Қарым-қатынастың әрекеттестік жағы



Дата08.11.2022
өлшемі19,58 Kb.
#156903
Байланысты:
қарым қатынас (копия)


Қарым-қатынастың әрекеттестік жағы



Қарым-қатынастың интерактивті жағы – адам аралық қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шарт немесе термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанда жеке адам аралық қарым-қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін тандауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.
Жеке адам аралық әрекеттесу стратегаясының сипаттамасы төмендегідей болады.
Әртүрлі зерттеулерде, адамньң басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуінде бірнеше маңызды әлеуметтік мотивтер айқындалған.
Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві
Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе
индивидуализм);
Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві
(конкуренция);
Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм);
Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия);
Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету(тендік).
А нүктесі — аластаушылық, басқаның жетістігін төмендету мақсатымен, өз мақсатын жоғары қою.
К нүктесі “көнгіштік” стратегиясын көрсетеді (альтруизм мотиві). Бұл жағдайда адам өз мақсаттарын басқаның мүдесіне айырбастайды (көндіреді).
Ы нүктесі – ымыраға келу (компромисс), жетістіктер арасындағы айырмашылықты неғұрлым төмендету. Шартты теңдікке жету үшін өз мақсаттарын толық іске асырмау (тендік).
Б нүктесі — бірлескен әрекет (ынтымақтастық) әрбір қатынасушының мүддесін толық қанағаттандыруға бағытталған. Бұл жағдайда әлеуметгік мотивтердің екеуінің біреуі (кооперация мен бөсекелесгік) іске асырылады.
Соңгы стратегаяны әрекеттесу нөтижелілігі тұрғысынан да, әрекеттесушілердің өзара қарым-қатынасы мен өзін сезінуі тұрғысынан да ең нәтижелісі деп қарастыруға болады. Сонымен бірге іске асырылуы тұрғысынан ең қиыны, себебі қарым-қатынасқа түсушілерден, басқаның мүддесін түсіне білу, туындайтын қарама-қайшылықтарды шеше білу талап етіледі. Көбінесе, адамдарды бірлескен әрекет жасатуға үйрету, белсенді әлеуметгік—психологиялық біліммен қаруландыру өдістері арқылы шешілетін дербес психологиялық міндет.
Әрекеттесу процесінің маңызды сипаттамаларын қарастырудың бірнеше жолдары ұсынылған. Мәселен, Т.Парсонс теориясы бойынша, әрекеттесудің әрбір бөлек актісінің мынандай әлементтері бар: а) әрекет етуі; ә) “басқа объект” (әрекет бағытталған объект); б) нормалар; в) құндылықтар (әрбір әрекеттесушінің қабылдағандары); г) ситуация — жағдай (әрекет жасалынатын кезде). Бұл өте “абстрактылы” теория, экспериментте қолданылуы күрделі болғандықтан көп пайдаланылмайды.
Екінші бір түрі, әрекеттесу сатыларын қарастырумен байланысты. Поляк социологы Я.Щепаньски ұсынған, осыған жақын схеманы В.Н.Панферов та (1987) қарастырады.
Тағы да бір, өрекеттесудің құрылымдық сипаттамасы транзактілі талдауда – қатынасушылардың әрекеттерін олардың позициясы, ситуацияны есептеу және әрекеттесу стиліне байланысты реттестіруде ұсынылады (Берн, 1988). Осы әдіс кейінгі кезде практикада кең қолдау табуда. Транзактілі талдау бойынша әрбір әрекетке қатысушы үш позицияның біреуінде болады. Шартты түрде бұл позицияларды — Ата-ана, Ересек, Бала деп, белгілеуге болады. Балалық позицияның психологиялық сипаттамасы “Қалаймын!”, Ата-ана позициясы “Керек!”, Ересек позициясы “Қалаймын” мен “Керектің” бірлесуі.
Әрбір әрекетте мінез-құлық пен әрекеттің өз стилі болады. Негізінен стиль үш түрлі: ритуалды (салт- жоралары), манипулятивті жөне гуманистік болып ажыратылады. Ритуалды стиль негізінде стильді ситуациямен сәйкестендіру қажеттігінен анық көрінеді.
Стиль әдетте белгілі мәдениетпен анықталады. Мысалға, амандасу стилі. Американдық мәдениетте “Хал қалай?” дегенде “өте жақсы” деген жауап алынса, орыс мәдениетінде сұрақтың мәнісіне жауап беріледі, хал нашарлау болса, оны жасырмай айту тән, қазақ мәдениетінде “аралық” стиль қалыптасқан. Қазақтар көбіне “жаман емес,” “орташа”, “жайлап жүріп жатырмыз” деген жауаптар береді. Бір салттың адамы екінші бір салттың жауабын естігенде түсініспеуілшілік туындауы мүмкін. Манипулятивті жөне гуманистік стильдер практикалық әлеуметтік психологиядағы, өздігінен үлкен проблема больп есептеледі.
Әрекеттесудің инвариантты сипаттамаларын қарастыруды Р.Бейлс 4 категорияның көмегімен көрсетеді: позитивті (оң) эмоциялар аймағы, негативті (теріс) эмоциялар аймағы, проблемаларды шешу және проблемаларды кою аймақтары. Өз кезегінде әрбір категория бірнеше маңызды көріністермен айқындалады.
Қарым – қатынастың интерактивті түрі.
Өзара әрекеттестік процесс ретінде сипатталады. Олар: бірлестікт, кооперативті іс - әрекет, жаңалықтармен байланыс, бір – біріне ықпал ету, өзара қарым – қатынас, өзара түсіністік.
Адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасы кооперативті, конкурентті және дау – дамайлы болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет