III.Жаңа тақырыпты түсіндіру: Қарыздарды қолдану және оны өтеу бойынша бақылау. Несиелік санкциялар.
Дәріс жоспар:
Несиелік қарыздың орындалуына бақылау жасау.
Несиелік санкциялар
І.Несиелердің әр сатысын талдап отыру қажет: несие келісімшартын дайындау және бекіту, несиені беру барысында олардың қолданылуын, несиенің өтелуіне бақылау жасау барысында пайыздың төленуін. Қарыз алушы мен банк арасында несие алу барысында жасалатын келісімшартты талдау несиелендірудің барлық процесі мен нәтижесін көрсетеді. Банктің несие бөлімі жасаған несие шарттарының орындалуына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, қарыз алушылардың алынған қарыздарды тиімді пайдалануына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, осыған орай қарыз алушымен ссудаларды пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде тығыз байланыс жасауына жүйелі түрде бақылау жасауды жүзеге асыруы тиіс. Қажет болған жағдайда несие бөлімі келесі мәселелер бойынша қарыз алушыларға тексерістер жүргізеді:
банктен алынған қарыздарды мақсатты пайдалану;
қойма есебінің мәліметтері бойынша қарыздарды қамтамасыз ету;
бухгалтерлік есептің жай күйі;
несие берілетін тауар материалдық құндылықтардың құрамы және оларды қайта өндеудің немесе өткізудің болашағы;
қарыз алушылардың өз қаржыларын пайдалану.
Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысы,банк: қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімінің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
ІІ.Несиелік санкция деп – қарыз алушының несиелік келісімшартты бұзған жағдайда банк тарапынан қолданылатын шара.
ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банкке қолданған ықпал ету шараларымен қатар санкциялар қолданады. Санкциялар ретінде төмендегідей шараларды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасы заң актілерімен белгіленген негізде айыппұл салу және өндіріп алу;
Барлық немесе жеке бір банктік операцияларды жүргізуге лицензияларды жою;
Банкті консервациялау;
Белгілі бір негіз бойынша банктің ашылуына рұқсатты қайтарып алу.
Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан екінші деңгейдегі банктердің банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензия қайтарылып алғаннан соң, лицензия берген органдармен тиісті шешімдер қабылданғанға дейін банктік операцияларды жүргізу тоқтатылады. Банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы қайтарылғаннан кейін, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі ондай банкті басқару үшін уақытша әкімшілік тағайындайды және барлық басқару органдарының құзыреті уақытша әкімшілікке беріледі. Сондай-ақ банкті бұған дейінгі басқарған органдарының құзыреті тоқтатылады. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банктік операцияларды жүргізуге лицензияны қайтарып алғаннан кейін, белгіленген тәртіпте 10 күн ішінде банк қызметін еріксіз тоқтату туралы сотқа арыз береді.
3-кезең: «Серпілген сауал» (тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін топтағы студенттерге сұрақтар беріледі және де осы сұрақтар арқылы біз келесі кезеңге көшеміз).
Достарыңызбен бөлісу: |