Театр өнері Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеум. міндеттерін орындай алады. Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұның өзі сахна мен көрермендердің рухани ой-сезім күйлерінің бір-бірімен өзара ұштасуын, оған қоса спектакльді жасаушылар мен көпшілік қауымның арасындағы жалпы мақсаттың ортақ болып, бір арнадан шығуын талап етеді.
Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде театрдың қоғамдық-тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық әсер күші де осыған саяды. театрдағы басты тұлға, пьесадағы берілген жағдайға байланысты әрекет етіп, сахналық қаһарманның характерін жасайтын – актер. Ол сахнада шығармалық процесс кезінде пьеса материалын өзінің болмыс шындық туралы ой-түсінігімен, өмірде көріп-байқағандарымен, эстетикалық сезім-түйсігімен үнемі байытып, толықтырып отырады. Бұл тұста актердің бойынан орындаушылық өнерге қоса ойшыл суреткерлік қасиет те айқын аңғарылады. Актер образы пьеса және спектакльді қоюшы-режиссердің (қара Режиссерлік өнер) түсінік-шешімі мен түсіндірмесі негізінде өмірге келеді. Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал мұның өзі спектакль бойынша жүзеге асады.
Театр – ұжымдық өнер, өйткені қазіргі театр спектакльі драматург, актерлер, қоюшы-режиссер, сценограф (декоратор-суретші; қара Театр декорация өнері), композитор (қара Театр музыкасы) мен хореографиялық өнерінің және киім-кешек жасаушылар, гримшілер, жарық берушілер секілді, театрдағы т.б. көптеген қызметкерлер еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады. Театр өнерінің синтездік табиғаты оның тарихи даму сатысымен тығыз байланысты. Әсіресе, театрдың өзіне тән мұндай ерекшелігі драмалық әрекет, музыка, ән мен бидің бір-бірінен бөлінбей тұрған кезіндегі кең таралған халық ойын-сауықтарынан айқын көрініс тапты. Кейінгі дәуірлерде өнер түрлерінің жіктеліп шығуымен және олардың одан әрі ілгері дамуымен байланысты театр өнері өзінің синтездік қасиетінен айрылды. Сөйтіп, театр негізінде драма, опера және балет секілді 3 түрі қалыптасты. Енші алып, отау тігіп, өз алдына жекеленіп шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы уақиға-әрекет музыкалық драматургияның тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды.
Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмір құбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді.
Абайдың ақындық қабілетіне қоса, ез өлеңдеріне ән шығарған композитор ретінде танылуы шығармаларының ел арасына тарауына жол ашты. Абайға арналған әдеби-музыкалық кештер, оның шығармаларының сахнада орындалуы ақынның көзі тірісінде-ақ басталып, қайтыс болғаннан кейінгі жылдары кең құлаш жайды. 20 ғасырдың басында қазақ топырағында ұйымдастырылған түрлі этнография әдеби-музика кештерде, ас пен тойларда Абайдың өлеңдері мен қарасөздері айтылып, сауыққойлардың репертуарларынан тұрақты орын алды. 1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай, әдеби-этнография, музика-драмма кеш өткізілді. Ойын-сауық кешінде Абайдың өмірбаяны, жеке шығармалары мен ағартушылық қызметі жөнінде Н. Құлжанова баяндама жасады. Сауықтың 2-бөлімінде Абай әндері мен өлеңдерінен үлкен концерт беріліп, қазақтың ұлт ойындары көрсетілді. «... Абайдың өлеңі айтылады...» деген хабарды естіп, қаладағы, қырдағы қазақтың көбіне билет жетпей қалды», - деп жазды сол кездегі газет-журналдар («Айқап», 1914, №4,67-6.). Кеште Абай шығармаларының халық арасына тарауына мол еңбек сіңірген Әлмағанбет, Мұқа сияқты әнші-өнерпаздар Абайдың бірнеше ән-өлеңдерін айтқан. Кешті ұйымдастыруға араласқан Абайдың балалары Кәкітай мен Турағул әкесінің бірнеше шығармаларын орындады. Сол кездегі газет-журналдарға басылған хабарлар мен мақалаларға, сақталған азды-көпті бағдарламаларға қарағаңда өздерінің концерттік репертуарына Абай шығармаларын енгізбеген ойын-сауық үйірмелері болмаған. Тікелей сахналық шығармаларда Абай тақырыбы мен Абай бейнесінің жасалуы 1940 жылы 30- қазанда Қазақ драма театрында қойылған М. Әуезов пен/7. С. Соболевтің «Абай»трагедиясынан басталады. Спектакльде өткен ғасырдың соңындағы қазақ халқының әлеуметтік-қоғамдық тіршілігі мен Абайдың адамгершілік, ақындық Һәм өз халқының бостандығы жолындағы күресі бейнеленген. Феодал-рулық шиеленіскен талас-тартысқа құрылған шығармада қазақ халқының өткен ғасырдағы өмірі эпикалық үлгіде көрінеді. Қойылым тарихи-көркемдік шындық дәлдігімен, режиссерлік ой-тұжырым айқындығымен, орындаушылық өнерінің тереңдігімен қымбат. Спектакльдің мол табысы - Қ. Қуанышбаев жасаған Абай бейнесі. Психология толғаныс сәттері, сез мағынасын терең ашу, ақындық шабыт пен парасаттылықты жеткізу, ішкі сезім мен кескіндік үйлесімділік актерлік ізденістің басты бағыты болған. Іштей толғану, қимыл-қозғалысты ойға құру, салмақты да сабырлы жүріс-тұрыс, ой ағымдары, бет әлпетіндегі құбылмалы жанды өзгерістер, сөз құдіретін терең ұғу, сырт кәзге іліне бермейтін адам бойындағы ерекшеліктерді жинақтай білу, ішкі иірім сезімдерін жеткізу - бәрі де актер ойынына тән. Ұзақ жылғы үзілістен кейін трагедия - қазақ драма театрының сахнасында 1962 жылы 29 мамырда 2 рет қойылды. Бүл бүгінгі күнге дейін жүріп келе жатқан көркемдік ғұмыры Ұзақ туынды. Қоюшы-реж. Ә. Мәмбетов пен суретші А. Ненашев тұрмыс-салт бейнелеу дәстүрінен бас тартып, шынайы көркемдік шарттылыққа барған. Сахна бұрынғы этнограф, реквизит бұйымдардан босатылып, қойылымның декорациялық көркемдеуі бір шымылдықпен шектеліп, оқиғаның дамуы мен алмасуы сонымен бағдарланып, сахналық алаң актерлердің еркін әрекет жасауына ыңғайлы қарастырылған. Бүл - қазақ режиссурасындағы тың бетбұрыс, жаңа бағыт, өмір талабынан, драматургиялық шығарманы өзінше танудан туған шешім болды. Қойылымға басқаша тыныс-қарқын, көркемдік сипат берілген. Абай өлеңдерін қолдану драма әрекетін күшейтіп, қойылымның поэтик. бейнесін айқындады. Жеке рольдерге берілген тұжырым-түсіндірмелер де бұрынғы таптауырындықтан арылып, уақыт талабына сай тың сахналық ойға негізделді. Абай ролін шығаруда Ы. Ноғайбаев пен М. Сүртібаев өздерінің актерлік орындау даралықтарымен келген. Ы. Ноғайбаевтың ширақ қимыл-қозғалысында, өткір көзқарасында, ашық дауыс-үнінде, тұтас болмысында күрескер ақын бейнесі елес берсе, М. Сүртібаевтың баяу да байсалды қозғалысында, ойлы көзқарасында, сөз астарының мазмұнында ойшыл адамның бейнесі кескінделген. Трагедия барлық облысы қазақ театрларының сахнасына қойылды. Бұлардың барлығы бірдей көркем дүние деңгейіне көтеріле бермегенімен, театрдың шығармашылық жолында елеулі із қалдырды. 1944 ж. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсының Семей муз. драма театры сахнасына ықшамдалған нұсқасы ақынның 100 жылдық мерейтойына байланысты қойылды. Спектакльді сахнаға шығаруға Алматыдан Ә. Хасенов, С Майқанова, Р. Мұсабекова т. б. театр қайраткерлері келді. Режиссерлік жүмысшы Қ. Жандарбеков жүргізіп, әрі Жиренше ролін ойнады. Музика спектакльге опера және балет театрындағы әдеби нұсқасы да (либретто), әрі драмалық нұсқасы да пайдаланылған. Драмалық туындыға операның кейбір музыкалары пайдаланылып, негізінен либретто текстері диалог түріне айналған. Режиссер қарама-қарсы екі топтың арасындағы тартысты шиеленістіре келіп, Абай жақтаған әділетті, халық ынтымағын, адамгершілік идеяны айқын көрсетеді. Ойшыл ақынның кемеліне келіп қалыптасқан, өмірінің соңғы кезеңі суреттелді. Абай ролін Ә. Хасенов пен Р. Жәкенов кезектесіп ойнап, оның ақындық, ойшылдыққа ниеттерін терең ашқан.
Осы театрда трагедия 1962 жылы Ә. Малыбаевтың режиссурасымен қайта қойылды. Актер С. Қыдыралин Абай бейнесін жан-жақты ашуға ұмтылып, оның ойшылдық күрескерлік қабілетін ашқан. 1979 ж. реж. Е. Обаев қойған «Абай» спектаклі театрдың айтулы табысы болды. Абай роліне жас актер Б. Имаханов бүгінгі күннің талабынан келіп, кейіпкердің психол. толғаныс сәттеріне көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ, Қызылорда (1961), Жамбыл (1970) облысы театрларында режиссер А. Тоқпанов қойған «Абай»м спектакльдері тарихи-этнограф. дәлдігімен, көркемдік шындығымен, жеке рольдердің өзіндік сахналық шешімдерімен қымбат. Абай ролін ойнаған актерлер - С. Рақышев, Ш. Сәкиев көп ізденген. Әсіресе, жамбылдық Сәкиев Абай әлемін тереңірек бойлап меңгерген. Ол рольді меңгеруде өзіндік шеберлік танытып, Абайдың философ-ойшылдығын, ақындығы мен шешендігін жан-жақты аша білді. Шымкент облысы театрының сахнасына В. Дьяков қойған «Абай» спектаклі кәсіптік деңгейге көтерілген. Абай рөлі жас актер С. Досмағамбетовтық үлкен шығармашылық табысы болды. «Абай» романының негізінде Қазақ драма театрының сахнасына қойылған спектакль ақын бейнесін жасаудағы күрделі табыс еді. «Абай» қойылымы көрермендерге алғаш рет 1949 жылы 28 желтоқсанда ұсынылды. Кезінде МХАТ қолданған «автор атынан» роман оқиғасын байланыстыратын тәсілді Ш. Айманов пен X. Бөкеева атқарған. Бүл бір жағынан романның тарихи жүйесіне нұқсан келтірмей, көркемдік ерекшелігін сақтай отырып, сахна заңдылығына бағындыруға септігі тиген. Екінші жағынан, сахналық жүйеге ең маңызды әлеуметтік құбылыстарды, Абайдың шығармашылық, ағартушылық һәм қоғам өміріндегі тірлігімен байланыстыруды көздеген. Бүл әдіс спектакльге көркемдік тұтастық беріп, көрермендердің қабылдауына ыңғайлы болып шыққан. Мұнда феодал дәуірдің шындығы терең ашылып, Абайдың шәкірттік шағынан есею, күрескер дәрежесіне көтерілу жолы нанымды бейнеленген. Екі ғасырдың түйіскен тұсындағы қазақ жұртының өмірі - өзінің бар болмысымен сахнада көркемдік суреттеу тапты. Абайдың өскен ортасы, оның орыс халқының алдыңғы қатарлы өкілдерімен байланысы нанымды берілген. Абайдың балалық шағын ойнаған Ә. Ысмайылов өз кейіпкерінің көңіл-күй толғаныстарын шынайы суреттеген. Оның өзін қоршаған ортаға деген көзқарасының өзгеруі, есею белгілері, өмір болмысының сырын ұғуға ой жүгіртуі, өзінше ақыл таразысына салуы - бәрі де нанымды шыққан. Актер өз кейіпкерінің қалыптасу кезеңдерін эволюциялық жолмен Абайдың есейген шағын ойнайтын Қ. Бадыровқа роль тізгінін ұстатуы қойылымда үйлесімді шыққан. Ол ақынның психол. толғаныстарымен бірге, портреттік келбетіне де көңіл аударған. Ойланып, салмақпен сөйлейтін Абайдың іштей арпалысқан байыпты жүріс-тұрысы, ашық дауысы, бет әлпетіндегі өзгерістер - бәрі де М. Әуезов берген сипаттамалармен жүйелі сабақтас. Бадыров жасаған бейне көркемдік құлашының кеңдігімен, Абай мінез-құлқының ерекшеліктерінің толық ашылуымен қымбат. Спектакльде биік көркемдік деңгейде бейнелеу тапқан - Қ. Қуанышбаев жасаған Құнанбай тұлғасы. Өз заманының алғыры, ақылдыда айлалы Құнанбай актердің суреттеуінде мінезді, өткір, қатал да қайсар, ешкімді бетіне келтірмейтін, ұстаған бағытынан бұлжымайтын, феод. қоғамның негізін өле-өлгенше қорғап бағатын табанды жан. Романның осы сахналық жүйесі бойынша облыстық театрларда қойылған спектакльдер де сәтті шықты. 1951 ж. Қарағанды театрының сахнасына реж.Б. А. Лурье қойған «Абай» спектаклі аса жоғары бағаланды. Ақынның ролін М. Сүртібаев ойнап, ол Абайдың жастық шағынан есею кезеңіне дейінгі қалыптасу сәттерін үйлесімді қарастырып, ақынның толыққанды бейнесін жасады. Шымкент облысы театрында реж. актер Ғ. Хайруллинаның роман негізінде 1950 ж. қойған спектаклі театрдың табысы болды. Хайруллинаның өзі «автор атынан» роман тексін шебер оқуы көп көріністі оқиғаның басын біріктіріп, сахналық тұтастыққа жеткізді. Сондай-ақ, Абай өлеңдерін ұтымды пайдалану - сахналық әрекетті дамытуға септігін тигізді. Абайдың жас шағын бейнелеген М. Өтебаев, есейген кезін сомдаған С. Ерғалиев ақынның халқына деген сүйіспеншілігімен бірге, оның кескіндік ұқсастығын да дәл беруге ұмтылған. Сол тұста театрмен гастрольге келген Қ. Қуанышбаевтың осы спектакльде Құнанбай ролін ойнауы - жалпы қойылымның сипатына ерекше ықпал етті. Атырау облысы театрында реж. А. Тоқпанов қойған «Абай» спектаклі мол дайындық пен ізденістен туындап, сахналық шындыққа тарихи шындықты терең барлау арқылы жеткен. Абайдың өмір сүрген ортасы, дәуір тынысы және Абай бейнесін дұрыс түсінуге реж. еңбегі ерекше ықпал жасаған. Сонан Абайдың жастық шағын ойнаған Теңелбаев, есейген шағын ойнаған Қ.Төлеков көркемдік шоқтығы биік бейнелер жасаған. Телеков Абайдың психол. толғаныстарымен бірге, оныңа қындықпен ойшылдық қасиеттерін ашуға ұмтылған. Абай елінде ұлы ақын жайындағы спектакльдің басқа облысы театрларға қарағанда көбірек қойылуы заңды құбыл. Жоғарыдағы сөз болған 3 спектакльден басқа Семей театрында «Абай» спектаклі де театр тарихынан көрнекті орыналды. Талантты актерлер X. Ешмұратов (жас Абай) пен Р. Жәкенов (орта жастағы Абай) шынайы сахналық бейнелер жасады.
Абай әлемі сахна санаткерлерін үнемі қызықтырып, әр театр, әр драматург өзінше ізденісін жасады. Солардың бірі - Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасына «Жас Абай» спектаклінің қойылуы. Абайдың жастық өмірі мен азамат болып қалыптасу, ақын тірлік кешкен ортаның әлеум. тынысын суреттеуді мақсат тұтқан бұл спектакльде (реж. әрі әдеби нұсқасын жасаған Ш. Айманов) Абай ролін актер А. Кенжеков ойнады. Спектакль ақынның балалық Һәм жастық шағын драмалық шығармада көркем бейнелеудегі жасалған алғашқы барлау еді. Ал, 1990 ж. осы театрда ақынның өлеңдері бойынша жасалған сахналық жүйе негізінде қойылған «Қалың елім, қазағым» поэтик. драмасы Абай поэзиясынан сахналық шығарма жасаудың алғашқы тәжірибесі (Әдеби нұсқасы мен қойылымын жасаған реж. Р. Сейтметов) болды. «Абай-Әйгерім» спектаклі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай» романындағы Абай мен Әйгерім арасындағы махаббат, адамгершілік қарым-қатынасына құрылған. Қойылым 1980 ж. сәуірдің 29-жұлдызында қазақ драма театрында көрсетілді (Романның сахналық жүйесін түсірген. Римова, қойылымын жасаған - Ж. Омаров, суретші - Ф. Мұқанов, музыкасын жазған комп. С. Мұхамеджанов). Сахналық жүйеге Абай мен Әйгерім арасындағы сүйіспеншілік оқиғасы драмалық желі болып тартылып, сол арқылы күрделі де қатыгез заманның тіршілік тынысын танытуға күш салған. Ә. Боранбаев пен Ә. Кенжеев сомдаған Абайдың қызуқанды, бірде ширақ, бірде байсалды, салиқалы тұлғасы - спектакльдің табысы.
И. Оразбаевтың Абай өмірінің соңғы кезеңін бейнелейтін «Мен ішпеген у бар ма!..» пьесасын реж. А. Әшімов 1987 ж. және 1994 ж. жаңартып, қазақ драма театры сахнасында қойды. Реж. драманың көркемдік ерекшелігіне қарай сахналық бейнелерді ұтымды пайдаланып, өткен дәуірдің әлеум. тірлігіне бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша келіп, қойылымға поэтик. астар берген. Ойнаған актерлер ақын бойындағы әр кезеңдегі өзгерістер мен психол. толғаныстарды ашуға көп көңіл бөліп, алға қойған мақсат-мүддесінің дұрыстығына сенетіндігін нанымды көрсете білген.