Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықовтың «2014 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2015 жылға арналған міндеттері туралы» есепті баяндамасының тезистері



Дата29.01.2018
өлшемі343,86 Kb.
#35922
Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықовтың «2014 жылғы

ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

мен 2015 жылға арналған міндеттері туралы»

есепті баяндамасының тезистері
Құрметті қарғалылықтар!
Тұрғындар алдында есепті кездесулер өткізу қоғамдық-саяси өмірді бұдан әрі демократизациялаудың және мемлекеттік басқарудың заманауи жүйесін құрудың маңызды бөлігі болып табылады. Тұрғындармен кездесу уақытша жүріп өткен жолдың белесі ғана емес, сондай-ақ, атқарылған жұмыс сапасының көрсеткіші, оны бағалау мүмкіндігі мен алдағы жоспарларға түзету енгізу, атқарылған жұмыстарды бірлесіп қорытындылау мүмкіндігін беру, жалпы проблемаларды талқылау, болашаққа бағдарларды анықтау.

Өткен жыл барша қазақстандықтар үшін мерейлі даталар мен айтулы оқиғаларға толы болды. Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 23 жылдығын атап өтті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, экономика дамуының жоғарғы қарқыны мен азаматтарының әл-ауқатының үздіксізөсуін көрсетуші бұрынғыдан да қуатты әрі мықты мемлекет болды.

2012 жылғы 14 желтоқсанда Елбасы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа Стратегиясын ұсынды.Стратегиядағы Елбасының алға қойған басты мақсаты-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру.

Елбасымыздың 2014 жылы жария еткен «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауы еліміздің прогресі мен гүлдену кезеңінің жаңа көрінісі болып табылады. Оның болашақ және тарихи мәні дезор.Ауқымды міндеттер барша қазақстандықтардыңеңбек етулеріне және белсенділіктеріне қуатты импульс беретіні сөзсіз.

Мұндай биік мақсатқа жетуге қомақты үлесімізді қосамыз деп сенемін!

Жыл сайынғы есепті кездесулер азаматтарға мемлекеттік басқару үдерісіне белсенді қатысу мүмкіндігін береді. Ашық диалог барысында атқарушы органдардың тұрғындар алдындағы жауапкершілігі мен есептілігі артады, ауданды дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру жалғасады, нақты проблемалар, оларды шешу жолдары қаралады.

Ауданның әр тұрғыны өзін мазалап жүрген сұрақтарға жауап алғысы келеді, ал атқарушы билік- тұрғындар пікірлерін ескере отырып, өз жұмысына нақты түзетулер енгізулері керек.

Өткен 2014 жылғы өткізілген кездесулерде айтылған ескертулер мен ұсыныстар-әлеуметтік сипаттағы 8 мәселе, түскен ұсыныстардыңесепті кезеңде 4-і толық орындалды, ал қалған 4-і бақылауға алынып, олар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Түскен әр сұрақты шешу нәтижесінде әр отбасы мен әр жеке адамның әл-ауқаты артатынын атап өту керек.

Сондықтан, олармен өз жоспарларымызды салыстырып, алға жаңа міндеттер қоямыз.


Ауыл шаруашылығы

Аудан экономикасының басты секторы агроөнеркәсіп кешені болып табылады.Елбасының реттелген Аграрлық саясаты тұжырымдамасының арқасында ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларының мәдени, әлеуметтік, құқықтық және экономикалық тиімді қалыптасуы қамтамасыз етілді.

Есепті кезеңде агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындысын айта келе, ауданымыз үшін ауыл шаруашылығы жылы жақсы көрсеткіштермен аяқталғанын атап өтуіміз қажет.

Ауданымызда әр түрлі меншік түріндегі 179 шаруашылық субъектілері бар, олардың 168-і шаруа қожалықтары, 11-і ЖШС.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ауданымыз бойынша гектарынан 5 центнерден астық алынып, 41230 тонна дәнді-дақыл жинау қамтамасыз етілді. Мұның бәрі жаңа ылғал ресурстарын сақтайтын технологияларды қолданудың арқасында іске асты.

Сондай-ақ, 729 гектар алқаптан 18399 тонна картоп, өнімділігі гектарынан 252,1 центнерден, 331 гектар алқаптан 9821 тонна көкөніс, өнімділігі гектарынан 296,0 центнерден жиналды.

Өткен жылмен салыстырғанда картоп 599 тоннаға артық жиналды.

2015 жылдың егісі үшін – 3800 гектар сүдігер, 32400 сүр жер жыртылды және 320 гектарға күздік дақыл себілді.

Аудан бойынша 8300 тонна астық тұқымы бастырылды. Сондай-ақ, биыл мал азығы дақылдары 2000 гектарға,майлы дақылдар 800 гектарға артық егілді.

Мал шаруашылығы өнімдерінің физикалық көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру – 105,0 пайыз, сүт өндіру – 100,0 пайыз болып отыр.

Аудан бойынша жылқы мал басы 0,5 пайызға, қой басы 0,3 пайызға, шошқа басының саны 0,4 пайызға өсті.

«Сыбаға» несиелеу бағдарламасы бойынша барлығы 190 бас аналық бас пен 10 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынып, алынған жоспар 117,3 пайызға орындалды.

Бұған қоса биыл аудан бойынша мал басын асылдандыру жұмыстарын іске асыру үшін 134 бас асыл тұқымды етті бағыттағы бұқа және сүтті-етті бағыттағы 160 бас қашар сатып алынды.

Асыл тұқымды мал басын ұлғайту бойынша:

-«Қайрақты» ЖШС-гі 200 бас қашар, 7 бас бұқа сатып алса, «Степное»ЖШС-гі асыл тұқымды 11 бас айғыр сатып алды.

-«Ырыс» бағдарламасы арқылы «Жаңа тұрмыс»ш/қ 105 бас семминталь тұқымды малды сатып алды.

-«Құлан» бағдарламасы арқылы «Қуаныш» ш/қ 22 бас бие, 3 бас айғыр сатып алды.

-«Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Бородиновское» ш/қ қолындағы 600 аналығына 20 бас Еділбай тұқымды қошқарды «Степное»ЖШС-нен сатып алды.

Малдың бруцеллезге шалдығу деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 38 пайызға азайды.

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 60550 тонна қысқы мал азығы дайындалды. Аудан бойынша екі айлық шөп дайындау тапсырмасы 100,2 пайыз орындалды.

Ауыл шаруашылығы саласының қайта өңдеу секторы даму үстінде, оның ішінде: 2014 жылы 2650тн ұн (106,0%), 355тн нан (103,5%), 121тн шұжық (101,0%), 151тн ет (105,0%) қайта өңделді.

«Үміт несие серіктестігі» ЖШС арқылы 41,8 млн. теңге сомасына 7 заемщик несиеленді.
2015 жылға алынған міндеттер
Мал шаруашылығы саласында:

- 2015 жылы аудандағы тұрғындардың аналық малдарына 28 бас сүтті-етті бағыттағы бұқа қосу жұмыстарын аяқтау.

- «Жаңа Тұрмыс» шаруа қожалығы бойынша 100 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын құру.

-«Айшуақ»шаруа қожылығы бойынша сүтті-етті бағыттағы семминталь тұқымды мал басын ұлғайту және сүт өңдеу жұмыстарын жаңғырту.

-«Ақсүт»шаруа қожалығы бойынша Петропавловка ауылынан ешкі сүтін өңдеу цехын ашу.

-«Бурлин» шаруа қожалығында 100 бас арналған ірі қара малын ұстау базасын іске қосу;



-«Бородиновское» шаруа қожалығында Еділбай тұқымды қой басын көбейту;

Егін шаруашылығы саласында:

-көпжылдық, біржылдық өсімдіктердің егістік алқабын молайту;

-суармалы жерлерді тиімді пайдаланып, егістік алқапты барынша жүзеге асыру жоспарлы келесі жылға өтімді мәселелердің бірі болып отыр.
Кәсіпкерлік
Экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Кәсіпкерлік саласы Елбасының «Мықты бизнес-мықты мемлекет» атты принципін толығымен жүзеге асыруға арналған.

Шағын және орта кәсіпкерлік өзінің икемділігін, жұмылғыштығын, нарықтық нақтылығын пайдалана отырып, жедел қарқынмен инновациялық экономикадан өз орнын табуы тиіс.

Осыған байланысты мемлекеттік экономикалық саясаттың басты бағыттарының бірі кәсіпкерлікті жаппай қолдау мен дамыту болып табылады. 



Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2014 жылы 1550,3 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда осы деңгейде қалып отыр.

2014 жылдың басынан бастап “Ақтөбе – Темір ВС ЕК” жауапкершілігі шектелген серіктестігі Велихов темір рудасы кенішінде кен қазу, уату және жүктеу жұмыстарын жүргізуде.Кәсіпорын 180,0 мың тонна темір рудасын өндірді.

Есепті кезеңде кәсіпорын Соколов-Сарыбай тау-кенөндіріс бірлестігіне және Ресей Федерациясының Магнитогор металлургиялық комбинатына 280,0 мың тоннадан астам темір рудасынжүктеп, жөнелтті.

2014 жылдың шілде айынан бастап Қос-Естек селолық округі аумағында «КТП» ЖШС қиыршық тас өндірісін бастады. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорын 86,0 мың тоннадан астам өнім өндірді. Қиыршық тас Ақтөбе облысының тас жолдарының құрылысына және өз қажетіне пайдаланылады.

«Степной» ЖШС-нің қайтаөңдеуцехтары374,7 млн. теңгенің өнімін өндірген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандаөндіріс көлемі 126,0пайызды құрады.


Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны өткен жылғы деңгеймен (4110/4126 адам) салыстырғанда 0,4 пайызға, шағын және орта бизнес субъектілердің саны (621/716 бірлік) 115,3 пайызға өскен.

Олардың – 45-і заңды тұлға, 671-і жеке кәсіпкерлер, оның ішінде 175-і шаруа қожалықтары.

Өткен жылмен салыстырғанда субъектілер санының артқаны байқалады, мысалы жыл басынан бері 133 субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ЖШС, 8 шаруа қожалығы және 121 жеке кәсіпкер.

Өндірілген өнім көлемі (6926,3/7030,2 млн. теңге) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызға өсіп отыр.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен салық 315,6млн. теңгені құрайды, өткен жылғы деңгеймен (394,5 млн. тенге) салыстырғанда 80,0 пайызды құрайды.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенді санының үлесі 88 пайызды құрайды, яғни тіркелген 716 субъектінің 630 бірлігі белсенді

болып табылады. Жыл басынан бері жаңадан бизнестің 10 нысаны ашылды, олар: жылыжай, шаштараз, 2 кафе, кулинария, кондитер цехы, наубайхана, пластикалық бұйымдар жасау цехы, техникалық қызмет көрсету (СТО) станциясы, дүкен және т.б.Жалпы бизнес субъектілерімен 140 жаңа жұмыс орны құрылды.Ауданның бизнес субъектілерімен алынған несие қорының жалпы көлемі 247,5 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

- «Ақтөбе - Ауыл - микрокредит» шағын несие ұйымы арқылы 51,5 млн. теңге сомасына 10 заемщик несиеленді.

- «Үміт несие серіктестігі» ЖШС арқылы 40,3 млн. теңге сомасына 7 заемщик несиеленді.

- «Ауыл шаруашылығын қаржымен қолдау қоры» арқылы 155,8 млн. теңге сомасына 57 заемщик несие алды.Оның ішінде:

- «Мұрабах» бағдарламасы арқылы 7,1 млн.теңге сомасына 2 заемщик несиеленді.

- «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы 50,42 млн. теңге сомасына 36 заемщик несие алды.

- Көктемгі егіншілік жұмыстарына-6,5 млн. теңге сомасына 3 заемщик несие алды.


-«Ырыс» бағдарламасыарқылы 1 жоба 48,5 млн. теңге сомасына несиеленді.



2015 жылға арналған міндеттер:
- Бизнестің белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің санын ұлғайту;

- жоспарланғанинвестициялықжобалардыжүзеге асыру үшін «Ақтөбе-Ауыл- микрокредит» ШНҰ» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие ресурстарын тарту;

- ауданның кәсіпкерлік субъектілерінің «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес - 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуын ұйымдастыру.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

құрылыс саласы

Қарғалы ауданыбойынша сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі жұмыстарына жергілікті бюджеттен 19 150,0 мың теңге бөлінді. Аталған қаражаттың 19150,0 мың теңгесі толық игеріліп, аудан орталығындағы Абай көшесінде орналасқан кіші қазандықта қуаттылығы 2 Гкал «Вулкан-2000» типті көлемі 500 м.куб құрайтын 4 су ысытқыш қазандықтардың барлығы да ашылып, оның үшеуі толық жөңдеуден өтті, ақауы барлары жаңасына ауыстырылды.

Бадамша ауылындағы жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге 9 519,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күнге қайта жаңарту жұмыстар жүргізіліп, қаражат толық игерілді.

2014 жылы Бадамша ауылындағы орталық және кіші қазандықтарды қайта жаңартуға 150 711,0 мың теңге қаражат бөлініп, толық игерілді.

Әлімбет ауылындағы су ұңғымаларының екі сорғысы толық ауыстырылды. Ал, Бадамша ауылындағы су ұңғымаларының үш сорғысы ауыстырылып, бұрынғы 11 кВт-тық 5 сорғының орнына 5,5 кВт-тық сорғылар орнатылды.

2014 жылы Бадамша ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 10536,8 м. Бадамша ауылының 12 көшесінің су жүйесі және жалпы ұзындығы 1602 м. Бадамша-2 ауылының су құбырлары қайта жаңартылды.

Сонымен қатар Бадамша ауылының Әуезов және Уәлиханов көшелерінде ВЛ-0,4 кВа электр желілері қайта жаңартылды.



Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) аясында жөндеу жұмыстарын жүргізетін «Жаңа үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды.

Бүгінгі таңда Қарғалы ауданының орталығы Бадамша ауылында жалпы саны 32 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 10-ы 5 қабатты, 3-і 4 қабатты және 19-ы 2 қабатты үйлер.

Қазіргі уақытта 2 қабатты 7 үйдің және 5 қабатты 3 үйдің тұрғындарының келісімі алынып,жобалық-сметалық құжаттама жасалынды.

Және де, қосымша көп қабатты үйлердің тұрғындарымен жаппай кездесулер ұйымдастырылып, келісім хаттамасы алынуда.

Қазан айында өткен маслихат сессияда техникалық паспортты дайындау үшін жергілікті бюджеттен 420,0 мың теңге қаражат бөлініп, техникалық паспорттар дайындалды.

Осы Бағдарлама аясында жылпы саны 32 көп қабатты үйлердің ішінде 23-і жөндеуді қажет етеді және оларды жөндеу кезеңдері келесідей уақытты қамтиды: 2015 жылы 10 үй, 2016 жылы 5 үй, 2017 жылы 3 үй, 2018 жылы 3 үй және 2019 жылы 2 жөндеу жоспары бар.

Сонымен қатар, Әбілқайыр хан көшесіндегі №49 2 қабатты тұрғын үй авариялық деп танылып, қазіргі уақытта аталған үйдің тұрғындары қауіпсіздендірілді.

Есепті кезеңде тұрғын пәтерлерді сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 16 168,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күнге аталған үйдің тұрғындарына 6 пәтер сатып алынып, кілттерітабысталды.

Көмір отынын жоспарланған 2014-2015 жылу беру маусымына дайындау мақсатында барлық аудандық мемлекеттік мекемелеріне 2995,9 тонна қатты отын (көмір) және 228,3 тонна дизельді отыны қарастырылып, толықтай жеткізілді.

Аудан аумағында аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 259 шақырымды құрайды. 2014 жылы аудандық маңыздағы «Степное-Бадамша», «Ақтөбе-Орск» - Сарыбұлақ, «Ақтөбе-Орск» - Шаңдыаша, «Херсон-Велиховка» бағытындағы автомобиль жолдарын қардан тазарту және басқа да тиісті жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, 2014 жыл бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындысы нәтижесінде, «Жаңа үй Қарғалы» ЖШС-мен 712 999,94 теңгеге Бадамша ауылының ішкі жолдарына 19 жол белгісі, Желтау селолық округінің ішкі жолдарына 8 жол белгісі, Қос-Естек ауылының ішкі жолдарына 5 жол белгісі және Ащылысай ауылының ішкі жолдарына 2 жол белгісі орнатылды.

Аудан бойынша «Бадамша-Ақтөбе», «Бадамша-Орск» және «Бадамша-Степное» бағытында жолаушылар тасымалымен айналысатын 3 кәсіпкер, 45 автокөлік бар.

Бадамша ауылының 13 көшесінің ауылішілік жолдарын орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2014 жылы облыстық бюджеттен 3 297,0 мың теңге бөлінді және қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.

Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражаты есебінен аудандық маңыздағы барлық автомобиль жолдарын паспорттандыру жұмыстары жүргізілді.

2014 жылдың маусым айынан бастап, 3 ай бойы 16-29 жас аралығындағы жастар «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында жұмыс жасады.

Осы Бағдарлама аясында Пацаев көшесіндегі «Достық», «Арзан» дүкендерінің және «Нұр Отан» ғимаратының алдында орналасқан алаңда тас төсем салынды, ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізуге арналған сауда павильоны және аялдама павильоны орнатылды.

2014 жылы Степной және Қайрақты (Бородиновка) ауылдарына жеткізуші және ауылішілік газ құбыры құрылыс жұмыстары жүргізіліп, Степной ауылында 85 тұрғын үй, 4 әлеуметтік нысан, Қайрақты ауылында 35 тұрғын үй және 1 әлеуметтік нысан газдандырылды.

Сондай-ақ, «мемлекеттік тұрғын үй қорындағы» Степной ауылы Жастар көшесіндегі2, 4, 6 және 8коммуналдық тұрғын үйлерге газ өткізілді.

Қос-Естек, Жосалы және Кемпірсай ауылдарының газ құбыры құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Сондай-ақ, 2015 жылы аталған ауылдардың ауылішілік газ тарату желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіледі. Құрылыс жұмыстары 2016-2017 жылдарға жоспарланып отыр.

2015 жылы Қосестек ауылының жер асты су қорына барлау жұмыстары аяқталады, ал 2016 жылы жобалық-сметалық құжаттары әзірленетін болады.

Сонымен қатар, Ащылысай және Әлімбет ауылдарына техникалық-экономикалық негіздеме дайындалуда.

Бадамша аулындағы су тарту жүйесін кеңейту және қайта жаңарту жұмысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

2014 жылы мына құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленді:

Бадамша ауылындағы екіқабатты 8 пәтерлік 3 жалдамалы коммуналдық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ, Бадамша ауылында бірқабатты бірпәтерлік -3, Петропавловка ауылында бірқабатты бірпәтерлік -4, Қосестек ауылында бірқабатты бірпәтерлік -3, Степное ауылындабірқабатты бірпәтерлік -1, Ащылысай ауылында бірқабатты бірпәтерлік -1 жалдамалы коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша;

Сонымен қатар Степной ауылында Сазды орта мектебінің және «Ақбота» балабақшасының; сондай-ақ, Қайрақты ауылында Бородиновка орта мектеп-балабақшасының қазандықтары мен инженерлік желілерін газ жүйесіне қосу құрылыс жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

Ш.Қалдаяқов және Қосестек ауылдарында ауылдық клуб салу бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда, 2016 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізіледі.
2015 жылға арналған міндеттер:


  • Ақкөл ауылының су жүйесін қайта жаңарту;

  • «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» шеңберінде Бадамша ауылының Цыбульчик, Молдағұлова, Қонаев, Жангелдин, Жамбыл көшелеріндегі ауылішілік жолдарды орташа жөндеуден өткізу;

  • Бадамша ауылындағы Кемпірсай стансасына жеткізуші және ауылішілік газ құбырын салу;

  • «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың жетіспейтін нысандарын дамыту немесе салу.


Халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту
Аудан бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны14 адамды құрайды. Жұмыссыздық деңгейі 0,13 пайыз. 2013 жылы жұмыссыздық деңгейі 0,14 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,01 пайызға төмен.

Жаңа жұмыс орындарын ашу – 2014 жылғы жоспар - 330 орын;

Ауданда 383 жаңа жұмыс орны ашылып, 383 адам жұмысқа орналасты. Бұл жылдық жоспардың 116 пайызын құрайды. 2013 жылы 371 жаңа жұмыс орны ашылды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 103 пайызға артық.



Ақылы қоғамдық жұмысқа орналастыру –2014 жылғы жоспар - 250 жұмыссыз;

2014 жылы ақылы – қоғамдық жұмысқа 345 жұмыссыз қатысып, жылдық жоспардың 138 пайызын құрады. Жұмыссыздарға ағымдағы жылы еңбекақыларына 11950,0 мың теңге төленді.

Жастар практикасына жолдаудың 2014 жылғы жоспары -30 түлек;

2014 жылы Жастар практикасына 35 түлек жолданып, жылдық жоспардың 117 пайызын құрады. Жастар практикасына қатысқан жастарға барлығы 3334,3 мың теңге төленді. 2013 жылы 31 түлек Жастар практикасына жолданды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 112 пайызға артық.

Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырудың 2014 жылғы жоспары – 30 адам;

2014 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 79 жұмыссыз орналастырылды, бұл жылдық жоспардың 263 пайызын құрады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысқандарға барлығы 7294,7 мың теңге төленді. 2013 жылы 71 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 111 пайызға артық.

Мүгедектер үшін «Бос жұмыс орындарының» алты жәрмеңкесі өткізілді. Өткен 12 ай ішінде 52 мүгедек жұмысқа орналастырылды, олардан 3% квота бойынша - 20 адам, тұрақты жұмысқа – 7 адам орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмысқа -12 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 9 адам, жастар практикасына 2 адам, 2 адам оқуға жолданды. Соның ішінде «Жұмыспен қамту Жол картасы» бойынша 18 мүгедек.

Биылғы мүгедектерді қорғау күніне орай Қарғалы аудандық мәслихатының № 169 шешіміне сәйкес аудандағы 472 мүгедектерге бір жолғы әлеуметтік көмек, яғни әрбір мүгедекке30,0 мың теңге көлемінде

жалпы соммасы14154,0 мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ биылғы жылыту кезеңінде Бадамша және Желтау селолық округтерінде, яғни орталықтардырылған және жекелендірілген көгілдір отыны бар 221 мүгедекке 7161,8 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі берілді. Есепті кезеңде аудан бойынша 36 мүгедек Шымкент қаласындағы «Денсаулық» және Алға қаласындағы «Шипагер» сауықтыру орталықтарында ем қабылдап келді. 29 мүгедекке 1101,2 мың теңгеге міндетті гигиеналық құралдар таратылып берілді.

Сонымен қатар, аудан бойынша 130 мүмкіндігі шектеулі жандарға жалпы соммасы 2474,2 мың теңгені құрайтын техникалық көмекші құралдар таратылып берілді.

Ағымдағы жылдың 12 айы ішінде 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 488 балалары бар 203 отбасыға 7000,0 мың теңгеге тағайындалып, төленді.

2014 жылдың жылыту маусымының 6 айлық кезеңінде 1164 отбасыға 18497,0 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалды.

Есепті кезеңнің 12 айы ішінде 2346 азаматқа жалпы соммасы 34671,7 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмегі көрсетілген болатын, соның ішінде 7 млн теңгеден астам көмек 53 жетім балаларға көрсетілді (тегін тамақ, киімдер берілді).

Аудан бойынша 9 мамыр Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай, барлығы 501 адамға жалпы соммасы 10195,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдык мерекесіне орай Республикалық бюджеттен соғыс ардагерлеріне, олардың жесірлеріне, соғыс ардагерлеріне теңестірілген адамдар мен тыл еңбеккерлеріне 9425,0 мың теңге бүгінгі күні бөлініп отыр. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен осы мерекеге орай 11 млн теңгеден астам қаржы қарастырылды.

2014жылы көрсетілген санаттағы 12 азаматқа 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»

бағдарламасын іске асыру
Аудан бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруға жалпы 139,4 млн.теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 132,6 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 6,8 млн.теңге, игерілгені 137,0 млн.теңге немесе 98,4%, конкурстан үнемделгені 2,4 млн. теңге.

1 – бағыт шеңберіндеағымдағы жылда инфрақұрылымдық нысанды іске асыруға бірінші траншпен 27,8 млн. теңге бөлінді (жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды қосқанда).

2014 жылы, аудандық орталық аурухананың аумағы мен мәйітханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жоба құны 27,2 млн.теңге. Қаражат

толық игерілді. Нақты 19 жұмыс орны құрылды, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 (52,6%) адам жолданды.

Екінші траншпен «Байтерек» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы соммасы 40,1 млн. теңге сомасында (РБ-тен 36,1 млн.теңге, ЖБ-тен 4,0 млн. теңге) қаражат бөлінді.

Құрылған жұмыс орындарының саны 27, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 адам жұмысқа қабылданды. Орташа айлық жалақысы 45,0 мың теңгені құрайды.

«Байтерек» мектепке дейінгі балабақшасымен «Интеграл ХХІ» ЖШС-гі арасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 38,6 млн. теңге сомасында келісім-шарт жасалып, толық игерілді.

2-бағыт шеңберінде2014 жылы30 қатысушыға жалпы сомасы 42,5 млн.теңге шағын несие беру жоспарланды. Есепті кезеңде36 адамға 50,222 мың теңге (118,2%) сомасында шағын несие берілді, оның ішінде: жоспар бойынша 29 адамға 42,5 млн. теңге және қаржылай қолдау қорының реинвесторлық қаражаты есебінен 7 адамға 7,722 млн. теңге берілді,

Есепті кезеңде 36 адам шағын несие алды, олардың ішінде 25-і өз ісін ашуға және 11-і өз ісін жандандыруға.Олармен 5 жаңа жұмыс орындары құрылды. 36 адамның барлығы салық органдарына тіркелді.



Кәсіпкерлік негіздегі оқытуға жолданған және оқуларын аяқтаған 10 адамжылдық жоспардың 100 %-ын құрады.

2014 жылға инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жаңарту мен дамытуға9,0 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңде 6 жоба бойынша 8656,3 мың теңге игерілді:

3-бағыт шеңберінде2014 жылы Бағдарлама арқылы 65 адам (30 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 20 адам жастар тәжірибесіне, 10 адам кәсіптік оқуға, 5 адам қайта даярлау курсына) жолданды, оған жалпы сомасы 11,6 млн. теңге бөлінді.

Жоспар бойыншаәлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін30 адам болса, жолданғаны 51 адам немесе 170%. Осы мақсатқа 5236,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 5236,0 мың теңге немесе 100%, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға мекемелермен 35 келісім-шарт (2013ж.-16; 2014ж.-19) жасалды. 2015 жылдың 1 қаңтарына қарағандаосы бойынша 27 адам жұмыстарын жалғастыруда.

Жастар тәжірибесіне –27 оқу орнының түлектері (есепші-3, техник-технолог-1, техник-бағдарламашы-1, мед.жұмысшы-4, эколог-1, аспазшы-6, электромонтаждаушы-1, заңгер-1, экономист-2, техник-электрик-1, мұғалім-4, қаржы-менеджері-1, тәрбиеші -1) жолданды, жоспар бойынша – 20 адам немесе (135%), осы мақсатқа РБ-тен 4034,0 мың теңге бөлінді, 4034,0 мың теңге игерілді немесе 100%. Жастар тәжірибесін өтугемекемелермен 26 келісім-шарт (2013ж.-11; 2014ж.-15) жасалды.

2015 жылдың 1 қаңтарына 11 адам жұмыстарын жалғастыруда.

Бағдарлама шеңберінде Ақтөбе қаласындағы АТК колледжіне кәсіптік оқуға 10 адам жолданды: аспазшы-3, кондитер-2, есепші-2, электр монтаждаушы-1, электргаздәнекерлеуші-1, тексеріп-өлшеу құралдарының темір ұстасы-1, осы мақсатқа 1,9 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Қысқа мерзімді қайта даярлау курсына Ақтөбе қаласындағы АТК колледжіне жылу қазандықтары операторы мамандығы бойынша оқытуға 5 адам жолданды, оған 0,7 млн. теңге бөлініп, игерілді. Барлық қатысушылар куәліктерін алып, жұмыс берушілердің хабарламасына сәйкес тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. Бородиновка мектепке дейінгі балабақшасына3 адам және Қосестек орта мектебіне 2 адам.

Өткізілген 8 бос орындар жәрмеңкесі нәтижесінде 18 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар жұмысқа орналасты, соның ішінде:

1 бағыт – 2 қатысушы;

2 бағыт – 2 қатысушы;

3 бағыт – 4 қатысушы, олардың ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына2 адам, жастар тәжірибесіне2 адам.

Мемлекеттің қолдауынсыз тікелей жұмысқа 7 қатысушы орналасты.

Кәсіптік оқытуға3 адам жолданды.

Есептікезеңде 375 адам Бағдарламаға қатысты.


Білім беру саласы

Аудан бойынша 11 орта, 5 негізгі және 3 бастауыш, барлығы 19 жалпы білім беретін мектептер, оның ішінде 2 – қазақ, 4 – орыс, 13 – аралас тілді мектептер, 6 мектепке дейінгі және 3 қосымша білім беру ұйымдары бар. Ауданның білім беру ұйымдарында барлығы - 615 педагогикалық қызметкерлер жұмыс жасайды.



Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Ауданның мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 19 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, оларда 877бала тәрбиеленуде, соның ішінде:



- 6 бала- бақшада- 641 бала,

- 4 мектеп бала-бақшада -133 бала,

- 9 шағын орталықтарда 103 бала тәрбиеленуде.

Тәрбиеленіп жатқан 877 баланың 546-сы қазақ тіліндегі 24 топта білім алуда (62,3%). Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен балалардың 82%-ы қамтылған.

19 мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар саны - 103. Балабақшада – 94, шағын орталықтарда – 9.


ҰБТ қорытындысы

2013-2014 оқу жылында аудан бойынша орта мектеп курсын барлығы 147 түлек бітірді. ҰБТ-ға 11 жалпы білім беретін орта мектептен 92 оқушы қатысты, бұл жалпы түлектер санынан 62,6 % құрайды. Оның ішінде оқу тілі қазақ тілінде - 35 оқушы (81,4 %), оқу тілі орыс тілінде - 57 оқушы (54,8%). Ал қалған 55-і қорытынды аттестация түрін мектепте мемлекеттік емтихан формасында тапсырды.

Аудан бойынша биылғы ҰБТ қорытындысының орташа балы 80,9% құрап, 2013 жылмен салыстырғанда (73,0 балл) 7,9 баллға өскенін байқауға болады. Ал облыстың Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысының орташа көрсеткіші – 84 балл.

Жалпы бес пәннен 100 немесе одан да жоғары балл жинаған 20 оқушы, ҰБТ тапсырған оқушылардың 21,7 пайызын құрады (2013 жылы 3 оқушы немесе 3,2 пайыз). ҰБТ нәтижесі бойынша "Алтын белгіге" үміткер 8 оқушы болған болса, оның үшеуі "Алтын белгіге" ие екендерін делелдеді.

Өткен жылдардағы ҰБТ кезінде туындаған қиындықтарды ескере отырып, 2015 жылы ҰБТ пунктін жергілікті бюджет есебінен аудан орталығында ашу жұмыстары жүргізілуде.

Мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына оқуға түсуі

және жұмысқа орналасуы

2013-2014 оқу жылының аяғында, жалпы білім беретін мектептердің11 сынып түлектер саны –147 болды.Соның ішінде аудан бойынша 41 түлек мемлекеттік грант бойынша оқуға түсті \2013жылында- 26 грант-18%\. Бұл 147 мектеп түлектерінің 28 %-ын құрайды. Оның ішінде 38 түлек жоғарғы оқу орнына, 3 түлек колледжге түсті.

2014-2015 оқу жылында 20 педагогикалық білімі бар жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша аудан мектептеріне жұмысқа орналастырылды. Барлық жас маман толық 18 сағаттық жүктемемен қамтамасыз етіледі.
Дипломмен ауылға

Қарғалы ауданында ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға немесе тұруға келген жас мамандарға«Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 38 589,8 мың теңгеге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде: көтерме жәрдемақы алушылардың саны білім беру саласы бойынша - 9 маман, жалпы сомасы – 1 166,8 мың теңге, денсаулық сақтау саласы бойынша – 4 маман, жалпы сомасы – 518,6 мың теңге жас мамандарға тұрғын-үй сатып алу үшін бюджеттік несиеалушылардың саны білім беру саласы бойынша – 11 маман, жалпы сомасы – 28 574,9 мың теңге, денсаулық сақтау саласы бойынша – 3 маман, жалпы сомасы – 8 329,6 мың теңге алды.


Қосымша білім беру

Аудан мектептерінде 127 үйірме жұмыс жасайды, ондағы бала саны – 1319, мектепішілік және аудандық ішкі істер бөлімі есебінде тұрған оқушылар түгелдей түрлі үйірмелерге тартылған.

Жалпы және қосымша білім беру ұйымдарында, оның ішінде Балалар өнер мектебінде – 359, Оқушылар үйінде - 676, аула клубында – 284оқушы қосымша білім алып, тәрбиеленуде. Қосымша білім бойынша жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде сабақтан тыс 56,5% мектеп жасындағы балалар қамтылды, олардың ішінен 49% спортпен және дене шынықтырумен шұғылданады. Сонымен қатар 2014 жылдың ақпан айынан бастап аудан орталығында «№1 Аула клубы» ММ ашылып, жұмыс жасауда. 284 мектеп оқушылары үстел теннисі, тоғызқұмалақ, футбол, баскетбол, шахмат, қазақша күрес сияқты спорттық үйірмелерде тәрбиеленеді.
Материалдық база және ақпараттандыру

Соңғы жылдары білім беру үрдісін ұйымдастыру шарттары айтарлықтай жақсарды. Пәндік кабинеттердің жабдықталуы едәуір артты: мультимедиялық, пәндік кабинеттер, интерактивтік тақталар сатып алынды.

Атап айтқанда, аудан бойынша 15 физика, 9 биология, 9 химия, 9 мультимедиялықкабинеттер бар, 19 мектеп 47 интерактивті тақталармен қамтамасыз етілді.

Мектеп асханаларындағы технологиялық жабдықтар жаңартылуда. 2013-2014 жылдары асханаларға арналған жабдықтарды(тоңазытқыш жабдықтары, электрпештер, т.б.) алуға жергілікті бюджеттен 1293,5 мың теңге бөлінді.

Жыл сайын оқушыларды қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар оқулық алуға жұмсалады. 2014 жылы бұл сома 3992 мың теңгені құрады. Мектеп жиһаздарын жаңарту үшін 2,762,2 мың теңге бөлінді. Спорттық құрал-жабдықтар сатып алу үшін облыстық бюджеттен 2162,2 мың теңге қарастырылды.
Оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы

Аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беру талапқа сай ұйымдастырылған, оларда 9 типтік және 10 бейімделген асхана жұмыс жасайды.

Бастауыш кластардағы оқушыларды100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедек балалар үшін ақысыз тамақтану ұйымдастырылған.

Жергілікті бюджеттен «Жалпыға міндетті оқыту» қорынан аз қамтылған отбасы балаларына 2014 жылы 15 млн 341 мың теңге қаралып, одан 10 млн 253,2 мың теңге игерілді, оның ішінде 4 млн 763 мың теңгеге 264 жағдайы төмен отбасы балалары тегін тамақтанса, 4 млн 104 мың теңгеге 200 оқушыға тегін киім-кешектер сатып алып берілді. 1386 мың теңгеге С.Бәйішев атындағы университет жанындағы жазғы демалыс лагерінде тегін демалуға67 оқушы жіберілді.


Бала құқықтарын қорғау

Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны-106, оның ішінде мектепке дейінгі жастағы-39, педагогикалық-психологиялық түзету кабинетіне 36 бала қатысады, логопедтік пунктке 47 бала қатысады. 5 оқушы үйде оқумен қамтамасыз етілді, оның ішінде 4 оқушыға 2013 жылы жалпы сомасы 2,450 мың теңге көлемінде компьютерлендірілген бағдарламалық- техникалық құрал-жабдықтар сатып алынды.

Бүгінгі күні Қарғалы ауданы бойынша жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны -53, оның ішінде 22 жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар -31. Қамқорлық және қамқоршылықтағы балалар саны -37, патронат тәрбиесінде 16 бала бар.
Күрделі және ағымды жөндеу

Білім беру саласына қаржы бөлу қарқыны жыл санап артып келеді.

Мәселен, қыркүйек айынан бастапПетропавловка ауылындағы «Бәйтерек» балабақшасына жалпы құны 38588,4 мың теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 1984 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген В.И.Пацаев атындағы орта мектебінің жылыту жүйесі жаңартылды. Бүгінгі таңда В.И.Пацаев атындағы орта мектебінің (140 635 мың тг), Петропавл орта мектебінің (108 047 мың тг), Қос-Истек орта мектебінің (94 199 мың тг), Ащылысай орта мектеп-балабақшасының (103 626 мың тг) жобалық-сметалық құжаттары және мемлекеттік сараптама қорытындылары толық дайын. Сонымен қатар, Бадамша ауылындағы "Айгөлек" балабақшасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге және мемлекеттік сараптамаданөткізуге 555 мың теңге, "Балапан" балабақшасына 693 мың теңге, Шәмші Қалдаяқов ауылында орналасқан "Бөбек" балабақшасына 76 мың теңге, Кос-Истек ауылындағы "Балауса" балабақшасына 1848 мың теңге бөлініп отыр. Облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың жалпы құны 3172 мың теңгені құрайды.
2015 жылға алынған міндеттіер:

-Бадамша ауылында ҰБТ өткізу пунктін ашу;

-Ш.Қалдаяқов ауылындағы Пацаев атындағы орта мектебінің және Петропавловка ауылындағы Петропавловка орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу;

-білім беру қызметінің сапасын арттыру;

-жалпы білім беру жүйесінде оқитындардың (ҰБТ, ОЖСБ) білім сапасын тәуелсіз бағалау нәтижесін жетілдіру;

-білім беру қызметкерлерінің кәсіптік даярлығы деңгейін арттыру;

-білім беру технологияларын, Интернет желісінің қорын кең пайдалану.

-тәрбиелеу жүйесін дамыту, оқушыларды құқықтық тәрбиелеу жөнінен жаңа жұмыс формаларын табу және енгізу.


Денсаулық сақтау саласы
Ауданбойынша аудан тұрғындарына медициналық көмекті 78 керуеттік аурухана, емхана, 6 дәрігерлік амбулатория мен 12 медициналық пункттері көрсетуде.

2014 жылдың 12 айында емхана мен амбулаторияның дәрігерлермен - 122631 қабылдау жасалып, 16897 үйге шақыртулар болды.

Стационар ауыстыратын технология дамуда. Стационарда 2011 жылы 100 керует болса, 2014 жылы 78-ге төмендеді. Емхана мен дәрігерлік амбулаториядың барлығында күндізгі стационардың керуеттері 20–дан 30-ға көбейтілді. 2014 жылдың 12 айында тәуліктік стационарда – 1767 науқас емделсе, күндізгі стационарда -1780 науқас емделді, оның ішінде – 201 балалар.

Ауданда 42 дәрігер қызмет етеді, оның 8-і дәрігерлік амбулатория дәрігерлері.



Әлеуметтік маңызы бар ауру түрлерінің алдын алу
ҚР 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында ауданда тұрғындарын профилактикалық мақсатта скринингтік қарау жүргізілді.

Туберкулездің алдын-алуға үлкен назар аударылуда. Аудан тұрғындарын жылжымалы «Флюкар» автокөлігінде флюрографиялық тексеру жыл сайын өткізіледі.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын «Жылжымалы емхана» медициналық кешені ауданымыздың ауылдарын аралап, тексеруден өткізіп, кеңес беріп, сауықтырылып отырады.
Аурухананың материалдық-техникалық базасы
Соңғы жылдары аурухана заманауи құрылғыламен қамтылуда. Сандық рентген диагностикалық кешен, сандық флюороаппарат, қан сақтайтын

салқындатқыштар, пациент мониторы, фетальды монитор, лапороскоп, ИВЛ аппараттары, электрокардиографтар т.б. құрылғылармен қамтылды. Лапароскопиялық ота түрлерінің барлығы біздің ауруханада жасалады.

2014 жылы аудандық ауруханасына 7535,0 мың теңге тұратын «Drager» наркоздық аппараты лизингке алынды, сонымен қатар облыстан ауруханаға 12999,0 мың теңге тұратын «Реанимобиль»жедел жәрдем санитарлы автокөлігі берілді.

Бүгінгі күнде аурухана, барлық дәрігерлік амбулаториялар мен 4 медициналық пункт санитар автокөлікпен, телефон байланыспен, факс, интернетке шығатын компьютермен қамтылған.

Ауруханада жедел жәрдем бөлімшесі қызмет етеді, олар тұрғындарға жедел медициналық жәрдем көрсетеді. 4 фельдшер бригадасы, 4 автокөлік бар. Барлық қажетті медициналық құрылғылар мен дәрілік заттармен қамтылған.
Дәрі-дәрмекпен қамтылу
Қарғалы орталық аудандық ауруханасы толық көлемде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуде.

Барлық дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пунктілерде дәрілік заттарды жүзеге асыру құқы бар қызметкерлермен дәрілік заттардың тегін таратылады.

2014 жылдың 12 айында науқастар тегін дәрі-дәрмектермен амбулаторлы жағдайда – 36217,3 мың теңгеге камтамасыз етілген.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестіліген тұлғалар, мүгедектер тегін медициналық көмек алады. Дәрілік заттар «Ардагер» дәріханасы мен емханасы жүйесімен тегін бөлінеді.


2015 жылға алынған міндеттер:

- Ана мен баланың денсаулығын сақтау, бала өлімі мен әлеуметтік ауруларды төмендету және жүрек қан-тамыр аурулары салдарынан болатын өлімді төмендету;

-аудан тұрғындарын жылжымалы флюорографиялық тексеруден және жылжымалы стомотологиялық көмекті ұйымдастыру.;

-профилактикалық тексеруді жүргізу; ұлттық скрининг бағдарламасын орындау;

-амбулаторлық жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларды, ересектер тұрғындардың ішінде дәрігердің диспансерлік бақылауында тұратын науқастарды және әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жалғастыру.

 

Спорт пен мәдениет саласы


Тұрғындардың науқастануларына жол бермеудің бір түрі салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Әрине, өз денсаулықтарына зор жауапкершілік әр адамның өз қолында. Бастысы адамның салауатты өмір салтын жүргізуге деген талпынысының болуы.

     Осыған байланысты ауданымызда тұрғындардың жаппай спортпен шұғылдануына спорт инфрақұрылымдарының қолжетімділігінің кеңеюіне үлкен көңіл бөлінеді.

Ауданда68спорттық құрылғылар бар, оның ішінде: 16 спорттық зал, 1 стадион, 1 хоккей алаңы, 27 спорттық алаңдар, 20 спорттық дала алаңдар, 3 бейімделген спорттық зал. Аталған спорттық құрылғылар жыл сайын ағымдағы жөндеулерден өткізіліп, аудан халқы бос уақыттарында спортпен жүйелі түрде шұғылданып отырады.

Аудан бойынша дене шынықтыру ұжымдарының саны – «75». Соның ішінде мектеп – «19», бір Агротехникалык колледж, Бадамша селосындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мекемелер мен ұжымдар 54. Ауданда спортпен жүйелі айналысатындар саны – «3702» адам. Бұл – 21,7 % пайызды құрайды. Аудан бойынша 51 дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, 36 спорт нұсқаушысы жұмыс жасайды. Жалпы 19 орта білім беру мектептерінде оқитын оқушылар саны 2335, соның ішінде 2277 бала спортпен жүйелі шұғылданады. Бұл – 97,5 % пайызды құрайды. Бадамша балалар- жасөспірімдер спорт мектебінде «7» спорт түрінен 422 оқушы 36 топта дайындалады. Спорт мектебінде 26 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Олар оқушыларды дзюдо, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, волейбол, футбол бокс және көп сайысты президенттік ойындар сияқты 7 спорт түрлеріне дайындайды.

Осы жылы аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне 500 мың теңгеге спорттық құрал жабдықтары сатып алынды.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі 18 кітапхананы қамтиды, оның ішінде 16-сы ауылдық кітапхана. Жалпы кітап қоры 226 095 дана кітапты құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 50 536 дана. Кітап қоры жыл сайын артып келеді.

Ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

Есепті кезеңде аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерімен690 іс-шара өткізіліп, оған 20 700 адам қатысты.

Қоғамның рухани дамуында негізгі рольді Елбасы зиялы қауымға береді. Ол қалыптасқан мемлекет кезеңінде жалпы ұлттық құндылықтарды нығайтудағы басты күш болып саналады.

 Ұлтты нығайтудың басты факторы жауапкершілікті тіл саясаты. Қазақ тілі-біздің рухани діңгегіміз. Мақсатымыз-барлық салада белсенді қолдана отырып, оны дамыту.

Қазіргі уақытта балаларымыздың қазақ тілімен бірге орыс және ағылшын тілдерін білулеріне жағдай жасау үшін нақты шаралар алып жатырмыз.

Орыс және басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді оқуға құрметпен және түсінушілікпен қарайтындары қуантады.

Бұл жұмысты жалғастыруымыз керек. Жыл ішінде ауқымды және кешенді жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу сапасын арттыруға үлкен көңіл бөлінуде.

Құрметті жерлестер!
Сөзімнің соңында айтарым, сіз бен біз болып атқарған жұмысымыздың нәтижесінде көптеген көрсеткіштер бойынша өсу мен дамудың оң беталысын көріп отырмыз.

Әрине, кідіріссіз шешуді және тыңғылықты қарауды талап ететін әлі бірқатар мәселелер бар.

Елбасымызөзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»Жолдауында алға жаңа міндеттер қойды.

Жолдауда айтылған стратегиялық бағыттар мен өңірлердің даму перспективалары оған ерекше маңыздылық береді.



Сондықтан, бұл ауқымды міндеттердің табысты орындалуыәркімнің адал да тыңғылықты жұмыс істеуіне байланысты.

Қазір бізге барлық күш-жігерімізді жұмылдырып, еліміз бен болашақ ұрпақтың гүлденуі үшін бірігуіміз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет