Қаржы және валюта нарығы: мәнімен мазмұны



бет1/3
Дата10.12.2022
өлшемі37,49 Kb.
#162233
  1   2   3

Қаржы және валюта нарығы: мәнімен мазмұны
Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.
Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу-сатудың нақты объектісі - ақшаның рөлін арттыруды шұғыл қажет етеді.
Ақшаны сатып алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының және сан алуан бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторының пайда болуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және үйымдық қатынастар жүйесі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі - теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстанды теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қа-зақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты,соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама-қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұрумен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты.
Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы және валюта нарығының мәні мен мазмұнын түсініп жалпы айтсақ, валюта нарығын қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады, бірақ бұл тарауда жалпы макроэкономикалық деңгейден қарастырып отырғандығымыздан қаржы нарығына жалпы шолу жасап, валюта нарығын тереңірек зерттемекпіз, нарықтардың макроэкономикалық принциптер бойынша құрылымын анықтамақпыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет