Ли ри ка лық кей іп кер – поэзиялық шығармалардағы адам
бейнесі. Лирикалық туындылардың бас қаһарманы – ақынның
өзі. Сондықтан ақынның өзі лирикалық кейіпкер болады.
Лирикалық кейіпкердің ой-сезімі, тағдыры өз заманында сурет-
телсе, соғұрлым ол типтік қасиеттері мол, сомдап жасалған ірі
тұлғаға айналып, дәуірдің көрнекті өкілі болып шығады. Ақын
өлеңді өз атынан айтқанда лирикалық кейіпкердің бейнесі жаса-
лады. Себебі ол ақынның өз бейнесі жинақталған лирикалық
кейіпкердің бейнесі болып шығады. Ақын қоғам өмірі, заман,
адам туралы толғанғанда, өзін «мен» деп, «біз» дей отырып, сол
ортаның адамы, белгілі бір ұрпақ буынының өкілі ретінде сезінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |