Қаржы саясаты: мәні,механизмі және қазіргі жағдайы



Дата26.11.2022
өлшемі7,46 Mb.
#159942
Байланысты:
Асқарқызы Аяулым Срс-1


Асқарқызы Аяулым
ф-21-1к
Қаржы саясаты:мәні,механизмі және қазіргі жағдайы
Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясатының мақсаты — қоғам дамуының аса маңызды қажетгіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру.
Қаржы саясатының мақсаты — қоғам дамуының аса маңызды қажетгіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Мезгілдің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1 шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2 дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
3 халықты әлеуметгік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
1 жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс;
2 инвестициялаудың ауқымы;
3 негізгі қорларды (капиталдарды) жаңартудың қарқындары;
4 еңбек өімділігінің өсуі;
5 халықтың тұрмыс деңгейі;
6 мемлекет бюджетінің тапшылығы.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат
болып табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен байланысты.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндетгердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
- қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
- қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);
- мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске
асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кірістіреді.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге — қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.
Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөлігі), блогы, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды.
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің қүқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы механизмінің блогы (буыны) - бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржы механизмінің элементі — бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді өндірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 503 984 443,3 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер – 356 291 348 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 40 198 441,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 655 608 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 96 829 046 мың теңге;
2) шығындар – 503 989 596,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік несие беру – 12 759 489,3 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 26 409 597,2 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 27 210 009,2 мың теңге;
5) бюджеттік дефицит – -39 174 239,6 мың теңге;
6) бюджет дефицитін қаржыландыру – 39 174 239,6 мың теңге.
1. Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 783 562 551,9 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер – 556 310 122,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 8 800 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 806 071 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 208 646 358 мың теңге;
2) шығындар – 867 847 005,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік несие беру – 19 504 287 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 41 110 033 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 41 844 680 мың теңге;
5) бюджеттік дефицит – -144 898 774 мың теңге;
6) бюджет дефицитін қаржыландыру – 144 898 774 мың теңге.
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады.
Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекетгің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет