақсаттар қойып, өте жоғары міндеттеме қабылдайды, оны жүзеге асыру жолында тер төгеді.
Екіншіден, Қазақстан әлеуметтік, саяси дамудың жаңа сатысына көтеріледі.
Үшіншіден, Қазақстан Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынастың жаңа сапалық сатысына көшеді.
Төртіншіден, дүниежүзілік қоғамдастық Қазақстанды тануын тереңдетеді, елімізге сенім деңгейі артып, достарымыз көбейеді.
Бесіншіден, Қазақстанның халықаралық беделі арта түседі. Яғни беделі бар елге әрқашанда сыйласымдылық ілтипаты білдіріледі. Беделі бар елдің аты жүреді, сөзі өтеді.
86. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі мақаласы және оның тарихи маңызы.
2017 жылғы 12 сәуір тарихқа Рухани Тәуелсіздік бағдарламасы жарияланған күн ретінде енеді. Бұл – болашағымызды айқындап берген, баршамызға бағдаршам болар бағдарлама – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласы.
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілген. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі.
Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда.
I. ХХІ ғасырдағы ұлттық сана.
Бұл ретте, тұтас қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын жіктеуге болады:
- Бәсекелік қабілет; - прагматизм; - Ұлттық бірегейлікті сақтау;
- Білімнің салтанат құруы; - сананың ашықтығы;
ІІ. Таяу жылдардағы міндеттер.
- Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау.
- қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу. Жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беру, яғни, білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау.
- «Туған жер» бағдарламасын қолға алу. Біріншіден, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Екіншіден, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау мақсатында.
-Жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру. Яғни, бұл дегеніміз - «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы.
- Ұлт мақтаныштары тек қана бұрынғы өткен батыр-бабалар, данагөй билер бен жыраулар ғана болып қалмауы тиіс. Бұл ретте, көзделген мақсат «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы, яғни, Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихында назарда ұстау.
«Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Егер ғылыми тілмен айтар болсақ, рухани немесе ұжымдық сана дегеніміз – бұл ақиқатқа негізделген және оған ықпал ететін идеялардың, көзқарастардың, әлеуметтік сезімдердің, адамдардың дағдылары мен мінезінің жиынтығы. Қоғам жеке тұлғалардан тұрады, әр адамның дербес сана-сезімі бар, осының негізінде қоғамдық сана қалыптастырылады. Президент сананы жаңғырту туралы айта отырып, әрбір қазақстандықты қазіргі жылдам өзгеріске ұшырап жатқан заманда өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, өзін заманауи бәсекеге қабілетті адам ретінде қалыптастыруға шақырады.

87 Қазақстан президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына тұнғыш жолдауы (2019 ж.)


Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті ретінде парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдау арнады. Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен маңызды тұстары. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтады. Президент ҚР тарихындағы жаңа кезең жақындап келе жатқанын, жақын арада ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толатынына назар аударды. – Бұл тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманының жүзеге асқаны. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан тұрақты тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстан Республикасының даму жолын "Назарбаев моделі" деген атаумен халықаралық қоғамдастық мойындап отыр. Біз жүйелі де дәйекті реформалармен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын ұстанатын боламыз. Біздің жұмысымыз 5 институционалды реформа және ұлт жоспарын жүзеге асырудан басталмақ. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысы қайта жандануы керек.
Енді жалпы міндеттер туралы: тиімді мемлекетті жетілдіру . Уәде етілген саяси трансформация халықтың мүддесіне сәйкес жасалады. - Тарих дәлелдегендей, жүйесіз либерализация хаосқа әкеледі, сондықтан біз барлығын біртіндеп жасаймыз.
Күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет – бұған әлі қол жеткізген жоқпыз, бірақ осы мақсат жолында біз тез қарқынмен жүруіміз керек. Біздің ортақ міндетіміз – адамдардың барлық сұраныстарына тез жауап беретін "еститін" мемлекет тұжырымын жүзеге асыру, тек диалог арқылы үйлесімді мемлекет құруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамды қолдау және нығайту, оны өзекті мәселелерді талқылауға тарту қажет. Осы мақсатты Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылды. Жақын арада біз мынадай шараларды жүзеге асыруымыз керек:
1. Партия құру процесін жалғастыру. "Нұр Отан" партиясы елдің жетекші саяси күші, ол күрделі де жауапты міндеттерді жүйелі түрде орындайды. Біз басқа саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақтасуымыз керек. Қоғамды толғандыратын негізгі проблемалар сынға алынып, олардың шешімі көшеде емес, парламентте, азаматтық диалог аясында талқыланып, табылуы тиіс. Депутаттар өз құқықтарын пайдалануы керек, оның ішінде үкіметке өтініштерін жолдау арқылы жүзеге асыруы керек. Сонымен бірге заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қатынастар өзара құрметке негізделуі керек.
Халықпен тиімді кері байланыс орната білу, адамдардың зәру мәселесін шешуге жедел ден қою - мемлекеттік органдар жұмысындағы басты бағыт. Шенеуніктердің келіп түскен өтініш-шағымдары бойынша жұмысының, іс-әрекетінің сапасын бақылап-қадағалайтын арнайы бөлім құрылды. Әділетсіздікке ұшырағандардың қайта-қайта шағымдануы мемлекеттік органдарда жүйелі проблемалардың орын алуда екенін танытады. Мемлекеттік органдарға мықты даярланған жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге, біз мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартатын боламыз, ал одан артылған ақшаны қызметтегі мемлекеттік қызметкерлердің жалақасын өсіруге бағыттаймыз. 2020 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлердің санын 20 процентке қысқарту керек.
Үшіншіден, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру. Егер бейбіт шаралар азаматтардың тыныштығын бұзу мақсатын көздемесе. Бейбіт жиналыстан қашпай, оны өткізуге рұқсат беру керек, ол үшін арнайы орындар бөлу керек. Бірақ қаланың шетінен емес, алайда кез-келген заңсыз үндеулер мен бұзақылық әрекеттер заң аясында тоқтатылады.
Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келеді, бірақ сол уақытқа дейін біз артық сөзсіз жұмыс істеуіміз керек. Біз этносаралық түсіністік пен достық қарым-қатынастарды нығайту үшін жұмыс жасауымыз керек. Елдегі ең үлкен этнос - қазақтың айналасында саясат құра отырып, оның бәрін жасауымыз тиіс. Жақын арада біз 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын қабылдап, әзірлеуіміз керек.
Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мұндағы басты фактор – сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін терең реформалау. Соттардың сапасын жақсарту үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет. Сот шешімдерін мұқият саралау қажет. Дауларда бірыңғай сот тәжірибесі қамтамасыз етілсін. Азаматтар соттарда көбінесе мемлекеттік аппарат ресурстарымен тең емес жағдайда қалуда. Сондықтан әкімшілік сот төрелігін енгізу қажет. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен түсініксіз тұстар азаматтардың пайдасына қарастырылуы керек.
Біз шамадан тыс шараларға жүгінуден және қатал жазалау сынды тәжірибеден алшақ кеттік. Бірақ елімізде жасалып жатқан көптеген ауыр қылмыстар бар. Біз ізгілік дегенге көп мән беріп кеттік. Қайткенмен де зорлық-зомбылыққа, педофилияға, балаларға, адамға қарсы қылмыстарға қатысты жазаны қатайту қажет. Бұл менің үкіметке берген жеке тапсырмам. Браконьерлердің проблемасы бар, олардың қолында қару бар, қауіпті және адамдар мен табиғатқа проблема туғызады. Мұның бәрі осы мәселеге құқық қорғау органдарының көз жұма қарауының кесірінен орын алды. Браконьерлікпен айналысатындарға қатысты жазаны қатайту қажет.
Мен жаңа тұжырымдама негізінде үкіметке азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді тапсырамын. Арыс оқиғасы – армияда проблемалар жиналғанын көрсетті. Қызметтің беделін көтеру керек, қаржылық жағдайды көтеру керек, біздің армия жаңа заман жағдайында төнетін қауіптердің бетін қайтаруға дайын болуы керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы блокқа ерекше назар аударылатын болады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс болған бөлімнің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік түрде реттелуі керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің жауапкершілігін қамтамасыз ету қажет.
Маңызды міндеттердің бірі – полицияны реформалау болып қала береді. Полиция азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органға айналады. Мен 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыруды тапсырамын. Бұл жұмысқа 173 миллиард теңге бағытталады. ХҚКО сияқты фронт-кеңселер құрылады.
Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі трафигі, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты ауыр қылмыстар үшін жазаны шұғыл түрде күшейту қажет. Бұл - менің Парламент пен Үкіметке тапсырмам. Жақында болған қайғылы оқиғалар браконьерліктің ұйымдасқан қылмыстың қауіпті түріне айналып кеткенін әшкере етті. Браконьерлер арнайы киінген, қаруланған, өздерін жазаламайтынын жақсы сезінеді. Осы жылдың өзінде екі инспектор олардың қолынан қаза тапты. Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы көлде браконьерлер тобының қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл - тек жекелеген жағдайлар. Бірақ браконьерлік қылмыс тамыры тереңге жайылып, соның ішінде құқық қорғау органдарына да құрығын салған. Браконьерлер табиғатымызды, ұлттық байлығымызды аяусыз жоюда. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатаңдату үшін тұрақты шаралар қабылдауды тапсырамын.

88. Тоқтар Әубәкіров және Қазақстанның ғарышқа жол ашуы.


Тоқтар Оңғарбайұлы Əубəкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Əкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті.
Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тəрбиесінде болды.
1962-65жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын əріппен жазылды. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары əскери ұшқыштар училищесін бітірген (1969ж). 1969-75жж. Кеңес Одағы əскери-əуе күштерінің Қиыр шығыс əскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары. Мəскеу ұшқыш сынақшылар мектебін (1976ж.), Мəскеу авиация институтын бітірген (1979ж.). Мəскеудегі А.И.Микоян атындағы Тəжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш- сынақшы. Т.Əубəкіров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет əуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру
арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы 1-ші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дəл қондырды. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2-ші сəуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары жəне Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нəтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны жəне жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. Əубəкіров 1991 жылдың 10 қазанында Жерге оралды. Т.Əубəкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің əскери даярлығын жетілдіруге, əскери-патриоттық тəрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992-93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-ші орынбасары. 1993-94 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым жəне жаңа технолгия министрінің орынбасары, 1994-95 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс жəне қауыпсіздіқ комитетінің төрағасы болды. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. Тоқтар Əубəкіров нақ 45 жасында ғарышкер атанды… Ал, Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атақты 1988 жылы алды. Онда оған бұл биік мəртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, əлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймəлім «МиГ» ұшақтарын сынауды жəне оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін беріліп еді. А.И.Микоян атындағыm авиаконструкторлар бюросының бір құжатында бұрынғы Одақтың 26 сынақшы-ұшқышы болғандардың ішіне Қазақстаннан жалғыз Тоқтар Əубəкіров қана ілігіпті. Солардың 9-і сынақ кезінде апатқа ұшырап, қаза тапқан. Ал, қалғандары батыр атағына ие болған. Тоқтар солардың бірі болыпты.
1965 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен РСФСР-дың Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласындағы ұшқыштар даярлайтын жоғары əскери училищеге жол тартқан. Бұдан кейінгі өсу, ержету кезінде зеңгір аспанда «МиГ»ұшағымен мінсіз ұшу, жаппай тұрмай жаттығу, тəжірибе жинақтау міндеті едəуір уақытын алған. 1976 жылы А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросына қызметке қабылданып, ғұмырының ең қиын сəттерін бастан кешірді. Бұл тұста Тоқтар үшін өмір мен өлім ылғи қатар беттесіп отырыпты.
Байқоңырдан 1961 ж. 12 сəуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын жəне метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты жəне Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Əубəкіров"Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға əр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уəшев, К.Əбілғазин, полковник Ə. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ.Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей
Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар
таралады.Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды,Павлодар жəне Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
89. «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарлама және оның жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы
«Халық тарих толқынында» бағдарламасының басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей болашақ мүмкін емес.
Сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы болып өтті. Отырыс жұмысына жұмысшы топтың жетекшісі – ҚР БҒМ ҒК төрағасының орынбасары А.К. Төлешов қатысты.
«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы Хаттамалық шешім қабылдады: I. 2013 жылдың 10 шілде мен 10 тамызы аралығындағы «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлаудың ұйымдастыру схемасы бекітілсін; II. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы құрылымының жобасы негізге алынсын; III. 2013 жылдың 22 шілдесіне дейін «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасының жобасы жасалынсын; IV. 2013 жылдың 10 тамызына дейін, белгіленген ереже бойынша ЖҒТК-ның қарастыруына «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы ұсынылсын. -Ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша Астана және облыс әкімшіліктерімен, жоо-ның ректорларымен біріккен жиналыстар ұйымдастырылып, өткізілді
90. Қ.Ж. Тоқаев - дипломат және мемлекет қайраткері.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019). Қазақстан Республикасының президенті (2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап). 2019 жылдың 9 маусымында өткен сайлауда 71% дауыспен жеңді.
1970 жылы Қ-Ж. Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсті
1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірісіп, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданды.
1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына қайта оралды.
1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды. Одан кейін Пекиндегі кеңестік елшілікке жолданып, онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарын атқарды.
1991 жылы Мәскеудегі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының дипломатиялық басшы кадрлардың біліктілігін арттыру курстарына түсті. 1
992 жылы Қ-Ж.Тоқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және 1994 жылы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
1999 жылдың наурыз айында Премьер-министрдің орынбасары болды.
1999 жылдың қазан айында Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2002 жылдың қаңтарында отставкаға кетіп, кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
2007 жылдың қаңтарына дейін Сыртқы істер министрі ретінде жұмыс істеп, кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.
Сыртқы істер министрі лауазымында Қ-Ж. Тоқаев, тұтастай алғанда, 10 жыл еңбек етті (1994-1999, 2002-2007). Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты.
2013 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы болып сайланды.


Қасым-Жомарт Тоқаев - саяси ғылымдар докторы. Ол Бүкіәлемдік гуманитарлық және жаратылыс ғылымдары академиясының мүшесі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясы «Даналар» кеңесінің мүшесі. ҚР СІМ Нәзір Төреқұлов және РФ СІМ А.Горчаков атындағы естелік медальдарымен, Женева Университетінің «Академикус» грамотасымен, сондай-ақ, С.Н.Рерих атындағы естелік медалімен марапатталған. Орыс Биографиялық қоғамы Қ. Тоқаевты "Жыл адамы - 2018" лауреаттарының тізіміне енгізген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет