ӘН: Туған жер
1- жүргізуші: Бүгін біз тәуелсіз ел деп Отанымыздың иелі болған ана тіліміздің киелі болғанын, ата тарихымыздың жүйелі болғанын айтамыз.
2-жүргізуші: Тілім менің –жан жүректің айнасы Тілім менің- бар болмыстың айласы Тілім менің –бар қалпымның өзі боп Асқар биік асуларды шарлатты Осы тілде Абай айтқан талай сыр Осы тілде қатты Мағжан талай үн Осы тілде бар қазақтың ақыны Шертті тарих беттерінен, қанша мұң!
Келесі кезекті сол өлең жырларға берсек қабыл алыңыздар:
Әсемай: – Қуан далам! Қуанатын күн бүгін! Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін! Тіл туралы Заңым енді күшінде, Паш еткендей кескен жаңа кіндігін! – Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін! Халық жауы атандың-ау сол үшін, Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар. Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп, Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Достарыңызбен бөлісу: |