«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет15/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

2. Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне пропорционалды түрде есептен шығару әдісі (өндірістік).
Бұл әдіс объектінің пайдаланған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер станок 5 жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 10 млн. дана өнімді жасауға негізделсе,
онда амортизациялық аударым сомасы   =
= 0,09 

Егер станок Амортизациялық аударым мөлшері:
1 жыл 3 млн. 1 жыл 3 0,09 =270 000
2 жыл 3 млн. 2 жыл 3 0,09=270 000
3 жыл 2 млн. 3 жыл 2 0,09=180 000
4 жыл 1 млн. 4 жыл 1 0,09=90 000
5 жыл 1 млн. 5 жыл 1 0,09=90 000




Станоктың Бқ

Өндірілген өнім көлемі

Бір жылдық АА

Жинақталған тозу сомасы

Станоктың баланстық құны




1000 000







100 000

1жыл

1000 000

3000 000

270 000

270 000

730 000

2 жыл

1000 000

3000 000

270 000

540 000

460 000

3 жыл

1000 000

2000 000

180 000

720 000

280 000

4 жыл

1000 000

1000 000

90 000

810 000

190 000

5 жыл

1000 000

1000 000

90 000

900 000

100 000

Бұл әдісте амортизациялық аударым сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп отырады.


3. Жеделдетіп есептен шығару әдісі:
- Сандардың жиынтығы бойынша есептен шығару әдісі.
Бұл әдісті куммулятивтік, сандардың қосынды жиынтық сомасы деп айтылуының себебі, НҚ амортизациялық аударым сомасынесептейтін формуланың алымы НҚ пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі НҚ пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байланысты.

АА=


Мысалы: Станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл деп алсақ, онда станоктың пайдаланатын жыл санарының қосындысы 15-ке тең, яғни (1+2+3+4+5). 15- куммулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеткіш коэффициенті өзгеріп отырады.
1 жыл 5/15 х (1000 000-100 000)=300 000
2 жыл 4/15 х 900 000=240 000
3 жыл 3/15 х 900 000=180 000
4 жыл 2/15 х 900 000=120 000
5 жыл 1/15 х 900 000=60 000
Сандардың қосындысы немесе куммулятивтік санды жылдам анықтау үшін мынадай формуланы қолданады:
S = 
S- сандардың қосындысы
N- НҚ пайдалану мерзімі
Мысалы: S= 
S= 




Станоктың бастапқы құны (теңге)

Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы

Жинақталған тозу сомасы

Станоктың баланстық құны




1000 000





100 000

1 жыл

1000 000

5/15 х (1000 000-100 000)=300 000

300 000

700 000

2 жыл

1000 000

4/15 х 900 000=240 000

540 000

460 000

3 жыл

1000 000

3/15 х 900 000=180 000

720 000

280 000

4 жыл

1000 000

2/15 х 900 000=120 000



840 000

160 000

5 жыл

1000 000

1/15 х 900 000=60 000

900 000

100 000



- Қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі. Бұл әдіс НҚ амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бір қалыпты есептен шығару әдісімен жүргізледі. Ол үшін НҚ оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызымен анықталады. Бқ=100% деп аламыз. Табылған пайыз мөлшері (100%) пайдалану мерзіміне екі еселеніп, НҚ Бқ емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, (яғни баланстық құнына көбейтіледі). Баланстық құны= Бқ-тозу
Амортизациялық аударым сомасы тек НҚ пайдалану мерзімінің ең соңғы жылына қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп өндіріс шығындарына қосылады.






Станоктың Бқ

Бір жылдық АА ∑

Жинақталған тозу сомасы

Станоктың баланстық құны




1000 000





100 000

1жыл соңында

1000 000

40% 100000=400000

400 000

600 000

2 жыл

1000 000

40% (100000-400000)=240 000

640 000

360 000

3 жыл

1000 000

40% (100000-640000)=144 000

784 000

216 000

4 жыл

1000 000

40% (100000-784000)= 86 400

870 000

129 600

5 жыл

1000 000

129600-100 000=29600

900 000

100 000

Сабақ тақырыбы: Негізгі құралдарды түгендеу және қайта бағалау.

1.Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі


2.Негізгі құралдардың қайта бағалануы

1. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау жәнек олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, есеп саясатын басшылыққа ала отырып НҚ мүлікке түгендеу жүргізіп отырады.


НҚ мүліктік түгендеу қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына 1 рет жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын объектілерді үш жылда бір рет, өнім беретін және жұмысқа пайдаланылатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында 31 желтоқсанда түгендеу жүргізеді.
Мүліктік түгендеу міндетті НҚ-ң нақты барлығы, техникалық жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алумен қатар бухгалтерлік есепке алу мәліметтерімен салыстырылады. НҚ мүліктік түгендеу кезінде комиссия міндетті түрде тексеріп, нақты бар жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал-жабдықтарды мүліктік түгендеу тізіміне» жазып, түгендеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізеді. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары берілуі тиіс.
Түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  1. материалды жауапты адам ауысқанда

  2. НҚ ұрланған жоғалған жағдайда

  3. өрт немесе басқа табиғи апат жағдайларына байланысты

  4. ұйым бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда тағыда басқа жағдайларда.

Ұйымның бухгалтериясы НҚ түгендеу жүргізу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесін жасайды. Бұл тізімдемеде түгендеу барысында анықталған ұйымның бухгалтерлік есеп мәліметтері мен ақпараттарына сәйкес келмейтін бұрын алынбаған, яғни арттық шыққан немесе кем шыққан НҚ-ға жасалады. Түгендеу жүргізу комиссиясы өз жұысының соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады және оны ұйымның басшысы бекіту керек.

2. НҚ-ң бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіруі үшін объектілерге қайта бағалау жүргізеді, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. НҚ-ды қайта бағалауды жүргізу үшін түгендеу комиссиясы сияқты комиссия құрады және кәсіптенген бағалаушыларды шақырады, ал олар сол бағалау күніне сәйкес келетін бағасын шығарады. Қайта бағаламас бұрын сол НҚ-ң белгіленген тәртіпте түгендеу жүргізеді. НҚ-ды қайта бағалау үшін оның бастапқы құны, қызмет ету мерзімі, техникалық жағдайы қайта бағалаудың ең негізгі мәліметі болып табылады. Егер НҚ-дың бастапқы құны өсетін болса, онда сонымен бірге тозу сомасы да өседі, ал керісінше болған жағдайда, олардың баланстық құны өседі.


Қайта бағалаған сомасына НҚ-ң ағымдағы немесе бастапқы құны артқан кезде, олардың құнына 2410 «НҚ» шоттары дебиттеліп, 5420 «Қайта бағалауға арналған резерв» шоты кредиттеледі. Ал НҚ-ң қайта бағалаған тозу сомасына, яғни 5420 «Қайта бағалауға арналған резерв» шоты дебиттеліп, 2420 «НҚ тозуы» шоты кредиттеледі.

3. Негізгі шоттар корреспонденциясы:







Шаруашылық әрекеттер мазмұны

Дебет

Кредит

1

Түгендеу барысында жоқ болған НҚ есептен шығару:

  • қалдық құнына

  • есептелген тозу сомасына

7210
2420

2410
2410

2

Түгендеу барысында жоқ болған НҚ кінәлі тұлға табылғанда анықталды

1253


6280


3

Түгендеу барысында бұрын есепке алынбаған НҚ табылып және олар кіріске алынды:

  • қалдық құны бойынша

  • тозу сомасына

2410
8415

6280
2410

4

НҚ қайта бағалаған кезде бастапқы құны артты

2410

5420

5

НҚ қайта бағалаған кезде бастапқы құны кеміді

5420

2410

6

НҚ қайта бағалауға байланысты Бқ өсуіне сәйкес тозу сомасының артуына

5420

2420

7

НҚ қайта бағалауға байланысты Бқ өсуіне сәйкес тозу сомасының азаюына

2420

5420



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет