70. Балалық аутизмі бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету
Тəжірибе көрсеткендей, кешенді түзете-оқыту əдістері мақсатты түрде аутист балаларды түзете оқыту жəне тəрбиелеуде пайдалану балалардың жан-жақты дамуына, түзету мен толықтыру жақтарына психологиялық-педагогикалық жағдай жасайды. Сонымен қатар əр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескереді.
Түзете-оқыту үрдісінде кешенді түзете-оқыту əдістерін қолдану бала ағзасының компенсаторлы мүмкіндіктерін белсендіріп, ауытқушылықтарды жеңуге, алдын алуға мүмкіндік туғызады. Осы толықтырудың негізінде мүмкіндігі шектеулі балалардың қабылдаудың сақталған түрін жүзеге асыру жəне баланың психикалық функцияларын дамыту қолайлы жүзеге асады.
Аутизмі бар балалардың қарым-қатынасқа түсуін, əлеуметтік ортаға бейімделуін, сөйлеу тілін қалыптастыруда кешенді түзете-оқыту əдістерін қолдану бойынша тəжірибелік-эксперименттік жұмыс Талдықорған қаласында орналасқан «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де жүргізілді.
Арнайы мекемелердің педагогикалық ұжымы біз жүргізген зерттеулік ізденіс жұмыстарға оқу-тəрбие үрдісін жетілдіру мақсатында белсенділік танытты. Арнайы мекемедегі педагог-логопед ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тəжірибесін топтастыру үшін арнайы тақырыппен жұмыс жасайды. Логопед ғылыми ізденіс тақырыптары, негізінен, аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру төңірегінде топтастырылады. Сонымен бірге педагог-логопед, біздің тəжірибелік- педагогикалық жұмысымызда көрсетілгеніндей, арнайы мекемелердегі жұмыстардың болашақтағыжоспарына сəйкес аутизм диагнозы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарында қатыстырылды.
Аутизмі бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізуде біз ұсынған əдістеменің тиімділігін көрсетудегі зерттеу жұмыстарының мақсаты ерекше болды. Эксперимент жүргізу үшін зерттеу жұмысы бойынша эксперименттің ұйымдастырылу кезеңдерін белгілеп алдық. Алғашқы кезеңінде тəжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылып, белгіленген іс-шаралар жүйесі жүзеге асты:
эксперимент жұмысының мазмұны іріктелді;
педагогикалық бірізділік анықталды;
оқу үдерісіне ендірілген бағдарламалар мен оқыту формаларының мазмұнының тиімділігі анықталды.
Эксперимент 4 бағытта жүргізілді:
аутизм диагнозы бар балалардың сөйлеу тілін, қарым-қатынасын, психикалық процестерін
«Ойын технологиясы» əдісі бойынша ойын элементтерін қолдану арқылы қалыптастыру;
глобалды оқыту əдістемесі бойынша аутизмі бар балалардың есте сақтауын дамыту;
сенсорлы интеграциялау əдісі арқылы аутизмі бар балалардың қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру;
ақпараттық технологияны қолдану əдісі бойынша «Дэльфа–142,1» тренажерын қолдану арқылы аутизмі бар баланың сөйлеу тілін жан-жақты дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |