Реферат жұмыстардың үлгілік тақырыптары
Операциялық жүйелер, қабықшалар және орталар, платформалар арасындагы өзара байланыс.
IBM типіндегі ДК, оның кұрылымы мен мүмкіндіктері.
Дербес компьютерді офистік әрекеттерді автоматтандыру және электрондық құжат айналысын ұйымдастыруда қолдану.
APPLE фирмасы шығаратын дербес компьютерлер туралы жалпы түсінік.
ДК архитектурасының ашықтылығы - АКТ таралуына себеп болатын басты фактор ретінде.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары.
Регистрлік жады және кэш-жады, арифметикалық-логикалық құрылғы,
Толық командалар жиынтығы бар орталық процессор (CISC).
Ашық жүйелер архитектурасы және қысқартылған командалар жиынтығынан тұратын процесссор (RISC-процессоры Reduced Instruction Set Computing).
Қысқартылған командалар жиынтығынан тұратын процесссордың жұмыс станциялары (СНК).
MISC (Minimal Instruction Set Computer) — ұзын командалардың ең аз жиынтығымен жұмыс істейтін процессор.
Симметриялық көппроцессорлы жүйелер, процессорларды жалпы жадысы бар блокқа ұйымдастыратын жүйелер. Кластерлер
Көпмашиналы жүйелер және кешендер және мүндай жүйелердің сенімді жұмысын үйымдастыру мәселелері.
ЭЕМ локальді желілері көпмашиналы жүйелерінің арнайы типі ретінде.
ЭЕМ локальді желілерінің негізгі типтері және әртүрлі типтегі желілерді біріктіру тәсілдері.
Коммутаторлар желілік құрылғылардың негізгі түрлерінің бірі ретінде.
Маршруттық коммутаторлар туралы түсінік. (маршруттық қабілетті коммутаторлар).
Коммуникациялық хаттамалардың стандартты стектері: OSI, TCP/IP, IPX/SPX, NetBIOS/SMB.
Локальді есептеу желілері технологиялары: Ethernet, Tokin Ring, Arcnet, FDDI.
Үлкен желілердің даму тарихы. Үлкен желілерде ақпаратты коммутациялау және маршруттау тәсілдері: каналдар коммутациясы, пакеттер коммутациясы.
Сигналдарды тасымалдау бағыттары: коммутациялық телефондык байланыс бағыттары, ерекшеленген синхронды байланыс бағыттары.
Желілік деңгей үлкен желілерді құру құралы ретінде: желілік деңгейдегі хаттамалар негізінде желілерді біріктіру принциптері.
Локальді желілердегі серверлер туралы түсінік, қосымшалар серверлері, Интернетке ену серверлері, мәліметтер қорының серверлері, серверлерге қойылатын жалпы талаптар, мәліметтерді архивтеу.
Телемәтін және видеомәтін. Электрондық пошта. Тележиналыстар және телеконференциялар. Мультимедиялық телеконференциялар (International Multimedia Teleconferencing Consortium) бойынша халықаралық консорциум.
NNTP (NetNews Transfer Protocol) хаттамасы бойынша серверлермен мәлімет алмасу.
Usenet жүйесі. MS Outlook Express бағдарламасын баптау.
Сымсыз желілер және әлемдік желіге сымсыз қосылу.
Компьютерлік желілер мен мобильдік байланыс құрылғыларын біріктіру: коммуникаторлар және навигаторлар қалталық және алақандық компьютерлердің ерекше класы ретінде.
Брандмауэр: бағытталуы, негізгі типтері. Брандмауэрлердің негізгі технологиялары. Фильтрлеудің негізгі принциптері. Web-серверлер қауіпсіздігі. Firewall жүйесі.
І НҰСҚА
1. Internet Explorer - бұл:
A. Өзара байланысқан құжаттар жүйесімен қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама;
B. Іске қосу файлы;
C. Электрондық поштаны іске қосу жәшігі;
D. Сілтеуіш оның қөмегімен Internet желісіне кіруге болады;
E. Файлдарды және бумаларды басқару программасы;
2. Желідегі қатысушылардың бірігіп қолданылуына арналған, арнайы компьютер қалай аталады:
A. Сервер;
B. Процессор;
C. Директорий;
D. Администратор;
E. Диск;
3. OSI моделі бойынша компьютерлік желілердің архитектурасын жеті денгейде қарастыру қажет, ал оның ен жоғары денгейі қалай аталады?
A. Қолданбалы;
B. Базалық;
C. Физикалық;
D. Желілік;
E. Жүйелік;
4. Осы бағдарламалар ішінде қайсысы броузер бағдарламасы болатынын көрсетініз:
A. Access;
B. Excel;
C. Word;
D. Internet Explorer;
E. Delphi;
5. Шектелген аймақты (территорияны) қамтитын есептеу жүйесі қалай аталады?
A. Глобальдік;
B. Өндірістік;
C. Локальдік;
D. Территориалық;
E. Корпоративтік;
6. HTML дегеніміз не?
A. Құрылымдық сұраным тілі;
B. Ара-қатынас тілі;
C. Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілі;
D. Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі;
E. Гипермәтіндік белгілеу тілі;
7. ТСР хаттамасы қандай қызмет атқарады?
A. Мәліметгерді сұрыптайды;
B. Мәліметтерді бір жүйеге келтіреді;
C. Мәліметгерді қурастырады;
D. Мәліметтерді жөнелту ісін атқарады;
E. Мәліметтерді бірнеше бөліктерге бөледі;
8. Электронды почтамен жұмыс істеуге арналған программаны көрсетіңіз:
A. Microsoft Word;
B. Microsoft Excel;
C. Microsoft Access;
D. AutoCad;
E. Outlook Express;
9. INTERNET бүкіләлемдік компьютерлік желідегі IP хаттамасы дегеніміз не:
A. Қателер хаттамасы(диагностикалық және фатальді қателерді беру);
B. Грамматикалық қателер хаттамасы (жіберілген хабардағы грамматикалық қателерді іздеу);
C. Есептеу хаттамасы (нәтижелерді хабарлама формуласы бойынша есептеу);
D. Адрестік хаттама (ақпаратты беру қайда орындалады);
E. Транспарттық деңгейдегі хаттама (ақпаратты беру сияқты орындалады).
10. Web-навигация нені білдіретінін көрсетіңіз:
A. Web-кеңістіктегі барлық құжаттарды архивтеу;
B. Web-кеңістіктегі барлық құжаттарды жою;
C. Web-кеңістікте құжаттар арасындағы қарапайым орын ауыстыру;
D. Web-кеңістікте құжаттар арасында бір мақсатқа бағытталған орын ауыстыру;
E. Web-кеңістіктегі барлық құжаттардың атын өзгерту;
11. Ақпараттардың модуляцияларын орындайтын құрылғы (ақпараттарды түрлендіру) ... болып табылады.
A. Көбейткіш;
B. Модем;
C. Дешифратор;
D. Қайталаушы;
E. Жүйелік адаптер;
12. Телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен қандай хаттамамен мәлімет алмаса алады?
A. ІР;
B. URL;
C. TCP/IP;
D. ТСР;
E. CRT;
13. Деректерді беру хаттамасы -дегеніміз:
A. Электронды хатты толтыруға арналған ережелер жиыны;
B. Электронды пошта абонентін іздеу бағдарламасы;
C. Электронды поштаны алуға арналған ереже;
D. Нақты форматтағы файлдар;
E. Компьютерді желімен өзара әрекетесуі үшін қолданылатын ережелер жиыны;
14. INTERNET. WWW қызметінің тағайындалуын көрсетіңіз:
A. Біртұтас ақпараттық кеңістік;
B. Іздеуші сервер;
C. Сұрыптаушы сервер;
D. Жаңалықтар топтамасына байланысты телеконференциялар жүргізу;
E. Электронды пошта (пошталық сервер);
15. «Сервер» түсінігінің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:
A. Тұтынушы жұмыс станцияларына қызмет көрсететін желі компьютері. Файлдық сервер, дискілік сервер, баспаға шығару сервері және басқа да түрлері бар;
B. Қолданушыға қатты дискінің үлкен көлемін алып, басқалардың ресурстарына ортақтасу мүмкіндігін беретін желі компьютері. Файлдық сервер, дискілік сервер, баспаға шығару сервері және басқа да түрлері бар;
C. Компания – коммутаторлы байланыс қызметін ұсынушы;
D. Интернет ресурсына жету мүмкіндігі бар және оларды басқа компьютерлерге таратушы желі компьютері;
E. Абоненттік пункт немесе АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны);
16. Түйіндері орталық тораппен сызықтар арқылы байланысқан топология:
A. Радиалды;
B. Шиналық;
C. Көлемдік;
D. Сатылық;
E. Жұлдызша;
17. Электрондық поштамен жұмыс жасау үшін не қажет:
A. Телефонмен қосылу;
B. Факс және модем;
C. Outlook Express бағдарламасы және интернетпен қосылуы;
D. Мәтіндік құжат құратын бағдарлама;
E. Факс;
18. Желідегі компьютерлер жұмыс жасайтын ережелер жиынтығы қалай аталады:
A. Маршрут жасаушы;
B. Схема;
C. Протокол;
D. Сервер;
E. Желі;
19. Жүйеде компьютерді бірегей (уникалды) адрестеу үшін қолданылады:
A. HTML адрес;
B. HTTP адрес;
C. SMTP адрес;
D. TCP адрес;
E. IP адрес;
20. Жергілікті желінің тиімді топологиясын көрсетіңіз.
A. Глобальды желі;
B. Сақиналық;
C. Біршендік;
D. Шиналық;
E. Жұлдыз схемасы бойынша топология;
21. Қайсысы INTERNET хаттамасы (протокол) болады?
A. IP;
B. TCP/IP;
C. UDP;
D. CAN;
E. FTP;
22. Интернетке қосылған басқа компьютерлермен, тікелей байланысу және нақты уақыт режимінде сөйлесу бағдарламасы қалай аталады:
A. Gopher;
B. Е-mail;
C. TelNet;
D. UseNet;
E. Chat;
23. Сервер дегеніміз не?
A. Жүйені басқаратын және барлық жүйенің ұзақ уақыт жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйедегі белгілі бір компьютер;
B. Internet-ке қосылған жай компьютер;
C. Internet-ке қосылмаған жай компьютер;
D. Глобальды жүйеге автоматты түрде қосылатын компьютер;
E. Символдық адрестерді цифрларға түрлендіруді қамтамасыз ететін, арнайы бағдарламалары бар компьютерлер;
24. Тег дегеніміз не?
A. Деректерді беру жылдамдығы;
B. Процессордың тактілі жиілігі;
C. Ақпараттың өлшем бірлігі;
D. Бағдарламалық қабықша;
E. Web құжаттарын құрастырғанда қолданылатын команда;
25. Компьютерлік жүйені құру кезіндегі шешілетін негізгі есептерді көрсетініз:
A. Желіде біріктірілген компьютерлердің бағасы бойынша үйлесімділігін қамтамасыздандыру
B. Ақпараттық қамтамасыздандыру үйлесімдігін (бағдарлама және деректер) деректер пішімі және кодтау жүйесі бойынша қамтамасыздандыру;
C. Ақпараттық қамтамасыздандыру және бағасы бойынша үйлесімділігін қамтамасыздандыру;
D. Желіде біріктірілген компьютерлердің мониторлар экрандарының көлемі бойынша үйлесімділігін қамтамасыздандыру
E. Электрлік және механикалық сипаттамалары бойынша жабдықтар үйлесімділігін қамтамасыздандыру;
Достарыңызбен бөлісу: |