Шыңғыс хан өсиеттері
Қабылдаған шешімді өзінен бастап орындамаса,
Ол адам елбасшысы емес, бишара.
Адам деген пендені бай, кедейлігімен, атақ- лауазымымен алалау пасықтың ісі.
Адам туса бір дәуірлік,
Көк шықса бір мезгілдік.
Жасаған көмегіңді көмейіңнен шығарма.
Жайсыз қылығыңды кішкентай деп ойлама.
Жақсы да, жаман да болымсыздан басталады.
Даукесті мүлде тыңдама.
Шыққан тегіңді ұмытпауды – ұрпағыңа,
Ішкен суыңды ұмытпауды – досыңа үйрет.
Тау гүлі жаңбыр көрсе жанданады,
Тау тұлғалар сын естісе тазарады.
Жасанды гүл жаңбыр суымен жоғалады,
Жағымпаз жандар сын естісе қуарады.
Өзіңнің кемшілігіңді басқадан естіп білгенің жақсы,
Сезіміңнің кемшілігін өзің біліп жеңгенің жақсы.
Бишікте отырып ұрлық қылсаң,
Өз басыңмен төлейсің.
Билікте отырып ұрлық қылсаң,
Ұрпағыңның тағдырымен төлейсің.
Ағаш кесуге өткір балта керек,
Алтын таққа алып парасат керек.
Мәйекті сөзін айтпаған білімді ғалымнан,
Түйсігін айтқан ақымақ артық.
Әлемге бейбітшілік орнатып нұрыңды төк,
Әйелге сезіміңді беріп нәріңді төк.
Бурхан-Халдун тауы
Бурхан-Халдун тауының басындағы Шыңғыс ханның мазары
Шыңғыс ханның мазары
Мазардың радиометр мен радиомагниттік әдістемелер
арқылы түсірген фотосы
Жер астындағы табыттың радиометр мен радиомагниттік
әдістемелер арқылы түсірген фотосы
Шыңғыс хан мазарының сызба суреті (жанынан)
Шыңғыс хан мазарының сызба суреті (алдынан)
Достарыңызбен бөлісу: |