Арғытүркілердің мәдени мұрасы



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі17,69 Kb.
#82136
  1   2
Байланысты:
мәдениеттану


Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Әлемдік тарихта әйгілі із қалдырған Ғұн тайпалық одағы бастапқыда (б.д.д. ІІІ ғ.) Монғолстанның орталық және солтүстік аудандарынан Солтүстік Қытай, Оңтүстік Бурятияға дейінгі аралықты мекендеді. Ел мен елдің арасында мәдени байланысқа ұйтқы болған Ғұн (Қытайша Сюнну) тайпасы халықтардың ұлы қоныс аударуының бастаушысы еді. Кезінде Қытайға қрғидай тиіп Ұлы Қытай қорғанын салуға себепкер болды. Осынау жаужүрек көшпелі тайпаның этникалық тегі жайлы мәселе ғылымда шешімін таппаған. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді. Ғұндардың құрамына көптеген тайпалардың кіргенін ескерген кейбір ғалымдар «Ғұн» терминіне этникалық тұрғыдан емес саяси мағынада қараған жөн деген ой айтады.
Ғұн империясының өрлеуі Мөде шаньюдің есімімен байланысты. Оның тұсында Ғұндар көптеген көршілес тайпаларды өзіне қаратты. Қытай үшін әрдайым тосыннан туатын қауіп болған ғұндармен арадағы қатынас туысқандық неке арқылы шешіліп отырған. Хан империясы ғұндарға салық төлеп, ханшасын Мөдеге әйелдікке берген.
Дегенмен Ғұн империясының құрылымы өте әлсіз еді.Ішкі қайшылықтар, билік үшін күрес және сыртқы жорықтардағы сәтсіздіктер б.д.д. І ғ. ғұндардың құлдырауына алып келді. Б.д.д. 59 ж. Ғұндардың ішінде өзара соғыс басталды. Нәтижесінде 47 ж. державо Оңтүстік және Солтүстік Ғұндар болып екіге бөлінді.
Чжичжи бастаған Солтүстік Ғұндар батысқа қарай ойысып, Қаңлылармен қатар қонды. Белгілі бір уақыт аралығында олар достық қатынаста болды. Бұл ғұндардың Қазақстан жеріне алғаш енуі еді.
Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.д. І ғ. басталды. 93 ж. Хан әскерімен болған қақтығыстан кейін Ғұндардың бір бөлігі жолындағы тайпалардың бірін бағындырып, екіншісімен одақтасып, үшіншілерін ығстыра отырып батысқа қарай жылжыды. Балқаштың Оңтүстік Шығыс бөлігін мекендеген Юебань тайпасының пайда болуы ғұндардың осы қоныс аударуымен байланысты. Жергілікті тайпалармен ассимиляцияға түсе отырып жылжыған Ғұн көші Солтүстік Қазақстан арқылы ІҮ ғ. Орал өңіріне жетті. Сол жерде құрамына көптеген жергілікті тайпаларды сіңірген үлкен одақ Ғұн деген атпен Еуропаға дейін барды.
Халықтардың ұлы қоныс аударуы сол кездегі Қазақстан мен Орта Азияның тіпті Еуропаның саяси картасының өзгеруіне әкелді. Ғұндар Қазақстан тайпаларының нәсілдік жағынан ассимиляцияға түсіп, түрік тілінің қазақ жеріне таралуына себепші болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет