Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар



бет2/4
Дата11.03.2022
өлшемі180,44 Kb.
#135184
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1)

Аритмияның жіктелуі.
Аритмияның барлығы номотопты және эктопиялық болып екіге бөлінеді. Номотопты аритмияларда жүрек ырғағы мен темпінің бұзылыстары синоатриалды түйіннің өзінен басталса, эктопиялық аритмияларда синоатриалды түйіннен тыс, яғни атриовентрикулярлы немесе қарыншада туындайды.
Синустық аритмия синустық-жүрекшелік торапта пайда болатын серпіндердің жиілігі өзгеріп тұруынан жүрек жиырылуының біресе жиілеуі, біресе сиреуі болады. Ол тыныс алумен байланысты өзгереді. Сондықтан, бұл аритмияны тыныстық аритмия деп атайды. Өйткені демді ішке тартқанда жүрек соғуы жиілейді, ал демді сыртқа шығарғанда ол сирейді.

Синустық тахикардия - СА түйінінің автоматизмдік қасиетінің жоғарылауынан болады, жүректің соғуы минутына 100-ден артады, ырғағы дұрыс.
Синустық брадикардия - СА түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуінен болады. Жүрек ырғағы минутына 60-тан кем.
Синус түйінінің тоқтауы - Синус түйінінің импульс түзуге шамасының келмей қалуы. Импульстің болмауынан жүрек соғуы кенет тоқтайды.
Аритмияның симптомокомплексі - ЖСЖ, жүректің жиырылу күшіне, ырғақ бұзылысының ұзақтығына байланысты. Мысалы, ЖСЖ минутына 40-тан төмен болса АҚ төмендеп, өмірге маңызды мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды: Бастың айналуы, есінен тану, жедел жүрек жеткіліксіздігі, диурездің тоқтауы. Тахиаритмия кезінде ЖСЖ минутына 100-150 жылдамдайды (жыбыр аритмиясы және жүрекшелердің дірілі). Егер бұл жағдай ұзаққа созылса (апталар, айлар) созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Жыбыр аритмиясының нормосистолиялық түрі (ЖСЖ 60-90 минутына) симптомсыз жүруі мүмкін.
Пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардия кенеттен басталатын жүрек ырғағының бұзылысымен сипатталады, ырғақ дұрыс болуы да не дұрыс болмауы да мүмкін. Мұндай эпизодтар кей жағдайда белгісіз ішкі себептерден өздігінен жоғалса, кей жағдайда емді қажет етеді.
Экстрасистолия (жүрекшелерде, атриовентрикулярлы түйінде, қарыншаларда пайда болған жекеленген немесе қосарланған жиырылулар). Жүрек ырғағының кең тараған бұзылыстарына жатады. Көп жағдайда симптомсыз жүреді. Қарыншалық экстрасистолия ең қауіпті деген ырғақтың бұзылысы – жүрекшелер тахикардиясының дамуына әкеліп соқтырады. Қарыншалық тахикардия — қарынша, Пуркинье талшықтары, Гис шоғыры аяқшаларында бастама алатын жиі кездесетін жүрек ырғағының бұзылысы. Қарыншалық тахикардия ауыр қан айналым жеткіліксіздігіне әкеліп соғады.
Диагностика әдістері.
Аритмиянытексеру әдістерінің ең негізгісі - электрокардиография. Диагностикалық түсініксіз жағдайларда :
• Холтер бойынша ЭКГмониторлау;
• инвазивті электрофизиологиялық зерттеулер (өңеш ішілік және жүрек ішілік).
Жыбыр аритмиясы
Жүрекшелерден шыққан жиі және жүйесіз импульстер әсерінен пайда болатын қарыншалардың ретсіз ырғағы.
Жиілігі жағынан ол аритмиялардың ішіндегі экстрасистолиядан кейін екінші орын алады.
Жүрек аритмияларын емдеу негіздері:
Жасуша мембраналары арқылы натрий, калийдің артық енуін тежеу (новокаинамид, хинидин)
Бета адренореццептор тежегіштері (обзидан)
Антиоксиданттар, фосфорилаза белсенділігін төмендететін дәрі-дәрмектер
Жүрек жыпылығын емдеу үшін жүрек арқылы қуатты электр ағымын өткізу негізінде дефибрилляция әдісі қолданылады.
Кардиостимулятор қою




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет