Қарашаның он сегізі Шерхан Мұртаза Тапсырма Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасынан алынған үзіндіні мұқият оқып, қарамен берілген Мүсіреповтың сөзіне талдау жасаңыз



Дата07.02.2022
өлшемі35,5 Kb.
#95038
Байланысты:
441e5e8fb78db47c7ce6d94b582653915fb4dcbaced6b


Қарашаның он сегізі
Шерхан Мұртаза

Тапсырма 1. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасынан алынған үзіндіні мұқият оқып, қарамен берілген Мүсіреповтың сөзіне талдау жасаңыз.
Нұрхан: Апыр-ай, Сталиннің жаны ашымаса, құдайдың да жаны ашымағаны ғой. Мүсірепов: Солай болғаны да. (Ойланып.) Ал Голощекиндікі көпе-көрнеу зорлық. Зорлықтың түбі – қорлық. Қорлықтың түбі – қу тақыр. Соны да көрдік біз пақыр. Нұрхан: Голощекин біздің жерді өртей беретіндей не жаздық? Осы өрттің отына бассирақ үйіте ме, қайтеді? Сондай бір зымиян ойы жоқ па? Мүсірепов: Елдің – егесі, бөрінің – тәңірісі бар. Мәскеудегі азаматтарымыз: Рысқұлов, Нұрмақов... қарап қалмас. Нұрхан: Ал... Алматыдағы азаматтар не бітіріп отыр? Тек бас шұлғи бере ме? Мүсірепов (күрсініп, алысқа қарап): Ұлық өзінен акылдыны ұнатпайды. Орнымды алып қояды деп қорқады. Біздің бетке ұстар, білімді, арлы азаматтарымызды Голощекин сырттатып жіберді. Алматыда қалғандарына күн көрсетпейді. Ал соның сөзін сөйлеп, сойылын соғатын Құрамысов сияқтылар қомпиып отыр. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________
2. Үзіндіден ақпараттар қолдана отырып, «Ұлық өзінен ақылдыны ұнатпайды» деген ойды ашып жазыңыз, көзқарасыңызды білдіріңіз. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________
3. «Балым (торыққандай). Әй, білмеймін, енді ел болып оңбаспыз да... Мүсірепов (өтінгендей). Олай деме, жеңеше. Омыртқаң опырылса да, рухың сынбасын» Сол бір азапты басынан кешіріп жатқан адамдарға арнап, рухтандыратын, жігерлендіретін мәтін (шығармашылық жұмыс, өлең т.б) жазыңыз. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет