Apple sound chip (ASC) - Macintosh дербес компьютеріне арналған Apple фирмасының дыбыстық микросхемасы. Archie – Интернет желісінің FTP хаттамалары арқылы файлдарды іздеуге арналған қызмет ету (индекстік) жүйесі. Archie серверлері ауықауық FTP серверлерімен байланысып, файлдар туралы мәліметтер жинап отырады.
1.2 такырып Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1.2.1.Дербес компьютердің негізгі құрылғылары. Орталық процессордың негізгі сипаттамалары, құрылымы, элементтері. Регистрлік жады және кэш-жады.
Компьютерлік ресурс - деп, процесссорлық уақытты, жадының барлық түрлерін, енгізу/шыгару цұрылгыларын, программаларды және деректердіайтады. Дербес компьютердің барлық құрылғыларының жиыны аппаратты жасақтама (hardware) деп аталады, олар:
жүйелік блок - ішінде: аналық тақша процесссор, жедел жады (RAM), бейнетақша, дыбыстық тақша (Sound bluster) және сыртқы жады құрылғылары орналасады;
сыртқы жады құрылғылары - қатты магниттік диск (HDD), лазерлік оқу (CD-ROM) және оқу/жазу (CDRW) компакт- дискілері және олардың дискқозғағыштары;
енгізу-шығару құрылғылары - монитор, принтер, тінтуір (Mouse), модем және көптеген басқа сыртқы құрылғылар.
Аналық тақша (ағылш. motherboard, MB) - бұл күрделі көп қабатты (орысша многослойная)баспа (орысша печатная)тақшасы. Оның үстінде дербес компьютердің негізгі құрамдастары:орталық процесссор, жедел жады (RAM) және оның контроллері, жүктеуші тұрақты жады (ROM), КЭШ жады, бейнекарта, дыбыстық карта, енгізу-шызару интерфейс контроллерлері орналастырылады.
2.5-сурет. ATX стандартты аналық тақша (MSI K7T266 Pro2 моделі) Сонымен қатар, аналық тақшада қосымша контроллерлерді қосуға арналған қосқыштар (слоттар) орналасады, оларды қосу үшін, әдетте, USB, PCI и PCI-Express шиналары қолданылады.
Аналық тақшаның негізгі құрамдастары: • орталық процесссор;
түрақты (ROM) және жедел (RAM) жады, кэш-жады;
шиналардың интерфейстік схемалары;
кеңейту ұяшықтары (орысша гнезда);
міндетті жүйелік енгіз-шығару құралдары және басқа.
Процессордың негізгі сипаттамалары
Процессор (CPU - cenral processung unit) - арифметикалық және логикалық амалдарды орындайтын, сонымен қатар, компьютердің барлық құрылғыларына басқарушы сигналдарын қалыптастыратын, ең негізгі құрылғы. Демек, ол программалардың командаларын орындайтын және компьютердің құрылғыларының жұмысын үйлестіретін, басқаратын компьютердің ең басты мүшесі болып табылады.
Микропроцесссордың кәдімгі түрі интегралдық (біріктірілген) схема - тік бұрыіпты, ауданы бар-жоғы бірнеше шаршы миллиметр, жұқа кристалдық кремний пластинкасы, оның үстінде процесссордың барлық қызметін іске асыратын схемалар орналасқан.
Кристалдық пластинка әдетте жалпақ пластмасса немесе керамика қорапқа салынады және оның арнайы алтын сымшалары, жүйелік блокпен қосуға арналған, темір үшкірлермен (орысша штырьки) жалғанады.
Ыргақ(такт) жиілігі - бір секундтасхеманың кірісіне түсетін, синхронды электронды схеманың импульстердің үйлестіруші (орысша синхронизирующий) жиілігі, әғни үйлестіруші такт сандары. Процесссор келесі екі негізгі параметрлермен сипатталады: Процесссордың ырғақ жиілігі - процесссордың әрекет жылдамдығын көрсететін шама, яғни оның бір секунд аралығында орындайтын элементарлық амалдар саны. Бұл көрсеткіш процесссордың ең маңызды қасиеті болып табылады. Ырғақтық жиілік Мегагерцпен (Мгц), Гигагерпен (Ггц) өлшенеді. Дербес компьютердің жылдамдығының өлшем бірлігі 1 Мгц = 1 млн. герц/ сек.). (100Мгц -ол 1 секундта орындалатын амалдар саны, яғни 100 миллион элементарлық амалдар).
Мысалы, Pentium 4 2,8 ГГц таңбалауы (орысша маркировка) Intel фирмасы жасағанын, Pentium төртінші буын қатарына жататындығын және такт генераторынан 2,8 ГГц жиілігімен жұмыс істейтінін білдіреді.
Бірақ Intel компаниясы өзінің процессорлары үшін 2004 жылдың 19 науырзынан жаңа таңбалауды енгізді. Жаңа таңбалауда фирманың атауы (Intel), процесссорлар қатарының атауы (Pentium 4, Celeron D, Pentium Extreme Edition немесе Pentium D), сонымен қатар, ескі таңбалауда қолданған жиілікті, жаңа таңбалауға ауыстыратын үштаңбалы сан - Processor Number қолданылатын болды. Мысалы: Intel Celeron 1100 Socket 370. Процесссордың разрядтылыгы, - бұл, процессордың бір ырғақта тұтастай өңдейтін немесе жіберетін екілік кодтардың максималды ұзындыгы.
Мысалы: 32-разрядтты (бір машиналық сөз) немесе 64- разрядты (екі машиналық сөз) процессор бір ырғақта тұтастай, (машиналық сөздерге сәйкес) 4 немесе 8 байт ақпарат өңдейді.
Бірақ та процесссорлардың өнімділігі өскен сайын, кэш- жадының көлемі, шинаның жиілігі, тағы басқа параметрлер алдыңғы қатарға шығуда.
Микропроцессорлардың жаңа буындарында ырғақ жиілігі өзінің шектік мәніне жақындай бастады, сол себепті, микропроцессордың ішіндегі транзисторлар ауыстырып-қосып үлгермейді. Бұл жағдайда олардың жұмысының бір бөлігін кэш-жады өзіне алады4.
Негізгі ішкі жады
Жады (memory) - деректерді және программаларды өңдеуге, сақтауға арналған ЭЕМ - ның негізгі функционалдық бөлігі. Жады: негізгі ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Негізгі ішкі жадыға екі типті электронды құрылғылар жатады:
тұрақты сақтаушы құрылгы (ROM - Read Only Memory);
жедел жады (RAM - Random Access Memory) және КЭШ жады (cache memory). Олардың нағыз түрлері - микросхемалар.
Тұрақты сақтау құрылғысы (ТСҚ) - (ROM - Read Only Memory). Зауытта жасалу кезінде ТСҚ-ның ішіне жүктеуші BIOS (Basic Input Output System), CMOS Setupпрограммаларыжәнеөзгертуге болмайтынәртүрлітұрақтылар «тігіледі». BIOS (аудармасы - негіздік енгізу-шызары жүйесі) - онда операциялық жүйені, жадыны және ЭЕМ сыртқы құрылғыларды тестілеуді жіберуші өзгертілмейтін программалар жазылады.