құрылғылардың жұмысына қызмет жасайтын жүйелік программалар;
MS-DOS файлдық жүйесі— ұзақ мерзімді жадының логикалық элементтерін ұйымдастыру тәсілі (файлдар, каталогтар және логикалық дискілер). MS-DOS жүйесінде файлдың атауы -екі бөліктен құралады: аты 8 таңбадан аспайтын латын алфавитінің символдары, әрі қарай нүктеден кейін, 3 таңбалық кеңейтімі. Мысалы: sys.com, io.sys, norton.exe. MS-DOS командалары ішкі және сыртқы деп бөлінеді MS-DOS сыртқы командалары дискіде орындаушы файл есебінде, жеке файлдарда сақталып, қажеттілігіне қарай шақырылады.
Ішкі командалар командалық процессормен (command.com) орындалады, сондықтан бұл командалардың өңделуі тездеу орындалады (сыртқыға командаларға қарағанда)
MS-DOS командалары
MS-DOS командалары атқаратын нышандары (орысша признаки) бойынша мына топтарға бөлінеді:
ақпаратты- бекітілген командалар;
логикалық дискілермен жұмыс жасау командалары;;
каталогтармен жұмыс жасау командалары;
файлдармен жұмыс жасау командалары.
Ақпаратты- бекітілген командалар: VER — MS-DOS жүйесінің нұсқасын экранға шығару командасы (ішкі)
DATE — экранға ағымдық датаны шығару командасы (ішкі);
TIME — экранға ағымдық уақытты шығару командасы (ішкі);
CLS — экран тазалау командасы (сыртқы).
Логикалық дискілермен жұмыс жасау командалары: Екпінді дискіні ауыстыру командасы (ішкі);
Ауыстыру тәртібі: C:\> жүйелік шақыру жолында диск енгізгіштің атын білдіретін әріпті қос нүктемен теру;
ENTER пернесін басу. Мысалы: C:\>A:
FORMAT — дискілерді форматтау командасы (сыртқы);
DISKCOPY — дискетті көшіру командасы (сыртқы).
Каталогтармен жұмыс жасау командалары(ішкі): DIR [диск:] [жол\] [файл аты] — белсенді каталогтан файлдардың тізбесін қарау командасы (ішкі);
Мысалы: DIR D: student\*.txt - экранға мәтіндік файлдардың
аттарының тізімін шығарады;
DIR/W - ақпаратты қысқа түрде бағаналап шығарады;
DIR/O - экранға ақпаратты реттеп шығарады;
MD [диск:] [жол\] [каталог аты] - айтылмыш атпен каталог құру командасы (ішкі);
Мысалы: C:\>MD D: GRUPPA\ - D дискіде GRUPPA деген каталог құрылды;
CD [диск:] [жол\] [каталог аты] - басқа каталогқа көшу командасы;
Мысалы: C:\> CD D: GRUPPA\
C:\ GRUPPA> - түбір C диск каталогынан GRUPPA каталогына көштік.
RD каталог аты - каталогты өшіру командасы; (Ескерту: MS- DOS - та тек бос каталогты өшіруге болады). Файлдармен жұмыс жасау командалары (ішкі); COPY [диск:] [жол\] көшірілетін файл аты [диск:] [жол\] көшірме файл аты — мәтіндік файлды көшіру командасы;
TYPE [диск:] [жол\] [файл аты] — экранға файл мазмұнын шығару командасы;
REN [диск:] [жол\] 1-аты 2-аты — файлдың 1-ші атын 2-ші атқа өзгерту командасы;
DEL файл аты — файлдарды өшіру командасы.
Қабықша программалар. Norton Commander (NC)
Жүйелік программалар жиынына қабықша программалар жатады. MS-DOS операциалық жүйесі үшін ең белгілі қабықша программалар Norton Commander, XTree Pro Gold және т.б.
Norton Commander (авторы Питер Нортон1) - қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған операциялық қабықша программасы.
Қазіргі кезде Norton жүйесі екінші қатарға «шегерілгенімен», әлі де болса белгілі, ескірген аз қуатты компьтерлерде қолданыста.
Windows операциялық жүйесі үшін Нортон-жүйесінің өз нұсқасы2 жасалды.
Norton Commander - орындалушы NC.EXE файлымен іске қосылады. Экранда екі оң және сол тақталары пайда болады.
Тақталар тақырыбында ағымды каталог пен диск аты көрсетіледі. Тақталардың төменгі жағында командалық жолда MS- DOS шақыру белгісі (курсор-меңзер) бар, онда командалар енгізуге болады. Төменгі жолда функционалдық пернелердің қызметі көрсетілген.
Тақтаның (толық пішімі) 4 бөлікке бөлінген: Имя, Размер, Дата, Время
«Имя» бағанында терезеде тұрған каталогтардың және файлдардың аттары көрінеді.
«Размер» бағанында директорияның (қапшықтың) қарсысында «КАТАЛОГ», ал файлдың атының қарсысында - оның байттық өлшемі көрінеді.
«Дата» бағанында сәйкес каталогтың құрылған мерзімі (күн-ай- жыл) түрінде, ал «Время» - бағанында құрылған уақыты (сағат: минуты).
Нортон-жүйесінің мәзірі
Экранның төменгі жағында F1-F10 функционалдық пернелердің қызметтік мәзірі мына түрде шығады:
ІПомощь 2 Вызов ЗЧтение 4Правка 5Копия
бИмя 7Новый 8Удал-е 9Мәзір 10Выход
Егер ондай тақта жоқ болса, онда — CTRL+B
F1 — Помошь - экранға NC анықтамасын шығарады.
F2 —Вызов - экранға қолданушының жиі шақыратын командалар мәзірін шығарады.
F3 — Чтение - экранға файл мазмұнын шығарады, бірақ бұл
режімде түзетуге мүмкіндік жоқ.
F4 — Правка — экранға файлды NC редакторында мазмұнын түзетуге шығарады. Толығырақ төменде тоқталамыз.
F5 — Копия — файл немесе каталогты көшіреді.
Көшірме жасау тәртібі: тақтаның біреуінде, қажет файлдың көшірмесін орналастыратын каталогқа өтіңіз;
қарсы тақтада көшірмесін алатын файлдың атының үстіне NC-ң меңзерін қойыңыз;
F5 функционалды клавишаны басыңыз;
шыққан диалогты «Копирование» терезеден қандай файл қайда көшіріледі, хабарламасын мұқият оқыңыз;
егер бәрі дұрыс болса Enter клавишасын, әйтпесе Esc-ді басыңыз.
F6 — Имя —ат өзгерту - файл және каталогтың атын өзгертеді немесе баска жерге орнын ауыстырады. Файлдың (каталогтың) атын өзгерту тәртібі: NC-ң меңзерін атын өзгертетін файлдың (каталогтың) атының үстіне қойыңыз;
F6 функционалды клавишаны басыңыз;
шыққан “Rename” диалогты терезедегі хабарламаны өшіріңіз;
файлдың жаңа атын теріп Enter клавишасын басыңыз. Нәтижесін байқаңыз.
Файлдың орнын ауыстыру тәртібі: тақтаның біреуінде орнын ауыстыратын файлдың үстіне меңзерді қойыңыз;
қарсы тақтада файл орналасытын каталогты ашыңыз;
F6 функционалды клавишаны басыңыз;
диалогты терезе “Rename” шықан соң Enter клавишасын басыңыз;
нәтижесін байқаңыз.
F7 — Новый жаңа каталог кұру.
Каталогка кіру — оның атының үстіне меңзер рамкасын қойып Enter басу.
Ағымды деп - қазір жұмыс істеп жатқан каталог немесе диск аталады.
Жоғарғы деңгейдегі негізгі каталогқа өту үшін -меңзер рамкасын тақталардың жоғарғы жағындағы екі нүктеге “..” қойып ENTER басылады.
F8 — Удаление - өшіру - файл немесе каталогты дискіден өшіреді.
F9 -Мәзір — мәзір шығару - NC бес бөліктен тұратын бас мәзір жолы шығады: Left (сол жақ), Files (файлдар), Commands
(командалар) Options (опциялар), Right (оң жақ).
F10 — Выход —шығу - NC жұмысын аяқтайды.
SHIFT+F4 — жаңа файл құру
Мәтіндік файл құру тәртібі: өз есіміңізбен аталған ішкі каталогқа кіріңіз;
Shift +F4 - пернелерін қатар бассаңыз «Редактор» (“Edit”) деген диалогтық терезе пайда болады;
диалогтық терезеде, құрылатын файлдың атын мысалы: Adres.txt деп теріп Enter-ді басыңыз. NC программасының редакторының терезесі ашылады. Терезенің тақырыбында құрылатын файлдың атын және директориясын көресіз: A:\CLASS\Adres.txt. Редактор терезесінің төменгі жағында фунционалдық пернелер қызметтері көрсетілген;
орыс әрпіне ауысып, өзіңіздің тұрған мекен жайыңыздың адресін теріңіз;
F2-функционалды пернесін басып жазылған мәтінді сақтаңыз;
Esc - пернесін басып NC программасының редакторынан, тақтаге шығасыз;
құрылған Adres.txt файлының мазмұнын көру үшін, меңзерді файл атына қойып F3 пернесін басыңыз. Тақтаға Esc - пернесімен шығасыз;