«Қаржы нарығы және делдалдар» пәні бойынша негізгі дәріс материалдары Астана 2008


Спот келісім – тауар қолма – қол ақшаға сатылатын және дереу берілетін келісім



бет3/8
Дата28.09.2019
өлшемі0,71 Mb.
#48942
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
конспект лекции

Спот келісімтауар қолма – қол ақшаға сатылатын және дереу берілетін келісім.

Биржалық келісім – бағалы қағаздармен, тауарлармен немесе шетелдік валютамен сауда келісімін жасау. Бұл негізгі екі топқа бөлінеді: кассалық келісім – мұнда ақша төленеді, мерзімдік келесімде бағалы қағазадар немесе тауарлар келісім жасалғаннан кейін бірден беріледі, ал ақша белгілі бір мерзімнен кейін беріледі.

Бағалы қағаздар туындылары түралы ғалымдардың көз қарасы қандай?

  1. Қ.Қ. Ілиясов және С. Құлпыбаев ғалымдардың бірлесіп жазған “Қаржы” кітабында бағалы қағаздарды екіге бөліп керсеткен. туынды және негізгі.

  2. Н.Қ. Мамыров және М.Ә. Тілеужанова олардың экономикалық ойлары бойынша бағалы қағаздың ажырамас бөлігі ретінде жалпылама тоқталған.

  3. Ғ.С. Сейтқасымов бағалы қағаздар туындысы ол бағалы қағаз емес, ол тек қана бағалы қағаздаң қасиеттерінің бірі ретінде көрсеткен.




Негізгі терминдер


  1. Бағалы қағаздар;

  2. Негізгі және туынды бағалы қағаздар;

  3. Опцион;

  4. Фьючерс;

  1. Своп;

  2. Спот;

  1. Форворт;

  2. Акция;

  3. Облигация

Бақылау сүрақтары

  1. Бағалы қағаздар нарығы қашан пайда болуы?

  2. Бағалы қағаздар құрылымы қандай?

  3. Бағалы қағаздардың қанша түрі бар?

  4. Бағалы қағаздардың туындылары дегеніміз не?

  5. Бағалы қағаздар туындыларының түрлеріне анықтама?

  6. Бағалы қағаздар туындыларына ғалымдардың көз қарасы қандай?

Қолданылған әдебиеттер

  1. «Ақша, Несие, Банк» Сейтқасымов Ғ.С. Алматы, 2001 ж.

  1. «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.

  1. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.

  2. «Экономикалық сөздік» Ж.М. Алыпова, Алматы, 1992 ж.


Тақырып 6 Әлемдік қаржы нарығы

1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.

2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы.

37Әлемдік ақша орталығы


Әлемдік қаржы нарығы қалай қалыптасты?

Әлемдік экономикалық қызметте несие нарқы нарықтық қатнастарға тән сипат. Бұл салада елдер арасында қаржыға деген сұраныс пен ұсыныс мәселелеріне байланысты міндеттер өз шешімін табады. Бұл үшін қолдағы капитал қорын бөліске салу, оның қайтарымын қамтамасыз ету міндеті шешіледі. Ол қызмет – капиталдың кері қайтарылуын және пайыздық төлемінің келісім-шартта белгіленген талапқа сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Әлемдік қаржы қозғалысы тәжірибесінде қаржы нарқы дегеніміз – қарыз капиталының бір бөлігінің нарық жүйесі арқылы елдер арасындағы қаржылық алмасуды бейнелеуі. Тәжірибеде қаржы нарқы екі саладан тұрады:

-қарыз капиталының қысқа мерзімді мақсаттағы нарқы, бұл қаржы нарқы деп аталады.

-қарыз капиталының орташа және ұзақ мерзімге арналуы ұйымдастыратын нарқы – бұл капитал нарқы деп аталады.

Экономикалық даму барысында әр ел өз өндірісін табысты жүргізуге, үздіксіз өрге бастыруға ынталы болады. Бұл үшін материалдық өндіріске қаржы қажет екені белгілі. Егер қолда қажетті қаржы болмаса, не істеу керек? Осындай жағдайда қаржыға қажеттілік, несие нарқы арқылы шешіледі.

Экономикалық даму талабы капитал нарқының қозғалысына да өзгерістер енгізуді алға тартты. Сондықтан капиталды нарықта сала-салаға бөлу, оны пайдалануда мерзімдік жағынан шектеуді өзгерту қажет болды. Қарыз капиталының тек бұрынғы ғана түрі қысқа мерзімдісі қысқартылып, оның орнына қаржыны бірден орташа және ұзақ мерзімді нарық арқылы пайдалану ісі өмірге келді.

Экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда, қарыз капиталын пайдаланудың бұл шарасы аса тиімді. Бұл шара несие нарқында шетелдерден капитал алуды және шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларға, жеке азаматтарға беретін қаражатты нарыққа шоғырландыра отырып, қаржыға деген сұранысқа сәйкес капитал бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бұл әдіс нарықтық қатнас жүйесінде несие нарқын тиімділік мақсатта дамытуға, капитал қозғалысын барынша өрістетуге елеулі үлес қосады.

Әлемдік қарыз капиталы қалай пайда болды?

Әлемдік қарыз капиталы нарқы, тарихи тұрғыдан алғанда, қарыз капиталының халықаралық деңгейде ұлттық нарықтың өріс алуымен пайда болды. Сонан оларды кең дамыту қажеттілігі артты.

Қазіргі заманға әлемдік қарыз капиталының нарқы ХХ ғасырдың 60- жылдары қайта өріс жайды. Өйткені бұл нарық 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарысқа, екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты 40 жыл бойы тоқырауға ұшыраған еді. Сонан 70-90 – жылдары қарыз капиталы нарқы қайтадан қанат жайды.

Әлемдік қарыз капиталы нарқының басты бағыттары - әр ел өзінің ұлттық қарыз капиталын шетелге шығаруына, оны шетелдік банкке беруіне, сөйтіп, шетелдік капиталды ұлттық банктердің өзіне кері тартуына өріс берді.

Экономикалық даму барысында ертеден қалыптасқан тарихи тәжірибек бойынша шетелдік несие мен қарыз қаржы принципі өзара қарыз қаржы алмасудың жекелей валюталық бірыңғайлық принципіне негізделген. Мысалы, француздық фирма Лондонда несиені ағылшын ақшасымен, яғни фунт стерлингпен алады, керісінше ағылшын фирмасы Парижден несие қаржы алса, онда француз ақшасымен алады. Валюталық өзара қаржы алмасудың бірыңғайлылығы дегеніміз осы.

ХХ ғасырда 50-жылдардан бастап, доллар негізінде еуропалық валюта нарқы қалыптасты. Мұның мәнісі мынадай: егер доллар иесі депозитті америкалық банктен еуропалық шетелдік банкке аударса, ол еуропалық доллар болып саналатын сипат алады. Долларды осындай әдіспен алған еуропалық банктер бұл долларды өз қаражаты сияқты кез келген елге несие беру үшін пайдалануға ерікті болады.

Қазіргі кезеңде әлемдік қарыз капиталы нарқы бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш саланың қызметі бағытымен ерекшеленіп отыр.

Олар:

-Ірі банктер арсындағы әлемдік ақша нарқы.



Бұл салада депозиттік қарыз беру бір күнге немесе бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік талап бойынша іске асырылады. Мұнда несие алу телефон байланысы арқылы да шешіле салатын болады. Осыған сәйкес 50-жылдардың соңында еуропа валюталық нарқы пайда болды.

-Капиталдың әлемдік нарқы өзіндік сала. Бұл сала екі түрлі міндетті жүзеге асырады:

-қарыздың берілетін орны мен валюталық мөлшерді сипаттайтын міндет. Бұд міндет бойынша дәстүрлі әдіспен шетелдік несиелер орташа және ұзақ мерзімге беріледі.

-еуропалық несие нарқында 1968 жылдан бастап қарыз ақша бір жылдан 15 жылға, тіпті одан да көп мерзімге берілетін әдіс қалыптасты.

-дүниежүзілік ақша нарқының қалыптасуы. Бұл салада құнды қағаздарды шығару және сату іске асырылады. Осы саладағы қызметке қарай 70-жылдардан бастап, еуропалық қаржы нарқы қалыптасты.

Бұл салада несиеге байланысты қызмет мынадай түрде ұйымдастырылады. Еуропалық банк несие беру үшін оны алатын алымшының алған несиесін қайтара алатын қабілет – мүмкіндігін, төлемді өтеу мүмкіндігін зерттеп, анықтайды. Сонан соң қарыз беру жөнінде келісім-шарт жасасады. Сөйтіп, несие қатаң ставкамен толық беріледі, бұл бір жыл мерзімге арналады. Ал орташа ұзақ мерзімді несие Стэнбай деп аталатын шарт бойынша беріледі. Мұның мәнісі – банк несиені ұзақ мерзімге арнап тиісті мөлшерді түгел береді, бірақ ол мерзімді 3,6,9,12 айлық етіп бөледі де, осы әр мерзім бойынша ставка пайызды өзгертіліп отырылады.

Сол сияқты банк несиені ролловерлік деп аталатын шарт бойынша береді. Ролловерлік – несие алуды қайталап жүргізу, жаңғырту деген ұғым.

Еуропалық несиелік банктер несие беруді ролловерлік келісім-шартымен төрт түрлі жағдайда атқарады:

-инвестициялық барлық соманы келісім бойынша бірден, түгел береді. Несиені қайтару толық немесе біртіндеп, бөліп-бөліп жүргізіледі

-несие белгіленген лимит бойынша, алымшының сұраған мөлшерінде беріледі

-несиенің көлемі, ставка пайызы, өтеу мерзімі (жарты жыл, бір жыл) көрсетіледі. Несие бірнеше айға немесе 10 жылға, одан да көп мерзімге беріледі;

-ролловерлік шарт бойынша қажетті соманы толық беру мүмкіндігін қалыптастыруға назар аударылған.

Әдетте, еуропалық несие беру жүйесі әлемнің 30-40 банктік консорциуымын қатыстырып, өзіне үлкен пайда келтіруде.

Қазіргі кезеңде халықаралық несие беру, қаржыландыру ісінің негізгі көздері:

-халықаралық банк несиелері;

-халықаралық эмиссиялық облигациялық қарыздар;

-еуропалық векселдер болып табылады.

Қазір әлемдік несие нарқының қызметі әлемдік қаржы нарқымен тығыз байланысты болып отыр. Сонан әлемдік қаржы нарқы өз қызметін құнды қағаздар шығару ( бірінші нарық) және оларды сату-сатып алу ( екінші нарық) мақсатына мамандануда. Қаржы нарқында кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттердің қаржыға деген сұранысы өсіп отыр. Осыған байланысты облигация (қарыз қағаз) нарқы да ұлғая түсуде. Бұл қолдағы қаржы қорын толықтыру, оны сату мен сатып алудан көбірек табыс келтіру мақсатын көздейді. Қорыта келгенде, әлемдік несие және қаржы нарқының жақсы жағы да бар, кемшілігі де бар.

Жақсы жағы әлемдік деңгейде басы артық қаражатты жинастыру, оны бөліске салу арқылы капиталды шоғырландыруға, бір орталықтандыруға, экономикалық байланысты күшейтуге, өндіргіш күштерді дамытуға, әлемдік шаруашылық байланысын дамытуға мүмкіндік жасайды. Қолдағы капиталдың экономикалық проблемаларды шешуге бағытталуын қамтамасыз етеді.

Халықаралық несие қатынастарының нысандары қандай?

Халықаралық несие қатнастары валюталық қатнастар сияқты, тек нарық саласына ғана емес, сондай –ақ мемлекеттік басқару, реттеу саласы мүддесі үшін де қызмет атқарады. Ал мемлекет тарапынан халықаралық несие қатнастарына араласудың нысандары түрліше. Алайда көптеген елдердің реттеу, басқару саласындағы қызметтері ұйымдық, талдау, зерттеу тұрғысынан бір-біріне ұқсас. Өйткені, мемлекет несие, қарыз қаржы, кепілдеме беруші рөлінде халықаралық несие қатнастарында ерекше белсенділік көрсетеді. Мемлекеттік бюджет арқылы жинақталған ұлттық кірістің бір бөлігін мемлекет басқа бір елдерге аралас несие, қарыз қаржы түрінде көмек көрсете алады. Осы тұрғыдан айтар болсақ, АҚШ 60 жылдары екі жақты, көп жақты несие беруді тікелей мемлекет тарапынан жүзеге асырды. Қазіргі кезеңде мемлекеттік несие негізінен дамушы елдерге көмек ретінде берілуде.

Батыс Еуропа елдерінде мемлекет дәстүрлі халықаралық несиенің кепілі ретінде рөл атқарады. АҚШ пен Жапония қазіргі уақытта экспорттық (сыртқа тауар шығару) саланы қаржыландыру, оған несие беру ісін бір жүйеге келтірген. Сөйтіп, мемлекеттер пайыздық ставкаларды қаржыландыру ісінде кәсіпорындардың халықаралық сыртқы байланыс қызметін қолдап отыруды әдетке айналдырған.

Мемлекет тарапынан жүргізілетін қысқа мерзімге арналған экспорттық несие (сыртқа өнім шығаруды күшейту үшін) түріндегі акцептік-авальдық операциялар (қызмет) экспортпен шұғылданушылар траттасын бірінші деңгейдегі төлем қаражатына айналдыруға мүмкіндік жасады.

Мемлекет сыртқа тауар шығарушыларды жанама немесе кейбір тікелей салық төлеуден босататын болды. Бұл сырттан, яғни шетелдерден әкелетін тауарлардың бағаларын арзандатуға, сонымен бірге сол тауарлардың сауда жүйесінде бәсекелестік қабілетін- өтімділігін арттыруға ықпал жасады. Өйткені халықаралық қызмет саласының талабы бойынша шекарадан ел ішінде өткен тауар жанама салықтан босатылуы керек. Осыған орай мемлекет экспорттық несие мөлшерінде, оған қойылатын талаптарға баса назар аудару негізінде орта және ұзақ мерзімді несие беруді тиімділік тұрғыдан қарастырады. Мемлекеттік бюджет есебінен жекеменшік фирмалар мен банктерге төмен пайызбен, экспорттық несиені жеңілдік беру негізінде ұйымдастырады. Мемлекет тауар шығарушыларға берілетін несиенің қайтарылуы мерзімін ұзарта алады, несие берудің әдістерін жеңілдетіп, бұл жұмысты ұзаққа созбай атқаруға үлкен мән береді.

Сыртқы рынокта монополиялардың кең өріс жаюына айрықша қарау, ол саладағы қызметті қолдау ретінде мемлекет экономикалық жағынан ұтымды шараларды жүзеге асырады. Содай шаралардың бірі – мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік деңгейде экспорттық – импорттық банктер ұйымдастыру болды.

Ол банктер сыртқы сауда қызметтері мақсатына несие беру, жеке меншік банктердің экспорттық несиесіне кепілдік жасау, сақтандыру жұмысымен айналысады. Мысалы, 1934 жылы АҚШ-та экспорттық банк құрылды. Бұл банк көптеген елдерге несие берумен шұғылданды. Осы банк арқылы АҚШ жалпы өзі беретін несиенің 40 пайызын жүзеге асырып отыр. Қазір осындай банктер Австрия, Бельгия, Англия, Дания, Франция, Жапония және басқа елдерде де құрылған.

Экономикалық салада халықаралық несие қатнастарын мемлекттік тұрғыдан реттеудің, басқарудың өзіндік қалыптасқан нысандары бар. Атап айтқанда:

-банктердің шетелдермен байланысы қызметінің шеңберін шектей білу

-ішкі және сыртқы қарым-қатнастардағы қызметтің өзара ықпалының салдарын айқындау, шектеу

-ұлттық банктің халықаралық банк консрциумдарымен қарым-қатнасын реттеу, басқару болып табылады. Осы аталған міндеттер мемлекеттік органдар арқылы, өзара сыйластық, ынтымақтастық негізде қадағалау, бақылау міндетін жүзеге асырады. Қай елде болмасын экономикалық дамуға байланысты міндеттер әрқашан қаржының қажет екенін алға қояды. Сонда қаржыны молайтудың ресурсы болмаған жағдайда не істеу керек? Міне, осындай қаржыға мұқтаждық жағдайында мемлекет-басқа бір шет елдерден қарызға қаражат алады. Экономикалық түсінікте бұл экспорттық несие деп аталады, бұл мемлекет шет елге тек өз тауарларын ғана емес, басы артық қаржысын да шығарады деген сөз. Сонымен, дүние жүзінде 70-жылдардан бастап дүниежүзілік нарыққа экспорттық несие шығару өріс алды. Экспорттық несие мемлекет қоры есебінен, сол сияқты жеке меншік банк, фирма қаражаттары есебінен құралады.

Экспорттық несие берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекет тарапынан берілетін экспорттық несие жағдайында сауда-саттық саласында тауарлар, машина, құрал-жабдықтар сатылатын нарықта басымдылық алу мақсаты көзделеді. Сондықтан, мемлекеттер экспорттық несие жөнінде өзара қақтығыстарға жол бермеу, несие беру, несие алу ісін түсіністікпен, экономикалық өзара тиімділікпен жүргізу үшін келісім-шарт жасау әдісін қолданады. Осы шартта несие алу –беру ісін дұрыс ұйымдастыру, пайыздық ставка мөлшерін жарты жыл өткен сайын төмендету, несиені қайтарудың мерзімін дәл анықтау, несиеге қатысты жеңілдіктер беру мәселелері нақты көрсетіледі. Экспорттық несиенің осындай ерекшеліктеріне қарай несие алушы елдер үш топқа бөлінген. Ол елдер өзінің кірісі деңгейіне қарай – кірісі төмен, кірісі – орташа, кірісі – жоғары деп аталады. Осыған сәйкес ұлттық кірісі төмен елдерге несие төмен пайыздық ставкамен, ал кірісі жоғары елдерге-жоғары пайыздық ставкамен беріледі. Экспорттық несие алушы елдер осы белгіленген тәртіпті берік ұстауға басты назар аударып отырады.

Экспорттық несиенің жалпы көлемі мемлекттердің инвестициялық мүмкіндіктеріне байланысты анықталады. Әлемде 1981 жылы экспорттық несиенің көлемі 17,2 млрд/АҚШ/ доллар болды. Әсіресе, мұнай сататын елдерде басы артық қаржы көп болды. Сондықтан, олар экспорттық несие көлемін ұлғайтуға елеулі үлес қоса алды.

Бірақ 80-жылдардың ортасында мұнайдың бағасы халықаралық саудада арзандап, оны сатудан алынатын қаржы мөлшері де азайды. Осының салдарынан Батыс елдерінде қарыз капиталына сұраныс арта түсті. Әсіресе банктер беретін несие көлемі күрт кеміді. Бірақ қаржыға деген сұраныс кеміген жоқ. Көптеген дамушы елдер несие жөнінде қарызды өтей алмау дағдарысына ұшырады. Осындай дағдарыстан шығу үшін, Латын Америкасы елдерінде 90-жылдары инвестицияны тікелей алу, бағалы қағаздар нарқын күшейту шарасы жүргізілді, . Экспорттық несие алушы елдер қарызын қайтарудың түрліше мүмкіндіктерін пайдалану негізінде дағдарыстан шыға бастады, өйткені ол елдер халықаралық банктерден жеңілделілген несие алу, өз өнімдерін сыртқы саудаға көбірек шығару сияқты мүмкіндіктерді пайдаланады. Мұнда ең бастысы әр ел өзінің экономикасын жақсы өркендетудің ішкі өндірістік резервтерін толық пайдалануға күш салды. Осы негізде сыртқы қарыздан құтылудың экономикалық шаралары жүзеге асырыла бастады.

несиенің келесідей нысандарын кездестіруге болады:

несиенің келесідей нысандарын кездестіруге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет