Таныстыру Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген халықтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Қызымын дана болған халқымның
Ұлдары өзге елге құл болмайды !
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап халқымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Атым – Айгерим болады сұрасаңыз,
Бекет екен кешегі бір атамыз.
Анам менің анашым
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым Ямирбаева Гуляим қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - ... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!