Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің ең негізгі түсінетін құралы –фольклор деген өз еңбектерінде:Т.С.Комарова,М.Н.Кузьмин және Н.М.Лебедева. Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға қатысты қазақ педагогикасында көптеген ғалымдардың еңбектері бар. С.А.Ұзақбаева «Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие» атты докторлық диссертациясында халық педагогикасы педагогика ғылымдарының бір бөлігі ретінде қарастырылып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде халық педагогикасының алар орнының маңыздылығын айта келіп, эстетикалық тәрбиенің тұжырымдамаларын ұсынады. Р.К.Төлеубекова «Исполльзование прогрессивных традиции народной педагогики в нравственном воспитании учащихся начальных классов казахской школы» атты кандидаттық диссертациясында балаларлардың сыпайылық тәрбиесінің өзекті мәселелерін ашып, осыған байланысты мектеп мұғалімдеріне арнап, «адамгершілік тағылымы» атты бағдарламасын жасайды.