Қармақшы аудандық мәдениет саласы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы



Дата26.06.2018
өлшемі29,71 Kb.
#44926
Қармақшы аудандық мәдениет саласы бойынша  2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Аудандық мәдениет саласы бойынша 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 18 кітапхана, барлығы 35 мекеме жұмыс жасайды.

2016 жылы 11 ай қортындысы бойынша 235248,0 мың теңге қаржы қаралды. Оның ішінде бөлімге – 14671,0 мың теңге, мәдениет үйлері мен клубтарға –55943,0 мың теңге, кітапханаға –63668,0 мың теңге, жыраулар үйіне 27278,0 мың теңге, тарихи-өлкетану музейіне 73688,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.

Аудандық мәдениет саласы бойынша 213,5 штат бірлігімен 236 адам жұмыс атқарады, оның 144 маман, 97,5 техникалық қызметкер.
Аудан бойынша мәдениет ұйымдарында барлығы 76 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде 71 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 5-і аудандық Жыраулар үйіне қарасты үйірмелер. Үйірмелерге барлығы 1086 мүше тартылған, оның 988-і мәдениет үйлерінің үйірме мүшелері болса, 98-і Жыраулар үйінің үйірме мүшелері.

Аудан бойынша мәдениет саласында жыл басынан бері 1573 мәдени шара өткізілді.

Аудандық 5 байқау өткізіліп, жеңімпаздардың 2-і облыстық байқауға қатысып жүлделі орындармен марапатталды.

Осы жылдың 15 ақпанында облыстық «Самғау» телевизиялық жоба конкурсының іріктеу туры өткізілді.

15-наурыз күні облыстық «Әжем айтқан ертегі» атты байқауда Ақжар ауылынң өнерпаздары жүлделі Ш орынды иемденді.
27 наурыз күні Шиелі ауданында өткен «Театр көктемі» атты театр байқауында аудандық мәдениет үйі жанындағы Халық театры Бас бәйгені иемденді.Халық театрының режиссері Ақмарал Кішкентаева «Облыстың үздік режиссеры» номинациясымен марапатталды.
Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 12 ақпан күні «Үйірмеге үйір бол» атты клуб қызметкерлерінің семинар кеңесі өткізіліп, «Үздік үйірме» мүшелерінің Гала концерті берілді. 18 ақпан күні халық театрының дайындаған «Қыз жиырмаға толғанда» атты спектаклі халыққа көрсетілсе, 26 ақпан күні «Егемен елдің – көрікті арулары» атты қыз сыны байқауы,5 наурыз күні «Әйел- өмір шуағы» атты аналармен кездесу кеші,1 наурыз күні «Елге тағзым» атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт, театрланған қойылым, 7 наурыз күні «Қазақстан Ұлы Достық мекені» атты заманауи әндерді орындаушылардың байқауы, 10 наурыз күні «Жүректегі жауһарлар» атты жазба ақындар мүшайрасы, 15 наурыз күні «Сырласайық жеңеше» атты отбасылық сайыс, «Жан шуағы» атты көркемөнерпаздардың концерті болып өтті. 22 наурызкүні орталық алаңда «Армысың әз Наурыз» атты ұлыстың ұлы күніне арналған наурыз мерекесі өтті.Мәдениет үйінде 30 наурыз күні облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығына арналған облыстық байқадың іріктеу туры өткізілді. 15 сәуір күні «Жыр орданың Орақ жырауы» атты облыстық жыршы- термешілердің фестивалі Қуандария ауылдық клуб үйінде 27 сәуір күні «Егемен елдің-ерікті жігіттері» атты жігіттер байқауы өтті. 1мамыр күні «Қазақстан –ұлы достық мекені» атты Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мәдени-шара өткізілді. 6 мамыр күні Отан қорғаушы күні мерекесіне арналған салтанатты жиын, 7 мамыр күні Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтың жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық мемиоралдың ашылу салтанаты және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 71жылдығына арналған «Ұмытылмас ерлік ,өшпес даңқ» атты мерекелік шара, «Мәңгілік алау» мемиоралында тағзым ету, осы күні аудан орталығында «Ардагерлер үйінің ашылу салтанаты болды.19 мамыр күні мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аудан әкімінің қабылдауы 31 мамыр күніқуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған мәдени-шара болып өтті.

Орталық алаңда 1маусым халықаралық балаларды қорғау күні 4 мамыр Қазақстан Республикасының Рәміздер күні тойланды.6 шілде Астана күніне орай орталық алаңда ұйымдастырылған «Әнім сенсін Астана» атты мәдени шара ұйымдастырылды.

26 тамызда Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай «Ұлттық қасіреттен – ұлттық мақтанышқа» атты мәдени іс-шара.
1-қыркүйекте Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері А.Зайчиковпен кездесу болып өтті.

9-қыркүйекте Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» Мақсұт Өтегеновтің 70 жылдық мерейтойы тойланды.

12-қыркүйекте «Құрбан айт» мейрамы.

20-қыркүйекте Облыстық ардагерлер семинары өткізілді.

1- желтоқсан «Елін сүйген Елбасы» салтанатты жиын.

16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл


салтанатты жиын.

31- желтоқсан күні орталық алаңда жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік шара болып өтті.

Мәдениет үйлері мен клубтар Аудан бойынша1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі жұмыс жасайды.

Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 11 шілдедегі №426 қаулысына сәйкес аудан елдімекендеріндегі клуб үйлері – Кент, ауылдық округ әкімдері жанындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта құрылған.

Кітапхана жүйесі Аудан, ауыл тұрғындарына мемлекеттік жүйедегі 18 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. Олар: 1-орталық, 1-орталық балалар, 1- қалалық, 1-кент кітапханасы, 14-кітапхана ауылдық жерлерде орналасқан. 

2016 жылдың 6 айында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 473677 дана кітап қоры мен баспасөз басылымдарын 8031 оқырман пайдаланды. Жалпы келушілер саны -52200 оқырмандар арасында берілген кітап саны-113741 дананы құрады. 47 дана жаңа кітап келіп түсті. 


Оқырмандар арасында 84 іс-шаралар өткізілді. Түрлі тақырыптарда 210 кітапкөрмелері ұйымдастырылып олардың назарына ұсынылды. Үш Модельді ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. (Ақай, Тұрмағамбет, Дүр Оңғар ауылдық кітапханалары)2016 жылы сандық форматқа 5 кітап 1378 бет енгізілді. Электронды каталогқа барлығы 3308 дана кітап 1994 атауы және 3065 мақала енгізілді Аудан, ауыл кітапханаларында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар даму» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қолдау және насихаттау жұмыстары атқарылуда. Кітапханашыларға өздері тұ­ратын өңірде, көпшілік орын­дарда, мектепте, оқырмандар арасында Жолдау жайында наси­хат жұмыстарын жүргізіп, кітап­ханада бұрыштар, Жолдауға қатыс­ты жинақ папкаларын, көрме­лер ұйымдастыру тапсырылды.

Кітапханаларда Елбасы жолдауын насихаттау барысында кітапханаларда кітап көрмелері ұйымдастырылып, пікірталас, талқылаулар, тақырыптық сағаттар өткізілуде.

Президенттің жыл сайын­ғы Жолдауларының арасында бір-бірімен тығыз байланыс бар. Бұл байланыстардың барлығы да еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына, Қазақстанның жаңа саяси бағытына келіп тоғысқандай. Еліміз қазір тұрақты даму жолына бағыт алды, ел экономикасы көтеріліп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Салауатты өмір салты бойынша әдебиеттерді насихаттай отырып, оқырмандарды адамгершілік, рухани, құқықтық тәрбиеленуіне назар аударады. Кітапханалар оқырмандармен жұмыс істеуде - әдеби –сазды кештерді, денсаулық сағаттары, ерлік, сағаттары, кітап-экскурсия көрмелері т.б әртүрлі шаралар әдістері мен түрлерін қолданады. Әр күн сайын мыңдаған оқырмандар кітапханаларға өз талаптарымен, оқырмандық қызығушылықтарымен, сұраныстармен, әдебиетке деген сезімдерімен, кітап және кітапхана маңызын өзінше түсінгендіктен келіп жатады.

К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі Жыраулар үйіне қарасты 5 үйірме класы жұмыс жасайды, оған барлығы 91 мүше тартылған. Үйірме жұмыстары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізілуде.


Үйірмелердің 1-і Жыраулар үйінде, қалған 4-і елді-мекендерде, оның ішінде: 2-і Тұрмағамбет ауылында, 1-і Ақжар ауылында, 1-і Көмекбаев ауылында орналасқан.
Қаңтар айының 5 жұлдызында Ақжар ауылдық клуб үйінде «Жауһар жауған Жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілік болып өтті.Сахнаға жаңа жыл мерекесіне арналған бейнепроектор арқылы видоролик жүргізіліп тұрды. Музыка фонында ортаға жүргізуші шығып келген қонақтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Жаңа жылдық ертеңгіліктің кейіпкерлері қой жылы менмешін жылы ортада балалармен шырша айналып жүрді.Ауыл әкімі Мүсіркегенов Құрманғали Қоңырбайұлы құттықтау сөз сөйлеп балаларды келіп жеткен Мешін жылымен құттықтады.Одан ары қарай Аяз ата мен Қарша қызды ортаға шақырып бүлдіршіндер тақпақ пен өлең айтып би билеп өнерлерін көрсетті.Мекеме қызметкерлері әсем әндері мен үйірме мүшелерінің би көріністерімен әсемдеді. Бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылып ертеңгілік жақсы аяқталды.

15 қаңтар күні Көмекбаев ауылында Елбасы Жолдауын насихаттауға арналған «Болашақтың бағдары-Жолдауымда»атты ақпараттық насихаттау концерті өткізілді.

18 қаңтар күні Тұрмағамбет ауылында «Тасберген жырау» үйірмесінде «Сүлейлер өнген топырақ» атты үйірме оқушыларының танымдық сабағы өткізілді. 
26 қаңтар күні аудандық «Жыраулар үйінде» жырау Бидас Үрістембековтің-60 жылдық мерейтойына арналған «Жыр жампозы- Биаға» атты шығармашылық кеші өткізілді. 

29 қаңтар күні Ақжар ауылдық клуб үйінде жырау Бидас Үрістембековтің- 60 жылдық мерейтойына арналған «Алтынның сынығы, асылдың көзі» атты шығармашылық кеші өткізілді.


29 қаңтар күні Ақтөбе ауылдық клуб үйінде жырау Бидас Үрістембековтің- 60 жылдық мерейтойына арналған «Бидас Үрістембеков- 65 жас» атты шығармашылық кеші өткізілді.

3 ақпан күні Ақжар ауылдық клуб үйі қызметкерлерімен «Рүстембек жырау» үйірме жетекшісінің ұйымдастыруымен үйірме мүшелерінің қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған «Ауылым алтын бесігім» атты концерттік бағдарлама болып өтті.Концертте «Рүстембек жырау» үйірме мүшелері Хасенова Фариза, Шоңбаева Динара, Төленді Ерсұлтан,Мүсілім Нұрділда жардан шашу шашты. Тарғанова Назерке мен Әбілтаева Ақлиман «Менің қазағым» әнімен бастаса кішкене бүлдіршіндеріміз «Аққу» биін биледі. «Қазақ», «Орыс», «өзбек» билерімен Оспанов Бағдат,Төралиев Алмат және Санақбаев Бағдаулет,Серікбаев Әлішер және Жүнісов Азамат «Ауылдастар» командалары көрініс қойып көрермен көңілінен шықты.

9 ақпан күні Көмекбаев ауылында ақны Мұқағали Мақатаевтың -85 жылдығына арналған «Мұқағали- қазақ поэзиясының мұзбалағы» атты еске алу кеші өткізілді.

10 ақпан күні Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінде жырау Бидас Үрістембековтің- 60 жылдық мерейтойына арналған «Жыр бесікке бөленген- Бидас жырау» атты шығармашылық кеш өткізілді.

13 ақпан күні Ақжар ауылдық клуб үйінде клуб үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ерлігің әрқашан есте» атты Кеңес одағының Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті.Кешке ауыл ақсақалдары мен мекеме қызметкерлер,оқушылар мен мұғалімдер қатысты.Ауыл кітапханашысы Ауған соғысы ардагерлері жайында баяндама жасады.Ауыл әкімі Мүсіркегенов Құрманғали Қоңырбайұлы кеш барысында сөз сөйледі.Мектеп директоры Жұбандықов Хамидулла мырзаға сөз берілді.Кеш барысында клуб үйі қызметкерлерінің дайындаған концерттік бағдарламасы болып өтті.Кеш өз дәрежесінде болды.

16 ақпан күні Кеңес әскерлерінің ауған соғысынан шығарылғанына -27 жыл толуына орай аудандық «Жыраулар үйі» және Қорқыт ата музейімен бірлесіп ұйымдастырылған Қорқыт ата кешенінде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.

16 ақпан күні Көмекбаев ауылнында орналасқан «Базар жырау» үйірмесінде Жиенбай жыраудың ұрпағы Бидас Үрістембековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жыр бұлбұлы- Бидас жырау» атты танымдық сабақ өткізілді. 

27 ақпан күні Тұрмағамбет ауылында ел ішінен талантты жастарды табу мақсатында «Бозторғай-ХҮІІІ» балалар шығармашылығы байқауы өткізілді. 

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Ақжар ауылында «Ана- тіршілік тірегі» атты мерекелік концерт өткізілді.
8 наурыз – халықарарық әйелдер күні мерекесіне орай Тұрмағабет ауылдық клуб үйінде «Ана- өмір шуағы» мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қазақ халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында Алғыс айту күнін тұңғыш рет атап өтуде. «Алғыс айту күні» – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

14 наурыз күні тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған «Ұлы даланың ұлы ескерткіші» атты Қорқыт ата кешешінде экскурсия ұйымдастырылды. 


16 наурыз күні Жыраулар үйінде «Мейірімділік мейрамы- Наурыз» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
18 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Өнер- халықпен өміршең, ертеңімен- мәңгі» атты ұлы өнер фестивалі өткізілді. Фестивалге жыраулық өнер, күй өнері, айтыс өнері, би өнерінен өнерпаздар қатыстырылды.
25 наурыз күні Сыр сүлейлерінің ізбасары, жырау Әнуар Рысбаевқа- 100 жыл толуына орай «Әуелетіп ән салған- Әнуар» атты облыстық жыршы- жыраулар фестивалі өткізілді.

1-мамыр Қазақстан халықтарының Ынтымық күні, 9-мамыр Ұлы Жеңістің 71-жылдығы арналған мәдени іс-шара өткізілді.


25 маусым күні №121 мектептің жазғы тынығу лагерінде 26 маусым- халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлық- ғасыр дерті» атты мәдени шара өткізілді. Лагерде демалушылар салауатты өмір салтын насихаттайтын тақпақтар айтып, флешмоб ұйымдастырды.
Астана күні мерекесіне орай 5 шілде күні «Туған күніңмен Астана» тақырыбында жастар арасында аудандық 2 бөлімнен тұратын әндер фестивалі (1-бөлім – Астанаға арналған ән; 2-бөлім – еркін тақырыпта) болып өтті.
Даңғайыр жыраулардың ұрпағы, жырау, ақын Көшеней Рүстембекұлының туғанына 70 жыл толуына орай аудандық орталықтандырылған кітапханамен бірлесіп «Жыр жұлдызы - Көшеней» тақырыбында еске алу кеші болып өтті. Кешке аудан ардагерлері, бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері және мектеп оқушылары қатыстырылды.

17 қыркүйек күні Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, кеудесіне көрме жасап, жүрегіне жырдан қалап от жаққан Қуандық жыраудың туылғанына биыл- 80 жыл толуына орай туған жері Тұрмағамбет ауылында "Ақ домбыра қолға алып..." тақырыбында жас жыршы- термешілердің жыр фестивалі болып өтті. Еңкейген қартынан, еңбектеген баласына дейін жыр шерткен Тұрмағамбет аспаны жырмен шалқыды. Әке әруағына арналып дұға бағышталып, ас берілді.


20 қыркүйек күні аудандық «Жыраулар үйінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің- 25 жылдығы аясында Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті. Мүшәйраға ауданға қарасты елді- мекендерден, кент орталығында орналасқан 12 мектептен, 32 жазба ақындар қатыстырылып, бақ сынасты. Өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жастарына ауданымыздың белгілі тұлғаларынан құралған қазылар алқасы бектіліп, Қазылар алқасының төрағасы- Құлдүйсенов Әбдірахман- халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрағасы, қазылар алқасының мүшесі- Талайлы Досымова – ақын, «Сыр сазы», «Жан шуағы» атты кітаптардың авторы, Шегебай Құндақбаев- «Ұлт бірлігі- Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы өз бағаларын берді. Нәтижесінде Төлегенова Мөлдір – Бас жүлде /№183 мектеп/, Тоқташова Ақерке –І орын /№199 мектеп/, Бекмұратова Мерейім – ІІ орын /№80 мектеп/, Тілектесов Рүстем – ІІІ орын /№80 мектеп/, Бекарысов Жанарбек –ІІІ орын /№107 мектеп/, башова Назерке – «Азат елдің ұланы» атты номинациясымен /№79 мектеп/, Берекетов Мейіржан – «Тіл дарын» атты номинациясымен /№111 мектеп/, Қазтаев Жазылбек- «Ұшқыр ой» атты номинациясымен /№26 мектеп/, қалған 25 талапкерлер алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұлттың ұлт болып қалыптасуының негізі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қорқыт ата музейінің экспонаттарынан көрме ұйымдастырылды.
1 қазан күні Тұрмағамбет ауылының клуб үйінде Қарттар күніне орай «Қарттарым- асыл қазынам» атты ауыл ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
1 қазан күні Көмекбаев ауылында Қарттар күніне орай «Қазыналы қарттарым, даналарым» атты кеш ұйымдастырылды.
20 қазан күні Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздік – елімнің нұрлы таңы» атты концерт өткізілді.
29 қазан күні аудандық «Жыраулар үйінің» жазғы сахнасында «Алтын күз-2016» ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Аудан әкімі құттықтау хатын жолдап, озат сала мамандарын марапаттады.
16 қараша күні аудандық «Жыраулар үйі» мен №121 орта мектептің ұйымдастыруымен «Жастарды әскери- париоттық рухта тәрбиелеудің маңызы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Дәурен Айдаралиев, №121 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбол Қозыбақов, сондай- ақ «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Айдынбек Скендіров қатысып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен еркін сұрақ- жауап түрінде өткізілді.
16 қараша күні Дүр Оңғар ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, жырау Көшеней Рүстембековтің туғанына-70 жыл толуына орай «Жыр керуені» атты жыршы- жыраулар концерті ұйымдастырылды.
21 қараша күні Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, жырау Көшеней Рүстембековтің туғанына-70 жыл толуына орай «Көшеней десем..» атты жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді. Шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева ашып, оның өткізілу мақсатымен таныстырып, қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ Тұрмағамбет ауылдық округінің әкімі Нұрбол Тоғызбаев, еңбек арадгері Жаңбырбай Дәуітов, жырау Бидас Үрістембеков, ақын, сала ардагері Талайлы Досымова, №29 мектеп директоры Зарип Тасымовалар сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, Сыр өңірінде жыраулық өнердің қалыптасуына өзіндік үлес қосқан шайырлар туралы естеліктер айтты. Мүшәйраға 14 талапкер ақын қатысып, олар әділқазылар алқасы қойған талаптар, яғни Көшеней Рүстембековке және туған жерге арнауларын оқыды. Ақындар мүшәйрасына бұрыннан облыстық, республикалық жыр додаларында бақтарын сынап, жүлде алып жүрген ақындармен бірге жас талапкерлер де қатысып, жалынды, рухты өлеңдерімен тұрмағамбеттік жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Тағылы мол, тәрбиелік мәні зор болып өткен шара соңында әділқазылар алқасы І дәрежелі дипломмен Әділхан Қуаңбаевты, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен Тұрар Бекмұрзаев пен Жауһар Сәрсенбаеваларды марапаттады. Мүшәйра соңында әділқазылар алқасының төрайымы Талайлы Досымова жас ақындардың өлеңдеріне шолу жасады.
27 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Бірегейлік пен бірлік» тақырыбы аясында «Жыр керуені» атты жыраулар концерті өткізілді. Концертке Жыраулар үйінің үйірме жетекшілері мен үйірме шәкірттері қатыстырылды.

29 қараша күні Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, аудан әкімінің қолдауымен шоқтығы биік өнер иесі, жеті атасынан бері жыраулық өнерді жанына серік еткен текті әулеттен шыққан жыр жампозы Көшеней Рүстембековтің туғанына 70 жыл толуына орай «Қазақтың күміс көмей Көшенейі» атты облыстық ұлттық өнер фестивалі өтті. Өнер кешін құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімі Сұлтан Мақашов, жампоз жыраудың өмірі мен өнер жолына тоқталып, фестивальға қатысушыларға сәттілік тіледі. Облыстық өнер фестиваліне Астанадан жырау, профессор Алмас Алматов арнайы ат басын бұрса, Сыр аймағының бүгінгі сүлейлері Бидас Рүстембеков, Шолпан Бейімбетова, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұлов, Руслан Ахметов, Айгерім Ешбаева, Күнсұлу Түрікпенова, Әділхан Қуаңбаев, Мұхамедәлі Бекпейісов, күйші Алдияр Шағдатов және жыраудың ұрпағы Арнұр Көшеней көрермендерді жыр құшағына орап, термелерін тарту етсе, сырлы домбырадан сыр ақтарған Сырдың дүлдүл ақындары Серік Ыдырысов пен Айдос Рахметов көрерменнің делебесін қоздырып, қағытпа қалжыңымен қағытып отырды. Кеш соңында облыстық өнер фестиваліне қатысушы барлық өнерпаздарға аудан әкімінің алғыс хаты табысталып, құрмет көрсетілді.


Тарихи-мәдени ескерткіштер Мекеме «Тарихи - мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын қағидаларды басшылыққа ала отырып тарихи - мәдени мұраның сақталуын, пайдалануын, насихатталу шараларын жүзеге асырады. 

Аудан көлемінде 86 тарихи - мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 3-і республикалық, 51-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 32 ескерткіш алдын - ала есепке алынған тарихи - мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған (облыстық комиссияның 11.03.2016 жылғы № 03/1-6/1734 хаттамалық шешімімен алдын-ала тізімге Т.Көмекбаев бюсті енгізілді).


Қаңтар айында Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай - күйі және олардың қорғалу мәселелері» тақырыбында семинар болып өтті. Семинар барысында 2015 жылдың есебі мен 2016 жылдың жоспары және облыс көлеміндегі тарихи-мәдени мұраларға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Семинар соңында мекеме қызметкерлері мен аудандағы мамандар басқарма басышысының алғыс хатымен марапатталды.

Наурыз айында Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «археология және ғылыми зерттеу» бөлімінің инспектор-археологы Ештаев Мұсабек іс-сапармен болып, ескерткіштердің жай-күйіне бақылау шараларын жүргізді.


Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №704 қаулысымен аудандық тарихи-өлкетану мұражайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып құрылып, жұмыс жасауда.
Мұражай 2 қабатта орналасқан. Мұражайда үлкен зал, кіші зал, қор жинау, ғылыми қызметкерлер, әдіскер, реставрация, суретші бөлмелері орналасқан.Жалпы экспонат жинақтау жұмыстарын музей қызметкерлері аудан тұрғындарының үйін аралап, кент, ауылдық округтерге іс-сапарға шығу арқылы жүргізілуде. Тұрғындардың үйлерін аралау барысында жалпы музей жұмысы түсіндіріліп, үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Көне жәдігерлердің тізімі жасақталып, музей қорына өткізу барысы туралы үгіт жұмыстары жүргізілді. Аудандық «Қармақшы таңы» газетіне 11 макала жарияланды.
Ағымдағы жыл көлемінде жоспарға сәйкес жылжымалы көрме, экскурсия, лекция және мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. 2016 жылдың 9 айына дейін мектептерде және басқа мекемелерде 24 рет лекция оқылып, 14 рет көшпелі көрме көрсетілді. 15 мәдени іс-шара өткізілді.
2016 жылдың 9 айындағы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі - 25017,0 мың теңге.

Музей қызметкерлері жұмыс бабымен аудандағы елді мекендерде 3 рет іс-сапарда болды.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында облыс әкімінің қатысуымен аудандық тарихи-өлкетану музейі экспозициялық залының ашылу салтанаты болып өтті.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспарында қамтылған мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар, жоспарланған танымдық, ақпараттық және мәдени-көпшілік шаралар және оның ішінде тілідің үштұғырлылығын аудан тұрғындары арасында насихаттау мақсатында ел идеологиясының маңызды бөлігі.

Атап айтқанда, меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарда, мектептер мен балабақшаларда тілдер туралы заңдылықтарды сақтауға байланысты ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқармасына аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдер бойынша құжат айналымы туралы мәлімет уақытылы тоқсан сайын беріліп келеді. Шығыс құжаттары 100 пайыз мемлекеттік тілде жазылады, дегенмен жоғарғы органдардан келетін кіріс құжаттарының пайыз мөлшері 95-97 пайыз аралығында болып келеді. Жоғарғы орындарға жіберілетін ақпараттар мен мәліметтер, сұратылған тиісті есептер уақытылы жолданылып отыр.

Сонымен бірге «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және кенттер мен ауылдық округі әкімдері аппаратарында мемлекеттік тілде рәсімделетін құжаттардың сапасын арттыру туралы» аудан әкімінің 15мамыр 2012 №29-Ө өкімі қабылданып барлық бөлімдерге, кент, ауыл әкімдеріне таратылып беріліп, орындалуы бақылауға алынды. 
Ауданда мемлекеттік тіл саясатын, оның ішінде үштұғырлылығын насихаттау мақсатында жыл басынан бері 12 мәдени-көпшілік, танымдық және мерекелік шаралар, байқаулар, тақырыптық кештер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, үш тілді: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген азаматтарды насихаттау мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан бөкей атындағы аудандық байқау, «Тілім менің-ғасырлардан аманат» атты дөңгелек үстел өтті. Кент кітапханасы оқырмандар арасында «Қазақ тілім саялаған нұр бағым» атты библиографиялық шолу болып өтті. Балалар кітапханасында «Ана тілің-тірегің» кеш өткізілді. Алдашбай ахун ауылдық кітапханасында «Тілім менің-қасиетім.ардағым» атты дөңгелек үстел болып өтті. Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты нон-стоп ұйымдастырылды. ІІІ-Интернационал ауылдық кітапханасында «Ана тіліміз алтын тұғырда» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Тұрмағамбет ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіл-халықтың байлығы мен рухани күші» атты әдеби кеш өткізілді. Ақжар ауылдық кітапханасында «Тіл-ұлт қазынасы» атты кеш, Иіркөл ауылдық кітапханасында «Тіл-тіршіліктің күре тамыры» атты кеш, Қармақшы ауылдық кітапханасында «Жасай бер, қазақ тіл-ана тіті» атты ойын,Төретам кенттік кітапханасында «Тіл-ұлттың жаны» атты кітапханалық сағаттар болып өтті.

15-қыркүйекте Қармақшы ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасының аясында семинар-тренинг болып өтті.


21-қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі «Тіл мерейі – ел мерейі» атты шара өткізілді.

26-қазан күні мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері арасында «Қазтест» жүйесі бойынша диогностикалық тестілеу болып өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет