Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы Мақсаты


Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі



бет2/3
Дата06.10.2024
өлшемі66,85 Kb.
#205700
1   2   3
Байланысты:
Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі келесі өзара
байланысқан элементтерден құралады:
1) жалпы мемлекеттік қаржылар;
2) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары;
3) үй шаруашылықтарының (тұрғындардың) қаржылары.
Бұл жүйенің негізгі элементі ретінде жалпы мемлекеттік немесе
орталықтандырылған қаржылар саналады.
Мемлекеттік қаржы үшке бөлінеді: 
а) мемлекеттік бюджет;
ә) мемлекеттік несие;
б) арнайы бюджеттен тыс қорлар.

Мемлекеттік бюджет – кірістері мен шығыстары көрсетілген
мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып
бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.
Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастар мен
заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі –
бұл барлық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының,
бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджет-
тердің келесідей деңгейлері кіреді:
- республикалық бюджет;
- жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын
қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана
бюджеті, аудандар бюджеті.
Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі төмендегідей негізгі
қызметтерді атқарады:
1) қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне
жұмылдыру;
2) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;
3) қаржы ресурстарын қайта бөлу (аймақтық, салааралық,
ведомствоаралық, әлеуметтік);
4) кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;
5) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
6) әлеуметтік қорғау;
7) мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау
жасау.
Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құрылымы төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:
1. Бюджет табыстары:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- трансферттердің келіп түсуі.
2. Бюджет шығындары.
3. Операциялық сальдо.
4. Таза бюджеттік несиелеу:
- бюджеттік несиелер;
- бюджеттік несиелерді жабу.
5. Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:
- қаржылық активтерді иелену;
- мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.
6. Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):
- қарыздардың келіп түсуі;
- қарыздарды жабу;
- бюджет құралдары қалдықтарының қозғалысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет