Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және
автомобиль жолдары саласы
Қарғалы ауданының аудандық маңызы бар ұзындығы 43 км Бадамша-Степное автомобиль жолын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 46 млн. теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орташа жөндеу жұмыстарын 2016 жылы толық аяқтауға облыстық бюджеттен 135,0 млн.теңге қаржы сұранысы жасалынды.
Өткен жылы Бадамша ауылындағы көше жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 3,7 млн.теңге бөлініп, 1,6 млн.теңгеге 5 көшеге қиыршық тастар төселді. 5 көше жолдарын жөндеу жұмыстарын толық аяқтау және Бадамша ауылының басқа да көше жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары 2016 жылы жалғасын табады.
2016 жылы жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қарғалы ауданының елді мекендерінің ауыл ішілік жолдарына 174 жол белгілері орнатылады.
Қарғалы ауданының аудандық маңызы бар автокөлік жолдары 259 км құрайды. Автокөлік жолдарының барлық бағыттарында қысқы мезгілде қалыпты ұстау жұмыстары жүргізілуде. Қалыпты ұстау жұмыстарына 2016 жылға аудандық бюджеттен 20 млн.теңге бөлінді.
«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бадамша ауылының жылу жүйелерін қайта жаңартуға Ұлттық қордан 171 млн. теңге бөлінді. Жылу жүйелерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу 5 ай мерзімге белгіленген. Келісім-шартқа сәйкес қайта жаңарту жұмыстары 2016 жылдың тамыз айында аяқталады.
Бадамша ауылындағы қолданыстағы жылу жүйесінің айналымын тұйықтап қосу құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Аудандық бюджеттен жыл ішінде 44,3 млн. теңге бөлініп Қарғалы ауданының орталықтандырылған жылу, су, кәріз жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауын қамту мақсатында «Бадамша-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қондырғылар сатып алынды.
Жобалық құны 223,9 млн. теңге Жосалы елді мекенінің сумен қамту жүйесін қайта жарақтандыру жұмысын 2017 жылы жүзеге асыру жоспарланса, жоба құны 249,8 млн. теңге Ақкөл елді мекенінің сумен қамту жүйесін қайта жарақтандыру жұмысы 2018 жылы жүзеге асырылады.
2015 жылы Қосестек, Ақжайық елді мекендерінің жерасты суын зерделеу жұмыстары аяқталды.
Бозтөбе, Кемпірсай және Сарыбұлақ елді мекендерінің жерасты суын зерделеу жұмыстары жүргізілуде, 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталады.
Қарғалы ауданының Қосестек ауылына жеткізуші газ құбыры құрылысы жүргізілді. Ақтөбе облысы әкімдігі және «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы арасында жасалған меморандумға сәйкес 2016 жылы Қосестек ауыл ішілік газ құбыры құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі.
Осы аталған меморандумға сәйкес құны 256 млн. теңгеге Қарғалы ауданының Кемпірсай және Жосалы елді мекендеріне жеткізуші газ құбыры құрылысы 2017 жылы жүргізіледі.
2016 жылы Кемпірсай бекетін жеткізуші және ауыл ішілік газ отынымен қамтуға облыстық бюджеттен 21 млн. теңге бөлу жоспарланды.
Әкімшілік және әлеуметтік нысандарды жылумен қамту мақсатында 2015-2016 жылдарғы жылыту маусымына 2872,6 тонна дизель отыны, 196 тонна қатты отын тасылды.
Елді мекендерді электр қуатымен тұрақты қамту мақсатында Бадамша ауылында орналасқан тозығы жеткен 5 трансформатор қондырғысын және Жосалы ауылында орналасқан 6 трансформатор қондырғысын жаңа электр қуатын тарату трансформатор қондырғыларымен ауыстыруға және толықтай жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 14,7 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айларында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |