Қаржы жүйесіндегі екінші қосалқы буынының қызметтер сферасы каржысының орны мен рөлі оның ұлттык табысты бөлу жэне пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл қосалқы буында каржылык қатынастар оның бастапқы күрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының, өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың, кредиттің және басқа буындардың арасында пайда болады. Өндірістік емес сфера салаларының қаржылары мынадай құрамдастарды кіріктіреді: тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтың, халыққа қызмет көрсету, көлік, тұтыну кооперациясы, бірқатар сапалардың (байланыс және өндірістік емес қызмет бөлігіндегі басқалары) денсаулық сақтау және физкультура, білім беру, мәдениет және өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың, банк-кредит және сақтық ұйымдарының, коммерциялық және делдал ұйымдарының (соның ішінде тауар және қор биржаларының, брокерлік кеңселердің, қорлардың және т.б.), басқару органдарының, қорғаныс, құқық сақтауды қорғау органдарының қаржылары.