Қарастырылатын сұрақтар: Материалдық нүкте. Санақ жүйесі. Еркіндік дәрежелерінің саны. Траектория. Жол. Орын ауыстыру. Уақыт. Физикалық шамалардың өлшемі. Жылдамдық. Үдеу. Механиканың негізгі түсініктерін қолдану


Айналмалы дененің жұмысын қалай табуға болады?



бет3/13
Дата18.09.2024
өлшемі69,82 Kb.
#204552
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Конс.лекцийҚолданФиз (каз)24-25

Айналмалы дененің жұмысын қалай табуға болады?
dA=Mdφ: Дене айналғандағы жұмыс әсер етуші күш моменті мен айналу бұрышының көбейтіндісіне тең.
4 дәріс. Қолданбалы сипаттағы «Механика» тараулары бойынша материалдар
Қарастырылатын сұрақтар: Ньютон заңдары. Ілгерілмелі қозғалыс динамикасының негізгі заңы.Инерцияны қолдану.
Ньютон механикасының неше заңы бар?
Ньютон заңдары классикалық механиканың ең маңызды үш заңы болып табылады және кез келген механикалық жүйенің қозғалыс теңдеулерін жазуға мүмкіндік береді. Алғаш рет Исаак Ньютон «Натурфилософияның математикалық принциптері» (1687) кітабында толық тұжырымдаған.
Инерцияны іс жүзінде қолдану
Инерция (лат. іnertia - әрекетсіздік) инерттілік - механиканың 1 - ші және 2 - ші заңдары бойынша бейнеленетін материялық дененің қасиеттері. Сыртқы әсерлер бір - бірімен теңгерілсе немесе басқа денелер әсер етпегенде, материялық денелер қозғалыстағы немесе тыныштықтағы күйін сақтайды. Осы заңдылық (Ньютонның 1 - ші заңы немесе инерция заңы) орындалатын санақ жүйесі деп аталады. Демек, бірін - бірі теңгермейтін күштер түскенде инерция салдарынан дененің қозғалыстағы немесе тыныштықтағы күйі, яғни оның жылдамдығы кенеттен өзгермей, біртіндеп өзгереді. Дененің инерттілігі неғұрлым көп болса, оның жылдамдығы да баяу өзгереді. Дене инерттілігінің сандық өлшеуіші ретінде масса алынады. Инерция термині әртүрлі приборларға байланысты да пайдаланылады. Мысалы, өлшеуіш приборлардың өлшенетін шаманы біраз кешігіп көрсетуі, оның инерттілігі деп аталады. Оны Италияның оқымыстысы Галилео Галилей зерттеді, ал 1678 жылы Исаак Ньютон оны толықтырды.

Инерцияның пайдалы жақтары:


● Кілем тазалағанда инерцияның пайдасы көп. Кілемді таяқпен ұрғанда, кілем орнынан қозғалады, ал шаң сол орнында инерцияның әсерінен қалып қояды.
● Велосипедшілер жарысында велосипедшілер үнемі педальды баса бермейді, оқтын - оқтын аяқтарын дамылдатады, бірақ велосипед тоқтамайды. Осылай таулы жолдарда машиналар жанармай үнемдейді.
● Балға саптағанда балғаны үстелге ұрғанда, балға инерция әсерінен сапқа енеді т. б.
Инерцияның зиянды жақтары:
● Бір адам көшеден өтіп бара жатып бұрылыстан шыға келген машина оны қағып кеткен болса,демек машина инерцияның кесірінен тоқтай алмаған.
● Велосипедшілер жарысып келе жатқанда бір велосипедші құлап қалса, қалғандары инерцияның әсерінен тоқтай алмай бірінің үстіне бірі құлайды.
● Автобус тежегішін басқанда, адамдар инерцияның кесірінен алға қозғалып, бір – біріне соқтығысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет