Қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық құбылыс ретінде. Қарым-қатынастың құрылымы



Дата07.02.2022
өлшемі15,82 Kb.
#90232
Байланысты:
қарым қатынас
ағылшын 05.20, пакистан клалары, Менделеев, олимпиада 8 сынып

  1. Қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық құбылыс ретінде.

  2. Қарым-қатынастың құрылымы.

  3. Қарым-қатынастың әлеуметтік психологиялық механизмдері.

Ұлттық-этникалық қатынастар тек тұтас ұлттар, этностар, халықтар арасында пайда болып қоймайды, сонымен қатар әр түрлі ұлт өкілдерінің күнделікті қатынас үстінде болуы мүмкін. Тұлғаралық қатынастарда олардың моральдық және психологиялық қырларын ескеру аса қажет. Адамдардың ұлттық сезімі нәзік, ол жеңіл жаралануы мүмкін. Сол себепті әдептілік пен сыпайылық, бір-біріне деген сыйластық аса қажет. Бұған басқа халықтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, жалпы мәдениетін білудің, басқа ұлт өкілдеріне қатысты төзімділік пен құрметтеуді тәрбиелеудің орны бөлек.
Ұлттық-этникалық қатынастар белгілі бір этностардың өздерінің мүдделерін жүзеге асыруға бағытталады. Сонымен бірге халықтардың ұлттық мүдделері өздерінің өмір сүруіне, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға, экономикалық, мемлекеттік, мәдени дамуларына қатысты болады. Сондықтан осы қатынастар кешенін үндестіру халықтар арасындағы әлеуметтік-саяси және басқа қатынастарды, сондай-ақ ұлттық сана мен саяси институттарды демократияландыру жағдайында мүмкін болады. Бұл барлық халықтардың шынайы мүддесіне сай және ұлтаралық қатынастар дамуының объективті бағытынан ұлттың барынша көпшілігінің экономикалық және саяси дербестігін дамытудан, олардың мемлекеттігін, рухани мәдениетінің дамуын жетілдіре түсуден байқалады.
Қазіргі заманғы дамыған ұлтаралық қатынастар шеңберінде мынадай мәндірек үдерістерді атап көрсетуге болады:
- халықтардың этникалық нығаюы, яғни олардың саяси, экономикалық, тілдік, мәдени дербестігінің дамуы, ұлттық-мемлекеттік тұтастығының нығаюы;
- халықтардың өз қажеттерін барынша қанағаттандыру мақсатында өмірдің барлық салаларында қатынасты кеңейту мен тереңдете түсуге бағытталған этникааралық жақындасу;
- сан жағынан көп емес халықтың өз тілін, этникалық мәдениетін жоғалтып дамыған екінші бір халықтың тілін, салт-дәстүрін қабылдауы, яғни ол халықтың жұтылуы, ассимиляцияға ұшырауы;
Этникааралық қатынастар (ұлтаралық қатынастар) сөздің кең мағынасында әр түрлі салаларда – саясатта, мәдениет пен тағы басқа да халықтардың өзара іс-қимылы ретінде түсіндіріледі. 
Бұл этностардың өмір сүруінің материалдық және рухани жағдайлары, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыру жөніндегі қатынастар. Тар мағынада – бұл әртүрлі ұлттардың тұлғааралық қатынастары, олар да түрлі қарым-қатынас салаларында – еңбек, отбасылық-тұрмыстық, сондай-ақ көрші, достық және басқа да бейресми қарым-қатынас түрлерінде болады.
Ал конфессияаралық қатынастар – бұл конфессиялар (бағыттар) арасындағы да, негізгі әлемдік діндердің ұстанушылары қоғамдастықтарының арасындағы да қатынастар. Қоғамдағы конфессиялар ұсынылған идеология, дін қызметкерлері, бір топ діндарлар, сондай-ақ оларға түсіністікпен қарайтын адамдар.
Өткен уақыттарда адамдардың діни қатыстылығы қоғамдық өмірдің маңызды факторы болды, бұл қазіргі әлемде де солай қалып отыр. Конфессиялар мен этностық топтардың алуан түрлілігіне тән қоғамдастықтардың тұрақтылығы конфессияаралық қатынастарға байланысты. Конфессиялар арасындағы келісім – бейбітшілікті сақтау үшін және олардың жайлы өмір сүруіне қажетті шарт.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет