«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет12/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:
1.Бастапқы құн дегеніміз не?
2.Негізгі құралдарды бағалау дегеніміз не?
3. Мақсатына және атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
4. Негізгі құралдардың құжатталуын есепте көрсетуге қысқаша түсініктеме беріңіз.
5. Ағымдағы құны дегеніміз не?


Сабақ тақырыбы :Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу есебі.
1. Негізгі құралдады жөндеу есебі
2. Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу және жөндеу
1. Ұйымдар негізгі құралдарын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөңдеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай ағымдағы және күрделі болып бөлінеді.
Ағымдағы жөндеу дегеніміз НҚ тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс процессі барысындаауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. М/ы: майлау, сырлау.
Күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, тозған НҚ бөлшегін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Күрделі жөндеуден кейін негізгі құралдардың бастапқы құны өседі.
2. Ұйымдар құрылыс монтаждық жұмыстарын екі әдіспен шаруашылық және мердігерлік әдіспен жүзеге асырады. Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілер жөндейді, ал шаруашылық әдісі бойынша жөндеу субъектілерінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.
Үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбекақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі , сәулетшілер, заңгерлер көрсетілген қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген несиелер бойынша пайыздар, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы бастапқы құнға қосылады.
Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер оның құны тапсырыс-беруші тарапынан төленген болса.
Басқа ұйымдарға өзінің құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісім-шарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу мерзімі, жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және т.б. жағдайлар көрсетіледі. Жөндеу жүргізілген НҚ ұйымда тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. НҚ қабылдау барысында үлгі түрі
НҚ-2 «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» толтырылады. НҚ-ң төлқұжаттарына, түгендеу карточкаларына жүргізілген жөндеуге байланысты тиісті деректер жазылуы тиіс. Мердігерлік әдіс кезінде акт 2 данада, 2-ші данасы жөндеген ұйымға беріледі.


Шаруашылық әрекеттің мазмұны

Дт

Кт

1. Негізгі құралдар бір цехтан екінші цехқа орын ауыстырды

2411-2417

2411-2417

2.Негізгі құралдар жабдықтаушылардан келіп түсті
- келісім бағасы бойынша
-Қосылған құн салығына

2411-2417


1420

3310
3310



3. Есеп беруге тиісті сома есебінен негізгі құралдар сатып алынды.

2411-2417

1252

4. Ұйымның жарғылық капиталына салым ретінде құрылтайшылармен салынған негізгі құралдар кіріске алынды.

2411-2417

5030

5. Негізгі құралдар еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын ұйымдардан алынды

2411-2417

3320-3330

6. Негізгі құралдар қайтарымсыз негізде алынды

2411-2417

6220

7. Жергілікті үкімет органдарынан субсидия түрінде автокөлік алынды

2414

6230

8. Негізгі құралдар есептке шығарылды

2420, 7410

2410

9. негізгі құралдарға амортизация есептелінді

2411-2417

2421-2429

10. Құрылысы аяқталған жаңа ғимарат комиссиямен қабылданып, пайдалануға берілді

2412

2930

11. Түгендеу кезінде анықталған негізгі құралдар кірістелді

2411-2417

6280

12. Негізгі құралдар ұйымның өзімен жасалынды:
-негізгі өндіріс цехтарында
-көмекші өндіріс цехтарында

2411-2417


2411-2417

8110
8310





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет