Қаржының қажеттілігі қоғамдық дамудың тұтынушымен байланысты мемлекет тарапынан дамуында бастапқыда қоғамдық қызметті басқару үшін қаржылық қатынастардың бір бөлігі қамтылды. Мемлекеттік билікті ұстап тұру үшін арнайы ақшалай қаражат қоры қажет. Салықтың мемлекеттік несиенің ақшаны эмиссиялаудың көмегімен мемлекет үкімет апаратын әскерге және өз қызметін орындау үшін қажетті ақша қаражаттарын жинақтап қолданады.
2. Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау
Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табыс, сондай-ак ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлінеді және қайта бөлінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақшалай қорларды бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақшалай қорларды (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.
Қаржы көмегімен құнды бөлу және қайта бөлу қаржылық ресурстардың айрықшылықты нысанын қабылдайтын ақшалай қаражаттардың қозғалысымен міндеіті түрде қосакталып жүреді. Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.